Спорттыќ ќўрылыстар


Дәріс-3.Тақырыбы:«Көне ғасырдағы спорттық құрал-жабдықтар туралы қысқаша тарихи мәліметтер»



бет5/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Лекция (2)

Дәріс-3.Тақырыбы:«Көне ғасырдағы спорттық құрал-жабдықтар туралы қысқаша тарихи мәліметтер»


Жоспар:

  1. Көне ғасырлардағы құрал-жабдықтар.

  2. Ерте ғасырлардағы спорттық құрал-жабдықтар.

  3. Жаңа ғасырдағы және жаңа заманғы спорттық құрал-жабдықтар.




  1. Көне ғасырлардағы спорттық құрал-жабдықтар.

Дене шынықтыру және спорт өзінің тарихи тамырларын көне заманнан өрлеткен. Архиялогиялық қазбалардың нәтижесіне қарағанда дене шынықтыру жаттығулары көне тас дәуірінен бастап қалыптасқан. Мұндай дәлелді мәліметтер Үндістен, Мысыр, Орталық Азия және Оңтүстік Америкадан табылған. Бұған дәлел, эгей мәдениетінің б.з.д. X-XI ғасырларда Шығыс жерорта теңізінде таралған дене шынықтыру мәдениеті. Бұл жерден қазба жұмыстарының нәтижесінде садақ атып тұрған, акробат және спорттық ешектен секіру үстіндегі адамдардың мүсіні табылған. Көне Киосс сарайындағы қазба жұмыстарын жүргізгенде жер астынан дене шынықтыру жаттығуларымен айналысатын бөлме табылған. Көне гректердің дене шынықтыру саласындағы қарқынды дамуы ол Олимпиадалық ойындар. Олимпиадалық ойындар төрт жылда бір рет Олимпиада қаласында өтеді. Бұл олимпиадалық ойындар тарихқа сүйенсек б.з.д. 776 жылы басталған деген деректер бар. Мұнымен қатар олимпиадалық ойындар Грецияның басқада қалаларында үнемі өтіп тұратын. Осы ойындарды және Олимпиадалық ойындарды үнемі өткізу үшін көптеген стадион тұрғызылған, осы тұрғызылған стадионның қалдықтары Олимп, Пире, Милете және т.б. қалаларда табылған.
Көне стадиондар 3 кезеңге бөлінеді: эллиндік, эленистикалық және көнерімдік.
Көне грек қалалары, өздерінше дара мемлекет болып әрқашан дара мемлекет болып әрқашан ғылым саласында және спорт саласында үнемі жарыста болатын.
Эллиндік кезеңіндегі көне гректердің стадиондары өзінше бір өзге архиологиялық мүсіндермен бай. Бұл стадиондар осы кезеңде мемлекеттің лауазымды адамдардың өмірінің қарқынды өтетін жер еді.
Көне грек халқының стадиодандарында халықтың көріп-тамашалауына мүмкіндік жоқ еді.
Көрермендер ойын өтетін жердің маңайына шоғырланатын болған. Тек қана Олимпий қаласыда ғана көрермендер тамашалайтын орындар болған. Олимпиадалық стадиондарда грунтты жүгіру алаңы болған, олардың ені бір жүгіргенде 20 адам адам сиятындай және мәре басталған жер мен мәре бітетін жер үлкен битон плиталармен белгіленген.
Ал Элинистикалық стадиондар тек лауазымды адамдарға ғана емес, қала тұрғындарының да тамашалайтын жеріне айналды. Көрермендер орны бұрынғыдай әдемі әшкереленбеген, өйткені бұл жер енді қарапайым қала тұрғындарына арналған. Көнеримдік кезеңдегі стадиондар, олар Көнерим империясының кезеңіндегі стадиондар.
Бұл кезеңде көптеген стадиондар күрт өзгертілді. Олимпиадалық ойындарға қатысушылардың санының өсуіне байланысты ойын алаңдары кеңейтіледі, көрермендер орындарына біріңғай мрамор орындықтар қойылады.
Б.з.д. 1-інші ғасырда көне римдіктердің белсенділіктерімен амфитеатрлардың қабырғалары қалана бастады. Бұған дәлел Көнеримдіктердің амфитеатры «Колезей». Басында Колезейде жануарлар төбелесі өтілетін, кейіннен Гладиаторлар шайқасы өтетін болды. Осы театрдың аренасының астында жануарлар клеткалары болды. Театрдың маңында құлдар аулы орналасатын. Колезейдің жануарлар орнымен бірге байланысып жатқан жер асты осы ауылдың маңынан шығатын. Колезей театрының үстігнен жабылатын тент құрылған. Осы тент жабылғанда стадион түгелдей жабық болатын. Мұндай жабылатын стадиондар Римнің үлкен қалаларында бар еді. Көздің ерекше жанарын алатын гипподром немесе Циркус Максимум еді. Бұл құбылыс өзіне бір жинағанда 250000 көрермен сиғызатын.
Көне рим халқы құрылыс жағынан үлкен мағынаны жүзу бассейндарының құрылысына бөлетін. Ең үлкен жүзу бассейні Диоклетиана және Каракаллы. Мұндай жүзу бассейндер бір мезетте 3000 адамға дейін сыйдыра алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет