Султанова нургуль камильевна



бет3/17
Дата16.06.2016
өлшемі5.12 Mb.
#139120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Модульдік оқытудың мақсаттық ерекшеліктері.

  2. 12 жылдық жүйеге байланысты қандай өзгерістер енгізілуде?

  3. Қандай сабақ үлгілері осы технологияда қолданылады?


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004. – 132б.

  2. Коджаспиров Г.М. Педагогический словарь. – М: «Академия», 2000. – 176с.

  3. Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед.ғыл.канд....автореф.: 02.07.04. – Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2004. – 30б.


Тақырып 2. Модульдік оқыту технологиясының пайда болу тарихы – 4 сағ.

Жоспары:

  1. Модульдік оқыту технологиясының алатын орны.

  2. Модуль сөзіне анықтама.

  3. Модульдік жүйені топтастыру, ұйымдастыру жолдары.

  4. Модульдік технологияның ерекешеліктері.

Қоғамның дамуына қарай ғылым және техникаға да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңартылып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіндіктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс- әркетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осыған байланысты жоғары оқу орындары білім беру беруде адамның игерген білім, дағдысымен шетелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызушылығын , ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педогогтік шеберлігін т.б қалыптастыру қажет.

Студенттердің бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін оқу үрдісіне оқытудың жаңа нысандарын, жаңа технологияларды еңгізу қажеттілігі туып отыр. Ондай нысан-оқытуды модульге құру, соның негізінде модульді оқыту. Модульмен оқыту – жеке бағдар, жеке нысана. Әр студенттің жеке басының дамуына,кәсіби біліктілігін көбейтуге, оқу үрдісін жекелендіруге, білім деңгейін саралауға бағытталған оқыту жүйесі.

Модульді оқыту 1960 жылдың аяғына қарай шет елдерде (АҚШ-та) дәстүрлі оқытудың бір варианты, бағыты ретінде пайда болуы. Американ ғылымы J.M. Pastitehwait оқу материалының мазмұнын аз порциямен (еденицамен) дербес тақырыптарымен беруді ұсынды.Алғашыда ғалым бұл единицаны «микрокурс», кейінен «миникурс» деп аталады. Бұл курстардың мазмұны мен көлемі пәнді оқытудың дидактикалық мақсатымен анықталды.Оқытудың жаңа үрдісі педагогтық тәжрібеге ене келе «модуль», «модульді оқыту» материалының бір бөлігін қамтитын «оқу пакеті» деп те атады.(1) Модульді оқыту жүйесі ТМД елдерінде ең алғаш рет Литваның, Вильнюстің жоғары оқу орындарында оқу процесіне енгізілді. Модульді зерттеп оқу үрдісіне еңгізілудің ғылыми мектебінің негізін салған адам П. Юцявичене . Ғалымның «Теоритические основы модульное обучение» атты ғылыми еңбегі модульді оқытудың методиологиялық негізін салуда, принциптерін айқындауда, теориялық және практикалық мәнін көрсетуде, оқытуды ұйымдастыруда ең алғашқы ігелі зерттеу болып есептеледі.(2) Модульді оқытудың практикалық тұрғыдан тиімді екендігін Н.Д. Никандров, Л.А Толкачева, Л.М Тверчин т.б ғалымдар арнайы зерттеулері мен ғылыми мақалаларында атап көрсете бастады.

Модуль - латынның- «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Энциклопедиялық сөздікте бұл ұғымға : «В архитектуре и строительстве исходная мера, принятая для выражения кратных соотношении размера (8:830)» деп ал математикалық энциклопедия сөздігінде : «Одна из характеристик вектора – его длина (норма)»- деп анықтама берілген. Модульдің оқыту үрдісіндегі маңызын : «Модульное обучение дает возможность высшей школе решать не только дифференцированный подход к обучению, но и осуществлять формирование и рассуждение у студентов профиционального интереса к учительской профессии, удотвлетворять потребности в угубленном изучении методических дисциплин » деп атап көрсетеді.

Модуль – іріленген мазмұнды дидактикалық бірлік. Ол зерттеліп отырған педогогикалық құбылыстық мәнін сипаттайтын ғылыми білім жүйесін өзара фукционалдық байланыстармен қоса ашып көрсетеді. Әр модуль материалды қисынды графикалық түрде түсіндірумен, мәліметпен қамтамасыз етумен, білімді мәндендіретін әдістермен сипатталады. Сонымен қатар модуль: «...функциональный узел который содержит целевую программу действий, относительно закончинный блок информаций и методическое рукаводство по его осваеванию и достижению поставленных дидактических целей».

«... это логическая завершенная часть учебного материала, объязательно сопровождаемая конролем знаний и умений студентов» деген анықтамалар берілді. Сонымен модуль дегніміз – ірі блок, бөлшек, дидактикалық бірлік, шама, мөлшер, яғни оқу материалын бөлшекке, блокқа бөліп беру.

Модуль жүйесін оқу үрдісіне енгізудің негізгі мақсаты:


  • оқытудың тиімді жолдарын қарастыру;

  • пән мазмұнын тереңдірек меңгеру;

  • білім алушуның белсенділігін туғызу, пәнге қызықтыру;

  • білім алушының кәсіби белсенділігін көтеру;

  • білім алушылардың өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру; т.б.

Модульды оқытудың негізгі құралы – модуль бағдарламасы. Ол бірнеше модульден құралады. Дұрыс құрылған бағдарлама модульды оқытудың нәтижелі болудың негізгі шарты. Сондықтан модульді оқытудың негізгі, алғашқы кезеңі модуль бағдарламасын дайындаудан басталады. В. Пасвяскене, П. Ючивичене зерттеулерінде модуль бағдарламасы «Информация банкісі» деп ала отырып, мынадай принциптерге негізделіп құралған:

1.Информациялық материал белгілі бір мақсатқа лайықталып берілу принципі, яғни материалдың мазмұны модульдың дидактикалық мақсатына сай құрастырылды. Егер модульдың мақсаты танымдық мақсат болса, информация материалы соған лайықталады. Мұндай бағдарламаны J.P. Pussel мен S.M. Postithwait «танымдық» немесе «гносологиялық типтегі» бағдарлама деп аталады. Танымдық типтегі бағдарлама базалық білім беруде тиімді.

Егер алған базалық білімді ары қарай жетілдіру , білім көтеру, кәсіби шеберлігін қалыптастыру әрекеті болса, онда «информация банкі» осы мақсатқа негізделіп құрастырылады.Бағдарламаның бұл типін

И. Прокеленко алғаш рет ұсынып, оны «операционды типтегі бағдарлама» деп аталады.

Яғни информацялық материалдық мақсатына, соған орай әрекетке байланысты модуль бағдарламасының типі айқындалады, оны мына 1 - кесте арқылы байқауға болады:
Кесте – 1. Модуль бағдарламасының типі

М.Б-ның типі

Танымдық әрекет:

Танымдық типтегі М.Б

Кәсіби жетілу әрекеті:

Операциялық типтегі М.Б




2. Басты мақсат,нақты мақсат, жеке мақсаттардың бір бірімен сәйкестігі, байланыстылығы, принципі.

Басты мақсат барлық модульге тән болып келеді. Музыка пәні бойынша 3 модуль құрастырылса, бәріне тән басты мақсат – музыка пәнінен білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Нақты мақсат пәнді модульге бөлуге негіз болады. Мысалы, бірінші модуль бойынша музыка бағдарламасына сәйкес 4 сыныптағы «Абай және оның әндері» тақырыбына керек мақсаттарды 2-кесте арқылы атауға болады:



Кесте – 2. Абай және оның әндерін моделдеу


Абай әндерінің зертеулері

Абай әнедерінің мазмұндық ерекшеліктері.


Абай әндерінің тақырыптық классификациясы.


Абай әндерінің орындаушысы, насихатаушысы.

Осыған сай бірінші модульдің бағдарламасы жасалады. Оның логикалық құрылымын мына 3-кестеден көруге болады:


Кесте – 3. Логикалық құрылымы

Ж.М

НМ

Ж.М


Ж.М

Ж.М

НМ

Яғни нақты мақсаттан бірнеше мақсаттар бөлінеді. Жеке мақсаттарға жету арқылы нақты мақсат орындалады.

3. Оқу материялдық толық жеткілікті берілу принципі. Оқу татериалының дидактикалық мақсатқа лайықталып берілуі. Әр модульдегі оқу материалы біршама аяқталған блок ретінде келуі.

4. Модуль элементтерінің біршашама дербес болуы принципі. Бұл принцип жеке дидактикалық мақсаттың дербестігімен байланысты.

5. Кері байланысты іске асыру принципі. Игерілетін білім деңгейі, нәтижесі тексеріліп отырады. Бұл мақсатта күнделікті, арлық және жалпылама тексерулер жүргізіліп отыруы керек. Күнделікті және аралық тексерулер студенттердің біліміндегі лоқылықтары толықтыру мақсатын көздесе, қорытынды тексерулер модульді игеру деңгейін айқындауға бағытталады.

6. Информациялық және әдістемелік материалды тиімді жеткізу принципі. Модуль материалының білім алушының мүмкіндігіне ыңғайланып құрылуы т.б.

Бұл принциптер – модуль бағдарламасын жасаудағы жалпы принциптер. Сонымен қатар бағдарламаның типіне қарай арнайы принциптер де басшылыққа алынады. Оқу материалының мазмұны пәннің мазмұнына сай болу принципі. Яғни әр модуль мазмұны пән бойынша белгілі бір заңдылыққа, ұғымға құбылысқа сай құрылуы, олардың бір- бірімен байланысы, жиынтығы пәннің ерекшелігін көрсете алатындай болуы ескертіледі.

Оқу материалының мазмұнын пәннің мазмұнына лайықтап құруда

П. Юциявичение мынадай жүйе ұсынды:


  • бірнеше мақсаттан тұратын нақты мақсатқа құрылған логика- құрылымдық схема жасау;

  • пәннің мазмұның схема құрылымына қарай құру;

  • модульдың мазмұның құруда оқу материалының мазмұнына жүйелі талдау, логикаклық диограмма, имитациялық модульдеу әдістерін пайдалану;т.б.

  • Танымдық бағдарламаның бұл принципі бойынша модульдің мазмұны логика- құрылымдық жағынан жүйелі , жинақы беріледі.Қайталауларға жол берілмейді.Ю.А. Устынюктің дәлелдеуі бойынша: «Без ущерба для полноты изложений и глубины освоение модульное построение, по оценкам американских специалистов, позволяет сократить курс на 30 процентов и более» (15:15).

Модульдегі оқу материалының мазмұны іргелі, негізгі ұғымдар мен заңдылықтарға құрылу принципі.Осыған орай іргелі білім алу мәселесі модульдің жеке мақсаттарында айқындауы тиіс.Мұндай бағдарламаның екінші типінде :

Басты дидактикалық мақсаттың қалыптасуында әрекет жағының басым болу принципі, яғни модульдің мазмұны адамды белгілі бір әрекетке дайындау мақсатында құрылуы;

Оқытудың мазмұнындағы функционалдық принцип, яғни нақты мақсат адамның іскелігі мен дағдысын қалыптастыруға, кәсіби біліктілігін көтерілуге бағытталуы басшылыққа алынады.

Модуль бағдарламасын жасауда бұл принциптердің басшылыққа алынуы, біріншіден, бағдарламаның құрылымын айқындауға, екіншіден, модульдің мазмұнын нақтылауға мүмкіндік береді.

Модуль бағдарламасын жасауда бұл қағидалардан басқа жалпы дидактикалық принциптер де ескертіледі. Мысалы:


  • жүйелік, бірізділік, материалдық жеңілден ауырға қарай берілуі;

  • логикалық жалғастық, яғни әр модуль бірін- бірі толықтырып, жалғасып жататындай құрылуы;

  • теорияның практикамен ұштастығы, яғни теориялық материал практикалық құралдан бекітілуі.Осыған орай әр модульде практикалық мақсаттағы бірнеше тапсырмалардың беріліп отыруы;

  • білімнің берік болу принципі. Бұл орайда әр модульдің теориялық материялдары бірнеше нысанда қайталанады. Атап айтқанда : семинар түрінде, лабороториялық жұмыста, өздік дұмыс арқылы үй тапсырмасы, реферат, тест, колоквиум түрінде т.б.

  • ғылымдық- принципі. Әр модульдің құрылымы дербес ғылымның соңғы жаңалықтары мен толықтырылып, өзгертіп отыруға қолайлы болуы т.б.

Модуль бағдарламасының (М.Б) өзіне тән құрылымы болады.Оны құруда басты мақсатты айқындау керек. Мысалы, 3 сыныптағы музыка бағдарламасындағы «Айтыс» тақырыбын меңгерудің басты мақсаты : айтыс- өнердің бір түрі ретінде жалпы түсініктерін қалыптастыру. Басты мақсаттан үш түрлі нақты мақсат тарайтындығын 4-кесте арқылы меңгереміз:
Кесте – 4. Айтыс тақырыбына модульді құрастыру


Айтыс өнеріне анықтама беру

Айтыс өнерінің түрлері

Айтыс өнерінің мәні

Осыдан бұл тақырыптың модульге құрылған бағдарламасының құрылымы 5- кесте арқылы шығады:


Кесте – 5. Модуль бағдарламасының құрылымы


М.Б



Б. М

М.Б

М.Б

М.Б

Модуль бағдарламасы мен жеке модульдердің құрылымы пәнді оқытудың дидактикалық мақсатында негізделеді. Бұл процестің жалпы сипаты:



  • басты дидактикалық мақсатты айқындау, М.Б-сын атау;

  • басты мақсаттан тарайтын нақты мақсаттарды айқындап, модульдерді соған қарай бөлу;

  • модульдік бағдарламасының құрылымдық схемасыеберу;

  • әрбір нақты дидактикалық мақсат жеке мақсаттарың құрылымын айқындайды;

  • Жеке мақсаттардың (Ж.М) құрылымы негізінде нақты модульдің құрылымы түзеледі.

Модульді оқыту технологиясы, ерекшелігі:

  1. Мазмұны жағынан бұл тұтас, логикалық тұрғыдан аяқталған ірі блок.

  2. Модульдің мазмұны пән мазмұнына сәйкес анықталуы.

  3. Модульдік оқыту үрдісінде баланың барлық іс - әрекеті, жұмысы бағалануы: тапсырма орындау шеберлігі, дұрыстылығы, сабаққа қатысуы, аралық және қорытынды білім деңгейі.

  4. Модульде оқудың мақсат міндеттері анықталып, іскерлік пен дағдылардың тізбегі көрсетіледі.

  5. Программалық оқыту технологиясы модульдік оқытуда барлық процестер алдын- ала жоспарланып, белгіленеді: оқытылатын оқыма – теориялық жүргізудің дәрежесі.

  6. Толық курс 3 тен артық модульді біріктіреді.(3-тен кем болмауы тиіс).

  7. Әрбір модульді аяқтаған соң тестік бақылау жүргізіледі, сол арқылы әрбір баланың материалды қаншалықты деңгейде игергендігін аңықтай аламыз.

  8. Модульдік технологияға тән басты қасиет – нақтылық, яғни барлық процестер білім деңгейі реттік баға дәрежесіне байланысты анықтайды.


Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту

Оның мазмұны:

1.оқытудың жалпы мақсатын қою;

2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;

5. нәтижені бағалау



Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:

1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)

2. сөйлесу бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық

іс-әрекетін ұйымдастыру)

3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест)

Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты.

Тарау көлеміне қарай, мен мұндағы тақырыптарды үш модульге енгіздім. Бұл сабақты кіріспе бөліміне 1 – сағат, сұхбат бөліміне 4 – сағат, қорытында бөліміне 2 – сағат, жалпы 7 сағатқа бөлдім, оны төмендегі кестеден көруге болады:




Модульдің құрылымы

Сабақ реті

Сабақтың мазмұны мен түрі

Сағат саны

ескертулер

 

Кіріспе бөлім

 

1-сабақ


1.        Модульге кіріспе

2.        Әңгіме дәріс

3.        Тақтамен жұмыс

4.        Қорытындылау



 

1 сағат


Сұхбат бөліміне дайындық

 

 

Сұхбат немесе сөйлесу бөлімі



 

1-сабақ


Диалогтық бөлім ойын түрінде (аспаптардың дыбыстарын ажырату)

1 сағат

Ізденіс жұмыстарына баулу

 

2-сабақ


Деңгейлік тапсырмалар (нотамен есеп шығару)

 

1сағат


Есеп(нотаның түрлері) шығара білуге үйрену

 

3-сабақ


1.        Өзіндік жұмыс

2.        Технологиялық карта 3.       әуенді тап?



 

 

1 сағат



Шығармашы -

лыққа баулу



 

4-сабақ


1.        Топпен жұмыс

2.        («Түртіп алу әдісі»- INSERT



 

1 сағат


Қорытынды бөлімге дайындық

  

Қорытынды бөлім

 1-сабақ

Сөзжұмбақ ребус, анограмма шешу. Тест тапсырмаларын алу.

 1 сағат

 Қайталау

 

2-сабақ


Бақылау жұмысы

1 сағат

 

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Модельдеу және жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері неде?

  2. Модуль ұғымы нені білдіреді?

  3. Модуль бағдарламасын жасауда нелер ескеріледі?


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Никадров Н.Д. «Современная высшая школа капиталистических стран» «Оснавные вопросы дидактики».

  2. П. Юцявичение «Теория и практика модульного обучения». Каунас 1998.

  3. Байсалов Д.У. «Научно- методические основы создания и использования модульного обучения в методической подготовке студентов математиков в педвузе » Рукопись докт. Дисерт. 1998.


Тақырып 3. Музыкалық тәжірбиеде мектеп оқушыларының шығармашылыған дамытудың тиімді жолдары – 4 сағ.
Жоспары:

  1. Бүгінгі таңдағы білім сапасының негізі.

  2. Музыка сабағын жоспарлаудың оқыту формасы.

  3. Шығармашылық дамытуға байланысты сабақтың жоспары.

Қазіргі Қазақстандық білім беру кеңестігінде түбегейлі өзгерістер – тарихи объективті процестер. Білім беру саласының реформалаудағы мақсат – білім беру жүйесін қайта қарап, студенттердің, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. «Қазақастан Республикасының білім беру дамытудың 2005-2010 жылдарға арналаған мемелекеттік бағдарламасында» түсініктемеде: «Білімді, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпаараттық-зияткерлік ресурстардағы өз бетінше тауып, талдап және пайдаланы білетін, идеялардың қуаты көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында даитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ. Шығармашылық қабілеттер бұрыннан зерттеу пәні ретінде қарастырылып жүр. Өйткені адам қабілеттері мәселесі барлық уақытта да адамдардың үлкен қызығушылығын тудырып келді.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

Философияда қабілеттерді «тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері» дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді. «Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп.



«Қабілеттер - деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды».

«Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А.В.Петровский.

«Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», - деп жазады академик Т.Тәжібаев.

Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ үдеріске айналатынын айтады.

Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендеу болып келеді. Бұған қарап, мысалы, музыкаға, не хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен, дарынсыздар қатарына жатқызу дұрыс емес. Бұл – оның қабілетінің басқа салада жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.

«Шығармашылық қабілеттер» ұғымы «шығармашылық», «шығармашылық әрекет» ұғымдарымен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет