«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауы Команда атауы «Алға»



бет1/5
Дата09.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#491506
  1   2   3   4   5
Алға командасы, қазақ тіліндегі жоба паспорты


2-қосымша





«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауы
Команда атауы «Алға»


ЖОО атауы «Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті»
Жобаның бағыты мен тақырыбының атауы
«Энергетикадағы жаңа технологиялар, Дәнді дақылдарды шығынсыз жинау әдістерін жетілдіру»
Команда мүшелерінің аты-жөні:
1. Орынбасар Жансая Нұралықызы
2. Нұрлан Дана Нұрланқызы
3. Өтеген Әділ Алмазұлы


Ғылыми жетекші:
Байзакова Жумакуль Сейткадыровна
Ментор :
Зоржанов Берик Докторханович
2023 жыл



3-қосымша

Мазмұны
Жобаның атауы: Дәнді дақылдарды шығынсыз жинау әдістерін жетілдіру
Кіріспе
Жобаның өзектілігі: Бүгінде дәнді дақылдарды жинайтын машиналар заманға сай техникамен жасақталынып, көп функциялы, қолдануға оңай және жоғары өнімділіктегі болса да, қаражаттары көтермейтін кішігірім шаруа қожалықтары үшін қол жетімсіз. Сондықтан өзіміздегі бар тозығы жеткен және арзанқол техникалар қысқа сабақты дәнді-дақылдарды жинауда көп шығын келтіреді. Дәнді дақылдарды жинау технологиясы әлі толық шешілмеген. Оның ылғалдылығының төмендігі, жатағандығы, өсіп тұрғандағы жетілу әркелкілігі және қалыңдығы мен ені бойынша үзік және біркелкі емес қалыптасатын дестелерде кептіру сияқты мәселелер дәнді дақылды жинау кезінде шығындарының (25% дейін) жоғары болуын қамтиды.
Негізінен машина жасаушылар жаңа машиналарды жобалап, жасау кезінде өсімдіктердің агробиологиялық қасиеттерін ескеруі, ал өсімдіктің жаңа түрлерін табатын ғалымдар ол өсімдіктің машинамен жинауға жарамдылығын есепке алуы керек деп ойлаймыз.

Экологиялық негіздеме: Еліміздегі оңтүстік өңірлерде ауа райында жылдан-жылға жаз маусымының ыстық болуы себепті, шығатын егін сабақтары қысқа және құрғақ келіп, шығынсыз жинау мүмкін емес сияқты. Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі бағыты - қуаңшылық жылдарындағы оңтүстік өңірдегі дақыл жинау өндірісінде, дақылдың өнімділігі мен сапасын арттыру арқылы шығынсыз жинап алу. «Экологиялық табиғатты пайдалану» пəні табиғи, қоғам жəне техникалық ғылымдарды қамтитын кешенді тəртіпті білдіреді. Экологиялық табиғатты пайдалануды зерттеу объектісі – адамның, адамзат қоғамының тіршілік ету аймағымен өзара əрекеті жəне өзара байланысы. Ауылшаруашылық экологиясы жерді қарқынды пайдаланудан кейін қалпына келтірудің қажеттілігі, жер ресурстарын қалай дұрыс пайдалану керектігін қарастырады. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Бұл дегеніміз егіншіліктің, астық егу мен жинаудың ертеден маңызды болғандығын, растайды. Сол кез бен қазіргі кезді халық саны және халықтың тұтынуына қажет болған астық мөлшерін салыстыруға да келмейді, бірақ астықтың сапасы жайлы айта кеткен жөн. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан соң Тың игеру жұмыстары жүргізілуіне байланысты сол кезде қазіргіге қарағанда әрі көлемі жағынан ірі, әрі сапалы өнім жиналатын болған екен. Сондай-ақ қазіргі таңда көптеген егін шаруашылығы, жылыжайлар ерте өнім беру үшін өсімдіктерді дәрі-дәрмек қоспаларымен өсіріп жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет