Т. Я. Эрназаров 201 ж



бет2/7
Дата08.07.2016
өлшемі0.93 Mb.
#184340
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Корпоративтік қаржы: оқу-әдістемелік оқулық. – Павлодар : Кереку, 2011. – 80 б.

2 Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау : электрондық оқу құралы. – Алматы, Нұр-пресс, 2010. – 250 б.

3 Жобаларды талдау : Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2010. – 80 б.

4 Қаржы менеджмент : оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2009. – 65 б.
Қосымша

Мерзiмдi басылымдар

5 Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

6. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

7. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.

8. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.


3 Тақырып Тәуекел басқаруының негізгі қағидалары – 4 сағат.

Мазмұны:

1 Тәуекелді басқару кәсіпорынды басқару жүйесінің элементі ретінде.

2 Тәуекелді басқарудың объектісі мен субъектісі.

3 Тәуекел басқаруының негізгі есептері, принциптері және әдістері.

4 Тәуекелдерді басқару процессінің блок-схемасы.

5 Тәуекелдерді басқару процессінің кезеңдері: талдау, ақпаратты жинау мен өндеу, тәуекелдерді жою мен минимизациялау әдістері.

6 Тәуекел жағдайында шешімдерді қабылдау.

7 Лапластың жетпейтін негіздеуінің қағидалары. Вальдтың максималдық өлшемі, Севиджтің минималдық өлшемі, Гурвицтің макс-мини өлшемі.



Тәуекелдiң болу шартына және онымен байланысты ысыраптың болуына тән кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу мақсатымен шешімді іске асыру мен қабылдау барысында тәуекелді есепке алатын механизмді әзірлеу қажеттілігі туындайды. Мұндай механизм менеджмент тәуекелі болып табылады.

Тәуекелдердi басқару бұл тәуекел жағдайларының болуын анықталған мөлшерде болжайтын және теріс нәтижелерді төмендету немесе жоюда шаралар қабылдайтын іс шаралар мен тәсiлдерi әдiстерiнiң жиынтығы.

Тәуекелдi басқару екі жүйеден тұрады: басқарушы (субъект), басқарылатын (объект).

Менеджемент тәуекелінің объектілеріне тәуекел, капитал салымының тәуекелі, тәуекелді іске асыру мезетіндегі шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық қатынастар жатады.

Менеджмент тәуекелінің басқару жүйесіндегі субъектісіне басқару объектісіне түрлі әдістермен және тәсілдермен әсер ететін тәуекел менеджерлер мен қаржылық менеджерлер жатады. Менеджердің басты міндеті тәуекел мен табыстың қатынасын оңтайлы қамтамасыз ететін, яғни жоба неғұрлым табысты болса, онда оны жүзеге асыру тәуекел деңгейі соғұрлым жоғары болатын нұсқасын табу.

Бұл ретте асты міндеттер мыналар болып табылады:

- көтеріңкі тәуекелдің ортасын табу;

- тәуекелдің дәрежесін бағалау;

- ұйым үшін осы тәуекел деңгейінің қолайлығын талдау;

- қажетті жағдайында тәуекелдің болуын немесе оны төмендету бойынша шаралар әзірлеу;

- тәуекел жағдайы болған кезде көрсетілген шығынды максималды мүмкіндігінше өтеуге шаралар қабылдау.

Нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпкерлік қызметінің өзгешелігіне, сонымен қатар субъектінің – тәуекел менеджерінің кәсіби даярлығына байланысты.

Тәуекелді басқарудың негізгі қағидаларына мыналар жатады:


  • өзінің капиталы мүмкіндігінен көп тәуекелге баруға болмайды;

  • тәуекелдің нәтижесін ойдау қажет, яғни осы жағдайды алдын ала көру және оны шағындау;

  • аз үшін көппен тәуекелге баруға болмайды.

Бірінші қағиданы жүзеге асыру тәуекел жағдайы болғандағы мүмкін шығынды максималды анықтау қажеттілігін болжайды. Мүмкін болатын шығынды салынатын капитал көлемімен және қаржы ресурстарымен салыстыру керек. Осы шығыннның келешекте банкроттыққа дейін әкелетін қаржылық жағдайына әсер ету мүмкіндігін анықтау.

Екінші қағиданы жүзеге асыру үшін, шығын көлемін және оның мүмкіндігін бағалау қажет, содан кейін тәуекелді өзінің жауапкершілігіне немесе жауапкершілікті басқа тұлғаға беріп немесе шарадан бас тартып шешім қабылдау керек.

Үшінші қағиданы іске асыру іс шараны енгізу туралы шешімді қабылдағанға дейін мүмкін болатын шығындарды есептеу туралы шешім қабылдау қажеттілігін болжайды.

Кәсіпорындағы тәуекелді басқару дереу әрекеттердің жиынтығы бола алмайды. Бұл бағытталған әрекеттердің тұтас үрдісі. Тәуекел-менеджмент үрдісі нәтижеге жетудің бизнесті жалпы басқару бөлігі болып табылады.

Тәуекелді басқару үрдісі нақты деңгейлерден тұрады. Тәжірибеде осы кезеңдер қатал тізбектілікте жүзеге аспай, параллельді орындалуы мүмкін. Тәуекел – менеджменттің жалпы сұлбасы 4-суретте көрсетілген.

Суретте көрсетілгендей тәуекелді басқару үрдісін көрсететін әрекеттердің жалпы кезектілігі бар (жуан сызықтар). Осыдан басқа кезеңдер арасында кері байланыс бар, яғни оның әрқайсысында алдыңғыға келуге болады.

Бұдан әрі көретіндей, соңғы кезеңде жүргізілген үрдістің жалпы бағалануы және талдауы жүргізіледі. Осы кезеңнің нәтижелері тәуекел-менеджменті үрдісінің әр кезеңін бұдан әрі қарастыруда есепке алынады. Оны оң жақтағы бағыттар көрсетеді.

Үшінші кезеңде тәуекелді басқаруда қолданылатын әдістер туралы шешім қабылданады, бұл тәуекел туралы ақпаратты нақтылауды (бірінші кезең) немесе мониторинг үрдісінің сұлбасын анықтауды (5 кезең) талап етуі мүмкін.

Сонымен кәсіпорындағы тәуекелді басқару кезеңдерін іске асырудың кезектілігі осындай. Енді әр кезеңді тереңірек қарастырайық.


1-сурет – Тәуелдерді басқарудың кезеңдері
Бірінші кезең. Сәйкестендіру және тәуекелді талдау. Тәуекелді сәкестендіру бұл тәуекелді, оның табиғатымен және басқа мінезділігімен бейнеленген ерекшелігін анықтау, экономикалық шығынды зерттеуді қоса отыра оны іске асыру ерекшеліктерін, сонымен қатар тәуекелдің уақытта өзгеруін көрсету, олардың арасындағы өзара байланыс деңгейін және оған әсер ететін факторларды зерттеу. Осы үрдіс келесіні анықтауды білдіреді.

- белгісіздіктің және тәуекелдің көздері;

- тәуекелді жүзеге асырудың нәтижесі;

- ақпараттың көздері;

- тәуекелдің сандық ұйғарымы;

- тәуекелдің бір біріне өзара әсері.

Бұл кезеңде ең алдымен тәуекелді басқару үрдісін бұдан әрі іске асыру үшін ақпараттық база құрылады: тәуекел және оның нәтижелері, экономикалық шығынның мөлшері, тәуекел параметрлерін сандық бағалау және т.б. туралы мәлімет. Сәйкестендіру мен тәуекелді талдау бір мезетте орындалатын әрекеттердің жиынтығы болып табылмайтынын айта кетекен жөн. Ол тәуекел-менджменті кезінде орындалатын үздіксіз үрдіс.

Екінші кезең. Тәуекелді басқару баламасын талдау. Тәуекел деңгейін және шығын мөлшерін төмендетудің түрлі әдістер жиынтығы бар. Осы кезеңде бұл әдіс нақты жағдайға орынды қарастырылады және талданады. Яғни менеджер тәуекел жағдайы болғанда тәуекелді қалай төмендетуді және шығынды өтеу көздерін іздестіруді шешеді.

Тәуекел-менеджменттің әдістері өз бетінше әр түрлі. Бұл тәуекел ұғымымен және оның жіктелу өлшемі санының бар болуымен байланысты. Осы тараудың басқа бөлімінде негізгі әдістерді тереңірек қарастырамыз, ал мұнда жай қысқаша анықтама берейік.

Біріншіден, тәуекелдi басқару жақтарын төмендегідей қолайсыз оқиғалардың теріс әсер етуін шағындандыру әдістері сияқты жинақтауға болады.



Тәуекелден ауытқу (Risk elimination) - тәуекел жағдайының қолайсыз зардаптарынан толық бас тартуға әкелетін іс шаралар жиынтығы.

Тәуекелді қысқарту (Risk reduction, Risk mitigation) – бұл шығынды төмендетуге әкелетін әрекет. Бұл жағдайда кәсіпорын тәуекелді өзіне алады (Risk retention, Risk assumption).

Тәуекелді беру (Risk transfer) бұл шығын тәуекелі болу жағдайындағы өтеуді және жауапкершілікті басқа субъектіге ауыстыруға мүмкіндік беретін әрекет.

Басқа пiкiр, тәуекелді басқару әдiсiлерін басқарушы шараларды жүзеге асыру уақытының ара қатынасы бойымен және тәуекел жағдайының болуымен жiктеуге болады.

Тәуекелдi басқарудың жағдайға дейінгі әдiсi - тәуекелдiң маңызды өзгерістеріне бағытталған алдын ала жүзеге асырылатын іс шаралар (болудың ықтималдығы, шығынның өлшемдерi). Бұған негізінде тәуекелге қарсы болатындармен байланысты тәуекелді трансформациялау әдістерін жатқызуға болады (Risk control, Risk control to stop losses).

Бұл әдiстер әдетте ескерту шараларын жүргiзумен қаумдаытырылады.

Тәуекелдердi басқарудың жағдайдан кейінгі әдiсi – шығыннан кейін жүзеге асырылатын және және жою бағытталған зардаптар. Бұл әдістер шығынды өтеу үшін қолданатын қаржы көздерін қалыптастыруға бағытталған. Бұл негізінде тәуекелді қаржыландыру әдістері (Risk financing, Risk financing to pay for losses).

Жіктеудің екі түрі график түрiнде суретте көрсетілген.

Үшінші кезең. Тәуекелдi басқару әдiсiтерін таңдау. Мұнда менеджер фирма үшiн тәуекелге қарсы, сонымен бiрге оның жұмысындағы анықсыздық деңгейін төмендетуге бағытталған саясатты қалыптастырады. Көңіл бөлуді талап ететін негізгі сауалдарға мыналар тән:

- тәуекелдi басқарудың ең тиiмдi әдiстерін таңдау;

- ұйымның қызметiнде жиынтық тәуекелге таңдалған бағдарлама әсерiнің анықтамасы.

Өз кезегінде, тәуекелдi басқару әдiстерін таңдау экономика математикалық модельді есептеуге апарады, мұнда шектеу мен белгі ретінде тәуекелдің экономикалық және ықтимал (тәуекел менеджменттің бірінші үрдісінде анықталған) сипаттамалары шығады. Бірақ та мұнда басқа параметрлер де қосылуы мүмкін, мысалы техникалық және әлеуметтік.

Тәуекел менеджмент жүйесін әзірлеу барысында менеджер ең алдымен оның нәтижелігін есепке алу керек. Яғни басқарушы әрекеттер барлық тәуекелге бағытталмай, ұйымның қызметіне неғұрлым әсер ететін әрекеттерге бағытталуы тиіс. Мысалы бюджеттік шектеулер ресурсты үнемдеу мақсатымен шетке шығарылуы тиіс (пассивті стратегия). Шығарылған қаражаттар есебінен неғұрлым маңызды тәуекелмен қарқынды жұмыстар жүргізілуі тиіс (белсендi стратегия).

Осы кезеңнiң нәтижесi   кәсiпорындағы тәуекелдi басқарудың бағдарламасы. Ол қабылдауды қажет ететін шараларды толық сипаттауды, бағдарламаның тиімділігін анықтайтын ақпараттық және ресурстық қамтамасыз ету, жауапкершiлiктi үлестiру және тағы басқалары.

Төртінші кезең. Тәуекелдi басқарудың таңдалған әдiсiн орындау. Мұнда алдыңғы кезеңде өңделген бағдарлама тiкелей түрде жүзеге асырады. Осы кезеңде шешiлген сұрақтар, қабылданатын шешiмдердiң техникалық ерекшелiктеріне қатысты.

2-сурет   Тәуекелдерді басқару әдістерінің сыныптамасы


Оның негiзгiсi мыналар:

- жүзеге асыруды керек ететін нақты шаралар;

- бұл шараларды атқару мерзiмдерi;

- бұл жұмысты жүзеге асыру үшiн қажеттi ресурстар мен көздер құрамы

- жауапты тұлғаларды анықтау.

Осылайша тәуекелді басқару бағдарламасын орындауды бақылаудың және басқарудың екі жүзділігі және қарама қайшылығы жойылады.

Бесінші кезең. Нәтижелер мониторингісі және тәуекелді басқару жүйесiнiң жетiлдiрілуi. Осы кезең тәуекелді басқару жүйесiндегі керi байланысты жүзеге асырады. Бұл байланыстың бірінші мiндеті жалпы қызмет ету жүйесінің ортақ тиiмдiлiгін анықтауда тұр. Одан басқа, кәспорында тәуекел менеджменттің осал және тар орындарын ерекшелейдi.

Екiншi мiндет   кезеңде жүзеге асырылған тәуекелдi талдау. Мұнда оны жүзеге асыратын және бар болса, тәуекелді басқару бағдарламасының өзгерістерімен байланысты себептерді анықтау керек.

Кезеңнің атауынан қарасақ, ол тек қана тәуекел менеджментінің үрдісін бақылауға бағытталмай, сонымен қатар осы жүйенің жұмысының тиімділігін жоғарылататын жетістіктерді табуға бағытталған. Осылайша, қарастырылған міндеттерге осы деңгейді іске асыруда менеджерге тиісті мына сауалдарды қосуға болады:

- әр жүзеге асырылған шараны жүйенiң жалпы тиiмдiлiгiне салу;

- бұл шаралардың құрамындағы мүмкiн түзетулер;

- шешімді қабылдаудың иiлгiштiгі және тиiмдiлiгi.

Бұдан басқа осы кезеңде тәуекел туралы ақпаратты толықтыру жүзеге асады. Жаңартылған ақпарат тәуекел менеджменттің ділігін бағалаудың негізгі мақсаты оның жүйесінің сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуінде тұр. Оған қол жеткізу ең алдымен келесі өзгерістер арқылы жүзеге асырылады:

- тиiмсiз шараларды тиімділермен алмастыру (бар шектеулер шеңберiнде);

- тәуекелдi басқарудың бағдарламасын орындаудың ұйымын өзгерту.

Анықталмағандық шарттарындағы шешiм қабылдауда,яғни жағдайдың мүмкін нұсқалары белгілі болғанда, ұсынылған әдістен жоғарысын қолдану мүмкін емес. Осындай жағдайларда шешімді қабылдауда міндеттерге, мақсатты қоюларға мінезді белгілерге жүгіну ұсынылады.

Классикалық белгiлердiң санына мыналарды жатқызады:

- Лапластың дәйектемесi қағидатының жеткіліксіздігі;

- Вальдтiң максималды белгiлерi;

- Сэвидждың минималды белгiлерi;

- Максимин Гервицтің қорытындылған белгiлерi.

Лапластың дәйектемесi қағидатының жеткіліксіздігі.

Жағдайдың нұсқасының қайсысы болса да басқасына қарағанда ең ықтималырақ болжауы жағдайында пайдаланады. Яғни, сол кезде тәуекелдiң жағдайында сияқты, яғни тәуекелдің орташа өлшенген көрсеткішінтминимал бойынша жағдайдың ықтималдығы тең деп есептеуге және шешiмнiң таңдауын жүргізуге болады.

Вальдтiң максималды белгiлерi.

Екі жағдайдағы ұтыстың жаман жағдайдағы ең жоғары болуында кепілді талап ету жағдайында қолданылады. Шарттың түрлі нұсқаларында ұтыс барлық минималдыдан максималды болғандағы үшін неғұрлым үлкен шешім болады. Осы белгі максималды кепілді ұтысты алуына бейімделеді.

Сэвидждың минималды белгiлерi.

Кез-келген шарттарда үлкен тәуекелден құтылуды талап ету жағдайында қолданылады. Осы белгіге сәйкес шарттардың әр түрлi нұсқаларындағы ысырап минималды болғандағы шешімге артықшылық беру керек.

Вальдтiң және Сэвиджтің белгiсi абайлаған разрядқа жатады.

Максимин Гервицтің қорытындылған белгiлерi.

Егер есептеуде мiнез-құлық қырының аралығында жарамсызға орнатуға талап етсе немесе есептеуде мінездің ең жақсы болуына пайдаланады.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі

1 Корпоративтік қаржы: оқу-әдістемелік оқулық. – Павлодар : Кереку, 2011. – 80 б.

2 Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау : электрондық оқу құралы. – Алматы, Нұр-пресс, 2010. – 250 б.

3 Жобаларды талдау : Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2010. – 80 б.

4 Қаржы менеджмент : оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2009. – 65 б.
Қосымша

Мерзiмдi басылымдар

5 Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.

6. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.

7. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.

8. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.


4 Тақырып Кәсіпорындағы тәуекелдерді басқару әдістері – 4 сағат.

Мазмұны:

1 Тәуекелдерді басқару әдістері жіктемесі.

2 Тәуекелдерді басқару әдістерін таңдау.

3 Таңдалған тәуекелдерді басқару әдістерін орындау.

4 Мониторинг нәтижелері және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру.

5 Тәуекелдерді басқару әдістері (төрт әдіс). Тәуекелдерді өтеуден қашу әдістері. Тәуекелдерді басқару әдістерінің схемасы. Тәуекелдерді басқару әдістерін қолдану шектеулері. Локализациялау әдістері және тәуекел диссипациялау. Интеграцияның тәуекелдерді минимизациялау әдісі ретіндегі төрт негізгі түрі. Диверсификация тәуекелді диссипациялау әдістері түрлері ретінде. Диверсификация түрлері. Тәуекелдерді өтеу тәуекелдерді басқарудың алдын алу әдістері ретінде. Кәсіпкерлік тәуекелдерді төмендету. Iскер серіктестерді тексеру әдістері бес «C» ережелері. Ақпараттық тәуекелдерді басқару. Ақпараттық тәуекелдер топтары.



6 Тәуекелдерді қаржыландыру әдістері және оларды жіктеу схемасы. ағымдағы табыстан шығынды жабу (Current expensing of losses). Қордан шығынды жабу (Reserving). Несие қолдану арқылы шығынды жабу (Borrowing). Өзін-өзі сақтандыру негізінде шығынды жабу (Self-insurance). Кэптингтік сақтандыру ұйымдарын құру (captive insurance). Келісімшарт негізінде жауапкершілікті табыстау арқылы залалды жабу (Contractual transfer). Мемлекеттік немесе муниципалдық органдардың қолдауы негізінде шығынды жабу (Budget support). Демеушілік негізінде шығынды жабу (Sponsorship).

Егер тәуекелдi басқару деңгейi туралы сұрақты қарастырсақ, онда ғылыми әдебиетте әдiстердiң әжептәуiр түрлi қатарларын табуға болады. Егер өзгеше тәсiлді пайдалансақ, онда оларды төрт топқа бөлуге болады:

- тәуекелден ауытқу әдістері;

- тәуекелдің оқшаулау әдістері;

- тәуекелдiң диссипация әдiстерi;

- тәуекелдiң өтем әдiстерi.

Бұл жіктелім суретте көрсетілген. Бұдан әрі біз осы топтарды неғұрлым тереңірек қарастырамыз.

Тәуекелден ауытқу әдістері. Осы топтың әдістері бизнестен тәуекел жағдайларды жоюды болжайды.

Өз тәжірибесінде осы әдісті қолданатын басшылар сенiмсiз серiктестермен, клиенттермен мәмiле жасаудан бас тартып, олардың шеңберін кішірейтуге талпынады. Белгісіз және күмәнді фирмалардың қызметінен бас тартады. Одан басқа, осындай субъектілер егер олар күмән тудырса инновациялық, инвестициялық және басқа жобалардан бас тартады. Мысалы, нақты кепiлге несие беретiн банк осы стратегияны ұстанады.

Тәуекелдi басқару әдiстерінің осы тобына жауапкершілік үшінші тұлғаға ауысқандағы барлық әрекеттер де жатады. Ол үшiн кепiлдердi iздестiрудi немесе кәсiпкерлiк тәуекелдiктi сақтандыру жүзеге асырылады.

Егер ұйымның меншiктi көздерінен ысырапты өтеуді алып тастасақ, онда сақтандыру өтемді алудың неғұрлым тез тәсілі болып табылады. Дегенмен осы әдiс үшiн белгiлi шектеулер де болады:

- сақтандырушымен сұралатын сыйлықақы тым үлкен болуы мүмкiн;

- тәуекелдiң кейбiр түрлерi сақтандырушымен сақтануға қабылданбауы мүмкiн; мысалы, егер тәуекелдi өткiзу ықтималдығы өте жоғары болса.

Егер басшылық сақтандыруды пайдалануды шешсе, онда сақтандыру фирмасына біртекті үндеулер жазбай, қорғаныстың кешендi бағдарламасын әзiрлеу қажет. Бұл бағдарламаның құрамы мен құрылымы олар қызмет ететін нақты кәсiпорыннан және шарттарынан бағынышты болады. Айтқанімен де олардың жалпы ережесін анықтауға болады:

- жазатайым оқиғаларынан мүлiктi және мүлiктiк құндылықтарды сақтандыру (ғимарат, жабдық, қойма қорлары және тағы басқалар);

- жүк ағындарын сақтандыру (қабылданатын және аттанатын);

- жалпы азаматтық жауапкершiлiктi (мысалы, қоршаған ортаға зиянды әсер ету тәуекелі), сонымен бiрге жұмыс берушiнiң қызметкерлерi алдындағы жауапкершілігін (мысалы, жұмыс орнында жарақат алу тәуекелі) сақтандыру;

- қызметкерлердің өмiрiн және денсаулығын сақтандыру.

3-сурет – Тәуекелдерді басқару әдістері


Егер кәсiпорында кешенді сақтандыру үшін қаражат жетпесе, неғұрлым үлкен ысыраптармен байланысты тәуекелді бөліп оны сақтандыру қажет.

Егер сақтандыру компаниясы мен сақтандырушы аралығында өтеу өлшемдері (сақтандыру сомасы) және сақтандыру өтемақылары туралы келiсiм болса, онда келісім шарт жасалады, ал сақтандырушы арнаулы құжат алады   сақтандыру полисi немесе куәлiк, онда негiзгi реквизиттерден басқа мыналар көрсетіледi:

  • сақтанушы және сақтандырушы - компанияның реквизиттерi;

  • сақтандырудың объектiсi;

  • сақтандыру сомасының өлшемi;

  • сақтандыру тәуекелi;

  • сақтандыру жарналарын төлеу тәртібі және мөлшері;

- келісім шарттың қолданылу мерзiмі;

- келiсiм шарттың қосымша шарттары.

Сақтандыру жағдайында сақтандырушы құқық қорғау органдарынан, банктерден және жағдай туралы ақпараты бар басқа ұйымдардан қосымша ақпарат сұрастыруына болады. Одан басқа, ол осы жағдайдың болуын өзіндік анықтауы мүмкін. Егер сақтандыру жағдайы сақтандырушымен арандатылмаса, сонымен бiрге сақтандыру сомасы төленбейтін басқа шарттарды болмаса, онда сақтандырушы келісім шартта белгіленген сомасы мөлшерінде сақтанушыға келтірген ысырапты өтейді.

Сақтандыру шарты жеке жағдайларда қайта қарастырулуы мүмкін. Мысалы, егер сақтандырушы тәуекелдiң ықтималдығын төмендетуге немесе сақтандыру объектісінің құнын жоғарылатуға бағытталған қандайда бір шараларды жүзеге асырса.

Сенiмсiз серiктестерден және шаруашылық тәуекелді сақтандырудан бас тартудан басқа тәуекелден ауытқудың кепілдік әдісі туралы айытқанбыз. Оны неғұрлым тереңірек қарастырайық.

Тәуекелді беру шағын және ірi кәсiпорындармен де (трансфер) пайдаланылады. Және де, бiрiншiлер үшiн әдеттегiдей гарант ретiнде iрi компаниялар, ал екiншi үшiн   мемлекеттiк басқару органдары шығады. Мұндай мәмiле берушіге (трансфер) де және қабылдаушы (трансфери) жақтарға да тиiмдi. Бұған келесі себептер дәлел:

- беретiн жақ үшiн ұлы ысырап, қабылдайтын жағы үшiн шамалы болуы мүмкін;

- қабылдайтын жақ ысыраптарды қысқарту үшiн жақсы мүмкiндiктерге ие болуы мүмкін;

- қабылдайтын жақ шаруашылық тәуекелiн бақылау үшiн және ысырапқа жол бермейтін жақсы позицияда болуы мүмкін.

Тәуекелдi беру барысында тиiстi шарт жасалады. Оның iшiнен кең таралғандарға келiсiмдердiң келесi түрлерiн жатқызуға болады.

Құрылыс шарттары жаңа құрылыспен, құрылыс компаниясымен байланысты барлық тәуекелдердi беруді болжайды. Бұл жеткізу барысындағы түрлі кедергілер, табиғи жағдайлар және т. б. Объектіні уақытында тапсырмау, құрылыс кезіндегі оның құрылымының зақымдануы бір жақтыңсәйкес жауапкершілігін баурайды. РФ азаматтық кодексінде объектінің кездейсоқ зақымдануы кезінде ны тапсырғанға дейін делдал жауапты болады деп айтылған. Егер осындай зақымдану тапсырушымен берiлген сапасыз материалдарды немесе құралдарды пайдалану салдарынан болса, онда жауапкершiлiк тапсырысшыға жүктеледі.

Жалға беру   тәуекелдiң кең таралған тәсiлі. Мүлiкті жалға беру жағдайында (немесе қаржылық жалдауға   лизинг) осы мүлікпен байланысты кейбір тәуекел иесінде толық немесе iшiнара қалады. Бұл физикалық зақымдану тәуекелі, мүлiк салықтарының жоғарылау тәуекелі, объектiнiң коммерциялық құнының төмендеу тәуекелі және т.б. Жалға алушыға арнаулы ескертулер жолымен тәуекелдiң үлкен үлесi берiлуі мүмкін. Одан басқа, азаматтық кодекс жалға алушысына кездейсоқ өлiмдi тәуекелін және мүлiктi табыстауда кездейсоқ бұзуды толық берудi қарастырады.

Жалға беру мерзiмiн ұлғайту кезінде, жалға беруші осы кезеңге өзіне тұрақты табысты қамтамасыз етеді, бiрақ тәуекел деңгейі жоғарылайды. Мысалы, ұзақ мерзімге объектiнiң коммерциялық құнының өзгерiсiн болжау қиын. Осы жағдайда, тәуекелдi төмендету үшiн жалға алушының сатылым көлеміне жалдау ақысы байлауға болады. Яғни соңғысы түсiмнен белгiленген анықталған сомадан төмен емес пайыз төлейдi.

Жүктердi тасымалдауға және сақтауға арналған өзара шарт оның тасымалдануы кезіндегі мүлiктiң бұзылуымен немесе жоғалуымен байланысты көлік компаниясының тәуекелін табыстауын қамтамасыз етеді. Дегенмен мұндай тәуекел, мысалы көлiктің кешігуінен өнімнің нарықтық бағасының төмендеуі кәсіпорынға тәуелді.

Сату, қызмет көрсету, жабдықтаудың өзара шарттары да фирмаға тәуекелді табыстаудың кең мүмкіндіктерін ұсынады. Тауардың тұтынушысы кепiлдiк әрекетiнің кезеңінде сатушыға кемшіліктердің бар болуын немесе пайдалануға қатысты тәуекелдерiн бередi. Одан басқа, тауарды өндіруші мен делдалдар арасында сатылмаған тауарларды қайтару туралы келiсiм жасалуы мүмкiн. Осы топтарға қосымша ретiнде келесi өзара шарттарды жатқызуға болады:

- қоймадағы қалдықты ұстау шартында тауармен жабдықтау туралы келiсiм шарт;

  • оны жалға беру кезіндегі құрал жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету кепiлi;

  • қолданатылатын жабдықтың белгiлi техникалық мiнездемелеiн табыстау кепілі;

  • техникаға сервистiк қызмет көрсету келiсiм шарты.

Кепілгерлік   өзара шарты борышкердің кепілгерге қарызды қайтару үшін қаражаттың жоқтығы тәуекелінің бөлігін салуға рұқсат бередi. Осы келiсiмде үш жақ қатысады: кепiл беруші, қағидашы және несие берушi. Кепiл берушi қағидашының қарызы жетiстiкке немесе соңғысы қызметінің жетістікке жетпеуіне қарамастан қайтарылуы туралы кепіл береді.

Кепiл беруші ретінде физикалық және заңды тұлға шығып тұрады, бiрақ жиірек бұл кепіл беру келісім жасаумен мамандандырылған ұйым. Олардың кепіл беруі ең сенiмдi болып есептеледi.

Несие берушi, өз кезегiнде, несиенiң кепіл берушіге қайтпау тәуекелін бередi.

Қағидашының пайдасы ол кепiлшiлiксiз ала алмайтын несие алғандығында тұр.

Факторинг келісім шарты   бұл ақшалай талап етуге жол беруді қаржыландыру.

Ол кредиттiк тәуекелдiң беруiн түсiндіредi. Осы келiсiм шартта үш жақ қатысады: фактор – делдалшы (осы қызметтiң түріне лицензиясы бар банк немесе басқа ұйым), кәсiпорын-жабдықтаушы және кәсiпорын – сатып алушы. Фактор-делдалшы жабдықтаушыдан оның клиенттерiне талаптарды сатып алады, яғни дебиторлық берешекті.

Әдетте фактор   делдалшы бұл талаптарды бiрнеше күн iшiнде, талаптардың 70-80 % төлей сатып алады. Қалдық берешектi өтеуден кейiн төленедi.

Факторингтiң екi түрiн ерекшелейдi: ашық және жабық. Ашық факторинг талаптардың фактор – делдалшыға берілгенін көрсетеді. Жабық факторинг кезінде жабдықтаушы жасалған келісімдер бойынша есептің көшірмесін беріп банкпен мәмiле жасайды, бірақ та сатып алушыларға бұл айтылмайды. Егер сатып алушы белгіленген мерзімде шотты төлеу жағдайы болмаса, онда жабдықтаушы оны талаптарға жол беру туралы хабарлайды.

Факторинг қызметінің құнына несиелер бойынша пайыздық (әдетте банк мөлшерінің есептiк пайызынан жоғары) және комиссиялық (әдетте талап сомасынан 0,5-2 %) мөлшері кіреді.

Биржалық мәмілелер күтілетін инфляция шарттарында жабдықтау тәуекелiн төмендетеді.

Мұнда тәуекелдi беру мына жолдармен жүзеге асырылады:

- бағасы болашақта жоғарылайтын тауарларды сатып алу опциондар алу;

- бағасы жоғарыланатын тауарларды сатып алуына фьючерстiк келiсiм шарттардың тұжырымдамасы.

Опцион – бұл делдал белгіленген нақты мерзім ішінде тіркелген баға бойынша тауарды сатуға кепіл беретін құжат. Опцион бағалы қағаз болып келеді және биржалық мәмілелер барысында екінші нарықта сатылуы мүмкін. Оның ағымдағы бағасы осы құжатта көрсетiлген соманың және осы мезеттегі тауардың бағасының, және де инфляциялық күтілімдердің аралығындағы айырмашылықпен анықталады.

Опционда көрсетілген тауардың бағасы әдеттегідей опционды сату мезетіндегі нарық бағасынан өзгешеленеді. Бірақ та тауардың нарықтық бағасы жеткізу барысында опционда көрсетілгенен жоғары болады.

Опционның қайта сатылуы тапсырыс беруші үшін бірнеше артықшылықтарды қамтамасыз етедi:

- фирма опционды өндiрушiден ғана емес, сонымен қатар оны уақытша ұстаушыдан да алуы мүмкiн алу;

- фирма әлi де тауарға тапсырыс берiлмеген өндіріс үшін шикiзатты сатып алуына опцион алуы мүмкiн; егер бұл тапсырыстар болмаса онда фирма өндірілетін тауарға тапсырыс алмау тәуекелінен бас тарту үшін опционды сатады.

Биржалық мәмілелер арқылы тәуекелді берудің басқа әдісі - фьючерстiк келiсiм шарттарды пайдалану. Фьючерс опционынан мына белгілер бойынша ерекшеленедi:

- орындалуын кейiнге қалдыруымен тапсырыс беруші мен жеткiзушi аралығында жасалынады;

- шарттың орындалу уақыты қатал белгiленген;

- шартта жабдықтаудың «жүзитiн» бағасы қарастырылуы мүмкiн.

Биржада тіркелген фъючерстер мен опциондар тапсырыс берушімен де, жеткізушімен де екінші рет сатылуы мүмкін. Осындай келісімдердің бағасы – биржа бағаламасының дербес мәні.

Фьючерс, бiр жағынан, инфляциялық тәуекелдiң және жабдықтаудың деңгейiн азайтуға мүмкіндік бередi, басқа жағынан, ол оңтайлы жеткiзу шарты табылған жағдайында шарттан бас тарту мүмкiндiгiнен айырмайды.

Фьючерстiк келiсiмшарт жеткiзудің негiзгi шарты ғана емес, ұйымнан белгiлi күмән тудыратын келiсiмге қосымша ретiнде қор сияқты жасалынуы мүмкін. Негiзгi шартты өткiзуде фирма фьючерстi сатады. Бұл фьючерстiң мерзiмi негiзгi келiсiм шарт бойынша жеткізу мерзіміне қарағанда артық болуын мінездейді.

Осы тәсілмен дайын тауарды жеткізуге фьючерс пен опционды ала отыра өнiм өткiзудiң тәуекелiн төмендетуге болады.

Ескеру керек, тәуекелдiң трансфері   бұл кәсiпкерлiк тәуекелдi төмендетудің ең қауiпсiз және тиiмдi тәсiлі емес. Қабылдайтын жақта әдетте тәуекелдiң деңгейiн төмендету үшiн ешқандай да құралдары болмайды. Одан басқа, онда тәуекелді беруге қатысты ысыраптарды жабу үшiн қаражаттың жетпеуі мүмкін. Демек, бұл әдiстердi пайдалануда келесi сәттерді есепке алу керек:

- беретiн және қабылдайтын жақтар арасында тәуекелдердi бөлу айқын және екi ұшсыз болуы керек;

- қабылдайтын жақ өзiне қабылданған барлық мiндеттемелерді тез орындай алу мүмкіндігі болу керек;

- қабылдайтын жақ тәуекелдi бақылау және қысқарту үшiн өкiлеттiк алуы керек;

- тәуекелдiң беруі туралы шешiм сенімді әдiстердi ұқсас салыстыру базасында қабылдануы керек;

- тәуекел қабылдайтын және алатын жақ үшiн де бірдей баға бойынша берiлуi керек.

Тәуекелді оқшауландыру және диссипациялау әдiстерi

Тәуекелдi оқшауландыру ерекше сирек қолданылады. Ол тәуекелдiң көздерi айқын сәйкестендiру жағдайында ғана болуы мүмкін. Өндірісітік үрдістің ең қауiптi бөлімдері оқшауланады және оларды бақылау орнатылады, қаржылық тәуекелдiң деңгейi төмендейді.

Осындай әдiсті инновациялық жобаларды енгiзу, өнiмнің жаңа түрiн игеру және т. б. үшiн iрi компаниялар пайдаланады. Жай жағдайларда тәуекелді оқшауландыру үшін ұйымның құрылымында жобаны жүзеге асыратын мамандандырылған бөлімшелер құрылады. Күрделi жағдайда жеке заңды тұлғалар құрылуы мүмкін - венчурлық компаниялар. Бұған ұқсас компаниялар НИОКР, өнеркәсіпте қолданылмаған жаңа ғылыми жетістіктерді талап ететiн жаңа өнім түрлерін игеру үшін қолданылады. Сонымен жобаның неғұрлым тәуекел бөлігі автономды ұйымның шеңберінде қалады, бірақ венчурлық компанияның және аналық кәсіпорынның ғылыми және техникалық әлеуетінің қосылу мүмкіндігі сақталады.

Тәуекелдiң диссипация (ыдырау) әдістері басқарудың неғұрлым иiлгiш құралдарын ұсынады. Оның бірі стратегиялық серiктестердiң арасындағы тәуекелді үлестiрумен байланысты. Серіктестік ретінде кәсіпорындар да, заңды тұлғалар да қатыса алады. акционерлiк қоғамдар, қаржылық-өнеркәсiптiк тоатар құрылуы мүмкін. Кәсiпорындар консорциумдардың, қауымдастықдың, концерндердің қатарына кiре алады. Кәсiпорындарды бiр топқа бiрiктiру интеграция деп аталады. Оның төрт негiзгi түрін ерекшелейдi:

- тiк регрессивтiк (керi) интеграция жеткiзушiлермен бiрiктiруді болжайды;

- тiк озық (төте) интеграция кәсiпорынның өнiмін өткiзу бойынша дистрибьюторлық желiні құрастыратын делдардармен бiрiгуді айтады;

- көлденең интеграция бәсекелестермен бiрiгуді болжайды; әдетте мұндай қауымдастықтар баға саясатын келiсу, шаруашылық ету аймақтарын, қандай да бір бiрлескен әрекеттердi шектеу мақсатымен құрылады;

- дөңгелек интеграция - бiрлескен стратегиялық мақсаттарға жету үшiн әр түрлi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар қауымдастығының бірігуі;

Нарық диссипациясының басқа түрі – біл диверсификация. Ол қызмет түрлерінің, өткізу нарығының және жеткізу арналарының әр түрлілігін жоғарылатуды айтады.

Сатып алу диверсификациясы бұл жеткізушімен санды жоғарылатуы, ол кәсіпорынның нақты жеткiзушiге тәуелдiлiгiн баяулатуға көмектеседі. Тауар ағымындағы бұзушылықтан (кесте бұзылысы, төтенше оқиғалар, банкроттық және тағы басқалар) кәсіпорын бiр серiктестен басқаға оңай ауыса алады.

Өткiзу нарығының диверсификациясы (нарықтың дамуы)кәсіпорынның дайын тауарларын бiрнеше нарық несмесе контрагент арасында бөлуді бағамдайды. Осы жағдайда бiр нарықтағы құлау басқаның жетiстiктерімен өтелген болады.

Шаруашылық қызметiнiң диверсификация түрлерi пайдаланылатын технологиялар спектрінің, көрсетiлетiн қызметтің, шығарылатын өнiмдердiң ассортиментiнің кеңейюін көрсетеді. Өнiмнің бiр түрін өткiзу барысында мәселелер пайда болғанда ұйым ысырапты басқа шаруашылық қызметі арқылы өтеуі, немесе басқа салаға көшуі мүмкін. Осы диверсификацияның түрi, өз кезегiнде, келесi түр тармақтарға бөлінеді:

- жинақтағыш диверсификация – бұл жаңа профильді тауарларды шығару. Ол негізгі өнімнің жойылу барысындағы оған деген сұраныстың төмендеу тәуекелінен сақтайды;

- көлденең диверсификация негізгіге сұраныстың төмендеуі кезеңіндегі профильсіз жаңа өнімді шығару. Мұнда кәсіпорынның өніміне сұраныстың ең төмен болуынан ысырап тәуекелінің деңгейі төмендейді;

- конгломеративті диверсификация оның негізгі қызметімен жанама немесе тікелей байланысты қызметтiң жап-жаңа түрлерiн игерумен түсiндіріледі.

Тәуекелдiң диссипациясы инвестициялық портфельдi қалыптастыруында шағын капитал сыйымдылықпен сипатталатын бiр мезгiлде бiрнеше жобаларды өткiзуді бағамдайды. Мұны инвестицияларды әртараптандыру деп атауға болады. Егер кәсiпорын бiр iрi жобамен жұмыс iстеуге мәжбүрсе, онда оның қатысушылары арасындағы тәуекелді орналастыру керек. Жауапкершілікті, мерзiмдердi, оны беру және т. б. туралы екi ұшты мүмкіндіктері болмауы керек. Негізгі мәнді әр ұйымның – жоба қатысушыларының жауапкершілігін заңды бекітуге бөлу керек.

Мұндай жолды нвестициялық және өндiрiстiк қызметтен басқа салаларда да қолдануға болады.

Тәуекелдi өтеу әдiстерi. Осы топтың әдістері басқарудың оңайлатылған әдістеріне жатады. Олардың неғұрлым тиімділігі стратегиялық жоспарлау. Ол тәуекелді басқару сияқты неғұрлым тиімді болады, егер стратегияны әзірлеу кәсіпорынның ішіндегі барлық салалардан өткізілсе. Ұйымның ішкі әлеуетін зерттеу бойынша жұмыстар белгісіздіктің үлкен бөлігін шешуге, өндірістік циклдегі оқау орындарды шығаруға, оларды жоюдың іс шараларын алдын ала әзірлеуге, резервтерді құру немесе пайдалану және т. б. көмектеседі. Осы әдістің негізгі құрамы – сыртқы экономикалық жағдайды болжау болып табылады. Оның мәні кәсіпорынның сыртқы ортасының даму сценарилерін кезеіті әзірлеуінде тұр: бәсекелестердің, серіктестердің, клиенттердің тәртібі, өңірлік жалпы экономикалық жағдайы.

Мұндай болжам ортаның әлеуметтік-экономикалық және нормативтік-құқықтық мониторингісінің көмегімен алынатын, - стратегиялық жоспардың тағы бір құрайтын бөлімі, ақпаратпен қамтамасыз етеді.Жоғары тиімділікті нормативтік-анықтамалық компьютер жүйесін падалану, коммерциялық ақпарат қорына қосылу, сәйкес аналитикалық зерттеу жүргізу, консалтингтік фирмалардың қызметіне өтіну береді.Тәуекелді өтеудің тағы бір әдісі – қорлар жүйесін құру. Қазыр тек қана қысқаша анықтамасын берейік.

Қорды құру сақтандыруға жақын. Осы әдісті қолданғанда кәсіпорында шикізатты, материалдарды, ақша қаражаттарын сақтандыру қорлары, дағдарыс кезінде оларды жұмылдыру жоспары құрылады. Кейбір жағдайларды қорды құру міндетті болып келеді. Мысалы, өндірістік кооперативтер банкпен және бюджетпен есептесуінен кейін оның өкіміндегі табыстан 5 % мөлшерінде сақтандыру қорын құрастыруы қажет.

Тәуекелмен күресідің келесі әдісі – белсенді мақсатты бағытталған маркетинг. Кәсіпорынның өніміне сұранысты белсенді құрастыру үшін маркетингтік құралдарды пайдалануды айтады.

Кәсіпкерлік тәуекелінің төмендеуі. Ішкі кәсіпкерлік тәуекелді төмендету үшін кәсіпорын өз қызметін сауатты жүргізуі тиіс. Бұл негізінен бизнес бойынша әлеуетті серіктестерді тексеру, мәміле келісімін құры, фирманың қызметін болжау немесе жоспарлау, кадрларды мұқият іріктеу.

Іскер серіктестерді тексерудің стандартты әдістері жоқ. бірақ та американ кәсіпкерлері «С» бестігінің ережелерін сирек тәжірибелейді – серіктестің несие төлеу қабілеттілігін тексеру моделі.Бұл моделге сәйкес қарызгер туралы келесіні білу керек:

- қарызгер туралы ақпарат (character)   оның абыройы, жауапкершiлiк дәрежесi;

- қаржы мүмкiндiктерi (capacity)   алынған несиенi ағымдағы түсімдер немесе активтерді өткізу есебінен өтеу;

- мүлiк (capital)   акционерлiк капиталының құрылымы және мөлшері;

- қамтамасыз ету (collateral)   кепiл ретiнде ұсынылатын активтердiң құны және түрі;

- жалпы шарттар (conditions) – жалпы экономикалық жағдай және тағы басқа факторлар.

Ықтимал серіктес туралы ақпарат алу үшін сыртқы көздерді қолдануға немесе өзіндік ақпаратты жинау немесе талдау жүйесін құруға болады. Сыртқы көздерге ең алдымен коммерциялық ақпарат қоры жатады. Мұндай қыхзметті көрсететін компаниялардың бірі Dun Bradstreet корпорациясы.

Ол компанияның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы ақпаратты ұсынатын бинес-анықтамаларды, онымен жұмыс істейтін ұйымдар тізбесін, төлемдерді жүргізу мерзімін сақтау туралы анықтамаларды ұсынады. Мұндай анықтама түрлі көздерден түскен ақпарат негізінде ұсынылады және оңтайлы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты толық алуға көмектеседі.

Бірақ та мұндай қызметтің ақысы өте үлкен.

Ақпаратты өзіндік жинау да мүмкін. Бұл түрлі көздерден түскен ақпаратты талдау, сонымен қатар түрлі зерттемелер жүргізу. Талданатын ақпараттың ортасына мәміле жасаудың шарттары түсуі керек.

Бизнес-жоспарды құрастыру - кәсiпкерлiк тәуекелін минимизациялаудың тағы бiр iшкi әдiсі. Бизнес-жоспар бизнеске әр түрлi жақтан қарауға мүмкіндік бередi   маркетинг, қаржы, өндiрiс және тағы басқалар. Одан басқа ол болжамнан және жұмыстың болжалды нәтижелерiн бағалаудан тұрады. Бизнес-жоспарды құрастыру кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлаудың бірінші кезеңі болып шығады.

Оны әзірлеу үшін жұмыс iстейтiн ұйым оның қызметі нәтижелерін нақты тұжырымдайтын мәлiметтердi пайдаланады. Бұл жаңа фирма алдындағы мықты артықшылығы. Бастапқы мәлiметтердi жоспарлаудағы мұндай негіздеме мұндай болжамның дәлдiгін және сенімділігін артырады, яғни тәуекелдің деңгейін және анықсыздығын едәуiр төмендетеді.

Қызыметкерлерді мұқият алу   кәсiпкерлiк тәуекелін төмендетудің үшiншi көзі. Қызметкерлердiң санын (әсiресе басқарушы) өсіру ұйымның әр деңгейiндегі шешім қабылдаумен байланысты тәуекел дәрежесiн жоғарылатады. Бұл тәуекелдiң дәрежесiн төмендету үшiн жоспарлаудың, таңдап алудың, таңдаудың және кадрларды дамытудың әр түрлi әдiстерi бар. Сауатты кадр саясаты, тиiмдi басқару топтарын құру, қызыметшiлерді мұқият таңдау ұйымның кәсіби және білікті кадрлар құрамын қамтамасыз етеді, ол оның тиімді қызметі үшін қажет.

Ақпараттық тәуекелмен басқару. Ақпараттық тәуекелдерге компанияның ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесіндегі ысыраптың немесе шығынның пайда болу қаупімен байланысты барлық тәуекелдер жатады. Қауіпті техникалық бұзылу ғана емес сонымен қатар түрлі жүйедегі мәліметтердің келіспеушілігі, қызметкерлердің ақпаратқа шексіз қол жетімділігі тудырады. Осылайша, ақпараттық тәуекел ақпаратты электрондық тасымалдаушыларда және басқа байланыс құралдарында құрастырумен, берумен, сақтаумен және пайдаланумен байланысты.

Осы санаттың тәуекелін екі топқа бөлуге болады:

- ақпараттың жылыстауымен және оны қызметкерлер мен серіктестіктердің бизнеске қауіп әкелетін мақсатты қолдануымен байланысты тәуекел;

- ақпаратты тарату арналары жұмысының техникалық бұзылуымен байланысты тәуекел.

Ақпараттық тәуекелдердi минимизациялауға арналған жұмыстар мәлiметтерлерге, сонымен бiрге апат пен жабдықтың бұзылуына рұқсат етiлмеген қол жеткiзудi ескертуден тұрады. Осындай тәуекелді анықтау үшін басқа тәуекелді бағалауға қолданылатын әдімтер пайдаланылады. Бірақ та компанияны ақпаратпен қамтамасыз ету саласындағы неғұрлым тәуекел аймақтарын анықтау үшін менеджер мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:

- қаржылық есептiлiк сақталатын ақпараттық жүйелерге қол жеткiзудi бақылау қалайша жүзеге асырылады?

- клиенттер керек кезінде кедергiсiз компаниямен байланыса ала ма? 

- басқа компанияға қосылу жағдайында компания қысқа мерзiм ішінде ақпаратты бақылау жүйесін енгізе ала ма? Егер компанияның әр түрлi бөлiмшелерiнде ақпаратты басқарудың әр түрлi жүйелерi жұмыс iстесе, онда мәлiметтерді өзгертудiң және оны бiртұтас стандартқа келтірудің нақты алгоритмі болуы керек.

- ұйымның құжат айналымы кілтті қызметкерлердің кетуі барысында бұрынғы қалпында қызметті жалғастыруға мүмкіндік бередi ме?

- компанияның меншiктiк зияткерлiк қорғанысы қамтамасыз етiлген бе?

- компьютер жүйелері жұмысының бұзылысы жағдайында компанияның нақты әрекет жоспарлары болады ма?

- ақпараттық жүйенің жұмыс әдісі компанияның жалпы міндеттері мен мақсаттарына сәйкес келе ме?

Ақпараттық тәуекелдiң ысырабын дәл есептеу бірсыпыракүрделi. Бiрақ жуық шамамен бағалау әбден мүмкiн. Мысалы, компъютер желiсiнде бұзылудың болу жағдайында компанияның жұмысқа қабілетсіздігін анықтауға болады. Бұл жүйенiң қалпына келтiруi үшiн мамандарға қажетті орташа уақыт болады. Осы мәлiметтерге сүйене, компания жоғалтатын пайда сомасын анықтаймыз. Зиянның жуық шама сомасы осындай. Бұзылудың болу ықтималдығын статистикалық мәлiметтерлер негiзінде есептеп шығаруға болады.

Ақпараттық тәуекелді минимизациялау үшiн оларды ескерту стратегиясы жасалынады. Тәжiрибе көрсеткендей, неғұрлым тиімді стратегиялар келесi қағидаттарға негiзделеді:

- ақпараттық жүйелерге және компанияның құжаттарына қызметкерлердің қол жетімділігі құжаттың маңыздылығы мен құпиялылығына байланысты түрлі болуы керек;

- компания мәлiметтерге қол жеткiзудi бақылауы керек және ақпараттық жүйелердiң осал жерiнің қорғанысын қамтамасыз етуі керек;

- компанияның қызметiне тiкелей байланысты ақпараттық жүйелер (байланыстың стратегиялық маңызды арналары, құжаттардың мұрағаты, компъютер желiсi) дағдарыс жағдайында да үздіксіз жұмыс істеуі керек.

Тәжірибелік шаралар негізінде келесiлерді атауға болады:

- тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігі үшін жауаптыларды тағайындау;

- тәуекелдердi болдырмауға бағытталған компания қызыметшілерінiң әрекетi кескiнделетiн нормативтiк құжаттарды жасау;

- дағдарыс жағдайда жұмыс үшiн қордағы қуаттарды қамтамасыз ету;

- ақпаратты қайталау және қор сақтаушыларына кезекті көшiру;

- компъютер желiсiнiң сыртқы желiлерден оқшаулануы;

- интернет желісі байланысы үшiн жеке машиналарды пайдалану;

- вирусқа қарсы жүйелерді орнату;

- ұйымдастыру шеңберінде ақпараттық жүйенің бiртұтас стандарттарын әзiрлеу (бiртұтас есеп беру формалары, көрсеткiштердi есептеудiң ережелерiне)

- құпиялылық дәрежесi бойынша мәлiметтердi жiктеу және оған қол жеткiзу құқығын шектеу;

- ақпаратты басқарудың арнаулы жүйелерін енгiзу;

- ұйымның iшiндегі кез-келген құжаттар орталықтандырылған компьютерде орнатылған жүйенің көмегімен құрылуын қарау (кез-келген басқа бағдарламаларды қою мақұлдануы керек);

- барлық корпоративтiк жүйенің жағдайын қадағалайтын бақылау құралдарын қолдану.

Осы тiзiм толық болып көрiнбейдi. Көптеген компаниялар ақпараттық тәуекелдi төмендету және жою үшін арнайы өзіндік бағдарламаларды құрастырады және пайдаланады. Одан басқа, кез-келген ұйымда ахуал жағдайында пайдаланылатын әрекеттер жоспары әзірленіп қызметкерлерге жеткізілуі тиіс. Мұнда келесі кепiлдемелерді пайдалануға болады:

- басқа тұлғалардың немесе сәйкес өкілеті жоқ компания қызметкерлерінің ішкі ақпараттық жүйеге енуінің сценариін талдау;

- дағдарыс жағдайларындағы ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлердiң тәртібінің моделін өңдеу мақсатымен оқыту іс шараларын жүргізу;

- компаниядан маңызды қызметкерлердiң кетуін қоса кадрлармен байланысты мәселелерді шешудің нұсқасын әзірлеу;

- қосалқы ақпараттық қуатты (серверлер, компьютерлер), сонымен бірге байланыстың қор желісін әзірлеу.

Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету – бұл кеткен шығындар тиімділігінің мәселесі, сондықтан қорғанысқа кеткен шығындар мүмкін ысыраптың сомасынан жоғары болмауы керек: олардың экономикалық тиімділігін тікелей түрде есептеу қажет.

Егер компанияның бизнесi iшкi ақпараттық желілеріне бағынышты болса, онда өңдеуге жауаптыны тағайындау керек. Осындай үйлестіруші компанияның ақпараттық құрылымына ешқандай қатысы болмауы тиіс.

Тәуекелдi қаржыландырудың әдiстерi. Жоғарыда көрсетілгендей, тәуекелді қаржыландыру тәуекел жағдайында болатын ысырапты өтеуді білдіреді. Осы мезеттегі әдістер құралдардың келесі көздерінің біреуін таңдауға мүмкіндік береді:

- ағымдағы табыс;

- резервтер;

- қарызды пайдалану;

- өздiгiнен сақтандыру;

- сақтандыру;

- сақтандуру емес пул;

- шарттық негiзде қаржыландыруды беру;

- мемлекеттiк және муниципалдық органдарды қолдау;

- демеушiлiк.

Осы көздерді пайдалануға негізделген әдістерді екi топқа бөлуге болады. Бұл сыныптама суретте көрсетілген.

Көрсетілген әдістердің әрқайсысын тереңірек қарастырайық.

Шығынды ағымдағы табыстан өтеу (Current expensing of losses). Бұл әдiстiң мәні ысырапты өтеу компаняның ағымдағы қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қандай да бір қорлар құрылмайды.

Әдеттегiдей, егер тәуекелді қаржыландырудың бұл әдісі қолданылады егер, ысыраптың көлемі үлкен болмаса және ақша ағымын айтарлықтай бұрмаламаса. Бұл ретте өткiзудiң жиiлiгi аса маңызды емес, бірақ та егер бірнеше жағымсыз оқилар бір мезетте болса, онда шығын жиынтығы әжептәуiр үлкен болуы және ұйымның қаржы күйiне елеулi зиянды әсер етуі мүмкін. Тәуекелдің бiртектiлiгі және бiртектi еместiгi осы әдiстi пайдалануда да ерекше маңызды емес.

Ағымдағы табыстан шығынды жабудың әдiсi жиi пайдаланылады, өйткенi жағдайлардың көпшiлiгiнде шығын сомасы үлкен емес, және компания оларды өзіндік шығара алады. Дегенмен тәуекелдi өткiзу барысындағы кәсiпорынның экономикалық және қаржылық жағдайын ескерген жөн. Егер жағымсыз жағдай дағдарыс немесе табыстың төмендігі кезінде болса, онда ол теріс әсерге ие болады. Осылайша осы әдісті мақсатты пайдалануды анықтау үшін ысыраптың юастапқы мәнін дәл есептеу керек.

4-сурет   Тәуекелді қаржыландыру әдістерінің сыныпталуы


Ысырапты қордан өтеу (Reserving). Осы әдiстi пайдалануда кәсiпорында тәуекелдердi өткiзуден болған шығындарды өтеге арнайы бағытталған резервтік қорлар құрылады. Резервті қолдану шаралары ағымдағы табыстан ысырапты өтеу әдісін қолданудағыдай сияқты. Ең бір айырмашылығы мұндағы өтеу сомасының үлкен болуында. Осылайша мұнда бастапқы мән жоғары, бірақ нақты қиыншылық резервтің мөлшерін анықтауда тұр. Ең төмен мөлшер тәуекелді қорғауды жетімді қамтамасыз ете алмайды, ал ең жоғары мөлшер компанияның айналымынан үлкен сомаларын алуға әкеледі.

Қарызды қолдану есебінен ысырапты өтеу (Borrowing). Бұл әдіс фирманың несие алуына үміт артса ғана есепке алынады. Бұл көз сыртқы болса да ысырапты өтеудің барлық жауапкершілігі ұйымға жатады.

Бұл көздің ерекшелігі оны сирек қолдануында. Ысырап көлемінің жоғарылығында ұйым қаражат беруден бас тартуы мүмкін. Несие берілсе де, қайтару шарттары кредиторамен қайтару туекелінің бағасы күшінде өте қатал болуы мүмкін.

Осы әдісті пайдалану тиімділігін бағалау кезінде қарызды қайтаруға және өтiмдiктi зерттеуiне зер салу керек.

Өздігінен сақтандыру негізінде ысырапты өтеу (Self-insurance). Бұл жағдайда өзіндік сақтандыру деп өз фирмасы шеңберінде немесе компанияның басқа тобымен жүзеге асырылатын сақтандыру формасын айтады. Мұның мәні, ысырапты өтеуге бағытталған сақтандыру қорын құруды ұйымдастыруда тұр. Өздiгiнен сақтандыру басқа әдіске қарағанда біртекті тәуекелдің үлкен санымен жұмыс iстеуімен ерекшеленедi. Сонымен қатар классикалық сақтандыруда сияқты ысырап жиынтығын дәл болжау үшін осы тәуекелдің шоғырлануы ескерiледi (тәуекелдi өткiзудің ықтималдықтарын есептеу және ысыраптың сомасы негiзінде). Бірақ та, сақтандырудың басқа формаларына қарағанда мұндағы резервтер бір іскер бірлігі шеңберінде құрылады. Әдеттегiдей, бұл өнеркәсiптiк немесе қаржылай-өнеркәсiптiк тобы.

Сақтандыру тетiктерiнің бiр түрiнiң бiрлерi кэптингтік сақтандыру ұйымдарын құру болып келеді (captive insurance). Бұл сақтандыру компаниялары сақтандырушы емес ұйымдардың қатарынан. Олар барлық топтың тәуекелің сақтандырады. Кэптингтік компанияның жеке заңды тұлға болуына қарамастан тәуекел және барлық құрылатын сақтандыру резервтері осы топтың ішінде қалады. Осындай компаниялардың артықшылықтарын қарастырайық:

- бiр iскер бiрлiгінің шегiнде сақтандыру қорларының қаражатын инвестициялау;

- пайданы тиiстi тобының ішінде сақтау;

- салық салу бойынша жеңiлдiктер алу (ел қатарында ескере алатындар);

- сақтандыру шартын ресiмдеудiң рәсiмiн жеңiлдету.

Осы әдiстің елеулi кемшiлiгi кэптингтік компания шығынға ұшыраса, онда ол барлық топтың арасында бөлінуінде. Бұл әжептәуір үлкен тәуекелдің болу нәтижесінде болйы мүмкін.

Өздiгiнен сақтандыру әдiсi бiркелкi тәуекелдердiң үлкен санды бар болу шарттарында қолданылады. Мүмкiн ысыраптың бастапқы мәні кәсiпорынның жалпы тобының қаржылық мүмкiндiктерi туралы мәлiметтерлері негiзінде есептеледi.

Сақтандырудың негiзiнде ысырапты өтеу (Insurance). Сақтандырудың бұл әдiсі тәуекелді қаржыландырудың әдісі сияқты жиi пайдаланылады. Мұнда ысырапты өтеу жауапкершілігі   нақты төлемге – сақтандыру компаниясына – мамандандырылған ұйымына жүктеледі. Ысырап мөлшері ішінара және толық берілуі мүмкін. Тәжірибеде бұл әдісті келесі жағдайларда қолданады:

- егер тәуекелдi өткiзу ықтималдығы жоғары болмаса, ал ысырап әжептәуiр үлкен болса;

- егер тәуекел бiртектi болмаса; жоғарыда айтылғандай, бiркелкi тәуекел санын үлкен болса, сақтандыруды қолдану өздiгiнен ақталады;

- егер тәуекел ықтималдығының үлкені болса, оны өткізу мүмкіндігі жоғары болса, ал болжалды ысыраптың сомасы шағын болса.



- егер апатты тәуекелдер бар болса;

- егер сақтандыру заңнамамен қарастырылса (мiндеттi сақтандыру).

Сақтандыру емес пұл негізінде ысырапты өтеу (Non - insurance pooling). Осы әдiс қаржыландыру тәуекелін басқа тұлғаға – сақтандырушы емес пулға беруді қарастырады. Осындай пул ретінде кәсіпкерлердің одағымен құрылған өзара көмек көрсетудің арнайы қоры шығуына болады. ысыраптың бастапқы мәні өзіндік сақтандырудағыдай сияқты фирманың – пул қатысушыларының қаржылық мүмкіндіктерінен анықталады.

Келiсiм шарттың негiзiнде жауапкершiлiктi беру есебiнен ысырапты өтеу (Contractual transfer). Осы жағдайда ысырапты қаржыландыру жасалынған келісім шарттың негізінде басқа субъектіге беріледі. Осындай әдіске хеджирлеу жатады (hedging). Бұл оны шағындандыруға бағытталған бағалық тәуекелді беру үрдісі. Келісімнің шарты бойынша басқа жақ тәуекелдi бiрлесiп қаржыландыруда қатысады. Хеджирлеудің мәні тауардың бағасы, ақша бағамы өзгергеннен болатын ысырап пен пайданы шектеуге бағытталуында тұр. Хеджирлеу – бұл қаржы тәуекелімен (менеджмент   қаржылық тәуекелі) басқарудың негізгі құралы.

Осы әдісті қолдану тиімділігін бағалау нақты тәуекел ерекшелігіне және оның шегінде қабылданатын шараларға бағынышты болады.

Мемлекеттік немесе муниципалды органдарды қолдау негізінде ысырапты өтеу (Budget support). Мұнда ысырапты өтеудің бөлігі мемлекеттік және муниципалдық органдарға жүктеледі. Осы әдісті қолдану осыған ұқсас қолдауды тартуды мүмкіндігіне тәуелді. Осы әдісті қолданатын тәуекел екі топқа жіктеледіі:

- ерекше тәуекел, оның мөлшері жоғаы, сондықтан оны өтеу мемлекеттік және муниципалдық органдардың көмегімен ғана мүмкін, мысалы, бұл сыртқы экономикалық қызметпен немесе ірі инвестициялық жобалармен байланысты тәуекел;

- жоғары әлеуметтік тәуекел, оның барысы кезінде мемлекеттік және муниципалдық органдар көмек көрсету тиіс; мысалы, меншікті бұқаралық қирату.

Осы әдiс, мұндай ысырап болғаннан кейін қолданылады, бұл әлеуметтiк тұрақсыздыққа әкеледі.

Демеушiлiктiң негiзiнде ысырапты өтеу (Sponsorship). Осы әдiс демеушiнi тарту есебiнен тәуекелдiң төмендеуін бағамдайды.

Бұл құралды пайдалануға ысырапқа дейiн үмiт артуға қиын. Бұл әдетте тәуекел болғаннан кейін және анық болған жағдайда ғана болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет