Тақырыбы : Аталар сөзі- тәрбие көзі Уақыты



бет1/3
Дата10.04.2024
өлшемі19.68 Kb.
#498277
  1   2   3
Аталар сөзі


Тақырыбы :Аталар сөзі- тәрбие көзі
Уақыты:28.09.2023
Сынып: 4 Б
Сынып жетекшісі: Утепбергенова Анархан
Мақсаты: ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қарттардың кеңесіне құлақ түре отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оқушылар өнерін шыңдау.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, үш бидің суреттері, мақал-мәтелдер, тиым сөзер.
Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге ,
Құрметпенен біз.
ІІ.Кіріспе
1-жүргізуші
Достым, бүгінгі тәрбие сағаты ерекше сияқты, айналаңа қарасаң саған бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне қонаққа келген ұлағатты ұстаздар мен жолдастарымның алдында бір түрлі қиналып тұрмын.
2-жүргізуші_Несіне_қиналып_тұрсың_Алдымен_амандасайық._«Сөз_атасы_-_сәлем»_деген_емес_пе__жүргізуші__Армысыздар_ұстаздар!'>2-жүргізуші
Несіне қиналып тұрсың? Алдымен амандасайық. «Сөз атасы - сәлем» деген емес пе?

  1. жүргізуші

Армысыздар ұстаздар!
2-жүргізуші
Бармысыздар, балалар! Қош келдіңіздер.
1-жүргізуші
Бүгінгі өткізгелі отырған «Атаның сөзі – ақылдың көзі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
2-жүргізуші
Бүгінгі тәрбие сағатына келгендеріңізге тіпті ренжімейсіздер, ссебебі бүгін көптеген аталы сөздермен, ақылдың кені бабалар өсиетімен танысасыздар.
1-жүргізуші
Иә, туған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ.
Ата сөзін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң.
Тістерсің бір күн бармақты.
Ең алдымен тәрбие сағатының жопарымен таныстырып өтейік
1.Ырым-тиымдарды білеміз бе?
2.Ескірмейтін есті сөз
3.Наақыл сөз- ақыл сөз
4.Шешендік сөздер
5.Алтын алма – бата ал
1-жүргізуші
Адамның сәні- өнер-білімі ақылы,
Жердің сәні- жеміс, өнім дақылы.
Сөздің сәні - өнегелі өткір нақылы.
Пікірдің сәні- ең пайдалы мақұлы- деп сөздің сәні мақал-мәтелдер мен тиым сөзер айтамыз
Кезекті оқушыларға берейік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет