Студенттерге арналған Түрі
бағдарлама (Syllabus) Ф СО ПМУ 7.18.3/37
Қазақстан Респубикасы білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Орыс филологиясы кафедрасы
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
(Syllabus)
Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері
5В020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша
сырттай орта кәсіби білім негізінде оқитын студенттерге арналған
Павлодар
Студенттерге арналған Түрі
бағдарламаның (Syllabus) Ф СО ПМУ 7.18.3/38
бекіту парағы
БЕКІТЕМІН
ФЖжӨФ деканы
________Сарбалаев Ж.Т.
«___»____________ 20 _ж.
Құрастырушы: филол.ғ.к., доцент ______________ Шахметова Н.А.
Орыс филологиясы кафедрасы
Студенттерге арналған бағдарлама (Syllabus)
«Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері» пәні бойынша
5В020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша
сырттай орта кәсіби білім негізінде оқитын студенттерге арналған
Бағдарлама «____» _________20 _ ж. бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған
Кафедра мәжілісінде ұсынылған
«___» ___________ 20 __ ж., № ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________ Кенжебалина Г.Н.
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
«___» ___________ 20 ___ ж., № ____ хаттама
ОӘК төрайымы ________________ Жуманкулова Е.Н.
КЕЛІСІЛДІ
АТжП кафедрасының меңгерушісі ________ Демесинова Г.Х. «__» _ 20 _ ж.
1 Оқытушы туралы мәлімет
Аты-жөні Шахметова Назира Ахановна
Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы филол.ғ.к., орыс филологиясы кафедрасының доценті
Орыс филология кафедрасы бас оқу корпусында орналасқан (Ломов к., 64 үй), № 454 аудиториясы, байланыс телефоны 673623 (ішкі 1287).
2 Пән туралы мәліметтер
«Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері» курсын оқу 2 кредит санын құрайды, 2-ші және 3-ші семестрде. Бақылау түрі – емтихан (3-ші семестрде).
3 Пәннің жұмыс көлемі
Семестр
|
Кредит саны
|
Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша
сағат саны
|
СӨЖ
сағат саны
|
Бақылау
түрі
|
барлығы
|
дәріс
|
тәж.
|
зерт.
|
студ.
|
жеке
|
барлығы
|
СӨЖӨ
|
2,3
|
2
|
90
|
|
12
|
|
|
|
78
|
12
|
Э
|
4 Пәннің мақсаты:
«Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері» курсының мақсаты студенттерді орыс елінің әдебиеті тарихымен, оның көркем-образды дәстүрімен, көрнекті жазушыларымен, олардың шығармаларының аударма нұсқаларымен таныстыру арқылы олардың бойында әдеби-елтанымдық, мәдениетаралық-коммуникативті, аудармашылық және лингвоелтанушылық біліктілікті қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- орыс ел әдебиетінің өзіндік ерекшелігін және оның әлемдік мәдениеттегі рөлін танып білу;
- көркемдік бағыттармен және белгілі жазушылардың шығармаларымен танысу;
- жеке авторлардың шығармаларының аудармаларына талдау жасау;
- мәдени-тарихи шындықтармен танысу;
- лингвоелтану бойынша білімді бекіту.
5 Студенттің білім алуына қойылатын талаптар:
«Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері» курсын оқығаннан кейін студент:
- оқытылатын шығармалардың мазмұнын, өзекті мәселелерін, жанрлық ерекшеліктерін, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, олардағы көтерілген мәселелерді;
- орыс ел жазушыларының шығармаларын;
- жеке жнрлар мен авторларды аудару қиыншылықтарын, аудармашылық қателер мен жетістіктерін, аудармашылық жұмыстарының алдағы бағдарларын білуі керек.
«Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері» курсын тыңдағаннан кейін студент:
- орыс ел мәдениетінің ерекшеліктерін салыстыра отырып әдеби шығармалардың аудармаларына талдау жасауы;
- оқытылатын шығармалардың ұлттық ерекшелігін айқындауы;
- көркем шығарманың мәдени-тарихи ерекше белгілерін көрсете алуы;
- анықтамалық, оқу-әдістемелік және сыни әдебиеттерді рефераттау, конспектілеу жасауы керек.
6 Пререквизиттер:
- базалық орыс тілі
- қазіргі орыс тілі
- тілдік қарым-қатынас практикумы
- тіл білімі және аударма практикасы.
7 Постреквизиттер:
- орыс тілінің функционалдық стилистикасы
- мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы мен практикасы
- ауызша аударма практикасы.
8 Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырып атауы
|
Студенттердің ОЖЖ бойынша жұмыс көлемі
|
дәр.
|
тәж.
|
зерт.
|
студ.
|
жеке
|
СӨЖ
|
1
|
Көркем аударма әдеби шығармашылық ретінде. Билингвизм мәселесі.
|
1
|
1
|
|
|
|
4
|
2
|
Орыс әдебиетіндегі бағыттар.
|
1
|
1
|
|
|
|
13
|
3
|
Ежелгі орыс әдебиеті шығармаларының негізгі мазмұны мен композициясы.
|
1
|
1
|
|
|
|
13
|
4
|
18-ші ғасырдағы орыс әдебиетінің аударма мәселелері. Г.Р. Державиннің «Фелица» одасы.
|
1
|
1
|
|
|
|
13
|
5
|
Орыс шығармаларын аударудағы түпнұсқалық мәтіннің сақталуы мәселелері. А.С. Пушкиннің «Бахчисарайский фонтан» поэмасындағы ертегілік негіз және тарихи шындықтар.
|
1
|
1
|
|
|
|
15
|
6
|
Орыс поэзиясын аудару мәселелері. И.В. Гете, Абай және М.Ю. Лермонтов.
И.С. Тургеневтің «Восточная легенда» және Абайдың «Масгұт» поэмасының сәйкестігі.
|
1
|
1
|
|
|
|
20
|
БАРЛЫҒЫ:
|
6
|
6
|
|
|
|
78
|
9 Пәннің қысқаша аннотациясы:
«Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері» курсы ел әдебиетінің тарихын, оның дамуын, негізгі кезеңдерін, оқумен қатар жеке шығармалардың көркем аудармасының сапасы қарастырылады, аударма нұсқалары оқытылады, жеке жнрлардағы аударма қиыншылықтары мен белгілі аудармашылардың жеке авторлық тәсілдері айқындалады.
10 КУРСТЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ:
10.1 ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:
№ 1 дәріс тақырыбы: Көркем аударма әдеби шығармашылық ретінде. Билингвизм мәселесі.
Көркем аударма әдеби шығармашылық ретінде. Орыс тіліндегі шығармалардың жанрлық табиғаты және құрылымы, ондағы жазушы көзқарасы эволюциясының көрінісі. Аудармада автордың идеологиялық көзқарасының сақталуы мәселелері. Орыс жазушыларының көркем әдістерінің сипаты. Қазақ және орыс әдебиетіндегі билингвалдық тұлғалар. Г.Бельгердің шығармашылығы.
№ 2 дәріс тақырыбы: Орыс әдебиетіндегі бағыттар.
Орыс әдебиетіндегі бағыттар: романтизм, сентиментализм, реализм, экзистенциализм, модернизм, постмодернизм. Аудару мәселесіндегі олардың рөлі. Аудармада аталмыш бағыттардың сипат тұрғысынан атқаратын қызметі.
№ 3 дәріс тақырыбы: Ежелгі орыс әдебиеті шығармаларының негізгі мазмұны мен композициясы.
Аудармада орыс тіліндегі шығармалардың түпнұсқалық мәтіннің сақталуы мәселелері. Орыс поэмалардағы шынайы болмыстарды аудару мәселелері.
№ 4 дәріс тақырыбы: 18-ші ғасырдағы орыс әдебиетінің аударма мәселелері.
Г.Р. Державиннің «Фелица» одасы. Орыс әдебиетіндегі оданы аудару мәселелері.
№ 5 дәріс тақырыбы: Орыс шығармаларын аударудағы түпнұсқалық мәтіннің сақталуы мәселелері.
19-ші ғасырдың басындағы орыс әдебиетінде романтизм бағытының қалыптасуы. Жеке тұлғаның қоғамнан алшақтау үрдісінің романтикалық мәдениетте бейнеленуі. А.С. Пушкиннің «Бахчисарайский фонтан» поэмасы.
№ 6 дәріс тақырыбы: Орыс поэзиясын аудару мәселелері.
И.В. Гете, Абай және М.Ю. Лермонтов. И.С. Тургеневтің «Восточная легенда» және Абайдың «Масгұт» поэмасының сәйкестігі. О. Сүлейменов қазіргі орыс әдебиетіндегі аударма мәселелері туралы. «АЗиЯ» еңбегі.
10.1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ:
№ 1 тәжірибе тақырыбы: 17-ші ғасырға дейінгі орыс әдебиеті.
А. Никитиннің «Хождение за три моря» шығармасының ұлттық-мәдени ерекшелігі, аудармада оның сақталып қалу мәселесі.
№ 2 тәжірибе тақырыбы: 18-ші ғасырдағы орыс әдебиеті.
Г.Р. Державиннің қазақ елімен байланысы. Сол байланыстың шығармаларында алатын орны.
№ 3 тәжірибе тақырыбы: 19-ші ғасырдағы орыс әдебиеті. Романтизм бағыты.
Жеке тұлғаның қоғамнан алшақтау үрдісінің романтикалық мәдениетте бейнеленуі.
№ 4 тәжірибе тақырыбы: 19-ші ғасырдағы орыс әдебиеті. Сыншыл реализм бағыты.
Орыс әдебиетіндегі реализм және оның ұлттық-тарихи ерекшеліктері. Реализмдегі жағымды кейіпкер.
№ 5 тәжірибе тақырыбы: 20-шы ғасырдағы әдебиеті. Модернизм.
Табиғат пен қоғам даму идеясы. Мәдениет тарихына жаңа көзқарас. Модернизм бағытында жазылған шығармаларды аудару мәселесі.
№ 6 тәжірибе тақырыбы: 20-шы ғасырдың 2-ші жарты жылдығы. Соғыстан кейінгі әдебиет.
Соғыстан кейінгі әдебиетті аудару мәселелері. Ондағы Отанға деген сүйіспеншілікті сақтап қалу шеберлігі. Аударудағы қолданатын көркем әдістер.
10.2 СӨЖ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ:
СӨЖ мазмұны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп
түрі
|
Бақылау
түрі
|
Сағат
көлемі
|
1
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындық: сабақтардың тақырыптары бойынша материалдарды оқу, үй жұмыстарын орындау
|
Жұмыс
дәптері
|
Сабаққа
қатысу
|
24
|
2
|
Аудиториялық сабақтардың мазмұнына енбеген материалдарды өз бетінше оқу
|
Конспект
|
Сұрақтарға
жауап беру
|
48
|
3
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
КБ1 қорытынды бақылау, емтихан
|
6
|
БАРЛЫҒЫ:
|
|
|
78
|
Өз бетінше жұмыс істеуге арналған тақырыптардың тізімі:
№ 1 тақырып: А.С. Пушкиннің шығыс поэмалары.
А.С. Пушкиннің шығыс поэмаларындағы әйел образы. «Евгений Онегин» поэмасындағы Татьянаның Онегинге жазған хатын аудару мәселесі.
№ 2 тақырып: М.Ю. Лермонтовтың поэмаларындағы лирикалық кейіпкер образы.
М.Ю. Лермонтовтың аудармалары. Олардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері.
№ 3-4 тақырыптар: 20-шы ғасырдағы орыс драматургиясының ерекшеліктері.
20-шы ғасырдағы орыс дарматургия өкілдері. Орыс драматургиясындағы авторлық көзқарастың эволюциясы.
№ 5-6 тақырыптар: 20-шы ғасыр поэзиясындағы соғыс тақырыбы.
Соғыстан кейінгі әдебиетті аудару мәселелері. Ондағы Отанға деген сүйіспеншілікті сақтап қалу шеберлігі. Аударудағы қолданатын көркем әдістер.
11 «Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері» пәнінің саясаты:
- Сіздің біліміңіз балл-рейтинг жүйесі негізінде бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша бағаланады.
- Сырттай оқитын студенттің білімі КБ1 және қорытынды бақылау негізінде бағаланады.
- Егер Сіз сабақтарға белсенді қатыссаңыз, тапсырмаларды уақытында орындасаңыз, Сізде ең жоғарғы балл жинауға мүмкіншілігіңіз бар.
- Егер Сіз уақытында тапсырмаларды орындамай, сабақ босатсаңыз, онда баллдарыңыз 30 % пайызға төмендейді.
- Егер Сіз сабақтарды немесе бақылау шарасын белгілі бір себептермен босатсаңыз, онда Сізге жеке түрде белгіленген бір уақытта тапсыруға мүмкіншілік беріледі.
- КБ1 шарасы 100 балл көлемінде бағаланады.
«Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері» пәні бойынша КБ1 шарасы тест түрінде өтеді.
Студенттің «Орыс елдің әдебиеті және аударма мәселелері» пәнінен рейтингісі ағымдағы үлгеріммен (АҮ) КБ1 қосындысынан тұрады. Балл жинағы мынадай формула бойынша есептеледі:
Р = АҮ * 0,7 + КБ *0,3
Егер Сіз КБ1 шарасына қатыспаған болсаңыз, Сіздің рейтингіңіз 0-ге тең болады.
Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін КБ1 шарасында алған баллдарыңыз 50-ден төмен болмау керек.
Қорытынды бақылау жабық тестілеу түрінде өтеді.
Егер Сіз емтиханда 50 баллдан төмен алсаңыз, Сіздің рейтингіңіз анықталмайды, ведомоске «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.
Ағымдағы, кезеңаралық, қорытынды бақылау баллдары төмендегідей мөлшерге сай болу керек:
50-74 балл «қанағаттанарлықсыз», 74-89 жақсы, 90-100 өте жақсы. Сәттілік тілеймін!
12 Әдебиет тізімі:
Негізгі:
1. Гиривенко А.Н. Из истории русского художественного перевода первой половины 19 в.: Эпоха романтизма. Учебное пособие. – М.: Флинта, Наука, 2002. – 280 с.
2. История русской литературы 19 века. - В 2-х частях. – М., 2001.
3. История русской поэзии. Тт. 1-2. - Л., 1968-1969.
4. История русского романа. Тт. 1-2. - М.-Л., 1962.
5. История русской литературы. В 4-х томах. – М., 1967-83.
6. Русские писатели 19 века. Библиографический словарь: В 2 ч. / Под ред. П.А. Николаева. - 2 изд. - М., 1996.
Қосымша:
7. Алтыбаева С.М. Художественный перевод и сравнительное литературоведение / С.М. Алтыбаева, М.Х. Маданова. – Алматы: РИК, 2000. – 113 с.
8. Гудимова Г.А. Словарь персонажей русской литературы 18-19-ых веков. – М., 1995.
9. Лесневский С.С. Торжественный венок. М.Ю Лермонтов. Слово о поэте. – М., 2002.
10. Романенко А.Д. Солнце России: О Пушкине. – М., 2001.
11. Сагандыкова Н.Ж. Основы художественного перевода / Н. Сагандыкова. – Алматы: Санат, 1996. – 208 с.
12. Сулейменов О. АЗ и Я. – Астана: Елорда, 2007.
Достарыңызбен бөлісу: |