Статистикалық есеп беру нысандарының шаблондарымен жұмыс істеу нұсқаулығы



Дата11.06.2016
өлшемі52.12 Kb.
#127685
Статистикалық есеп беру нысандарының шаблондарымен жұмыс істеу нұсқаулығы

Шаблондармен жұмыс істеу барысында макростарды іске қосу туралы шешімді қолданушы қабылдайтын қауіпсіздіктің орташа деңгейін пайдалану ұсынылады. Бұл режимде шаблонды ашқан кезде келесі іс-әрекеттерді таңдауға болатын (1 сурет) қауіпсіздік жүйесінің ескертуі пайда болады: «Макростарды өшіру» және «Макростарды өшірмеу». Шаблонның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін «Макростарды өшірмеуді» таңдау қажет, себебі шаблондағы барлық есептер макростардың көмегімен шешілген.



1 сурет


Егер қауіпсіздік жүйесінің ескертуі шықпаса, ол қауіпсіздіктің басқа деңгейі таңдалғанын көрсетеді және қауіпсіздік деңгейін орташаға өзгерту қажет. Ол үшін Сервис менюінде Макрос командасын, оның ішінде Қауіпсіздік командасын таңдаңыз, Қауіпсіздік деңгейі қосымша бетке өтіп, Орташа жалаушаны орнатыңыз (2 сурет).

2 сурет


Макростарды қосқаннан кейін қосымша ТБ есебіне мәліметтер енгізу құралдар панелі пайда болуы керек. (3 сурет)

3 сурет


Берілген панель тұрақты орнатылмаған және оны ыңғайлы пайдалану үшін терезенің кез келген жеріне орналастыруға болады (4 сурет). Дегенмен оны жабу мүмкін емес.

4 сурет


Шаблонның «Негізгі мәліметтер» бірінші бетінде кәсіпорын, есепті кезең, валюта және т.б. туралы ақпаратты анықтау үшін қажетті мәліметтер (5 сурет) орналасқан. «Есеп коды» енгізу кезінде есептің нөмірін анықтау үшін қажет.



Негізгі мәліметтер
















Код отчета

pb

Предприятие

 

БИН

 

Период

Номер квартала

 

Год

 

Валюта

Доллар США

Ф.И.О. Руководителя

 

Ф.И.О. главного бухгалтера

 

Ф.И.О. Исполнителя

 

Телефон исполнителя

 

Комментарий

 



















5 сурет










Мәліметтер («Кәсіпорын», «БЖН», «Кезең нөмірі», «Жыл») өзгерген жағдайда «Титул парағы» екінші беттегі мәліметтер толтырылады. Шаблон беттерінің арасында ауысу кезінде берілген бет үшін рұқсат етілген командалар қол жетімді болады, бұл командалар шаблонды мәліметтермен толтыру кезінде өзгеруі мүмкін.

6 сурет


Елдер бөлігіндегі беттерде елдерді қосуға, алып тастауға, қосылған елдерді өзгертуге және сұрыптауға болады. «Елді қосу» командасын таңдаған жағдайда берілген бөлімге қосылмаған елдерді таңдауға болатын елді қосу нысаны пайда болады (6 сурет).

7 сурет


Қосуға арналған елдерді таңдап және «ОК» (7 сурет) кнопкасын басқан соң белсенді бетте форматталған ұяшықтары бар бағандар қосылады: шектер көрсетілген, мәліметтердің сандық типінде екі ондық белгісі бар (8 сурет). Кестенің қосындылайтын ұяшықтары және тақырыпша ұяшықтары жазбалардан қорғалған және берілген ұяшықтарды редакциялау әрекеті жасалған кезде сәйкес хабарлама шығады (9 сурет).

8 сурет


9 сурет


Сонымен қатар, сандық мәліметтер бар ұяшықтарда мәліметтерді тексеру орнатылған жән сандық емес мәліметтер енгізу әрекеті жасалған кезде (0-9 сандарынан және бүтін мен бөлшек бөліктерді бөлгіштен басқа барлық символдар) қателік туралы хабарлама шығады (10 сурет).

10 сурет


Кемінде бір елді таңдағаннан кейін «Елді алып тастау», «Елді өзгерту», «Елдерді сұрыптау» командалары қол жетімді болады. «Елді алып тастау» командасын таңдаған соң енгізілген елдердің тізімі бар елді алып тастау нысаны пайда болады (11 сурет). Берілген елдерді таңдап және «ОК» кнопкасын басқан соң таңдалған елдер сол жаққа ығысып алып тасталынады (12 сурет).

11 сурет



12 сурет


Елдерді ретсіз енгізген жағдайда, мысалы, Жапония, Австрия, Франция, Қазақстан (13 сурет), деректерді енгізуді жақсарту үшін, оларды «Елдерді сұрыптау» (14 сурет) командасын қолдана отырып сұрыптауға (15 сурет) болады.

13 сурет


14 сурет


15 сурет


Қажетті жағдайда «Елді өзгерту» командасын қолдана отырып елді өзгертуге болады. Команданы таңдаған жағдайда өзгертілетін ел және жаңа елді таңдап алу мүмкіндігі бар нысан ашылады (16 сурет).

16 сурет


Сонымен бірге елді енгізген соң қосындылайтын формулаларды жаңартуға болады. Ол үшін «Жиынтық жолдарының формулаларын жаңарту» және «Жиынтық бағандарының формулаларын жаңарту» командаларын пайдалану қажет (17 сурет).

17 сурет


Қисындық бақылауды жібергеннен кейін қателер «Нәтиже» бағанында көрсетілетін болады және бақылаудың түрі қызғылт түспен көрініп тұрады (18 сурет).







Қисындық бақылау







Формула

Результат

 

Логический контроль не может быть выполнен. Причины:
- в формуле должен быть всего один знак сравнения;













18 сурет

Қателер түзетілгеннен кейін қисындық бақылауды қайта іске асыру жөн.



2ТБ-5ТБ және 10-ТБ нысандарымен жұмыс жасау ерекшеліктері

2ТБ-5ТБ және 10-ТБ шаблондарының өз қосымша мүмкіншіліктері бар: кейбір көрсеткіштерге ұғымдарды қосып немесе алып тастауға болады. Ол үшін «Ұғымдарды қосу» және «Ұғымдарды алып тастау» (19 сурет) командаларын пайдалану қажет.



19 сурет


Шаблондардың жұмысқа қабілеттілігін жоғалтпас үшін келесі іс-әрекеттерге

мүлдем тиым салынады:




  • Беттердің аталған аймақтарын өзгерту (аталған аймақтар атауларын және олардың орындарын);

  • Беттердің қорғаныстарын алу және өте қажетті ұяшықтарды, мысалы, жолдарды, баған шифрларынан тұратын ұяшықтарды, олардың атауларын, есеп кодын және т.б. өзгерту;

  • Беттердің атауын және олардың реттерін өзгерту.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет