Тағут деп аталушы кәпір болып табылады ма?
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Содан соң:
Көп мұсылмандар «тағут» деген термин тек кәпірлерге қатысты қолданылады деп ойлап қателеседі. Олар осынысында кейбір қазіргі заман шейхтарының пәтуаларына, сондай-ақ Интернет кеңістігіндегі орыс тіліне аударылған әртүрлі мақалаларға сүйенеді. Содан кейін олар қияс жасап, көптеген адамдарды Тағут, яғни «кәпір» деп атай бастайды.
Бұған жауапты екі жақтан беруге олады.
Біріншіден, егер адамды Тағут деп атап, осымен оның кәпір екендігі меңзелсе, онда адамды күпірлікте айыптау үшін белгілі дәлелдер қажет. Ал бұл (өз кезегінде) Тағут деп аталғанның әрбірін кәпір деп есептемей, әрбір жағдайды жеке қарап шығуымыз қажет екендігін білдіреді. Басқаша айтқанда, адамды күпірлікті меңзейтін осы атаумен атаудың себебін, яғни бұл себеп адамды кәпір етеді ме, әлде жоқ па – білуіміз керек. Егер етсе, онда бұл адамға дәлел жеткізілді ме – соған қарауымыз керек, және ол – әмір ме, қарапайым адам ба, билік астындағы ма, білік етуші ме – маңызды емес. Өйткені әһлю-Сунна арасында нақты адамды күпірлікте айыптау үшін дәлел келтіру және күмәнды жою қажет екендігіне келіспеушілік жоқ қой! Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақтануға тиіс болған нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында, Аллаһ - әр нәрсені толық Білуші» (әт-Тауба 9: 115).
Шейх әл-Ислам Ибн Таймийя былай деген: “Аллаһ Өзінің Жолдауы жеткен (адамнан) өзге ешкімді жазаламайды. Және Оңың Жолдауы жетпеген (адам) мүлде жазаланбайды! Ал Оның Жолдауы жетіп, бірақ түсіндірілмеген (адам), тек өзіне белгілі болғанды теріске шығарғанынан басқа (нәрсе) үшін жазаланбайды!” Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 12/493.
Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтатын: “Дәлел келтірілмегендіктен және оны ұғыну мүмкіндігі болмағандықтан білімсіздікпен жасалған күпірлікке келер болсақ, Аллаһ Тағала мұны елшілердің дәлелі жетпейінше жазалаудан қалыс қалды!” Қз.: «Тариқ әл-хижратайн», 611.
Біріншіден, «Тағут» сөзін адамға қатысты қолданудың өзі оны күпірлікте айыптау үшін жеткілікті негіз бола алмайды. Өйткені:
1 — Тағут деп адасушылықтың кез келген жетекшісі аталады. Бұл ұғым кәпірлерді де, адасушылықтың жетекшілерін де, сондай-ақ дінге жаңалық енгізушілерді де (бидғатшыларды да) қамтиды. «Тағут» сөзі «шекараны бұзу, оған одан тыс қандай да бір нәрселерді қосып, шектен шығу» дегенді білдіретін «туғйан» сөзінен шыққан. Алайда адам қандай да бір нәрседе шектен шығып, кәпір болуы да мүмкін, ондай болмауы да мүмкін, өйткені бұл әрекет адамды әркезде кәпір ете бермейді.
Ибн әл-Жәузи, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — бұл “шектен шығу, шекараны бұзу” дегенді білдіретін “туғйан” сөзінен шыққан зат есім». Қз.: «Задуль-мәсир фи илм әт-Тафсир», 2-том, 125-бет.
Осыған ұқсас сөзді имам әш-Шаукани де өзінің «Фатх әл-Кадир» тәпсірінде айтқан, 3-том, 161-бет.
«Әл-усуль әс-сәләсә» («Үш негіз») жолдауының авторының немересі шейх Сулейман, Аллаһ оларды рақым етсін, былай деген: «“Тағут” сөзі – “шектен шығу, шекараны бұзу” деген мағынаға ие “туғйән” сөзінің туындысы. Біздің салиқалы алдынғы ұрпақтарымыз (сәлафтар) бұл сөзді «Тағуттың» нақты түрлерін атап, түсіндіретін». Қз.: «Тайсир әл-Азиз әл-Хамид», 49-бет.
Бұл сөз Шайтанға, балгерге және сиқыршыға, сондай-ақ адасушылықтың, бұзақылық пен бұзықтықтың барша жетекшілеріне, пара алатын адамға және залым патшаға қатысты қолданылады, тіпті егер олар мұсылман болса да. Яғни Тағуттың кәпір болуы міндетті емес.
2 — Кейбір ғалымдар бұл сипаттаманы кейбір күналарды жасаушы адамдарға қатысты қолданады, ал егер осы сипаттаманы қолдану күпірлікті меңзейтін болғанда, онда оны бұл күнәһарларға қатысты қолдануға болмайтын еді, өйткені, кері жағдайда, бұл осы ғалымдардың аталған күнәһарларды кәпір деп есептегенін білдірер еді.
3 — Кейбір адамдар Тағут деп, ол арқылы шектен шығу және шекара бұзылу іске асатын нәрсені атайды және осы сөзбен әрекеттің өзің атайды, ал ол не арқылы орындалатынына назар бөлмейді де. Мысалы, олар құлшылық жасалатын келген затты (объектті), соның ішінде тас пұттарды да «Тағут» деп атайды. Ал жансыз зат иман келтірген немесе кәпір деп атала алмайды, өйткені бұл сипаттама оларға қатысты қолданылмайды.
Қорытынды шығарайық.
Тағут деп аталған адамды күпірлікте айыптаудан бұрын мыналарды анықтап алу керек:
— Егер адам қандай да бір нәрседе шектен шыққан болса, яғни «туғйән» жасаған болса, оның осы әрекеті оны күпірлікке дейін алып барды ма? Осыдан шыға келе, «туғйәнның» әрбір оқиғасы жеке қаралуға тиісті.
— Ол не үшін Тағут деп аталды? Шектен шыққандықтан ба, әлде адамдар ол арқылы шектен шыққандықтан ба, әрі ол соны мақұлдады ма, әлде жоқ па? Өйткені оның өзінің мұны мақұлдауы өте маңызды, өйткені кәпірлер Исаны және Мариямды (Аллаһтың оларға сәлемі болсын) олардың өздерінің қалауынсыз құдайлық сипатқа бөлеп, оларға құлшылық ете бастады, алайда Иса да, Мариям да Тағут болып табылмайды!
Ал енді бұл жөнінде ғалымдар не дегеніне қарайық.
1. Тағут деп тек кәпір ғана емес, адасушылықтың кез келген жетекшісі де аталатынын растау.
Ғалымдардың айтқандарынан «тағут» сөзі тек кәпірлерге ғана емес, адасушылықтың жетекшілеріне де қатысты қолданылатыны айқын көрінеді.
Әл-Жәухари, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — сәуегей-балгер, Шайтан және адасушылықтың кез келген жақтаушысы». Қз.: «Мухтар әс-сыхах», 265-бет.
Ал Ибн Мәнзур, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — Аллаһ Тағаладан өзге құлшылық етілетін барлық нәрсе және адасушылықтың әрбір жетекшісі де — Тағут». Қз.: «Лисан әл-араб», 7-том. 444-бет.
Атақты ғалым әл-Фәйрузабади, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — бұл әл-Ләт, әл-Узза1, көріпкел, Шайтан және адасушылықтың кез келген жетекшісі, және пұттар, және Аллаһтан өзге құлшылық етілетіннің барлығы, және Кітап иелерінің ішіндегі жауыздар».
Әл-Куртуби, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «“Біз әрбір үмметке, олар Аллаһқа (ғана) құлшылық етіп, Тағуттан алшақтау үшін елші жібердік” (ән-Нәхл 16: 36), — яғни Аллаһтан басқа құлшылық жасалатын, Шайтан, көріпкел, пұт, және кез келген адасушылыққа шақырушы сияқты кез келген затты (объектіні) қалдыру». Қз.: «Әхкәм әл-Қуръан», 10-том, 103-бет.
Мукатиль, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут – бұл Ка‘б ибн әл-Әшраф және Хуйай ибн Әхтаб, сондай-ақ адасушылықтың қалған жетекшілері». Имам әл-Бағауи «Әт-тафсир», 1-том, 446-бет.
Са‘ид ибн Жубайр және Абу әл-‘Алийя, Аллаһ оларды рақым етсін, былай деген: «Джибт — сиқыршы, ал Тағут — көріпкел (сәуегей-балгер)».
Әл-Алюси, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут деп құлшылық жасалатын заттардан (объектілерден) және тек олардан ғана емес болған кез келген жалған нәрсе аталады». Қз.: «Рух әл-мә‘ани», 5-том, 55-бет.
Әш-Шәукани, Аллаһ оны рақым етсін, «…кім Тағуттан бас тартып, Аллаһқа иман келтірсе, ол ешқашан сынбайтын ең сенімді тұтқадан берік ұстанды» (әл-Бақара 2: 256) деген аятқа қатысты: «Яғни: кім өзіне тура жол адасушылықтан айқындалған соң, Шайтанға, немесе пұттарға, немесе көріпкелдерге және адасушылықтың жетекшілеріне, немесе тұтас олардың барлығына иман келтіруді қойып, Аллаһ Тағалаға иман келтірген болса, сол жетістікке жетті және сенімді әрі берік тұтқадан ұстанды», - деген. Фатх әл-Қадир. 1-том, 276-бет.
Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — Аллаһтың құлы соған құлшылық етіп, ілесіп, немесе бағынып, сол арқылы шекараны бұзатын және шектен шығатын барлық нәрсе. Әрбір халықтың Тағуты – Аллаһтан және Оның Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге шешім шығару үшін жүгінетіндері, немесе Аллаһтан өзге құлшылық ететіндері, немесе Аллаһтың үкімінсіз олардың ізінен ілесетіндері, немесе Аллаһқа мойынсұну болып табылатынын, немесе табылмайтынын өздері білмейтін нәрселерінде оларға бағынатындары. Тағуттар бүкіл дүние жүзінде бар, әрі егер назар салсаң, онда дүние жүзінде Тағутқа құлшылық етушілер Аллаһқа құлшылық етушілерден және Тағутқа шешім үшін жүгінетіндер Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһты игілігі мен сәлемі болсын) жүгінетіндерден, және Тағутқа бағынып, оған ілесушілер Елшіге бағынып, оған ілесушілерден көп екенін міндетті түрде көресің». Қз.: «И’ләм әл-мууаққиин», 1-том, 50-бет.
Шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уәһһаб былай деп айтатын: “Тағуттар көп, және олардан бесеуі бізге айқын: Біріншісі – бұл шайтан, сондай-ақ зұлымдықпен үкім ететін, өсім жейтін, өзіне (адамдар) құлшылық ететін және соған ырза болатын және білімсіз амал ететін!” Қз.: «әд-Дурару-с-сәния», 1-том, 137-бет.
2. Ғалымдар Тағут деп ол арқылы «туғйән» жасалатынды да, соның ішінде жансыз заттар да бар, атайтынын растау.
Мәлик, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — Аллаһтан өзге ғибадат жасалатын барлық нәрсе». Қз.: «Мә‘ани әл-Қуръан», 2-том, 111-бет.
Ол сондай-ақ былай деген: «Джибт және Тағут — Аллаһтан өзге ғибадат, мойынсұну және оның алдында иілген түрде тұру арқылы ұлықталатындардың: олар тас, адам немесе Шайтан болсын - барлығының атауы». Қз.: «Мә‘ани әл-Қуръан», 5-том, 132-бет.
Ал, Ибн Жәрир, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут туралы барлық пікірлердің ең дұрысы, менің ойымша, бұл – Аллаһтың шекарасын бұзғанның және Аллаһтан өзге, не күштеп, не құлшылық етушінің оған сырттай бағынуы арқылы, ғибадат жасалатынның әрбірі. Бұл ғибадат арналатын нәрсе (объект) – адам да, Шайтан да, пұт та, тастан қашалған жансыз тұлға да немесе басқа да нәрсе болуы мүмкін». Әт-Табари, «Жәми‘ әл-Баян фи тәуил әл-Қуръан», 3-том. 19-бет.
Ибн әл-Жәузи, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Ибн Кутайба былай деген: "Құлшылық жасалатындардың, олар: тас, бейне немесе Шайтан болсын - барлығы - Джибт пен Тағут"».
Осындай пікірді әз-Зажәж және араб тілінің білгірлері ұстанған.
Әс-Са‘ләби, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: “«Тағут» сөзінің мағынасына қатысты түрлі пікірлер бар. ‘Умар ибн әл-Хаттаб және басқалар: «Бұл - Шайтан», - деген. Сондай-ақ «бұл – сиқыршы» деп те айтылады. Тағы бір пікір: бұл – көріпкел-сәуегей. Тағы бір пікір: бұл – пұттар. Ал, кейбір ғалымдар: «Аллаһтан өзге құлшылық жасалатынның барлығы - Тағут», - деген. Бұл сөзбен Аллаһтан өзге құлшылық жасалатын және олардың өздері осыны мақұлдайтын, мысалы, Перғауын және Нәмруд сияқтыларды атау дұрыс болады. Ал, өзіне құлшылық етуді мақұлдамайтын және мұны қаламайтындарға қатысты айтар болсақ, онда олар – тек өздеріне құлшылық жасап жатқандарға қатысты ғана Тағуттар"». Қз.: «Жәми‘ әл-Бәян фи тауил әл-Қуръан», 1-том, 203-бет.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймийя, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Бұл – тұтас түрдің атауы. Оған Шайтан, пұт, көріпкел-сәуегей, дирхем, динар және басқалар жатады». Қз.: «Мәжму‘ әл-фатауа», 16-том, 565-566 беттер.
Он сондай-ақ былай деген: «Тағут — бұл лайықсыз ұлықталатынның барлығы».2
Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — Аллаһтан өзге ғибадат етілетіннің барлығының атауы және әрбір Аллаһқа серік қосушының (мушриктің) құдайы да Тағут болып табылды». Қз.: «Мәдариж әс-сәликин», 3-том, 482-бет.
Аллаһтан өзге ғибадат жасалатын кез келген зат (объект), тек егер оған оның қалауы бойынша ғибадат етілмесе, Тағут болып табылады. Тура сол үшін де Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сахих хадисте пұттарды тағуттар деп атады: «Ақырет күні адамдар жиналады және Ол: «Әрбіреу өзінің құлшылық еткенінің ізінен ілессін!», - деп айтады. Әрі олардың кейбіреулері Күнге, кейбіреулері Айға, кейбіреулері өздері құдай деп санағандарына (тағуттарға) ілеседі және бұл үммет өзінің екіжүзділерімен бірге қалады». «Әл-Бухаридің орыс тіліндегі қысқаша мазмұндамасы», № 437-хадис.
3. Ғалымдардың кейбір күнәһарларды Тағут деп атағанын растау
Әр-Рағиб әл-Әсфахани, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Тағут — бұл Аллаһтың шекарасын бұзатынның әрбірі және Аллаһ Тағаладан өзге құлшылық жасалатынның әрбірі. Сондықтан да сиқыршыны, көріпкел-сәуегейді, жындардың арасынан Аллаһ Тағалаға қарсы көтерілетіндерін, сондай-ақ адамдарды игілік жолынан бетін қайтаратындардың барлығын осылай деп атайды». Қз.: «Муфрадат әл-Қуръан».
Ол сондай-ақ былай деген: «Тағут — “туғйән” сөзінің фә‘алют формасы... Ал, “туғйән” — бұл шектен шығу және шекараларды бұзу, яғни зұлымдық пен жәбірлеу». Қз.: «Мәжму‘ әл-фатауа», 28-том, 200–201 беттер.
Ән-Нәххас, Аллаһ оны рақым етсін, былай деген: «Джибт және Тағут, тіл білгірлерінің пікірі бойынша, бұл – Аллаһтан өзге құлшылық жасалатынның, немесе Аллаһқа мойынсұнбаушылық болатындай етіп бағынатынның немесе оның алдында иілушілік танытылатынның барлығы». Қз.: «Мә‘ани әл-Қуръән», 2-том, 111-бет.
Ол сондай-ақ былай деген: «Тағуттар көпшілік, бірақ айқыны – бесеу. Бұл Шайтан, әділетсіз үкім шығарушы, пара алушы, оның келісімімен және мақұлдауымен оған құлшылық жасалушы, және білімсіз амал етуші». Қз.: «Әд-дурар әс-сәнниййә», 1-том, 137-бет.
«Әл-усуль әс-сәләсә» («Үш негіз») кітабына шарх жазған имам Ибн 'Усаймин, былай деген: «Адасушылық пен күпірлікке, немесе бидғаттарға, немесе Аллаһ харам еткен нәрселерді хәлал етуге, немесе Аллаһ хәлал еткен нәрселерді харам етуге шақырып, жауыздықты насихаттайтындардың барлығы - Тағуттар». "Шарх «әл-усуль әс-сәләсә»".
Ол, Аллаһ оны рақым етсін, басты және айқын Тағуттарға жауыз әмірді, пара алушы адамды, сондай-ақ білімсіз амал етушіні жатқызған, ал бұл істің барлығы кіші күпірлікке жатады, және осыған қатысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер жоқ. Мұның үстіне, пара алушы, егер ол бұл істі хәлал деп санамаса, кәпір болып табылмайтынына ғалымдар бірауызды келісімде.
Жоғарыда айтылғаннан «Үш негіз» кітабының авторы Тағут – бұл тек қана кәпір деп айтпағаны шығады. Жоқ, ол, сондай-ақ, бұған адасушылықтың, бұзақылық пен бұзықтықтың жетекшілерін, мысалы, пара алатынды, білімсіз амал ететінді, және әділетсіз түрде үкімдер шығаратынды, тіпті сөз сот немесе мұғалім т.б. туралы болып тұрса да, жатқызды.
Осыдан «тағут» деген ұғым өзіне кәпірді, адасушылық пен бидғаттардың жетекшілерін, сондай-ақ үлкен күнәлар жасайтын адамдарды қамтитыны шығады. Сондықтан (осы) кітаптың авторына да, басқаға да ол залым патшаны, немесе Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім шығармайтынды кәпір деп есептейтінін ол оларды Тағуттарға жатқызды деген сылтаумен телуге болмайды.
Өйткені ол ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша кәпір болып табылмайтын пара алушыны да «тағут» деген сөзбен атады ғой...
4. «Үш негіз» кітабының авторының, Аллаһ оны рақым етсін, пікірі бойынша «тағут» сөзінің мағынасы:
Ол өзінің кітабының қорытындысында былай деген: «Ибн әл-Қайим, Аллаһ Тағала оған рақым етсін, былай деген: «Тағут – бұл оған құлшылық жасау, ілесу немесе бағыну жолымен ол арқылы шектен шығатын нәрсенің барлығы. Тағуттар көп, ал бастылары – бесеу:
1) Иблис, оған Аллаһтың лағынеті болсын;
2) Кімге құлшылық жасалса және ол осыны мақұл көрсе;
3) Ғайыптан қандай да бір нәрсені білетіндігін жариялаушы;
4) Адамдарды өзіне құлшылық қылуға шақырушы;
5) Аллаһтың түсіргенінен басқамен үкім шығарушы. Мұны Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды: “Дінде күштеу жоқ. Тура жол адасушылықтан ажыратылды. Кім Тағутқа иман келтірмей, Аллаһқа иман келтірсе, ол ешқашан сынбайтын ең сенімді тұтқадан берік ұстанды. Аллаһ – Естуші, Білуші ” (Әл-Бақара 2: 256). Және бұл – «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ» сөзінің мағынасы». Қз.: «Әд-дурар әс-суннийя», 1-том, 136-бет.
Автор бұған Аллаһтың түсіргенінен басқамен үкім ететінді де жатқызды, бұл іс-әрекет өздігінше, егер онымен белгілі алғышарттар қабаттасып келмесе, ғалымдардың келісілген пікірі бойынша кіші күпірлікке жатады, бұл жөнінде Ибн ‘Абд әл-Барр айтқандай. Бұл жөнінде біз кейінірек әңгіме қозғаймыз.
Автор сондай-ақ былай деген: «Тағут — Аллаһтан өзге құлшылық жасалатынның және ол осыны мақұлдайтынның әрбірінің жалпы атауы, бұл – Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнбаушылық болып табылатын нәрселерде құлшылық етілетін, ілесетін немесе бағынатын зат (объект) болуы мүмкін. Тағуттар көп, ал бастылары – бесеу:
1) Аллаһтан өзгеге құлшылық етуге шақыратын Шайтан;
2) Аллаһтың заңдарын өзгертуші зұлым жауыз-әмір;
3) Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім етпеуші;
4) Ғайыпты білетіндігін жариялаушы;
5) Аллаһтан өзге құлшылық жасалушы және ол осыны мақұл көруші». Қз.: «Әд-дурар әс-сәнийә», 1-том, 161–162 беттер.
«Үш негіз» кітабының авторы басты Тағуттарға Аллаһтың заңдарын өзгертуші жауыз-әмірді және Аллаһтың түсірген нәрсесімен үкім етпеушіні жатқызды. Мұның үстіне, белгілі алғышарттармен қосақталмаған түрдегі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім шығармаудың өзі, сондай-ақ билік жүргізудегі зұлымдық, ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша, кіші күпірлікке жатады.
Осы түсіндіруден соң оқырман тағут деп аталғанның әрбірі кәпір бола бермейтінін түсінген болар деп үміт етеміз. Алайда, өкінішке орай, кез келген адамды азғантай-ақ күдікпен кәпір деп айыптауға асығатын адамдарды көреміз, тіпті айтылған сөз жалпы сипатқа ие болып, нақтылауды меңземесе де.
Адамдарды дәлелсіз күпірлікте айыптаушыға ‘Абдуллаһ ибн ‘Умардан жеткен хадисте келтірілген Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына айтқан сөздерін еске алу жетіп асады: «Егер адам өзінің бауырын кәпір десе, онда оның біреуі сондай болады: не оның бауыры шындығында да сондай, не бұл олай емес, ал онда оның айыптауы өзіне қайтады» 3. Әл-Бухари, хадис № 6104; Муслим, хадис № 213.
Сондықтан мұндай мәселелерде сақтық керек.
5.Тағутты теріске шығару қалайша іске асырылады
Құл өзінің жаратылуының мақсатын екі-ақ нәрсені орындауымен іске асырады.
Бірінші ереже: Аллаһқа ықыласты түрде құлшылық ету, әрі бұл – «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ деген» куәліктің қажетті талабы.
Екінші ереже: Біз ғибадатты (дұрыс) іске асыруымыз үшін Аллаһ бізге жіберген Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесіп-еру, әрі бұл – «Мухаммад – Аллаһтың Елшісі» деген күәліктің қажетті талабы.
Ғибадат өзі арналатын нәрсеге (объектке), яғни Пәк Аллаһ Тағалаға тікелей қатысты махаббатқа, мойынсұнуға, қорқуға және үмітке негізделеді.
Егер амал Аллаһқа деген махаббатпен, қорқумен және үмітпен емес, зиян мен азғыруды тойтару үшін, немесе қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін жасалса, бұл – ғибадат болып табылмайды, тек егер сөздер мен амалдар тыйым салынған, адамды Исламнан шығаратын болып табылмаса ғана. Ал мұндай жағдайда адам Аллаһқа деген махаббаттың, қорқудың және үміттің негізінен жұрдай болып, Исламнан шығады, және өзінің қалауларының құлына айналады, ал ол бұған кері нәрселерді айтқан болса, онда Аллаһ құпия және жасырын болғанның барлығын біледі.
Тағутты теріске шығару «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты кұдай жоқ» деген куәліктің екі тірегінің (рукінінің) бірі болып табылады.
6.Тағутты теріске шығару жүрекпен, тілмен және дене мүшелерімен іске асырылады.
Тағутты жүрекпен теріске шығару: бұл - Аллаһтан өзге шынайы құлшылық етілетін Раббы және құдай жоқтығына және Одан өзге барлық раббылар, құдайлар және құлшылық етілетін заттар өтірік екендігіне кәміл сену. Сондай-ақ Жалғыз, барлық нәрсеге Күші жетуші Аллаһтан өзге қандай да бір нәрсе үшін қандай да бір құлшылық түрін арнауға тыйым салынғандығына кәміл сену қажет.
Тағуттарға қатысты, олар кәпірлер болса да, немесе адамдарды адасушылыққа жетелейтіндер болса да, жек көрушілік сезіну керек. Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) теріске шығарғанды теріске шығару қажет дегенге кәміл сену керек.
Тағутты тілмен теріске шығару: бұл Тағуттан, оған құлшылық етуден, кәпірлердің салт-дәстүрлерінен және олардың өздерінен бас тартумен іске асады. Негізінен, егер адам бұл істердің біріне араласқан болса және осы үшін тәубе еткенінен кейін мұны жариялау қажет болса, немесе ол жек көрінішті нәрсені көріп, басқалар оны теріске шығармаса да, оны тілмен түзеткендерден болса, онда Тағуттан бас тартқандықты тілмен білдіру жеткілікті болып табылады.
Тағутты дене мүшелерімен теріске шығару: бұл - Тағутқа құлшылық етуден алыстаумен, Аллаһтан өзге біреуге қандай да ғибадат түрін жасаудың болмауымен және мүмкіндігінше Тағуттың құлдарымен куресумен іске асырылады.
Жоғарыда аталып кеткендердің барлығының дәлелі ғалымдардың теріске шығарудың анықтамасына, Ислам тыйым салған амалдарға, Тағутты теріске шығарудың формаларын түсіндіруге қатысты айтқан сөздері және осыған туралы жеткізілген хадистер болып табылады.
Ибн Касир «Кім Тағутқа иман келтірмей, Аллаһқа иман келтірсе, ол ешқашан сынбайтын ең сенімді тұтқадан берік ұстанды» деген аятқа жасаған тәпсірінде былай деген (1-том, 312 бет): «Бұл - Аллаһқа теңдестірілетіндерді, пұттарды, шайтан оларға құлшылық етуге шақыратын нәрселерді, және Жалғыз, барлық нәрсеге Күші жетуші Аллаһтан өзге құлшылық жасалатынның барлығынан бас тартушы және Жалғыз Оған ғана құлшылық етуші, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік етуші. Ал «...ол ешқашан сынбайтын ең сенімді тұтқадан берік ұстанды» деген сөздерге келер болсақ, бұл осы адам Аллаһқа қызмет етуде берік екендігін және өнегелі әрі тура жолды ұстанатынын білдіреді».
Имам Мухаммад ибн ‘Абд әл-Уәһһаб, Аллаһ оған рақым етсін, «Бірқұдайшылық» кітабында былай деген: «4. Ең маңызды мәселе мынада: осы жағдайда Джибт пен Тағутқа деген сенім нені білдіреді? Бұл сенім жүректегі нық сенім болып табылады ма? Немесе бұл – осыған іштей жүрекпен жек көрушілікті сезініп және осының негізсіз екендігіне кәміл сенімді болып, осыған сенгендерге тек таза еліктеушілік қана ма?»
Имам Ибн 'Усаймин бұл сөздерге түсіндірме жасап, былай деген: «Жүректің иманына және оның сеніміне қатысты айтар болсақ, олар бұл аятқа кіретініне күмән жоқ. Ал осыған жүрекпен жек көрушілікті сезініп және осының негізсіз екендігіне кәміл сенімді болып, осыған сенгендерге тек сырттай ұқсауға келер болсақ, бұл жайт егжей-тегжейлі мазмұндауды талап етеді. Егер бұған сенгендерге ұқсау (еліктеу) «осы – ақиқат» деген тұжырымға негізделсе, онда бұл – күпірлік. Бірақ егер еліктеуші мұның ақиқаттығына сенбесе, ол кәпір болып саналмайды. Алайда, күмәнсіз, ол өте үлкен қауіп-қатер жағдайында тұр және бұл кейпі оны күпірлікке алып келуі мүмкін деген қатер бар. Аллаһ бізді (бұдан) сақтасын!» Қз.: «Бұл үмметтің бір бөлігі пұттарға құлшылық етеді» деген тарауға қатысты дұрыс сөз.
Шейх Сулейман бин ‘Абдуллаһ былай деген: “«Тағутты теріске шығарудың» мәні — бұл Аллаһқа теңдестірілген Аллаһтан өзге шын жүрегімен жалбарынатын құдайларды да қабылдамай қайтару, оларға қатысты көпқұдайшылық жасаудан бас тарту, және оларға деген жеккөрушілік пен өшпенділік”. Қз.: «Тайсир әл-Азиз әл-Хамид», 100-бет
Ол былай деген (54-бет): ”Бұл «Аллаһтан өзге құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ» деген куәліктің мағынасы. Бұл – Аллаһқа құлшылық ету және Аллаһтан өзге кімге болсын құлшылық етуден бас тарту. Бұл – Тағутты теріске шығару және Аллаһқа иман келтіру”.
Ол сондай-ақ былай деген: «"Тағутты теріске шығару" деген ұғымына оған деген жиіркеніш, сондай-ақ оған құлшылық жасаудың кез келген түріне наразы болу жатады». Қз.: «Тайсир әл-‘Азиз әл-Хамид», 34-бет.
Жоғарыда айтылғаннан Тағутты теріске шығару Бірқұдайшылықты тазартумен және Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізінен ілесумен, сондай-ақ иманды жарамсыз ететін сөз, іс және сенім амалдарынан алшақ болумен орындалатыны айқын болады.
Алайда «тағут» деген сөз адамды Исламнан шығаратын мызғымас ереже болып табылмаса да, оны қолданатын жағдайлар бар екендігін ескерту қажет. Белгілі жағдайларда адам бұл күнәні іс жүзінде жасаса да, Тағутты теріске шығару мұның негізсіз (бекер) екендігіне деген сеніммен ғана іске асады.
Мысалы, шейхуль-Ислам Ибн Таймийя былай деген: «Тағут — бұл оның құрамына шайтан, пұт, көріпкел-сәуегейлер, дирхам, динар және басқалар кіретін атау». Қз.: «Мәжму әл-фатауә», 16-том, 565-566 ,беттер.
Егер дирхам мен динарға деген махаббат тағдырға наразы болу және сабырсыздық сияқты тыйым салынған іс-әрекеттерге итермелесе, онда ол Тағутқа айналады, әрі оны теріске шығару «парыздарды тастаудың салдары болып табылатынның барлығына шариғат тарапынан тыйым салынған» деген нық сеніммен іске асырылады. Адам байлықты сүйген кезде ол оны харам іске салғанға дейін (дінде) кемістіктер жібереді және салғырттық танытады. Және ол динар мен дирхамға деген махаббатының себебімен наразылық және сабырсыздық сынды тыйым салынған істерді істей береді.
Осы және басқа да көптеген мысалдардан тағуттарды теріске шығару мұның және мұның салдарының негізсіз (бекер) екендігіне деген сеніммен іске асырылатыны шығарылады. Бұл – иманды имансыздықтан ажырататын шекара.
Осының салдары болып табылатын, амалдарда кемістік жіберуге келер болсақ, бұл адамды Исламнан шығармайды. Бұл - адамның міндетті бұйрықтарды орындауда кемістік жіберуінде және күпірлік, ширк немесе діннен шығу болып табылмайтын харам істерді істеуде көрініс табады.
Соңында Аллаһ Тағалаға мадақ айтып, Одан өзімді және барша мұсылмандарды кешіруін сұраймын!
Абу ‘Умар Салим әл-Ғаззи
www.svet-islama.com
25. 03. 1431 һ.ж.
Достарыңызбен бөлісу: |