Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс



бет3/3
Дата19.05.2022
өлшемі14.13 Kb.
#457645
1   2   3
1513800590 (1) 103937

Ү. «Арба»
ШартыӘр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы бадминтон қалағымен кіші допты түсірмей, допты соғып алып жүру.
ҮІ. «Айналмалы такси»
Шарты: Әр топ өзінің қатысушыларын кезекпен айналып келіп тіркеп алып кетеді де мәре сызығына келеді.
III. Қорытынды бөлім.
Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша бөлімнің қорытындысын есептеп шығарғанша, сіздерге мектебіміздің 6 «А» сынып оқушы, Асқар Әлидің ән шашуын ұсынамыз:
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау, әр отбасына номинациялар беру
(Әділқазылардың сөзі)
1.«Тәрбиелі» отбасы________________________________________________
2. «Қайратты» отбасы_______________________________________________
3. «Талантты» отбасы_______________________________________________
4. «Өнегелі» отбасы_________________________________________________
5. «Жүйрік» отбасы_________________________________________________
6. «Алғыр» отбасы__________________________________________________
7. «Өнерлі» отбасы__________________________________________________
марапаттап, сыйлықтар табыстайды.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет