Тақырыбы: «Бірлік – түбі тірлік» Сыныбы: 4 «А» Мұғалім



бет3/4
Дата29.05.2022
өлшемі27.94 Kb.
#458786
1   2   3   4
Күшіміз бірлікте

Мәтін бойынша сұрақтар:

  • ˗Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?


  • ˗ "Бірлік болмай, тірлік болмас"˗ деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • Cонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді.

  • Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.




    • Иә, қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Қазақ өз тарихында бірліксіз тірлік қылғанда ғана қапыда қалып отырды. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын "бірлік болмай тірлік болмас", "бірлік түбі - береке", "алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деп түйген. Бірлік түбі - береке. Иә, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш - күншілдік, іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан, ел тізгінін қолына ұстаған адамдар - ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген.

    (осы мәліметтерді айта отырып, интерактивті тақтадан бірлік – түбі тірлік жайлы суреттер көрсетіледі)





    • Ал, балалар, тақырыбымыз жайлы көптеген мәліметтер ала алдыңдар деп ойлаймын. Ендеше, менің сендерге дайындаған көптеген тапсырмаларым мен ойындарым бар. Ол үшін ең алдымен топқа бөліну қажетпіз.

    «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен.
    Ал енді топты екіге бөлейік. «Бірлік», «Достық» топтарына бөлеміз. Енді тобымыздың достық, бірлік жайлы өздерінің ой - толғамдарын тыңдап көрейік, қане кімнің достық жайлы қандай пікірде екенін білейік? Қай топтың ойы ұшқыр екен?.

    «Достық» тобы Дос қандай болу керек?


    «Бәрлік» тобы Бірлік дегенміз не? Стикерге жазып тақтаға ілеміз



    • Келесі тапсырмам «Тауып көр» ойыны топпен орындалады. Қазір, интерактивті тақтадан мақал-мәтелдер шығады. Сендер топтарыңмен біріге отырып, сол орындарға сөздер қоясыңдар. Ең көп жауап берген топқа ынталандыру мақсатында жұлдызшалар беретін боламын.

    1. Ынтымақ түбі - ........ (береке)


    2. Бірлік түбі - ....... (мереке) 


    3. Бірлік болмай- ............. (тірлік болмас)


    4. Ырыс алды- ............ (ынтымақ)


    5. Тату елдің............. таусылмайды (тамағы)


    6. Берекені .......... тілеме (көктен)


    7. Ауылы бірдің —........... (ауызы бір)


    8. Теңге — тиыннан,


    Ынтымақ —........... (ұйымнан)

    9. Бір жеңнен ........... (қол шығар)


    Бір жағадан ...........(бас шығар)

    10. Ынтымақ —.......... (бұзылмайтын қорған)


    Қосылып еккен ағаш —...... (орман)
     Пікір талас сұрақтары:
    1. Досы көпті жау алмайды дегенді қалай түсінесіздер?
    2. Нағыз достық, шынайы махаббат кездесе бермейді деген пікір бар. Осы пікірге сіздің ойыңыз қалай?
    3. Досым үшін бәрін құрбан етуге дайынмын. Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын деген сөз әрқашан да әділ, дұрыс деп санайсызба?
    4.Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
    5.Дос қандай болу керек?
    6. «Достық көмек» дегенді қалай түсінесіңдер?
    7. "Бірлік болмай, тірлік болмас"˗ деген мақалды қалай түсінесіңдер?
    8. «Күшіміз бірлікте» дегенді қалай түсінесің?

    • Жарайсыңдар! 2-топта ойыныға белсене қатыстыңдар.

    • Енді, балалар, сергіп алу мақсатында сергіту сәтін жасасақ қалай қарайсыңдар. Ендеше, барлығымыз орнымыздан тұрып «Біргеміз» атты әнді бірге шырқайық!



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет