Тақырыбы: Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде. Мақсаты



Дата13.06.2016
өлшемі68.5 Kb.
#133742

  1. Тақырыбы: Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде.

  • Мақсаты: студенттерді әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде екенін түсіндіру. Оларды демография ұғымымен таныстыру.

  • Дәріс жоспары:

  1. Демография ұғымы туралы түсінік.

  2. Қоғамның демографиялық құрылымы.

  3. Қазақстандағы демографиялық құбылыстардың кейбір даму жағдайлары.

  • Дәріс тезистері:

Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді. Осылардың ішінде демография ерекше орын алады. Демография гректің «demos» - халық, «gzafo» - жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан.

Халық кең мағынасында (немесе ел - жұрт) адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс - әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, сөйтіп жалпы халықтың әр түрлі қозғалыс, өзгерістерін (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске әсерін, т.б.) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты. Халықтың санын, құрылымын және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография ғылымы, дәлірегі, оның ішінде демографиялық статистика зерттейді. Кейінгінің негізін ғылыми экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды.

Ғылыми саяси экономия теориясына сәйкес әрбір тарихи өндірістік тәсілдің өзіне тән халықтың өсіп - өну заңы болады. Халықтың жұмыссыздығы, оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның экономикалық даму заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың өсуі қоғамның метериалдық жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның негізі қозғаушы күші бола алмайды. Сонымен, демография халықтың алуан түрлі ерекшелік сипаттамаларын еске ала отырып, оның сандық заңдылықтарын зерттейді. Халықтың сан жағынан қанша, адам белгілі бір мамандықта, қанша адамның белгілі бір деңгей - дәрежеде білімі бар; екінші жағынан, демография адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы, белгілі бір орындалып жатқан қызмет тұрғысынан халықтың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі – нақтылы адам. Оның өмір – тіршілігінде физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, әсіресе, оның тұрғын орны, отбасы жағдайы, қызмет түрі, мамандығы, жұмыс орны, қоғамдық жағдайы, білімі, тілдерді білуі, т.б. біртіндеп өзгеруі мүмкін. Жеке адамдардың кейбір сипаттамаларының өзгеруі жалпы халықтың сиапттамасын зерттейді. Мысалы, неке үйленушілердің қатарын көбейтіп, бойдақтардың санын кемітеді. Жеке адамдардың меке – тұрағын ауыстыруы – яғни миграция – халықтың құрамына, санына әсер ететін үлкен фактор. Халықтың саны, оның құрамы туу, өлу сияқты биологиялық заңдылықтарға сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Халықтың санын, құрылымын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор маңызы бар, кейбір ғалымдар демография мен демографиялық статистиканы ұқсас ұғымдар деп есептеп, бір – бірімен шатастырады. Бірақ демографиялық ұғымның мазмұны анағұрлым кең; оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы байланысты, заңдылықты ашуы керек, бұл үшін қоғамдағы елеулі қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

Ал, демографиялық старитстика (Халық статистикасы) – білгілі бір халықтың санын, құрамын, орналасуын және өзгеріс – қозғалысын немесе оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өндеуге, баяндауға және талдауға статистикалық тәсіл қолданылатын статистика саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын, бір жерден екінші жерге қоныс аударуын зерттейді. Халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөнінде ең дәл және егжей – тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және жыныстық жасына қарай құрамы арнаулы есептеулер арқылы анықталады. Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректер АХАЖ (ЗАГС) органдарында, ал, халықтың қоныс аударғандарын милиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды. Демографиялық статистика халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастырады, санақтың бағдарламасын жасап, қорытындысын, талдайды, халықтың саны мен құрамын зерттейді, балалар өлім – жетімнің, халық өсімінің көрсеткіштерін есептеудің, өмір ұзақтығы көрсеткіштерін есептеудің тәсілдерін жасайды. Халық тығыздығының көрсеткішін есептейді. Демографиялық статистиканың кейбір көрсеткіштерінің халық өсуінің келешегін зерттеуде маңызы зор.

Қоғамның демографиялық құрылымы

Демографиялық құрылым туралы әңгіме болғанда халықтың қандай бөліктерден, әлеуметтік топтардан тұратынын, олардың орналасу тәртібін, араларындағы байланыс, қатынастарын, бір – біріне тигізетін әсерін ескерген жөн.

Нақтылы өмірде «халық» деген ұғымның екі мағынасы бар: 1) Оның біріншісінде, халық кең мағынадағы ұғымды береді, яғни тұтас елді қамтитын ұғымды білдірмек. 2) Қоғамдық дамудың әр түрлі сатыларындағы таптық және топтық, құрамы, жыныс, жас шамалары алуан түрлі болып келетін, тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік үлкен топтардың бірлігі. Бұл ұғымға кіретін таптар мен топтар өзінің объективтік жағдайына қарай қоғамның ілгері дамуына әсерін тигізетін міндеттерді шешіп отыруға қабілетті болып келеді. Халық, сайып келгенде жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы, материалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адамзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың «қате» пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшкерелеп отырады.

Халықтың тарихтағы орнын тұңғыш рет айқындап берген марксизм тұжырымдамасы болды.

Жалпы халық әрбір жеке адамдардың, топтардың, таптардың, ұлттардың, әр түрлі нәсілдерден, жыныстан, жастан құралады, олар әр түрлі қоғамда әр түрлі орын алады, қызмет атқарады, бір жерден екінші жерге көшіп – қонып жүреді, ол туады, өседі, азаяды, т.б. процестер ұдайы болып жатады.

Халықтың құрамы да халықтың өсуі сияқты бірдей емес және бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы, адамның үш нәсілі болады (Европойд, Монғолойд, Негройд). Осы үш нәсіл табиғи заңдылыққа байланысты әр жерде орналасқан. Мысалы, Еуразияның Азия бөлігінде көздері сығырлау, аққұба келген, бойлары аласалау халық тұрады. Батыс бөлігінде сарылау келген, ұзындау, көзі көк халықтар тұрады. Африка құрлығын түрі қара, шашы бұйра халық мекендейді.

Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы аты – тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс – қимылдары ұқсас келетін топты айтамыз.ұлт деп діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады.

Бұл жерде біз басқа халықтар, тіпті көршілес елдер туралы айтпай – ақ, өз халқымыздың, яғни қазақтың жеке хандығы құрылған кезден бастап күні бүгінге дейінгі демографиялық дамуын әңгіме етсек жөн болар еді. Қазақ халқы қаншама өсімтал болғанымен оның өсіп өркендеуінде орасан зор зиянды зардаптарды басынан өткізеді. Олар: Жоңғар шапқыншылығы, 1919 – шы жылғы ұлт - азаттық көтеріліс, азамат соғысы, Голощекиндік геноцид, Сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезеңдері, Желтоқсан оқиғалары, т.б.

Иә, шындығында, қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, қазіргі уақытта халқымыз егемендік, еркіндік, бостандық алып дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Қазір оның демографиялық даму мүмкіндігі зор. Осының бір куәсі ретінде шетелдерден ағылып келіп жатқан қандас бауырларымыз (оралмандар) атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр.

Еліміздің белгілі демографы М. Тәтімов өзінің «Қазақ әлемі» («Қазақтың саны қанша?») Алматы, 1993, атты кітабында жалпы әлем қазақтарының саны, қазақ ру -тайпалары, олардың сандары, орналасуы туралы қызықты деректерді келтірген. М. Тәтімовтың пікірінше, Қазақстан республикасында 7 млн. 777 мың (ылғи 7) қазақтар тұрады, оның ішінде Батыс Қазақстан аймағында 1 млн. 505 мың; Солтүстік Қазақстан аймағында 2 млн. 685 мың; Оңтүстік Қазақстан аймағында – 3 млн. 587 мың қазақтар орналасқан, ал, шетелдерде – 4 млн 244 мың (35%) қазақтар тұрады екен.

1995 – ші республикадағы сараптамалық бағалау бойынша, қазақтар еліміздің барлық обылыс, аймақтарын мекен еткен. Осылардың ішінде қазақтардың көп орналасқан обылыс – аймақтары: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызыл – Орда, Семей, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Батыс Қазақстан обылыстары.

Қазақстандағы демографиялық құбылыстардың кейбір даму жағдайлары.

2000 – ыншы жылғы 1 – маусымда Қазақстан Республикалық Статистика агенттігінің №3 журналында жарияланған деректеріне қарағанда, еліміздегі жалпы халық саны 14.881,6 мың адам болды. Соның ішінде 8.311,5 мыңы, 55,9% - қала, 6.570,6 мыңы – 44,1% - ы ауыл тұрғындары.

2000 – ыншы жылдың қаңтар мамырында халықтың табиғи өсімі – 26,3 мың (1999 жылдың қаңтар – мамырында – 21,7 мың) адам. Алайда, аймақтарда халықтың ұдайы өсіп - өнуіне байланысты кему процесі әлі жалғасып отыр. Ақмола (18 адам), Қарағанды (706), Қостанай (585), Павлодар (39), Солтүстік қазақстан (832) және Шығыс Қазақстан (1236 адам) обылыстарында өлгендер саны туғандар санынан артық.

Республика бойынша тұтас алғанда тууда, өлуде елеулі өзгерістер байқалады. 1999 – шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық аймақтарында туу деңгейі жоғары болады. Туудың ең аз деңгейі (1000 адамға – 10,7) – Қостанай обылысында, ең жоғары деңгейі (1000 адамға – 23,9) Оңтүстік Қазақстан обылысында кездеседі.

2000 – жылдың бес айында республикада өлімнің өсуі байқалған. Тіркелген өлімдер саны – 1999 жылдың қаңтар – мамырында 64,6 мың адам болса, 2000 жылдың осы кезеңінде – 67,5 мың адам қайтыс болыпты. Осы кезең ішінде өлімнің жалпы коэффициенті тұтас реапублика бойынша 1000 адамға 10,9 болды. (1999 жылдың қаңтар – мамырында – 10,5). Бұл көрсеткіштің ең жоғары мәні (13 промилледен 13,8 – ге дейін) Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан обылыстарында тіркеледі. Өлімнің жалпы коэффициенті әрбір 1000 адамға шаққанда қалалық мекемелерде – 12,2 селолық жерлерде – 9,3 адам болған.

Халықтың өлімі негізінен қан айналымы жүйесінің ауруларынан өсіп отыр, барлық тіркелген өлімнің жартысынан астамы осы аурудың еншісінде.

Қазіргі кезеңде халықтың, ел – жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсендету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік объективті факторларға байланысты. Ең бастысы өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық – тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсарту, табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.

Сондықтан басқа да күн тәртібінде өткір тұрған, кезек күттірмейтін әлеуметтік – экономикалық көкейтестік мәселелерді тез әрі тиімді шешу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады.


  • Иллюстративті құрал: -

  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997.

2. Андрушенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе. Харьков,

1996.


3. Елизаров А.Н. Ценностные ориентации неблагополучных семей.

//Социологические исследования. 1995. №4.

4. Максимович Л.Б. Брачный контракт. //Комментарии. Разъяснения. М.,

1997.


5. Мацковский М.С. Социология семьи. Проблемы теории, методологии и

методики. М., 1989.



Қосымша:

1. Смелзер Н. Социология. М., 1994.

2. Социология: Учебник для вузов. /Под ред. проф. В.Н. Лавриненко. М.,


  • Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):

Демография ұғымының түсінігі.

Халық дегеніміз кім?

Қоныстанушылық құрылым.

Кедейлердің әлеуметтік құрылымы.



Халықтың этникалық құрылымы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет