«Тағам биотехнологиясы» пәні бойынша практикалық сабақтарға Әдістемелік нұСҚаулық



бет28/33
Дата06.12.2023
өлшемі306.12 Kb.
#485628
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Әдістемелік нұсқаулық Тағам бт

Практикалық сабақ №14
Тақырыбы: Биологиялық белсенді қоспалар
Сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Биологиялық белсенді қоспалардың құрамы.

  2. Биологиялық белсенді қоспалардың жіктелуі.

  3. Биологиялық белсенді қоспаларды өндіру және оларды пайдалану

Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шiлдеде қабылданған N:301 заңына сəйкес тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалар тағам өнімдеріне жатқызылған.
Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалар түсінігі (ағылшынша food supplements) қазіргі заманғы медицина жəне технологияға аз уақыт бұрын енді. Бірақ, өсімдік, жануар жəне минералды текті əртүрлі табиғи компоненттерді эмпирикалық жəне діни бағытта іздеу, оларды аурудың алдын алу жəне емдік мақсатта қолдану əрекеттері ежелден белгілі. Жаңа эраға дейін Египет, Қытай, Тибет, Үндістан жəне басқа Шығыс елдерінде өсімдік, минералды жəне жануар препараттарының көмегімен əртүрлі ауруларды емдеу жүйесі қалыптасқан, ал біздің эраның II ғасырында ежелгі Рим дəрігері Клавдий Гелен алғаш рет табиғат шикізатынан (тұнбалар, экстракттар, ұнтақтар) дəрілерді дайындау технологиясын ойлап тапқан.
Тамаққа биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – тамаққа биологиялық белсенді қоспалар байыту мақсатымен немесе парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшін жеке қолдануға немесе тағамдық азық-түлік құрамына енгізуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары.
Нутрицевтиктер – қосымша нутриент көздері белок, амин- қышқылдары, майлар, көмірсулар, дəрумендер, минералды заттар жəне тағамдық талшықтар ретінде адам тағамының химиялық құрамын түзетуге қолданылатын ББҚ.
Парафармацевтиктер – физиологиялық шекте органдар жəне ағзаның функционалды белсенділігін қолдау, профилактикасы жəне қосымша терапия мақсатында қолданылатын ББҚ.
Пребиотиктер – ішектің қорғаныс микрофлорасының өсімін жəне (немесе) биологиялық белсенділігін іріктелген түрде ынталан- дыратын, оның қалыпты құрамын жəне белсенділігін сақтап тұратын тағамдық заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет