«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қызмет Сабактың мақсаты



бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі403 Kb.
#123921
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қызмет

Сабактың мақсаты: Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрылымымен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР метрологиялық қызметтің құрылымы қандай?

2. Мемлекеттік метрологиялық қызмет.

3. Уақыт және жиілік мемлекеттік қызметінің мақсаттары неде?

4. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметінің қандай функцияларын білесіздер?

5. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің функцияларын атыңыз?

6. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың функциялары неде?

7. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалар қандай жұмыс атқарады?


№9 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі

Сабақтың мақсаты: Заттардың қасиеті мен құрамының стандарттық үлгілері бойынша Мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаттарымен тапсырмаларын меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1. Заттардың қасиеті мен құрамының стандарттық үлгілері бойынша мемелекеттік қызметтің негізгі мақсаттары мен міндетемелері қандай нормативтік құжаттама бойынша реттеледі?

2. Заттардың қасиеті мен құрамының стандарттық үлгілері бойынша Бас орталығының негізгі жұмыстарын сипаттаңыз?
№ 10 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметі

Сабақтың мақсаты: Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін оқу.

Бақылау сұрақтары:

1. Уақыт пен жиіліктің Мемелекттік қызметі мен шешілетін негізгі есептерін атап көрсетіңіз?

2. Ресей Федерациясының эталондары мен мемлекеттік өлшеу нәтижелерін салыстырғанда нәтижелердің қателіктері қандай?
№ 11тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі

Сабақтың тақырыбы: Уақыт және жиілік бойынша Мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаттары мен міндеттемелері.

Бақылау сұрақтары:

1. Уақыт пен жиіліктің Мемелекттік қызметі бойынша негізгі міндеттемелерін атаңыз?

2. РФ мен Мемелекеттік эталондардың өлшеу нәтижелерін салыстырғанда қандай қателіктер бар?
№ 12 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Салыстырып тексеру әдістері

Сабақтың мақсаты: Өлшем құралдарын салыстырып тексеру, ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің маңызын меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің маңызы?

2. Қандай анықтамалар мен терминдер қолданылады?

3. Салыстырып тексеру түрлері және оларды жүргізу тәртібі қандай?


№ 13 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Өлшеу құралдарын калибрлеу

Сабақтың мақсаты: ҚР СТ 2.11-2000 стандартымен жұмыс істеу.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР СТ 2.11-2000 стандартындағы анықтамалар?

2. Нормативтік сілтемелер?

3. Өлшеу құралдарын калибрлеудің маңызы неде?


№ 14 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылауға қатысты Заң бабтары мен танысу.


Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік метрологиялық қарау нысандарына қандай талаптар қойылады?

2. Түрлі нысандарға Мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу кезінде қандай жұмыстар атқарылады?

№ 15 тәжірибелік сабақ



Тақырыбы: Өлшем құралдардың шығарылуын, жағдайын және қоланылауын мемлекеттік метрогиялық қадағалау

Сабақтың мақсаты: Бақылау нәтижесі бойынша құрылған мемелкеттік метрологиялық бақылауды іске асыруды меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1. Алдын-ала жазу қандай жағдайда кешіріледі?

2. Алдын-ала жазуды кім жазады?

3. Тексеру актісі қандай жұмыстың нәтижесі болып табылады?

4. Тексеру актіні кім жазады?
3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

№ 1 зертханалық сабақ



Тақырыбы: Өлшеулерді жіктеу.

Сабактын максаты: Өлшеулерді жіктеудің принциптерін оқып үйрену.

Бакылау сұрақтары:

1. Қандай белгілер бойынша өлшеулерді жіктейді?

2. Акпарат алу әдісі бойынша өлшеулердің жіктелуін көрсетіңіз?

3. Өлшеу бірлігінің өзгеру сипатына байланысты өлшеулердің жіктелуін көрсетініз?

4. Өлшеу ақпараттың санына байланысты өлшеулердін жіктелуін көрсетіңіз?

5. Негізгі бірліктердің катынасына байланысты өлшеулердің жіктелуін көрсетініз?


2 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Өлшеудің негізгі операциялыры мен сатылары.

Сабақтың мақсаты: Өлшеудің негізгі операциялыры мен сатыларының мазмұнын оқу.

Бакылау сүрактары:

1. Негізгі олшеу операцияларын атаңыз?

2. Физикалык бірліктің өлшеу процестері неше сатыдан түрады. Өлшеу сатыларын атаңыз?

3. Өлшеу сатыларын жобалау қандай тізбек бойынша жасалады?

4. Өлшеу есептерінің сатылары кандай элементтерден тұрады?

5. «Өлшегіш сараптама» сатыларына көшкен кезде қандай тізбек бойынша жасалады?

6. Сараптамалық мәліметтерді өндеу сатысындағы тізбектің жүйелігі?
3 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Өлшеу қателіктері.

Сабактың мақсаты: Өлшеу қателіктерінің түрлерін оқып үйрену.

Бақылау сүрактары:

1. Өлшеу кателіктері неше нышан бойынша жіктеледі?

2. Өлшеу кателіктерінің жіктелу нышандарын атаңыз?

3. Қандай кателіктер кездейсоқ деп аталады?

4. Қандай қателіктер систематикалыкқа жатады?

5. Қателесу дегеніміз не?

6. Өрескел қателік дегеніміз не?

7. Сыртка қандай факторлар әсер етеді?

4 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Өлшеуде систематикалык кателіктерді болдырмау.

Сабақтың мақсаты: Өлшеуде систематикалык қателіктерді болдырмау әдістерін окып үйрену.

Бақылау сурактары

1. Систематикалық қателіктердін болдырмаудың негізгі әдістерін көрсетініз?

2. Систематикалық кателіктердің шекаралық бағалау қалай жүзеге асады?

3. Инструменталды кателіктерді қандай әдіс арқылы болдырмауға болады?

4. Қандай әдіс арқылы өлшеу алдында температуранын, әсерін жоюға болады?
5 зертханалық сабақ

Тақьірыбы: Өлшеу әдістемелерінің жіктелуі.

Сабақтың мақсаты: Өлшеу әдістемелерінің жіктелуін окып үйрену.

Бақылау сұрақтары:

1. Дифференциалды өлшеу әдістеріне мысал келтірініз?

2. Дифференциалды әдісті қолдану аркылы өлшеу теңдеуін жазыңыз?

3. Тікелей бағалау әдісіне мысал келтірініз?

4. Дифференциаддык пен нөлдік эдістердің айырмашылығы неде?

5. Нөлдік әдіске мысал келтірініз?

6. Қатысу (замещение) әдістеріне мысал келтірініз?

7. Дәл келу әдістеріне мысал келтірініз?


6 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Өлшеу жағдайы. Өлшеудін сапасы.

Сабақтың мақсаты: Өлшеу жагдайынын сипаттамасын оқу, «Өлшеу сапасының» үғымын түсіну.

Бақылау сұрақтары:

1. «Өлшеу жағдайының» мәніне анықтама берініз?

2. Қалыпты өлшеу бірлігі дегеніміз не?

3. Жұмыстық өлшеу жағдайын қалай түсінесіз?

4. «Экстремалды өлшеу жағдайы» дегеніміз не?

5. Өлшеу нәтижесінін негізгі сипаттамаларын атаныз?


7 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Өлшеу күралдары.

Сабақтын мақаты: Өлшеу қүралдардын негізгі қасиеттерін оқу және әрбір көрсеткіштері

бойынша олардын жіктелуі мен түрлері.



Бақылау сұрақтары:

1.Кестеде көрсетілген көрсеткішдерден баска өлшеу кұралдары қалай жіктеледі?

2 Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінде өлшеу құралдары қандай түрлерге бөлінеді?

3. Автоматизацияга байланысты өлшеу қүралдары қалай бөлінеді?

4. Стандарттауға байланысты өлшем күралдары калай белінеді?

5. Өлшенетін физикалық шамаға байланысты өлшеу құралдары қалай бөлінеді?


8 зертханалық сабақ



Такырыбы: Қарапайым және кешенді өлшеу кұралдары.

Сабақтын максаты: Қарапайым жэне кешенді өлшем кұралдардың кестесі мен белгілеу

пршшиптерін оқу.



Бақылау сұрактары:

1. Қарапайым және кешенді өлшеу кұралдарды калай белгіленеді?

2. Қарапайым өлшеу құралдары қалай бөлінеді?

3. Кешенді өлшеу құралдарының түрлері? '

4. Өлшеу құралдарының орындайтын функциясына және өлшеу процесі кезіндегі рөліне байланысты қалай жіктеледі?
9 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты: Өлшеу күралдарының метрологиялык сипаттамасын оку

Бақылау сұрақтары:

1. Өлшеу құралдарьшың метрологиялык сипаттамасы дегеніміз не?

2. ӨЖ метрологиялық сипаттамасы қалай жіктеледі?

3. ӨЖ метрологиялық сипаттамасы каңдай бірліктер бойынша анықталады?

4. Негізгі және абсолюттік қателіктер дегеніміз не?
10 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Өлшеу кұралдарының дэлдік классы.

Сабақтын мақсаты: Өлшеу құралдарының дэлдіпн көрсету тэсілдерін меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1. Өлшеу кұралдардын дәлдік классы дегеніміз не?

2. Дәлдік класын көрсетудің қандай түрлі тәсілдері бар?
11 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Физикалық шамалардың эталондарының классификациясы.

Сабақтың мақсаты: Физикалык шамалардың эталондарының классификациясын меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1. Эталондар кандай белгілер бойынша жіктеледі?

2. Халықаралык эталон дегеніміз не?

3. Алғашкы эталондарды кұру үшін не негіз болып табылады?

4. 2 -ші ретті эталоңдарді құру үшін не негіз болып табылады?

5.Мемлекет аралык эталондар не үшін қызмет етеді?
12 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Тексеру сызбанұсқалары.

Сабақтын тақырыбы: Тексеру сызбанұскаларының мазмүның жэне түрлерін меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1. «Тексеру сызбанұсқасы» терминіне аныктама берініз?

2. Тексеру сызбанұскасы қандай мақсаттарга қызмет етеді

3. Тексеру сызбанұскасының түрлерін тізіп берініз

4. Қандай мемлекеттер мемлекетаралық тексеру сызбанұсқасын қолдана алады?

5. Мемлекеттік тексеру сызбанұскасын қолдану аймағын атаңыз?

6. Локальді тексеру сызбанұсқасын қолдану аймағын атаңыз?

7. Тексеру сызбанұсқасыңда қанша сатылы (минимум) болуы тиіс?

8. Тексеру сызбанұсқасының сызуы қанша жолға бөлінуі керек?

9. Тексеру сызбанұсқасының сызуында кандай көрсеткіштер көрсетілуі керек?

10. Қаңдай кателік сипаттамалары көрсетіледі:

а) бірлік эталондар үшін;

б) 2-ші ретті эталондар үшін;

в) Жұмысшы эталондар жэне жұмысшы тексеру сызбанүскасы үшін;

11.Тексеру сызбанұскасында қандай тексеру әдісі көрсетіледі?

12.Тексеру сызбанұскасында колданылатын тексеру әдістемелерінің сипаттамалары калай көрсетіледі

13. Қандай жағдайларда әдістің кателігінің сипаттамасын керсетуге болады?

14. Эталондарды сақтаушы ғалымдардың функциялары қандай?

15. Эталондарды сақтаушы ғалымдардың функциялары қандай құжатпен анықталады?
13 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Жалпы қолдануга арналған зертханалық таразыда өнімдердің салмағын өлшеу.

Сабақтың мақсаты:.Таразының күрамы мен пайдалану ережелерімен танысу.Өнімдердің салмағын өлшеп, нөтижелерін өңдеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Зертханалык таразылардың жіктелінуі.

2. Таразылардын нормаланған метрологиялык сипаттамалары.
14 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Термоэлектрикалық түрлендіргішпен еттің температурасын өлшеу. Сабақтың мақсаты:Термобулаңдырғыштың градустеуін тәжірибелік жолмен меңгеру, градустеудің температурасын термоэлектрикалық түрлендіргішпен өлшеу.

Бақылау сұрақтары:

1. Қатынасты термометрлердін жіктелуі.

2. Ұлғайту, кернеу термометрлердің жұмыс істеу принциптері, кұрылымы.

3. ТХК термобулаңдырғыштың кұрылымы мен жұмыс істеу принципі.


15 зертханалық сабақ

Тақырыбы:«Лактан 1-4» кұралынын паспорты меп жұмыс істеу принципін қарастыру. Сабақтың мақсаты:«Лактан 1-4» кұралының паспорты мен жұмыс істеу принципін қарастырып меңгеру.

Бақылау сұрақтары:

1.«Лактан 1-4» құралының паспортында кандай негізгі метрологиялық мәліметтері берілген.

2. «Лактан 1-4» құралының құрылымы.

3. «Лактан 1-4» кұралының жұмыс істеу принципі.
4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Курстық жұмыстың мақсаттары

Курстық жұмысты орындау мақсаты өнімді өндіру процесінде шикізаттың, аралық өнімдердің, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің параметрлерін бақылау және өлшеу үшін қажетті өлшеу құралдарын таңдау болып табылады.

Өлшеу құралдарын таңдау белгілі бір өнімнің технологиялық процесіне талдау жасау, өлшеу жағдайына және Қазақстанда бекітілген өлшем құралдарының каталогын оқу негізінде таңдап алынады.

Курстық жұмыс түсіндірме жазбасынан және плакаттан тұрады. Түсіндірме жазбада өнім өндірудің технологиялық процесіне талдау жазылады (өлшеу параметрлерінің диапазоны, өлшеу параметрлері көрсетіледі). Өлшеу жүргізу жағдайына талдау жасалады.

Өлшеу жүргізудің жағдайларына ерекше талаптар айқындалады. Өлшеу нақтылығына талаптарды нақтылайды. Көрнекелік үшін құрал-жабдықтары және бөлек машиналардың арасындағы технологиялық байланысты көрсете отырып технологиялық схема сызылады. Технологиялық схемада шартты белгілер мен параметрлердің өлшеу нүктелері көрсетіледі. Технологиялық процестің параметрін өлшеуге қолданылатын ҚР бекітілген құрал-жабдықтарға талдау жүргізіледі. Өлшеу өткізу шарттарының талаптарын қанағаттандыратын нақты өлшем құралдарына таңдау жазылады. Нәтижесі кестені толтыру жолымен жинақталады. Бөлек беттерде таңдап алынған құрал-жабдықтардың әрқайсысына технологиялық және метрологиялық сипаттамалар беріледі. Өлшем құралдары туралы мәліметті өлшем құралдарына арналған құжаттардан алуға болады.

Плакатта өнімнің технологиялық схемасы сызылады (параметрлер) өлшемдерін бақылау нүктелері, бөлек машиналар арасындағы технологиялық байланыс жазылады.



Курстық жұмыстың реттілігі:

1) Өнімнің өндіру технологиясын оқыңыз;

2) Технологиялық схеманың қандай операцияларында параметрлерді өлшеу өткізуін анықтаңыз, сонымен қатар өлшенетін параметрлердің объектісі мен номенклатурасын (атауын) анықтап алыңыз;

3) Өлшем шамаларының мәні ауытқитын аралықтағы өлшем ауқымын анықтап алыңыз;

4) Өлшем өткізу жағдайын анықтаңыз. Өлшеуге ерекше талаптар қойыла ма, жоқ па айқындау керек. Өлшем нақтылығына талаптарды анықтаңыз;

5) Құрал-жабдықтары және бөлек машиналардың арасындағы технологиялық байланыс көрсетілген өнімнің технологиялық схемасын сызыңыз;

6) Технологиялық схемада шартты белгілер мен өлшеу өткізілетін нүктелерді көрсетіңіз. Әрбір параметрге өзінің шартты белгісін енгізіңіз;

7) ҚР бекітілген өлшем құралдарының каталогы бойынша өлшеудің шарттарын және талаптарын қанағаттандыратын өлшеу құралының типтерін таңдап алыңыз.

Түсіндірме жазба А4 (297*210 мм) форматтағы жазу қағазында қою түсті (көк қара) сиямен жазылады. Парақта рамка сызылады, сол жағынан 20 мм, қалғандары 5 мм, мәтін парақтың шетінен 10 мм тасталып жазылады. Түсіндірме жазба (мәтін, кестелер) МЕСТ 2.104 талаптарына сәйкес рәсімделеді.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Кіріспе


1 Өнімнің қысқаша сипаттамасы

2 Өнімнің өндіру технологиясы

3 Өнімді өндіру технологиясына талдау (бұл талдау өлшем құралдарын, өлшеуге қойылатын талаптарды және метрологиялық қамтамасыз ету, нүктелері белгілеу мақсатында жүргізіледі)

4 Өлшем құралдарын таңдау

Қорытынды

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

5.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек.

Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.

Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.

Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:

1 Батыс Еуропа елдеріндегі метрология

2 Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттеріндегі метрология

3 Метрология жөніндегі негізгі халықаралық нормативтік құжаттар

4 Халықаралық өлшемдер және таразылар ұйымы

5 Заңнамалық метрология жөніндегі халықаралық ұйым

6 Метрология жөніндегі өңірлік ұйымдар

7 Тағам өнімдеріндегі кейбір компоненттердің мөлшерін өлшеу

8 Ұзындықты өлшеуге арналған өлшеу құралдары

9 Қысымды өлшеуге арналған өлшеу құралдары

10 Тығыздықты өлшеуге арналған өлшеу құралдары

5.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие / Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология: Учебное пособие для вузов. – М.: Логос, 2000. - 408 с.

3 Шишкин И.Ф. Основы метрологии, стандартизации и контроля качества: Учебное пособие. – М.: Издательство стандартов, 1987. - 320 с.

4 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.

5 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 711 с.

6 Маркин Н.С., Ершов В.С. Метрология. Введение в специальность: Учебное пособие для техникумов. - М.: Издательство стандартов, 1991. - 208 с.

7 Тюрин Н.И. Введение в метрологию: Учебное пособие. - М.: Издательство стандартов, 1985. - 248 с.

8 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

9 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару: Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. – 140 бет.

10 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.

11 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б.

12 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53-11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

13 ҚР СТ 2.3 ҚР МӨЖ. Физикалық шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелер. Жасау, бекіту, тіркеу, сақтау және қолдану тәртібі

14 ҚР СТ 2.4 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру. Ұйымдастырылуы мен жүргізу тәртібі

15 ҚР СТ 2.11 ҚР МӨЖ. ҚР калибрлеу жүйесі. Негізгі ережелер

16 ҚР СТ 2.12 ҚР МӨЖ. ҚР калибрлеу жүйесі. Ұйымдастырылуы мен жүргізу тәртібі

17 ҚР СТ 2.15 ҚР МӨЖ. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен метрологиялық бақылау. Жалпы ережелер

18 ҚР СТ 2.20 ҚР МӨЖ. Салыстырып-тексеру таңбалары. Дайындау, сақтау және қолдану тәртібі

19 ҚР СТ 2.30 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды жүргізу тәртібі

20 ҚР СТ 2.39 ҚР МӨЖ. Салыстырып-тексеру схемалары. Мазмұны мен құрылуы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет