Түсінік хат
Тақырыптық - күнтізбелік жоспарды дайындауда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»" әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес тақырыптық - күнтізбелік жоспар әзірленді.
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 6-қосымша, соңғы өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15- қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14-қосымшаға сәйкес оқытылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 472 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 2-қосымша берілген үлгі бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастырылды.
ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген:
Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.10-11 сыныптағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |