Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы Шымкент 2017ж



бет1/11
Дата24.01.2020
өлшемі407.19 Kb.
#447872
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Әлеуметтану ж саясаттану лекция

Ф. 7.03-03

Т.Е. Тұмашбай



«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы

Шымкент 2017ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасы

Т.Е. Тұмашбай

«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы

Шымкент, 2017ж.

ӘОҚ 32.001 (076)

Құрастырушылар: Тұмашбай Т.Е.

«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы. Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2017ж. 183 бет.

Дәрістер жинағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ОӘК 27.06.2016 жылы, Хаттама №6 бекіткен «Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған және студенттердің дәріс сабақтарына дайындалуы үшін барлық мәліметтерін қамтиды.

Университеттің күндізгі, кешкі, сыртқы бөлімінде оқитын студенттері үшін дайындалған.

Рецензент:

Корганова С.С. философия ғылымының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының доценті.

Сағындықова Б. әлеуметтану ғылымының кандидаты. ОҚМПИ, «Қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.

«Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, Хаттама №_______ ____ 2017ж және «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік комиссиясында қаралған. Хаттама №_______ ____ 2017ж.

Басуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік Кеңесі ұсынған, хаттама № «_________» ________2017ж.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2017ж.

Шығаруға жауапты: А.К. Тәжі
Кіріспе

«Әлеуметтану және саясаттану» пәні жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері арнайы ғылыми зерттеу саласы ретінде оқытылып келуде. «Әлеуметтану және саясаттану» пәнін оқыту қажеттілігі қазақстандық қоғамның жаңа ашық, демократиялық қоғам деңгейіне көтерілуі, әлемнің дамыған елдеріне интеграциялануы және мемлекеттік басқаруды оңтайландыру қажеттілігінен туындап отыр. Өйткені, мемлекеттік қызметтің стратегиялық,операциялық, реттеу және бақылау функцияларын тиімді жүзеге асыруда саясаттанулық және әлеуметтанулық, құқықтық, экономикалық білімдер кеңінен қолданылады. Мемлекеттік қызметкердің кәсіби құзыреттілігі, ол қол жеткізген білімнің технологиялық, медициналық, химиялық инженерлік, экономикалық, педагогикалық саласына қарамастан тұрғындарға сапалы, уақытылы қызмет көрсету.

Сондықтанда мемлекет пен оның азаматтары, кәсіпкерлік субъектілері сапалы дамуы үшін кәсіптік білім беру жүйелі, қоғамдық өмір жан жақты дамуы тиіс. Ақпараттық технологиялардағы жетістіктер әлеуметтік өзгерістерді өте шапшаң өзгерту үстінде.

Азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамту мақсатында, сапалы мамандар даярлауда социо-гуманитарлық ғылымдардың негізгі заңдылықтары, даму тенденциялары оқытылуы қажет. Өйткені, бұл ғылым салаларының зерттеу аспектісі, ол қоғам мен мемлекеттің саяси жүйесі, саяси билік пен институттар, азаматтық қоғам мен қоғамдық қатынастар, адамның әлеуметтік өмірі, әлеуметтік процесстер мен қоршаған орта. Соның ішінде әлеуметтану, саясаттану пәндері қоғамды жүйелі, біртұтас организм ретінде зерттеуге бағытталған ғылым саласы және оның өзіндік ғылыми парадигмалары қалыптасқан. Америкалық социолог Р.Мертонның көрсетуінше әлеуметтану пәні қоғамды макро, микро, орта арнаулы социологиялық теориялар тұрғысынан зерттейді. Ал, саясаттану ғылымы елдердің басқару формаларының дамуын құқықтық, конституциялық ережелер негізінде қарастырады.

Дәрістер жинағы саясаттану және әлеуметтану саласының іргелі 15 тақырыбына арналып түзілген. Дәрістер жинағында саясат, билік, саяси жүйелер, басқару формалары, азаматтық қоғам, саяси мәдениет құндылығы, әлеуметтік зерттеулер, әлеуметтік стратификация секілді ұғымдар теориялық, әдіснамалық, қолданбалы парадигмалар тұрғысынан қарастырылды. Сонымен бірге мемлекеттің отбасы, жастар, гендерлік, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы саясаты туралы мәліметтер берілді.

«Әлеуметтану және саясаттану» пәні 3 кредит көлемінде 15 сағат лекция, 30сағат семинарлық, 45 сағат студенттің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған көлемде жүргізіледі.


1-тақырып

Әлеуметтану ғылым ретінде. Саясаттану – ғылым және оқу пәні ретінде.

1.Әлеуметтану мен саясаттанудың объектісі мен зерттеу ерекшеліктері

2. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.
Әлеуметтану ғылым ретінде.

Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Бұл ғылымның «социология» деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societas»-латын тілінде қоғам, «logos» грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек социология қоғам туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән обьектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

«Қоғам» деген термин әлеуметтануда адамдар арасында болып жатқан алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Экономика ғылымдарының объектісі-өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі бар. Саясаттану саяси билік жүргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл политологияның, саяси ғылымдардың обьектісі. Қоғамның рухани өмірін, яғни рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі –тұтас қоғам емес, оның белгілі бір саласы ғана екенін түсіну қиын емес.

Демек әлеуметтану қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Яғни, адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтарының арасындағы (таптар, халықтар және басқа әлеуметтік топтар, ұлттар т.б.) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Осы қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтар (топтар мен әлеуметтік таптар), әлеуметтік-демографиялық (ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлер, жанұя мүшелері), әлеуметтік территориялық (қала, село тұрғындары), әлеуметтік-этникалық (ұлттық, халықтық топтар), әлеуметтік-кәсіптік (еңбек коллективтері, кәсіптік бірлестіктер), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді. Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі-адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттер, өзара байланыстары. Осыған сәйкес әлеуметтану адамдардың өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы ғылым деуге де болады.

Әлеуметтану ғылымының ішкі логикасын, оның пәнін ашатын, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін танып білудің тірегі-категориялар мен заңдары. Категориялар-әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет – белгілерін, құрылымдық элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Ал осылардың арасындағы ішкі және қажетті байланыстар мен қатынастарды бейнелендіретін ұғымдар – заңдар болып табылады.

Әлеуметтану ғылымының негізгі категориясы «әлеуметтік» ұғымы. Бұл ұғым «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылыс», «әлеуметтік институт» т.б. көлемді ұғымдарды қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды категорияларға бөлінеді. Мәселен, «әлеуметтік топ» категориясы «тап», «әлеуметтік қабат», «халық», «жанұя» ұғымдарымен тікелей байланысты.

Әлеуметтану әлеуметтік болмысты, социумды зерттейтін ғылым болғандықтан, оның заңдары да әлеуметтік сипатта болады, яғни қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтардың, топтармен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен өзара байланыстарының заңы болып табылады. Әлеуметтік заңдар адамдардың және олардың топтарының мінез-құлқын реттейді, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынстарды анықтайды. Ол заңдар адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттерінен көрініс береді. Әлеуметтік заңдарға, мысалы, әлеуметтік жіктелу, бірігу заңдары, әлеуметтік мобильдік (бір топтан басқасына өту) заңы, қоғамдық өмірдің интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуі т.б. заңдар жатады. Олардың сипатына көрініс беруіне қарай динамикалық және статистикалық заңдарға бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді., олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң қажеттілік түрде айқындамай, белгілі бір ықтималдыққа жол береді, сөйтіп әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыты мен тенденциясын ғана көрсетеді.



Саясаттану сөзі гректің "саясат" және "ілім" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Баска қоғамдык ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рел атқарды. Оның дұрыс немесе бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни баскыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы, қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни, мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (казіргі Ирак), Үндістаңда, сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифі бойынша билік кұдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі курделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының есуі оның еміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтыр-ды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.

Біздің з.б.бірінші мыңжылдықтың ортасыңда саясатты діни, мифологиялық танудың орнына философиялық, этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялықтұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат, мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.

Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Платонды атайды. Өйткені ол өз заманыңда лицей ашып, соңда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. "Саясат" деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жұйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңіддету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін этика, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.

Орта ғасырда саясаттың діни, этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.

Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVIғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс, тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашылды.

Феодализмніңыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге, көпшілік саяси партиялардың кеңінен қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне мүмкіндік берді. Халықаралық, мемлекетаралық қатынастардың ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделілене түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Саясаттану XIXғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-тың Қолумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоға-ры мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.

XXғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық белініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толықканды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы қүрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі танда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқабірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халыкаралық катынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.

Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады.

Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш кеңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шыкпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмге әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

Саясаттануға деген көзкарас 1980 жылдардың екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Казақстанньщ барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті және т.б. жоғары оку орындарында бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.

2. Әлеуметтік білімдер құрылымы.

Әлеуметтану білімінің мәні оның құрылымынан көрінеді. Алынған білім деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Теориялық деңгейде әлеуметтік өмір саласында жинақталған нақты материялдардың терең талдануы жүргізіледі, оның даму тенденциялары анықталады, негізгі категориялар мен заңдарға талдау жасалынады. Эмпирикалық деңгейде бақылау, сауал жүргізу, құжаттарға талдау жасау, статистикалық мәліметтер негізінде эмпирикалық материал жинақталады, сондай-ақ алынған материалдың алғашқы өңделуі жүргізіледі.

Іргелі және қолданбалы әлеуметтанудың айырмашылықтары көрсетіледі. Алғашқысы теория мен методологияны жетілдірумен, екіншісі - әлеуметтік өмірдің құрылымының іс-тәжирибелік мәселелерін зерттеумен айналысады.

Әлеуметтану білімін сондай-ақ үш деңгейге жіктеуге болады:

Біріншісі - жалпы теориялық әлеуметтану. Бұл біртұтас социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған макросоциологиялық зерттеу болып табылады.

Екіншісі-әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет етуі мен өзара байланыстарының заңдылықтарын зерттеуге бағытталған жалпылығы орташа социология.

Үшіншісі - микросоциология. Ол жекелеген адамдардың қимылы мен өзара қарым – қатынасын, мінез-құлқын бақылау арқылы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.



  1. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары

Саясаттанудың пәні женінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, токтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзкарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді.. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.

Ғалымдардын екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалык) әдіс-тәсілге сүйенген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз болады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т. с. с. нақтылы ғылымдарға телиді. Мұндайда теориялық қыры (мысалы, қоғам мен мемлекеттің мән мағынасын, саяси идеяларды, саясаттың негізінде жатқан зандылықтар мен қайшылықтарды зерттеу, қоғамды сын көзбен сараптау және т. б.) тыс қалады. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялык және практикалық жақка бөліп, екіншісін басшылыққа алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.

Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т. с. с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ "еркіндік", "теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.

Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынаскан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі кызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтык және жергілікті басқару; саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылыктарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және казіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, кезқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді корытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындагы қарым-қатынастары туралы жинақталган гылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму зандылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, тұрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініпбілу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.

Салыстырмалыәдісәр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе казіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

Жүйелеуәдісісаяси құбылыстарды басқа күрделі қүрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы орта-мен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялықә д і с саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т. б. жағдайына байланысты анықтайды.

Т а р и х и т ә с і л саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Бихевиор истікәдісжекеадамдар мен топтардыңіс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп, білуге болады дейді.

Нормативтікәдіс(XIXғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдықигілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материал и с т і кә д і с болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті ешкім жокқа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға және болмайды.

Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондық-тан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.

Ғылымның басқа салаларыңдағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "саяси әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық ұйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т. б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану, фәлсафа, кұқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады.

Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ен алдымен танымдық (гносеологиялык) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды таныпбілуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат пен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жонінде хабарлары аз. Көбіміз саяси қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.

Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси қүрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.

Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси теуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді баскару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күңделікті практикалык іс-әрекетінде басшылыққа алынады.

Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен катынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында калыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, онын орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.

Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ қоғамдык өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.

Саясаттану фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фәлсафа табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын және т. с. с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси қүбылыстар мен процестерді талдауға дүние-танымдық бағдар береді. Бірак ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің ересі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды терендетеді, саяси көзқарасты калыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда фәлсафа түжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фәлсафа саясаттануға жүгінеді.

Саясаттану құқықтану ғылымымен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс, тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады.

Саясаттану құқыктануға жалпы теория, оның теориялық, әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құкьіқтық тұрғыда калыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды.

Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі, ол әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір зандылықтарға бағынып, іс жүзіңде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандык әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.

Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.

Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола түра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.



Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде, демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып, үйрену болашақ мамандарға қажет.

Саясаттануды оқып, үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде, демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалыксыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызметі негізгі адамгершілік құндылықтарды, әсіресе, әрбір тұлғаның еркіндігі мен абыройын, оның табиғи, ажыра-мас құқықтарын мойындап, қадірлеуге негізделеді.

Саяси білім азаматка өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, кұқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты адамды күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда лайықты жен таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі, берік саяси тәртіпсіз жеке адамның шын мәніндегі еркіндігі болуы мүмкін емес.

Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың арасында "этикалық парызды" насихаттауға, оларды мемлекет және оның шығарған заңдарын сыйлаушылықты, азаматтық міндеттерін орындауға өрқашан дайын болуды қалыптастыруға саятын. Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін мұндай тәсіл, көзқарас Еуропада, әсіресе Германияда XX ғасыр-дың 60 жылдарына дейін орын алды. Ал АҚШ-та көптеген жылдар бойы саяси білімнің пайдалы нәтижеге жетуді көздеген прагматикалық бағыты басым дамыған. Ол азаматтарды езінің емірлік мәселелерін басқа адамдармен өркениетті қарым-қатынаста, ынтымақтастықта шешуді үйретеді. Әр түрлі дау-дамай, шиеленістерді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір демократиялық елдерде саяси білім жүйесі еуропалық және америкалық ғұрыптарды біріктіруге, бүкіл мемлекетпен қатар жеке тұлғалардың мүдделерін үйлестіре, ескере отырып шешуге тырысады.

Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мүндай білімі жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойыңдағысын істейді.

Азаматтардың көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімші-лігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде еркениетті емір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі жөне ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет