Тақырыбы: Оқушының жеке бас гигиенасы Мақсаты



Дата07.03.2024
өлшемі41 Kb.
#494675
түріЛекция


Тақырыбы:

Оқушының жеке бас гигиенасы

Мақсаты:

Оқушыларды тазалықты сақтауға, ұқыпты да жинақы болуға тәрбиелеу.

Түрі:

Лекция



Барысы:
І. Лекция.

Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.


Тазалық:

  • адамның денсаулығы,

  • өң – түсінің шырайлығы,

  • өмір жасының ұзақтығы,

  • тұла бойының сәнділігі,

  • өзін бағалауы,

  • айналасына тартымдылығы деген сөз.

Тазалықтың жоқтығынан:



  • алуан түрлі аурулар,

  • індеттер тарайды, өршиді.

«Жақсы әйел ұлтты тәрбиелейді» десек, халықтың тазалықты отбасынан бастап, қазан-ошақ иесі – әйелге қатысты айтуы тегін емес.
Үй – іші тап – таза, қора-қопсы сыпырылған, қазан – ошағы жуылған, мұнтаздай үйде өскен бала-ошағы жуылған, мұнтаздай үйде өскен баланың:

  • сезімі сергек, сұлу,

  • қиялы, қызықты,

  • бойы таза,

  • инабатты,

  • еңбекқор,

  • тәрбиелі болып өсетіні белгілі.

Осындай отбасында өскен баланың парасаттылыққа, инабаттылыққа талпынатындығына дау жоқ. Халқымыздың «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілесің», - деген даналық сөзі тегін болмаса керек. Үйінде кішкентайынан тазалыққа үйренген бала, өскенде де соған ұмтылады.
Тазалықққа үйренген адам, әрдайым:

  • сергек,

  • жинақы болады.

Ондай адамдар:

  • сылбырлықты,

  • салақтықты,

  • ұсқынсыздықты жек көреді.

Әр адамның:

  • тұла бойы,

  • ішер тамағы,

  • киер киімі,

  • отырған орны,

  • жатқан жері,

  • ұстаған мүлкі,

  • баспанасы,

  • мекен – тұрағы барлығы таза болғанда ғана, оны әдепті деп айтуға болады.

Әр оқушы:

  • шашын үнемі жуып, таза ұстауға,

  • тырнақ астында кір қалдырмай жуып отыруға, алуға,

  • тіс тазалығын сақтауға көңіл бөлгені абзал.

Әсіресе, қыз бала өзінің үсті-басын, бойын түзегеннен бастап, айна – тарағын, қол дорбасын кіршіксіз таза ұстап, қалыптасса, жасы өскен сайын, мұны ықыласпен жасап, жеке керек-жарағының тап-таза жүргеніне ләззат алатын дәрежеге жетеді.
«Денсаулық – байлықтан қымбат».
«Тазалық – денсаулық кепілі».


ІІ. Қорытынды.
Оқушылар пікірі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет