Тақырыбы: Өзін-өзі тану еліне саяхат Мақсаты



Дата04.07.2016
өлшемі42.24 Kb.
#176091
Тақырыбы: Өзін-өзі тану еліне саяхат
Мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету;

Міндеттері:

-Шығармашылық қабілетін, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамытуға;

-Өзіне деген сенімін арттыруға;

-Өзін-өзі және бірін-бірі тәрбиелеу;


Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, суреттер, плакаттар, жапырақтар.
Шаттық шеңбері:

Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:

-Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)

Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)

Қарады саған да

Шуақпен төгіп нұр.


-Балалар, бүгінгі сабағымызда «Өзін-өзі тану» еліне саяхаттаймыз. «Өзін-өзі тану» елі – «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат», «Атамұра», «Өнерлі ел», «Достық» деген өлкелерден тұрады. Бұл елдің ең биік шыңы «Адамгершілік» деп аталады.Бұл шыңға жету үшін әр өлкенің өз тапсырмасы бар. Сол тапсырманы орындай отырып, шыңға қарай өрмелейік. «Адамгершілік» шыңында әрқашан күніміз жарқырап, бізге шуағын шашып тұрады.

-Ал, енді саяхатымызды әнмен бастайық.

«Достық» әні үнтаспадан естіледі, балалар бірге қосылып айтады.

Мұғалім суреттен көрсете отырып, балаларды осы өлкенің шарттарымен таныстырады.


І. «Тіл табысу» өлкесі.

-Бұл өлкеде сыпайы, бір-біріне қамқор, мейірімді адамдар өмір сүреді. Біз де бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді көрсете білейік. Ол үшін оқушылар қарым-қатынаста қолданылатын жақсы сөздерді қаншалықты білетінін, қандай жағдайда пайдалану керектігін көрсетеді.

Мысалы: «Сәлеметсіз бе?», «Сау болыңыз!», «Ғафу етіңіз», «Кешіріңіз», «Өтінемін» т.б,

Оқушылар ойланғанша Ө.Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік!»



Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет» деп аталады. Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреттері ілінеді. Жапырақ пішінді қағазға жазылған құрметті, ізетті сөздер екі топқа бөлініп беріледі. Оқушылар жапырақты дауыстап оқып, осы сөздерді үлкендер айтатын болса, үлкен ағашқа, кішілер айтатын болса, кіші ағашқа апарып ілу. Жапырақтағы сөздер үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын т.б.

ІІ. «Білім» өлкесі.

1-тапсырма.Екі топ кезектесіп, бір топ білім туралы мақал-мәтелдің бастапқы бөлігін айтса, екінші топ осы мақалды жалғастыру керек.

2-тапсырма. Балаларға жұмбақ жасырылады.

1.Шәкіртке жанашыр,

Мейірбан кім, жаны асыл?

(Ұстаз)


2.Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.

(Мектеп)

Келесі бөлімді бастамас бұрын Е.Ашықбаевтың «Кітаптың жыры» өлеңі оқылады.


ІІІ. «Табиғат» өлкесі.

Табиғат дегеніміз- аң, құс, өсімдік, тау, өзен, көл, ауа, жер, су. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Адам табиғаттан сұлулықты, әдемілікті үйренеді. Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну қажет. Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен, сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады.


«Өзіммен-өзім» Бейнетаспадан табиғат туралы үзінді көру.

Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатында релаксациялық тәсіл жүргізіледі.

Топтарға тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма:

а) Табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу.

ә) Адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу.

2-тапсырма: «Су», «Ауа» сөздері беріледі. Оқушылар осы заттардың атынан сөйлеп, олардың пайдасын, қасиетін айтып береді.

Сергіту сәті.

Оқушылардың достық қарым-қатынастарын дамыту мен денесін сергіту мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.

Достығы жарасқан (Оң қолын оң жаққа созады)

Сыйлы біз баламыз (Оң қолын түсірмей сол қолын сол жаққа созады.)

Келісіп бәрімен, (Бірін-бірі көрсетеді)

Татулық табамыз. (Өзін көрсетеді)

Бәріміз бір болсақ, (Бәрі қол ұстасады)

Бәрін де жеңеміз.

Күндей боп күлімдеп, (Қолдарын жоғары көтереді)

Таудай боп өсеміз! (Қолдарын жоғары ұстаған күйінде біріктіреді)


ІҮ. «Атамұра» өлкесі.

1-тапсырма. Қоржынға салынған әріптерді ала отырып, қандай әріп шықса, сол әріптен басталатын даналық сөздерді айтуы тиіс. Мысалы: С-Сабыр түбі сары алтын т.б.

2-тапсырма. «Мен мақалдап сөйлеймін» деп аталады. Берілген әңгімені қысқаша түрде мақал-мәтелмен қайыру.

Мысалы: Ақыш аға жастайынан еңбекпен күнін көрген адам. Мектеп жасынан әкесінің жанынан қалмай, егін даласында өскен ағайды дүйім жұрт мақтан тұтады. Жауабы: «Еңбек ер атандырады», «Еңбектің наны тәтті».


Ү. «Өнерлі ел» өлкесі.

1-тапсырма. Ортаға екі топтан екі оқушы шығып, өздерінің өнерін көрсетеді.

2-тапсырма. Сурет салу. Бір оқушы бастап кез-келген пішін салады, қалған оқушылар бір элементті жалғастыра сала отырып, бір бейне шығарады.

ҮІ. «Достық» өлкесі.

Тапсырма. Жағдаяттарды талдау.

1-топ. Марат балалармен тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келетін. Барлық уақытта сыныптастарына ықтиярымен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын.

Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды.



  • Саматты қалай көпшілдікке үйретуге болады?

2-топ. Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.

  • Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?


Жүректен-жүрекке. Балалар шеңберге тұрып, ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді:

- Аяулы анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

- Құрметті ұстазыма зор денсаулық тілеймін.

- Сыныптастарыма бақытты өмір тілеймін.

- Еңбекшіл достарыма қажымас қайрат тілеймін.

Үнтаспаға қосылып бәрі бірге көңілді ән шырқайды. «Дос болайық бәріміз» әнін орындау.


Үйге тапсырма: «Мен бақытты баламын» эссе шығарма жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет