Тақырыбы: 5 сыныптарға арналған қызықты математика (5-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы) Түсінік хат



бет1/2
Дата26.09.2023
өлшемі18.56 Kb.
#478728
түріБағдарламасы
  1   2
факултатив 5 сынып


Тақырыбы: 5 сыныптарға арналған қызықты математика
(5-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы)
Түсінік хат
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 5,6-сынып оқушыларына арналып құрылған қосымша курстың тақырыбы «5,6 сыныптарға арналған қызықты математика » деп аталады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді.
Мақсаты:
Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейту.
Жалпы логикалық –ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Математикалық білімге қызығушылығын арттыру.
Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту.
Математиканың өмірмен байланысын көрсету.
Пәнаралық байланыс: тарих
Күтілетін нәтиже:
Логикалық есептерді шығару;
Тапқырлыққа, зеріктікке берілген есептерді шығара білу;
Оқушыларды есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
Ұжыммен, жеке жұмыс жасап үйренеді;
Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейтеді;
Математикалық білімін толықтырады.
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны 36, аптасына 1 сағат
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия
Сабақты өткізудің формалары: Математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар, ізденіс сабақтар.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, жұппен, топпен.
Қорытындылау формасы: Сыныптан тыс іс-шара өткізу, шығармашылық сабақтар, «Жас математиктер» газетін шығару, тест өткізу, математикалық олимпиада өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет