Антиденелер
Эритроцитарлық
антигендік диагностикум
Эритроциттердің
агглютинациясы
26-сурет. Жанама гемагглютинация реакциясының (ЖГАР) схемасы
Вирустық
антигендермен
сенсибилизацияланған
эритроциттер
эритроцитарлы антигендік диагностикум деп аталады. Ол
қан сарысуының
құрамынан антиденелерді анықтауға және антиденелердің титрлерін
айқындауға арналған ЖГАР-да қолданылады.
Телімді антиденелермен сенсибилизацияланған
эритроциттер болса
эритроцитарлы антиденелеік диагностикум деп аталады. Ол вирустардың
индикациясы мен идентификациясында пайдаланылады.
Эритроцитарлық диагностикумдарды дайындау кезеңдері
1. Жалпы қабылданған әдіс бойынша қойлардың немесе құстардың (тауық,
күркетауық, үйрек) эритроциттерін алады.
2. Формалиннің 50%-ды ерітіндісімен эритроциттерді тұрақтандырады. Ол
үшін натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен шайылған және 1000
айналым/минутта 15 минут центрифугалау арқылы тұндырылған 50%
эритроцитті тең мөлшерде (1:1) формалиннің 50%-ды
ерітіндісімен қосып
араластырады. Әрбір 30 минут сайын мезгіл-мезгіл араластыра отыра 2 сағат
бойы +37°С температурада инкубациялайды. Содан кейін 0,15 М
NaCl
ерітіндісімен (рН 7,2) үш рет шаяды.
3. Эритроциттерді таниндеу жұмыстарын жүргізеді. Ол үшін
физиологиялық ерітіндідегі эритроциттердің 3%-ды суспензиясы мен 1:20000
сұйылтымындағы танин ерітіндісін тең мөлшерде (1:1) қосып араластырады.
10-15 минут +37°С температурада инкубациялайды да, 1000 айналым/минутта
15 минут центрифугалайды.
Тұнба сұйықтығын төгіп, танинделген эритроцит
тұнбасын үш рет фосфатты буферлік ерітіндімен (рН 7,2) шаяды.
4. Сенсибилизацияға дайындау үшін 0,15 М фосфатты буферіндегі (РН 6,4)
эритроциттердің 10%-ды суспензиясы мен телімді
вирустық антигенді бірдей
көлемде (1:1) араластырады. Әрбір 15 минут сайын араластыра отырып, +37°C
температурада 60 минут бойы инкубациялайды. Содан кейін 15 минут 1000
айн/мин центрифугаланады және фосфатты буферлік ерітіндімен (рН 7,2) үш
рет шайылады.
5. Сенсибилизацияланған эритроциттер тұнбасын 1,0%-ға дейін фосфатты
буферлік ерітіндіде (рН 7,2) сұйылтады және эритроциттерді тұрақтандыру
(стабилизация) үшін оған 1% шамасында қоян қан сарысуын қосады.
6. Дайын эритроцитарлық диагностикумдар +2...+8°С
температурада
сақталады және олар қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ЖГАР-да
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: