Тақырыбы: Әдеби сын
Мақсаты:
Әдеби сын жанрының түрлері мен жанрлық ерекшелігін талдау
Күтілетін нәтиже:
тыңдаушы
- әдеби сын жанрының үлгілерінің ерекшелігін ажыратады;
- әдеби сын мақала жазады.
«
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері
мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру
курсының білім беру бағдарламасы
1
Әдеби сынның көшін бастаған М.Қаратаевтармен бірге С.Қирабаев,
Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Д.Досжанов, С.Бақбергенов,
Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, К.Сегізбаев, К.Көпішев,
С.Мұратбеков, Қ.Сегізбаев, Ә.Бөпежанов, Б.Алдамжаров, С.Дәуітов т.б.
А.Байтұрсынов пен М.Дулатов шығарып тұрған «Қазақ»
газетінің ұлттық рухани
дамуымызда алатын орны ерекше. Газетте сынның барлық жанрлары жетіліп,
айқындала түсті.
Қазақ әдебиеті сынының елеулі жетістіктері саналатын М.Әуезовтің «Әр
жылдар
ойлары», «Уақыт және әдебиет», «Мысли разных лет», С.Мұқановтың «Өсу
жолдары», «Жарқын жұлдыздар», Ә.Тәжібаевтың «Өмір және поэзия»,
Е.Ысмайловтың «Сын мен шығарма», «Жаңа белеске», Б.Кенжебавтың «Шындық
пен шеберлік», Қ.Жұмалиевтің «Стиль - өнер ерекшелігі», М.Қаратевтың «Шеберлік
шыңына», Т.Әлімқұловтың «Жемісті жолда», С.Құттыбаевтың «Шындық пен
шығарма», С.Қирабаевтың «Өрлеу жолында», Р.Бердібаевтың «Әдебиет және
өмір», А.Нұрқатовтың «Идея және образ», т.б. сияқты сын-зерттеу кітаптары жарық
көрді.
Д.Ысқақұлы — əдеби сынға ерте араласқан ғалымдардың бірі. Ғалым-сыншының қазақ əдебиеттану
ғылымы мен сынындағы əрбір еңбегі сыншылдық-эстетикалық, ғылыми-зерттеушілік, əдеби-теориялық
тұрғыдағы талдауда ғылыми тереңдігі жағынан ерекшеленеді. Ғалымның ғылыми зерттеу жүргізу аясы
көбіне көп əдеби сынның теориясы мен тарихын жəне XX ғасырдағы қазақ əдебиетінің келелі
мəселелерін қамтиды. Оның бұл саладағы ізденістері 1967 жылдан бері баспасөз беттерінде үзбей
жарияланып келеді. Қазірде сыншы — əдебиет пен өнердің сан-алуан мəселелеріне арналған 300-ден
астам мақалалардың иесі. Оның «Əдеби көркем сын», «Сын шын болсын», «Сын жанрлары», «Сын
сымбаты», «Сын өнері», «Сынсонар» сияқты бірқатар еңбектерінде əдеби
сынның теориялық
мəселелері қазақ əдебиеттануында алғаш рет арнайы зерттеліп, жеке
ғылым саласы ретінде негізі
қаланды.