Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы



бет7/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

4. Басқарудың қажеттілігі. Нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, меншік формаларының сан алуандығы, шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі. Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.
Қазіргі кезеңде басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағыттары мен олардың даму тенденциялары туралы төмендегі түсініктеме беруге болады:

  1. Басқарудың кәсіптілігін дамыту, яғни теориялық білім мен іскерлік және тәжірибені ұштастыра білу;

  2. Басқаруды демократияландыру – қызметтің орындалу барысымен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;

  3. Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, яғни сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түрлеріне бөліне отырып, басқару персоналының жіктелінуі;

  4. Басқаруды шоғырландыру арқылы мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістерімен формаларын өзара сәйкестендіру мен үйлестіру;

  5. Басқаруды орталықтандыру мақсатында қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтың бір органға жинақталуы жөнінде тиімді аралық қарым қатынастың орнықтырылуы;

  6. Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтың жол бермеуі;

  7. Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моральдік, этикалық, құқықтық нормаларды кеңінен қолдану.



3. Ұйымды тиімді басқарудың сипатты белгілері
Ұйымды тиімді басқарудың сипатты белгілеріне экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық құрылғылар жатады.
Экономикалық тұрғы өз құрамында өндірістік процестерді басқаруда, көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын үйлестіруді қамтиды.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғы ұйым алдында қойылған мақсатқа жетуде сол ұйымның барлық қызметкерлерін ұйымдастыру мен басқаруда орын алатын ерекше топтың қызметін белгілейді. Бұған басшы мен бағынышты арасында байланысты реттейтін билік жүйесі, қоғам мәдениеті мен дәстүрін, кәсіпорын бағалылықтарын бейнелейтін әлеуметтік функция енеді.
Құқықтық тұрғы басқарудағы мемлекеттік, саяси, экономикалық институттар құрылымын, олардың жүргізетін бағыттарын және анықтаған заңдылықтарын көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-техникалық тұрғы өз құрамына орын алған жағдайды дұрыс бағалау, міндеттерді тұрақты белгілеу, оған жетудегі стратегияны қабылдау және қажетті ресурстарды реттеу, тиімді жобалау мен ұйымдастыру және де бақылау мен ынталандыруды енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет