Су дайындау



бет4/12
Дата05.11.2022
өлшемі1.51 Mb.
#464067
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
су дайындау лекция

Ізбестеу механизмі
Ізбестеу бастапқы судың сілтілігін төмендету үшін қолданылады. Бұл жағыдайда, суды тереңірек жұмсарту жүзеге аспайды. Ізбестеу арқылы суды өңдеу процесстері келесі ионды түрдегі өрнектермен анықталуы мүмкін:
Қарастырылған реакцияларды қолдану кезінде бастапқы судың карбонатты қаттылығы (сілтілік) бұзылып, оның мөлшері 0,7-1 мг-экв/л-ға дейін төмендейді; егер де жеткілікті мөлшерде ОН- гидратын енгізісе, онда судан магнийдің жойылуы жүреді; судағы еріген көмірқышқыл жойылады; судың құрғақ қалдығы, жалпы қаттылығы төмендейді және жобамен келесіге тең болады:
[мг-экв/л],
- көп жағыдайда 0,2- 0,3 [мг-экв/л] арлығында қолданылатын
-артық мәні.
Сүзгілеу процесінің механизмі
Сүзгілеу әдісімен суды мөлдірлендіру деп лайланған суды кезекті материалдан өткізу жолымен тазалауды айтады.
Суды мөлдірлендіру мақсатында қолданылатын сүзгішті негізінде мөлдірлендіргіш сүзгілер, кейде механикалық сүзгі деп те атайды. Сүзгі жұмысының пәрменділігі судың сүзілу жылдамдығымен анықталады, ол 5-7 м/с болады.
Суды мөлдірлеу сүзгілеу қабатының үстінгі және астынғы қысымдар айырымы әсерінен жүреді:
шамасы сүзгідегі қысымның төмендеуі немесе арынның жоғалуы деп атайды.
Сүзгі циклының шамасы сүзілетін аудандағы өлшенген заттар концентрациясы мен ластану сыйымдылығына байланысты болады.
Егер сүзгі арқылы Qс, м 3 су өтті деп алсақ, онда:
[кг/м3] .
Сүзгілер құрылымы және оларды пайдалану
Мөлдірлегіш сүзгілер (2.1 сурет) жабық (арынсыз) қысымды және ашық қысымды (арынды) деп бөлінеді.
2.1-сурет. Мөлдірлегіш сүзгілердің сүлбесі.
а-бір ағынды, бірқабатты, арынды; б-ашық; в - қабаттары тізбектей орналасқан қос қабатты; г - қабаттары параллель қосылған қос қабатты; е- горизантальды.
Бірқабатты тік жабық сүзгі (2.2 - сурет) таза су дайындау қондырғыларындағы мөлдірлегіш сүзгінің біршама кең тараған бір түрі болып саналады.
2.2 - сурет. Мөлдірлегіш сүзгі.
4 бетонды қабат, 5 – дренаж, 6 реттеу қондырғысы, 7 - сүзгілеу матераиалы,
8 – воронка, 9 - ауалық түтік, 10 - сүзгіні жөндеу және бақылауға арналған люк,
11 – материалды ауыстып тұруға арналған люк, 1, 2,3 – задвижка.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет