Тақырыбы: Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы



Дата04.12.2023
өлшемі20.81 Kb.
#485337
Тәрбие с 06.12


Тақырыбы: Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы
Мақсаты: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру; үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай еске сақтауға және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге, ата сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,суреттер,АКТ, көрініс
Барысы:
Психалогиялық дайындық:
Мұғалім. Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)
Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)
Армысың, менің досым!
І. Кіріспе бөлім
Мұғалім: -Құрметті оқушылар бүгінгі « Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар, біз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасын, мәдениетін, әдет-ғұрпын білуіміз керек.
Ой қозғау
Тақырыпты ашу.
«Сахналық көрініс»
Сыныпқа әже кіреді.
-Амансыңдар ма, балаларым? Мен сендерге сонау қаладан келдім. Бүгінгі өтіп жатқан іс – шараларыңды мен де тамашалағым келді. Мен бірақ құр қол келгенім жоқ. Сендерге базарлық ала келдім. Әлгі Жексенбайдың үйі немересіне шілдехана той жасапты. Сонда берген тыштырманы ала келдім сендерге. Ала қойыңдар.Мынау Жексенбайдың бәйбішесі берген сарқыт
- Әже, әлгі базарлығыңыздан маған да беріңізші.
-Міне, ал ғой
- Әже, базарлық деген сонда ұзақтан келген адамның балаларға беретін сыйлығы ма?
- Иә, дұрыс айтасың
- Әже, шілдехана деген жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той екенін білемін, бірақ тыштырманың не екенін білмейді екенмін.
-Тыштырма деген балам, сәбидә бесікке салатын кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт , ірімшік, тәтті өткізіп, «тышты», «тышты» дейді. Осыны тыштырма дейді (Әжейдің замандасы келеді)
- Замандас – ау, осында екенсің ғой. Жүр, Амнкүлдің үйі көршісін ерулікке шақырыпты. Бізді де шақырған
- Жарайды балаларым, мына тәрбие сағаттарыңды өткізе беріңдер. Өздеріңді көрдім,базарлығымды бердім. Ендігі жүрейін.
- Оныңыз не әже? «Қуыс үйден құр шықпайтын қазақ» емеспіз бе? Еш болмаса дәмнен ауыз тиіңіз. «Орамал тон болмайды, жол болады» дейді ғой. Мына орамал сіздерге.
-Рахмет балам. Ал енді қолдарыңды жайыңдар бата берейін.
Әлемнің бетін жарық ет, Ұл – қызды түгел білімді ет, Келесі оқу жылына Аман – есен түгел жет! «4» пен «5»-болсын алар бағаңыз, Білімнен бақыт табасыз! Өнер білім көп тоқып, Өсе берсін санаңыз! Әумин!
Жұрт айтады надан деп.
-Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
-Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Жеке жұмыс
Ой қозғау
Көрнекілік бұрышындағы заттарды ортаға қойып, не екенін, қандай мақсатта қолданылатынын сұрайды
Оқушылар ол заттардың әрқайсысына түсінік береді. (қамшы, домбыра, бесік,киіз үй т.б)
ІІ. Негізгі бөлім
Бейнебаян: Қазақтың салт-дәстүрлері
Мұғалім: -Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет –адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады.Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның бүкіл өмірінде салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратыны өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Мұғалім: Қазақ халқында тыйым сөздер әдептілікті, жақсы мінез - құлықты сіңіруге, тазалық сақтауға арналған. Ырым - тыйым ұлағат көзі дейміз. Ал енді оқушылар қандай ырымдар біледі екенін тамашалайық.
1. Амир:
Ұнасын, ұнамасын,
Бұзба құстың ұясын.
2. Әдемі:
Ұқсама тентек балаға,
Пышақтың жүзін жалама.
3. Мухаммадали
Шаршасаң сәл - пәл аялда,
Бірақ жерді таянба.
4. Аружан
Құр беталды ермекке
Бос бесікті тербетпе.
5. Мухаммад
Жақтыр, Мейлің жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
6. Мирас
Жоқ әдетті шығарма,
Түнде көлден су алма
7. Нұрсәт
Адамдарды санама,
Түнде айға қарама.
« Сан сұрақтар сыры »
Сүйінші
Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.
Жеті ата
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті
атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді.
Тұсау кесер
Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.
Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Қорытынды бөлім
Мұғалім сөзі: -Біздің еліміздегі ұлттардың барлығы татулықта, достықта өмір сүреді. Мейлі олардың салты, діні, тілі басқа болса да бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеді. Біз де сол ынтымақтастықтың белгісі ретінде өз үлесімізді қосайық. Алақандарымызды мына шар бетіне орналастырайық.
Оқушылар сабақтың басында дайындаған алақандарын жер шарына жабыстырады.
Жабыстырып болған оқушы шаңырақтың астына тұрып жайғасады.
Хормен достық туралы ән орындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет