Тақырыбы: «Үй жануарлары мен жабайы аңдар»
Мақсаты мен міндеті: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп - баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал - мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ - жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Сонымен қатар, Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру мекені, қоректенуі туралы түсінік беру. Балаларға жоспарға сай әңгімелетіп үйрету. Жан - жануарларды қорғау оларға қамқор болуға, неліктен жабайы деп, аталатынын түсіндіру. Аңдардың мінез - құлқын бейнелейтін әңгіме арқылы балаларды анық сөйлеуге және оларды қорғауға үйрету.
Балаларды топпен бірігіп жұмыс жасауға үйрету. Үй жануарлары және жабайы аңдарды бір - бірінен айыра білуге үйрету.
Көрнекіліктер: үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері, презентация, төлдердің үлгілері. (суреттер), плакаттар.
Тәрбиеші қызметі
Шаттық шеңберден баста
Парталарды біріктіріп, екі команда отыратындай етіп біріктіру.
- Балалар, біз бүгін үй жануарлары және жабайы аңдар туралы әңгімелейміз. Үй жануарлары деп біз үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы. Сендер көздеріңді жұмыңдар да, көз алдарыңа ауылда төлдердің, үй жануарларының жүргенін елестетейік.
Ал енді, мына сұрақтарға жауап беріңдер:
- Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?
- Неліктен жабайы аңдар дейміз?
- Мына суреттерден не көріп отырсыңдар?
- Аю балаларымен не істеп тұр?
- Қасқырдың балалары нешеу?
- Түсі қандай, олар не жейді?
- Қоянның ерекшелігі неде?
Жаңа сабақ - Мына суреттегі жайлауға қараңдаршы. Үй жануарлары жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?
- Түйенің төлі - ботақан.
Қойдың төлі – қошақан.
Ешкінің төлі – лақ
Жылқының төлі – құлын
Сиырдың төлі - бұзау.
Шөре, шөре лағым
Тентек болма шырағым.
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдеме құлағың,-
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
Мектепалды даярлық тобы.
Білім беру саласы:
Қатынас, шығармашылық
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Үй жануарлары және жабайы аңдар»
Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары және жабайы жануарлар туралы балалардың білімін бекіту. Аңдар бағындағы аңдардың өмірімен таныстыру. Жануарлардың төлдерін айыра білу және атау. Жұмбақты шешіп, өлеңді, тақпақты айтуға үйрету.
Көрнекілік: Аңдар бағы, жабайы және үй жануарларының суретті, үй жануарлары мен аңдар бейнесіндегі ойыншықтар. Көктемгі табиғат құстың, судың дыбыстары жазылған ұнтаспа.
Сөздік қоры: Жұмбақ, тақпақ, өлең, жануарлардың және төлдердің атауы.
Билингвалды компанент:
Үй жануарлары-домашние животные, жабайы аңдар-дикие животные
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбер: Армысың, Алтын күн!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Жан досым!
Жылуына жылу қос
Міне менің қолым
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге бүгін қонаққа көп тәрбиеші апайлар келді. Кәне балалар бұрылып амандасайық Орнымызға отырып жайғасып сабағымызды бастайық.
Тәрбиеші: Балалар жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Көктемнің қай айы?
Балалар: Сәуір айы.
Тәрбиеші: Дұрыс. Бүгін сәуірдің 20-жұлдызы.
Көктемнің келгеннін қалай білеміз?
Ұнтаспаны жібіреміз.
Мынау ненің дауысы?
Балалар: Құстың дауысы.
Тәрбиеші: Иә құстың дауысы.
Құстарда көктем келгеніне қуанып ән салады.
Судың дауысы.
Көктемде өзен- көлдер ериді.
Тіршілік атаулы тіріліп, аңдар ұйқысынан оянады. Күн жылынады. Балалар: Ағаштар бұршік атады, адамдар егін егеді, тал отырғызады, құстар жылы жақтан ұшып келеді. Тәрбиеші: Бүгін біздер саяхаттаймыз. Мынау не балалар? Балалар: Батбырауық. Тәрбиеші: Иә балалар бұл батбырауық. Біз батбырауықты алып саяхатқа шығамыз. Әуенмен балалар тәрбиешінің артынан ереді. Әуен біткенде үйдің қасына келіп тоқтайды. Балалар біздің бірінші аялдаймамыз. Міне қызық бұл үйде кім тұрады екен. Қалай білеміз? Балалар: Есікті қағамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қазір есікті қағып кім бар екеннін білеміз. Балалар: Есікті қағып сұрайды? - Сәламатсыз ба бұнда кім тұрады. Үйдің ішінен дауыс естіледі. Жұмбақ айтады. Өзі жап-жас, мұрты бар, Ет пен сүтке ұмтылар. Тастамайды жылы үйде, Түкті тонын шұп-шұбар.
Тәрбиеші: Жұмбақтың шешуін таптыңдарма? Бұл кім? Балалар: Мысық. Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы мысық, үй жануары ма әлде жабай аң ба ? Балалар: Үй жануары. Тәрбиеші: Неге мысық үй жануары деп ойлайсыңдар? Балалар: Үйде тұрады. Тәрбиеші: Дұрыс. Ал енді қандай үй жануарларын білесіңдер? Балалар: Түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы, ит.
Тәрбиеші: Мына суретте үй құстары бейнеленген. Қандай үй құстарын білесіңдер? Оның баласын қалай айтамыз. Балалар: Әтеш, тауық, балапан.
Тәрбиеші: Олай-былай жүгіріп, Ала мысық ойнамай, Аша алмаса есікті Дыбыстайды ол қалай? Балалар мысық қалай дыбыстайды ? Балалар: Ми-яу, ми-яу.
Тәрбиеші: Қалған үй жануарлары қалай дыбыстайтынын сұрайды? Балалар: Ит: АФ-аф, Сиыр: му-у, му-у, Түйе: Бө-бө, Қой: Ма-ма, Тәрбиеші: Д/о. «Төлін тап.» Суреттегі үй жануарларының төлдерін орналастыру және атау. Балалар: Сиыр-бұзау, Ешкі-лақ, Қой-қозы, Түйе-бота, Жылқы-құлын деп төлдерін орналастырды.
Тәрбиеші: Балалар бәріміз ортаға келіп ойын ойнайық. Сергіту сәті: Әтешке қарап ән салып, Әнші болған балапан. Әтеш болып шақырып, Соқшы қане алақан.
Тәрбиеші: Балалар саяхаттымызды әрі қарай бастаймыз. Батпырауықты қолымызға ұстап әуенмен жүреміз. Міне балалар екінші аялдамызға аялдаймыз. Біз қайда келдік? Балалар: Аңдар бағы.
Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар аңдар бағы. Бұнда аңдарды әдемі жабдықталған торларда ағайлар мен апайлар жем-шөп беріп күтіп бағады. Сендер сияқты балабақша мен мектеп оқушылар ата-аналарымен келіп тамашалайды. Қандай аңдарды көріп тұрсыңдар? Балалар: Жабайы аңдар. Қандай жабайы аңдарды білесіңдер? Балалар: Қасқыр, арыстан, жолбарыс, аю, түлкі.
Тәрбиеші: Неліктен оларды жабайы аңдар дейміз? Балалар: Орманда тұрады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Сол орман аңдарын біз көріп қызықтасын деп, аңдар бағында әдемі торларда күтіп бапталады. Қараңдаршы осы аңдардың кішкентай балалары торларынан шығып кетіпті. Қане балалар аңдардың балаларын тауып торларына кіргізейік. Балалар: Түлкі-мыршай, Аю-қонжық, Қасқыр-бөлтірік, Қоян-көжек. Тәрбиеші: Осымен саяхатымызды аяқтаймыз. Балабақшамызға қайтамыз. Балалар батпырауықты қолдарына ұстап балабақшаға қайтады. Әуенмен жүреді. Қорытынды: Балабақшаға келдік. Балалар мына жануарлар бейнесіндегі ойыншықтар араласып кетіпті. Осы ойыншықтарды ретімен орналастырайық. Балалар: Ойыншықтарды екі топқа бөліп қора мен орманға жинайды. Тәрбиеші: Балалардан саяхатқа қайда баратындары туралы сұрайды? Балалар: Үйге, аңдар бағына барғандарын айтады. Тәрбиеші: Онан не көрдіңдер? Балалар: Үй жануарлары мен жабайы аңдарды көрдік. Тәрбиеші: Неліктен біздер үй жануарлары және жабайы аңдар деп айтамыз. Балалар: Үйде, қорада, орманда тұрады. Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Көктем мезгілінде төрт түлік төлдеп біздің ата – әжелеріміз жайлауға шығады. Сүт көбейеді, әжелеріміз құрт, ірімшік, айран жасайды. Сүт тағамдарының денсаулыққа пайдасы көп. Есік қағылады. Әже: Балаларға құрт пен бауырсақты алып келеді. Тәрбиеші: Балалардан кім келгенін сұрайды?. Балалар: Әже келді. Әже: Сәламатсыздарма балалар, мен сендерге жайлаудан құр келген жоқпын. Сендерге құрт жасап, бауырсақ пісіріп әкелдім. Тәрбиеші: Рахмет әже. Біздің балаларда сізге арнап ән айтып береді. Қане балалар ортаға шығып «Қошақаным әнін» айтайық. Балалар: «Қошақаным әнін» әуенге қосылып айтады. Тәрбиеші: Осымен сабағымыз аяқталады.
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға үй жануарларының пайдасы мен олардан келетін ауру түрлері туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелігі: Өз ойларын жүйелі түрде жинақтап жеткізуге дағдыландыру. Ұлттымыздың салт - дәстүрімен таныстыру.
Көрнекілігі: Жан - жануарлардың суреттері, слайд, плакаттар, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сайыс әдісін пайдалану
Пән аралық байланыс: Ана тілі, биология
Сабақтың барысы: I - Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу, жұрнал бойынша сыныпты түгелдеу 2. Сабаққа керекті заттарды реттеу 3. Сабаққа көңіл бөлу 4. Топқа бөлу
I - топ: Бастау тобы II - топ: Негізгі топ III - топ: Ғылыми топ
Психологиялық дайындық: Күн шуағын жинаймыз,
Достарымызға сыйлаймыз.
Реттік саны Жануардың атауы Өмір сүруі Қозғалысы Қоректенуі Түрі
Мұхитта Жерде Аспанда Ұшады Жүзеді Жүреді Ет Балық Өсімдік Балық Құс Сүтқоректі
1 Түйе
2 Бүркіт
3 Кит
4 Қасқыр
5 Аю
6 Қоян
7 Жылқы
8 Жолбарыс
9 Жапалақ
II Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру кезеңі
1 - кезең. Үй тапсырмасын семантикалық картаны толтыру арқылы тексеріледі.
Үй тапсырмасына ана тілі сабағынан өтілген «Үйшік» атты орыс ертегісі арқылы пысықтау.
1. Рөлге бөліп ойнау
2. Кейіпкерлерді атау
3. Әр кейіпкердің қай жануарлар тобына жататындығын анықтау
Мысалы: Қосмекенді – бақа,
Сүтқоректі – түлкі, қасқыр, аю
Кемірушілер – тышқан
Жыртқыш аңдар – қасқыр, түлкі
2 - кезең. Сұрақ - жауап
1. Сүтқоректі жануарлар туралы біз не білеміз?
I - топ
Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «Сүтқоректі жануарлар» деп атайды.
II - топ
Жер бетінде тек сүтқоректілердің ғана денесін түк (жүн) басқан. Қыстың суық айларында кейбіреулерінің жүні қалыңдайды. Сүтқоректілерді «жылықандылар» дейді. Себебі олардың денесі кез – келген ауа райында, термос сияқты, біркелкі температураны сақтап отырады.
III - топ
Жер үсті сүтқоректілерінің төрт аяғы болады. Ал теңіз сүтқоректілерінің аяқтарының орнында – жүзбекқанаттары бор. Көк кит – ең үлкен сүтқоректі жануар.
3 - кезең. Жабайы жануарлар деп неге атаймыз?
II - Топ
Жануарлардың бір тобы – жабайы аңдар. Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген.
I - топ
Жабайы жануарлар – Жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю, т. б
III - топ
Жабайы жануарлардың кейбір түрлері қыстың күні қысқы ұйқыға кетеді. Мысалы: аю бар жинаған қорегін табанның майы арқылы сақтайды, сондықтан аю ұйықтап жатып табанын жалайды.
4 - кезең. Жыртқыш жануарлар туралы біз не білеміз?
I - топ
Мысық, ит, ақкіс сияқты аңдарды құстарды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыш жануарлар дейміз
II - топ
Жыртқыштар жемін аңдып, бақылап, үлкен жылдамдықпен қуалап аулайды. Олар – арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, жапалақ т. б
III - топ
Жыртқыш жануарларды «дала санитары» деп те атайды. Себебі жыртқыш жануарлар жемін қуалаған кезде олардың ішіндегі ең әлсізі, ауруы артта қалып жыртқышқа жем болады. Сол арқылы аңдардың ауруы басқаларға жұғуынан сақтанып қалады.
Сергіту сәті: Керекті сөздерді тауып қою
1. Бау - бақша
2. Үй жануарлары
3. Қосмекенділер
4. Жабайы жануарлар
5. Құстар
6. Бунақ денелілер
7. Жапырақтар
8. Шірінділер (тыңайтқыштар)
9. Сүтқоректілер
10. Балдырлар
Жақсы балалар ( қой, ешкі, түйе, жылқы, сиыр) бұларды бір сөзбен не деп атаймыз?
Үй жануарлары:
Дұрыс балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Үй жануарлары.
Олай болса біз үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды атаймыз. Оларға: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы жатады. Үй жануарларын барлығымыз білеміз, иә, олар барлығымыздың үйімізде бар.
Үй жануарларының қоректенетін қорегі не?
Шөп, су, жем. Оларға қамқор болуымыз керек.
Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Олардың пайдасы өте көп, үстіміздегі киім, ішіп - жеп отырған азығымыз, тағамымыз осының бәрі төрт түліктен алынады.
Қой - төрт - түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетін киіздер бәрі де қойдың жүнінен жасалады.
Ешкінің түбіті, терісі, сүті, еті өте пайдалы, оның әсіресе терісі мықты болады.
Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын (ыдыс жасалған, оны мес деп атаған
Сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, сүзбе, т. б. сиырдың еті де дәмді болады.
Жылқы мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде де пайдаланады. Оның еті өте дәмді қазы - қарта, жал - жая, қымыз адамға өте пайдалы, емдік қасиеті бар.
Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті де бар. Түйеге ертеде жүк артып, көшіп - қонған кезде өте керек көлік ретінде пайдаланған. Өзге жануарлардан ерекшелігі шөлге, аштыққа төзімді.
Ойын (коммуникативтік, үйретуші»3 минут
Енді балалар «Төлін тап» ойынын ойнап көрейік. Тақта бетінде үй жануарлары мен олардың төлдері берілген. Олар бір - бірінен адасып қалған, соларды енелерімен қауыштыру керек.
I - Топ
(Суреттен балалар айтқаннан кейін төлдердің өз енелерінің қасына орналасуын сызба арқылы көрсетеміз: жылқы - құлын, сиыр - бұзау, қой - қозы, ешкі - лақ, тұйе - бота)
II - Топ
- Өте жақсы балалар, төлдерді енелерімен қауыштырып болдық, енді төрт түлікке байланысты мақал - мәтелдер айтайық
1. Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.
2. Алып анадан туады,
Тұлпар биеден туады.
3. Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
4. Қойшы көп болса
Қой арам өледі.
- Ал енді осы жануарлардың даусын ажырата былейік
III - Топ
Ал ендеше «Ізденіуші» топ бізге қандай жаңа мәліметтер береді екен?
1. Қымыздың пайдасы туралы мәліметті осы тақырыпты ізденіп жүрген оқушы Мекенбай Ақнұрды тыңдап корейк
2. Мал сүтінен жасалатын құрттар тақырыбын ізденуші Мәжит Әділеттің мәліметтерен тыңдайық.
3. Қонақ күтуге байланысты салт - дәстүрлер жинағын жинап жүрген Тәжіхан Аружанның қонақтарға арналған атаулы табақ түрлері туралы мәліметін тыңдайық.
Сергіту сәті: 3 мин (релаксациялық)
Көздеріңді жұмып, денелеріңді босаңсытыңдар, бос ұстаңдар.
Өздеріңді құспын деп елестетіңдер – ұша жөнеліңдер!
Алдарыңнан көкпеңбек теңіз кездесті, кеуделеріңе теңіздің толқындарыннан салқын самал соғады. Өте биікте ұшып жүрсіңдер. Алдарыңнан жап жасыл алып ағаш кездесті. Сендер сол ағашқа жайлап қоныңдар.
- Ала балалар осыдан қандай әсер алғандарыңды айтып көріңдерші.
4. Төрт түлік малдың пайдасымен бірге кейбір зиянды жақтарыда бар екен. Сол туралы «Балалардағы ішек – құрттар» туралы мәліметті жинақтаушы оқушыларымыз Нышанбай Береке және Боранов Жанасылдың үй жануарларынан адамға жұғатын құрттар туралы мәлімет алайық.
Сабақтың қорытындысы: Біз осы сабақтан не үйрендік?
1. Қандай жаңа мәліметтер алдық?
2. Мені не таңғалдырды?
3. «Венн диограммасы» арқылы жабайы және үй жануарлардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.
Үйге тапсырма: Өздерің тұрған жерде кездесетін үй және жабайы жануарлардың тіршілігіне сипаттама беріп, жазбаша түрде дәптерге жазу.
Бағалау: Әр топ бір – бірін бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, қосымша мұғалім оқушыларды ынталандыру сөздермен мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |