Сүт өнімділігіне әсер ететін ықпалдар


Кесте 1 - Құнажын мен тайыншаның желініне жасалған массаждың, ол малдың келесі беретін сүт өніміне әсері



бет2/3
Дата17.09.2023
өлшемі36.38 Kb.
#477755
түріҚұрамы
1   2   3
Сүт өнімділігіне әсер ететін ықпалдар

Кесте 1 - Құнажын мен тайыншаның желініне жасалған массаждың, ол малдың келесі беретін сүт өніміне әсері



Жануарлар тобы

М.А. Смольяниннің
мәліметтері

А. Ломановтың және А. Федосееваның мәліметтері

С.С. Новиковтың мәліметтері

Сауудың 1
кезеңінің 300 күндегі сауыны

Тәуліктік
жоғары сауын

Сауудың 1
кезеңнің 300 күндегі сауыны

Сауудың
ІІ-ші кезеңінің 300 күндегі сауыны

І-ші сауу кезеңінің сауыны

Тәжірибелі

2126

11,2

3070

3725

3444

Бақылау

1652

10,4

2722

3478

2956

Қазіргі уақытта көптеген салыстырмалы қарапайым пневмо массажды түғырлар қарастырылып енгізілуде, мұны қолданған кезде еңбекке кететін шығынды шұғыл азайтады және құнажынның желініне жасалған массаж кең түрде қолданылып, тәжірибелік амал болып малдың сүт өнімін арттыруды қалыптастырады.
Тайыншаны алғаш ұрықтандыру жасы. Сиырдың тірі салмағы оның жасымен тығыз байланысты. Өте ерте ұрықтандыруға қосу сиырдың беретін сүт өніміне қолайсыз әсер етеді, оның өсуін тежейді. Алғаш ұрықтандыруға кеш қосу сауын сүтке болымсыз әсер етеді. Бірақ та алғаш ұрықтандыруды кеш болдырғандықтан, экономикалық жағынан қолайсыз, оларды өсіруге кететін еңбек шығындары, құралдары, азықтар көп болады. Кеш ұрықтандырылған сиырлар өмір сүру аралығында төлді аз беретіндіктен, сүтті де аз береді. Алғашқы ұрықтандыру уақыты бірқатар жағдайларда байланысты, ол негізінен малдардың тұқымдық және өзіндік ерекшеліктеріне, азықтандыру, күтілу және т.б. жағдайларға байланысты.Тайыншаларды ересек сиыр массасының 65-70%-і не жеткенде ұрықтандыру қабылданған. В.Ф. Красота және т.б. (1990) тайыншаның жетілуі табынды жөндеу үшін іріктеп алынған 4000 кг сүт алу үшін, олардың тірі салмағы 18 айда 350 кг-нан кем болмау керек және тірі салмағы 400 кг 305 күнгі сауылым ішінде сауылған сүттің 3000 кг. құрайды. Тайыншаны жеделдетіп мақсатты түрде өсіргенде, малдың дұрыс дамуы мен оның алғашқы төлдеуіне, тұқымның тірі салмағының қалыпты болуын естен шығармау керек.
Буаздылық. Сиырдың сүт өніміне сиырдың желініндегі сүт безінің секреттік жұмысының әсері тиеді. Оның өсуі, дамуы қалыптасуы барлық сүт қоректілердегі сияқты олардың буаздылығы мен төлдеу процесіне байланысты. Мұндағы байланыс әртүрлі эндокриндік бездердің қызыметіне байланысты (әсіресе гипофиз, жұмыртқа безі) болатын гуморальдік негізге сүйенеді.
Сүт безінің өсуі мен жетілуі кезеңінде оның қызмет жасайтын ұлпасы - альвеолярлық жүйе дами бастайды. Буаздылық өтіп жатқан кезде сары дененің гормоны жинақтала беретіндіктен, суалған кезеңде желіннің бездік ұлпаларының белсенділігі қалпына келеді. Буаздылық кезеңінде пайда болатын сары дене 5-ай буаздылық кезінде алғашқысында сауын сүттің елеусіз азаюына әсер етеді. Жақсы күтім мен азықтандыру кезінде суалған сиырда сауылым сүт аз мөлшерде өзгереді. Малдың төлдегеннен кейінгі оларды жемісті ұрықтандыруға дейінгі уақыт аралығын сервис кезең деп атайды. Неғұрлым сервис кезең қысқа болса, соншалықты (260-270 күн) сауылым мерзімі ұзақтығы да қысқа болады және керісінше. Сервис кезең ұзарса сауын кезінде сауылым сүт 305 күнге ұлғаятындығы анықталған. Басқадай жай тең жағдайларда олар 50-70 күн ұзақтығына қарағанда, сервис кезеңде 120-150 күнге үлкен болады. Сервис - кезеңдердің шектен тыс ұзақтылығы сиырлардың айналымдық сауынын бір қатар жылға азайтып қана қоймады, сонымен бірге табынның келесі жылғы сүт өнімділігін елеулі төмендетеді және сонымен қатар төлдің дұрыс алынбауына да әкеледі.
Тауарлық шаруашылықтарда сиырларды бұзаулағаннан кейін жыныстық кезеңнің екінші циклінен, асыл тұқымды шаруашылықтарда үшінші циклден кешіктірмей ұрықтандыру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет