Т. Я. Эрназаров 201 ж



бет1/5
Дата28.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#163709
  1   2   3   4   5

Пәннің бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы кафедрасы

(кафедраның атауы)













ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Коммерциялық банктердiң қызметiн мемлекеттiк реттеуі

(пәннің коды мен атауы)

Павлодар, 2013 ж.




Пәннің бағдарламасының

бекіту парағы (Syllabus)







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19








БЕКІТЕМІН




Қаржы - экономика факультетінің деканы




___________Т.Я. Эрназаров

«____»_____________201__ ж





Құрастырушылар: доцент А.Р. Салихова ___________

доцент Д.З. Айгужинова __________
6М050900 «Қаржы» мамандығының

магистранттарына арналған

«Коммерциялық банктердiң қызметiн мемлекеттiк реттеуі» пәні бойынша

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________201_ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ Г. М. Бейсембаева 201__ ж. «____» _______

(қолы) (А.Ж.Т.)


Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған__________________ 201_ ж. «_____»____________№____ хаттама

ОӘК төрағасы ___________ А. Б. Темиргалиева 201_ ж. «_____»__________



1 Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы «Коммерциялық банктердiң қызметiн мемлекеттiк реттеуі»

Таңдау бойынша компонент



Кредиттер саны және оқу мерзімі:

Барлығы – 3 кредиттер

Курс: 1

Семестр: 1



Аудиторлық сабақтардың барлығы: 45

Дәрістер – 30;

Практикалық/ семинарлық сабақтар-15 сағат;

СӨЖ – 90 сағат, оның ішінде СӨЖМ - 22,5 сағат;

Жалпы жұмсалған еңбек -135 сағат.
Оқу нысаны

Емтихан -1 семестр



Пререквизиттер

Аталмыш пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқудан алынған білімі, машықтары қажет: «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Қаржы».



Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында алынған білімі, машықтары келесі пәндерді меңгеруге қажет: Стратегиялық банктік менеджмент, Экономикалық қызмет субъектілерінің қаржы саясатының өзекті мәселелері, Қаржы теориясы.



2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланыс ақпараты

А.Т.Ә. _Айгужинова Д.З.

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: э.ғ.к., доцент____________

Кафедра «___Қаржы________», аудитория _519___, __________________________________

телефон: ___67-36-43________________________,

Е-mail: dinara.aiguzhinova@mail.ru


3. Пәнді оқу негізі, мақсаттары және міндеттері

Пәнді оқутудың мақсаты - барлық тыңдаушылардың мемлекеттік реттеудің механизімін толықтай біліп шығу, коммерциялық банктердің іс қызметін зерттеуі, жеке элементтері бойынша білім алу, сонымен қатар реттеуші механизімінің басты проблемаларын және бағыттырын анықтау.

Пәнді меңгерудің міндеттері:

  • мемлекеттiк реттеудiң объектісі ретiнде коммерциялық қызметтi зерттеу;

  • банктердiң коммерциялық қызметi мемлекеттiк реттеуiн саланы қарастыру;

  • банктердiң коммерциялық қызметiнің мемлекеттiк реттеудiң тетiгiнiң үлгiсiн талқылау;

  • Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң қызметiн реттеуiнiң заңға сүйенген негiздерiн қарап шығу;

  • коммерциялық банктердiң ақша-несие қызметің реттеуiнің тетiгін зерттеу;

  • коммерциялық банктердiң қызметке пруденциалды реттеуін және қадағалауын тетiгiн зерттеу;

  • коммерциялық банктердiң қызметiн бюджеттiк реттеуiнің тетiгін зерттеу;

  • коммерциялық банктердiң қызметiнің салықтық реттеуiн тетігін зерттеу;

  • коммерциялық банктерiнiң инвестициялық қызметтiң реттеуiнің тетiгiнiң тиiмдiлiгiн талдау;

  • коммерциялық банктердiң қызметiнің мемлекеттiк реттеудiң тетiгін әбден жетiлдiру туралы ұсынысын талқылау.


4. 3. Білімге, икемділікке, машықтарға және құзіреттерге талап:

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде халықаралық есептеулер әдісін қолдану



жөнінде түсінік болу:

  • коммерциялық банктердiң мемлекеттiк реттеудiң нақты алғышарттарының қызметтерi туралы;

  • коммерциялық банктердiң қызметтерiн мемлекеттiк реттеудiң саласы туралы;

  • коммерциялық банктердің реттеуші механизімінің қызметін элементтерін басты мақсаты туралы;

- икемді болу:

  • коммерциялық банктердің қызметін заңға сүйенген реттеулерін білу;

  • коммерциялық банктердің қызметіндегі ақша-несие саясатының инструменттерінің реттеулерін білу;

  • коммерциялық банктердің қызметіндегі пруденциалды нормативтерін реттеуін білу;

  • коммерциялық банктердің қызметіндегі фискалды реттеу инструменттерін білу;

  • коммерциялық банк қызметінің мемлекеттік реттеу перспективаларының дамыту әдістерін талқылау;

- практикалық машықтарды иемдену қажет:

  • экономиканың максималды инвестициялық потенциалын санап білу;

  • экономиканың инвестициялық потенциалының қолданудағы тиімділігін анықтау;

  • коммерциялық банктердің реттеуші механизмдердің басты бағыттарын анықтау;

  • коммерциялық банктердің қызметіндегі реттеуші механизімінің басты проблемаларын зерттеу сонымен қатар оның басты мақсат міндеттерін білу.

құзретті болу:

  • банктік сектордың қазіргі жағдайға сәйкес жағдайын бағалау;

  • коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін талқылау;


5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу


р/р


Тақырыптар атауы



Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Практикалық (семинарлық)

Барлығы

оның ішінде

СӨЖМ


1

2

3

4

5

6

1

Коммерциялық банк қызметі мемлекеттік реттеу объектісі ретінде

3

-

8

2

2

Коммерциялық банк қызметіндегі мемлекеттік реттеу сферасы

3

-

8

2

3

Коммерциялық банк қызметіндегі мемлекеттік реттеу моделі

3

-

8

2

4

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банк қызметіндегі құқұқтық нормалары

3

2

8

2

5

Коммерциялық банк қызметіндегі ақша-несие саясатын реттеу

3

3

8

2

6

Коммерциялық банктердің пруденциалды саясатын және бақылауын реттеу

3

2

10

3,5

7

Коммерциялық банк қызметіндегі бюджеттік реттеуі

3

2

10

3

8

Коммерциялық банк қызметінің салықтық реттеуі

3

2

10

2

9

Коммерциялық банктерінің инвестициялық қызметтің реттеуінің тетігінің тиімділігінің талдауы

3

2

10

2

10

Коммерциялық банктердің қызметтің мемлекеттік реттеу тетігінің әбден жетілдіру

3

2

10

2

БАРЛЫҒЫ

30

15

90

22,5


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1 Коммерциялық банк қызметі мемлекеттік реттеу объектісі ретінде - 3 сағат.

Мазмұны:

1 Қаржы делдалдығының теориялары.

2 Батыс және қазақстандық ғалымдардың еңбектерiндегi банктік экономика рөлiндегі зерттеу жолдарындағы айырмашылықтар.

3 Коммерциялық банктерiнiң инвестициялық қызметiнiң мазмұны: -микро және макродеңгейі.


Банкті - сауда және делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудаға ұқсас болуы кездейсоктық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.

Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, ягни ол да банктің кейбір кызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде акшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байкауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі - несие ісі түсіндіріледі.

Сонымен, казіргі түсінікте «коммерциялық банк» - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе колма-кол және колма-қолсыз акшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.

«ҚР-ғы банктер және банктік кызмет туралы» заңның 1-бабына сәйкес, «банк - осы заңға сай банктік кызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялык ұйым болып табылатын заңды тұлға».

Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты кызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

- занды тұлғалардьщ депозиттерін кабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

- заңды және жеке тұлғалардьщ металдық шоттарын ашу және жүргізу;

- кассалык опсрациялар; банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және кайтару шартымен акшалай формада несиелер беру;

- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

- клирингпк операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардьң таза позициясын анықтау;

- сейфтік операциялар: клиенттердің кұжатты формада шығарылған бағалы кағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге альш, кысқа мерзімді несиелер беру; төлем карточкаларын шығару; банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;

- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

- чек кітапшаларын шығару;

- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік кызмет;

- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;

- үшінші тұлғаның атынан акшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Коммерциялық банк қызметінің негізгі ұстанымдарына жататындар:


  • нақты бар ресурстары шегіде жұмыс істеу;

  • толық экономикалық дербестік;

  • банк пен клиент арасындағы өзара байланыс нарықтық қатынастар негізінде құрылады;

  • банк жұмысын ретттеу жанама экономикалық тәсілдер негізінде жүзеге асады.

Банкпен орындалатын міндеттемелер оның экономикадағы рөлін ашады:

  • бос ақша капиталын, салымдарды және жинақ ақшаны мобилизациялау жинақтау:

  • экономиканы және халықты несиелендіру;

  • төлем мен ақша аударымдарын жүргізуді ұйымдастыру;

  • инвестициялық қызмет;

  • сыртқы сауданы қаржыландыру;

  • сейфте құндылықтарды сақтау;

  • клиенттерге ұсынылатын басқа қаржылық қызмет көрсетулер.


Әдебиеттер тiзiмi

Негізгі

  1. Хамитов Н.Н. Банк менеджменті:Экономика, 2009. - 132 б.

  2. Мақыш С.Б. Банк ici. Алматы: Экономика 2008.

  3. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2008 ж.

  4. Искакова З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2008 ж.

  5. Сейітқасымов Ғ. Қазақстанның банк жүйесі: Экономика, 2008. – 186 б.

Қосымша

  1. Банки Казахстана. – Қазақстан банктерi Ассоциациясының басылымы 2010 – 2013

  2. Альпари. – Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы 2010 – 2013

  3. ҚР Ұлттық банктiң статистикалық бюллетенi. – Ұлттық банк басылымы. – 2007 – 2010

  4. Ұлттық банк Жаршысы. – Ұлттық банк басылымы 2010 – 2013

  5. Экономнкалық шолу. – Ұлттық банк басылымы 2010 – 2013

  6. www.nationalbank.kz

  7. www.zakon.kz

  8. www.stat.kz

  9. www.karazhat.kz

  10. www.minfin.kz

  11. www.kpmg.com


2 Тақырып Коммерциялық банк қызметіндегі мемлекеттік реттеу сферасы - 3 сағат.

Мазмұны:

1 Инвестициялық процесс бұл мемлекеттiк реттеудiң объектісі.

2 Инвестициялық процесстiң мемлекеттiк реттеуiнiң объектлері.

3 Коммерциялық банк қызметiнің мемлекеттiк реттеуiнің объектісі сияқты инвестициялық капитал ұсынысы.


Құрылатын барлық несиелік ұйымдар заңды тұлға ретінде тіркеуден өтуі тиіс. Банк ісін жүргізу құқыған алу үшін банктік операцияларын жүргізу лицензиясын алу қажет.

Лицензиялау мен тіркеудің мақсаты – қаржылық тұрақсыз, тәуекелген бейім, сенімсіз беделді құрылтайшылары бар ұйымдардың нарыққа шығуына жол бермеу. Қазақстанда несиелік ұйымдардың құрылтайшыларына және басқарма аппаратына қойылатын талаптар ҚР «Банктер және банктік қызмет туралы» заңында белгіленген.

2004 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР екінші деңгейдегі банктері каржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінің (Қаржылык кадағалау агенттігі) лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын кызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-ғы банк кызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалык кызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы кағаздар нарығында да тікелей катысуға толық құқылы.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан баска валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банкер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға кұқык береді.

Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алады.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) Банк ашуға рұқсат алу;

2) Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы. Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей кұжаттарды тапсырады:

- рұқсат алу үшін беретін өтініші;

- кұрылтайшылық шарт (түп нұска);

- банктің жарғысы (түп нүсқа);

- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

- кұрылтайшылар туралы мәліметтер;

- кұрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

- кұрылтайшылардьщ қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

- егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;

- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзсге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, кұрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалынын бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы жәнс т.с.с.;

- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);

- жаңадан кұрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);

- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапкы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін кальштастыру), енбек ресурстарын калыптастыру жоспары;

- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы кұрылтайшылардың есебі;

- нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге кұзіретінің барлығын растайтын құжаты;

- баска банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер. Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда каралады.

Қаржылық кадағалау агенттігі банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде, жаңадан құралатын банк Қаржылық қадағалау агенттігі рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылык кадағалау агенттігінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған кұрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде, банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрыл-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау агенттігі қарайды. Лицензияның мірзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

- брокерлік – мемлекеттің бағалы қағаздарымен;

- дилерлік – мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;

- кастодиандық;

- клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Қаржылық қадағалау агенттігінен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Несиелік ұйым өз еркімен және мәжбүрлеу арқылы жойылуы мүмкін.
Әдебиеттер тiзiмi


  1. Хамитов Н.Н. Банк менеджменті:Экономика, 2009. - 132 б.

  2. Мақыш С.Б. Банк ici. Алматы: Экономика 2008.

  3. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2008 ж.

  4. Искакова З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2008 ж.

  5. Сейітқасымов Ғ. Қазақстанның банк жүйесі: Экономика, 2008. – 186 б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет