Ұстаз деген кім? Ұстаз -жас шәкірттің жүрегіне жол табушы, білім нәрін себуші. Грек ғалымы Ұлы Сократтың айқаны бар: «Барлық мамандықтар адамнан және тек үшеуі Құдайдан: ұстаздық, сот және дәрігер»
Ұстаз ұлы тұлға
Ұстаз деген кім? Ұстаз –жас шәкірттің жүрегіне жол табушы, білім нәрін себуші.Грек ғалымы Ұлы Сократтың айқаны бар: «Барлық мамандықтар адамнан және тек үшеуі Құдайдан: ұстаздық, сот және дәрігер». Мұнымен келіспеске болмас.Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы — жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат.Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,- дейді. Ұстаздың жүзі жылы, көңілі жұмсақ келеді. Әр оқушысын өз баласындай көріп, өз баласындай асыл тәрбиесін берген ұстаздардың жұмысы әрдайым жоғары бағаланады.Мұғалімнің басты мақсатының бірі: оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтау,білім алуға құштарлығын арттыра отырып,жаһандық өзгерістерді қабылдай білетін шығармашыл, бәсекеге бейім парасатты тұлға қалыптастыру.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет-өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттірмейтін іс екені сөзсіз.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді.Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.