Бейспецификалық гипосенсибилизация осыларды енгізуімен іске асады:
A.аллергеннің аз мөлшерін
B. G класына жататын тосқауылдайтын антиденелерді
C. кортикостероидты дәрі-дәрмектерді
D. А.М.Безредко әдісімен сары суды
E. аллергияны шақырған аллергенді
ANSWER: C
«Иесіне қарсы трансплантат» реакциясының дамуын қамтамасыз ететін трансплантацияланған тіннің жасушалары:
A.стромалық жасушалар
B. организмніңаутоантигендері бар жасушалары
C. тіндердегі иммундыжүйенің жасушалары
D. трансплантацияланған ағзадағы қан жасушалары
E. құрамындагисто сәйкестіктің басты кешенінің гендері бар жасуша
ANSWER: C
Екіншілік иммунды тапшылықты жағдай осы кезде жиі байқалады:
A.Квинке ісінулерінде
B. жіті пиелонефритте
C. сарысулық ауруларда
D. гемолиздік анемияларда
E. глюкокортикостероидтарды қабылдағанда
ANSWER: E
ЖИТС-ке тән:
A.инфекцияға қарсы иммунитеттіңактивациясы
B. Т-лимфоцит хелперлер популяциясының артуы
C. CD25мембраналық рецептормен вирустың бекуі
D. интерферондардыңвирусрепликациясын тежеуі
E. Т-хелперлер-2 (Th2) тежелуі
ANSWER: D
АИВ-инфекциялардың инкубациялық кезеңінің аяқталғанын дәлелдейді:
A.дене температурасының жоғарылауы
B. лимфа түйіндерініңұлғаюы
C. сілемейлі қабаттарда және теріде кандидоз пайда болуы
D. АИВ-ке қарсы антиденелердің пайда болуы
E. адамның жүдеуі
ANSWER: D
ЖИТС-ң этиотропты емі ретінде қолданылады:
A.иммуномодуляторлар
B. иммунодепрессанттар
C. саңырауқұлақтарға қарсы препараттар
D. бактерияларға қарсы препараттар
E. АИВ транскриптазасының кері ингибиторлары
ANSWER: E
Тақырыбы: «Аллергиялардың патофизиологиясы. Иммунопатология. ЖИТС патофизиологиясы»
(3когнитивті деңгей)
Ер адам орманда серуендеп жүргенде көз қабағының ісініп қызарып кеткенін және жас ағуын байқаған. Кейін мұрны бітіп қалған, тамағы қарлығып тынысы тарылған. Үйіне қайтып келгенде осы симптомдар сәл басылған. Бұл жағдай аллергиялық реакциялардың осы типі дамуымен байланысты:
A.реагиндік типі
B. цитотоксикалықтипі
C. жасушамен-байланыстытипі
D. иммундыкешендіктипі
E. стимулдаушытипі
ANSWER: A
Науқас Р., 10 жаста, тыныс алуыныңқиындауына, тұншығуына, өкпесінің сырылына шағымданады. Жөтелдің соңында ашық түсті қақырық түседі. Ұстамалары жусан гулдегенде туындайды. Осы аллергиялық реакцияның патогенезінің басты тізбегіндегі ең маңыздысы:
A.лимфокиндер
B. иммуноглобулиндер Е
C. комплемент жүйесінің компоненттері
D. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер
E. IgG, IgMфракциясының преципитацияланушы антиденелері
ANSWER: B
Аяғының ашық жарақатымен түскен науқасқа екінші рет сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині енгізілген. 9-ыншы тәулікте науқаста қызба, тізе және иық буындарының таралған қышитын бөртпелері, ісінуі, ауырсынуы, лимфа түйіндерініңұлғаюы пайда болған. Нақты қорытынды жасау үшін қанда осының деңгейін анықтау керек:
A.В-лимфоциттердің
B. иммуноглобулин А-ның
C. иммуноглобулинЕ-нің
D. преципитациялықIgG, IgM-нің
E. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің
ANSWER: D
Науқасқа жергілікті анестезия жасағанда кенеттен бас айналуы, құрсақ тұсыныңқатьты ауыруы, жүрек айнуы пайда болған. Объективті: науқас бозғылт, бетінде салқын жабысқақ тер бөлінеді. ТАЖ - 38 мин-1, АҚ - 80/40 мм сын.бағ., ЖЖЖ-110 мин-1, жіп тәрізді. Бұл аллергиялық реакцияның дамуы ең алдымен осының түзілуімен байланысты:
A.преципитиндер
B. D классының иммуноглобулиндері
C. G1,4 классының иммуноглобулиндері
D. антигенпрезентациялаушы жасушалар
E. сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер
ANSWER: C
Науқас ауқымды миокард инфаркты мен ауырған. Төрт аптадан соң науқаста жүрек тұсының ауырсынуы, перикард шуылы, плеврит, жоғары температура байқалады. Қан талдамасында эозинофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, антикардиальды антиденелер титрініңөсуі анықталды. Қойылған диагноз: «Инфаркттан кейінгі синдром (Дресслер синдромы)». Антикардиальды антиденелер түзілуін ескерсек, науқаста синдром дамуының негізіндегі аллергиялық реакциялардың типі:
A.реагиндік
B. цитолиздік
C. жасушамен байланысқан
D. иммунды кешенді
E. стимулдаушы
ANSWER: B
Аллергологиялық анамнезі қалыпты адамға диагностикалық мақсатта құрамында йоды бар – урографин енгізілген. бұрын рентгенконтрасты препараттар қабылдамаған. Бірнеше минуттан кейін үрей сезімі, өлімге деген қорқыныш, бас айналуы, денесінің ысуы, жүрек тұсының ауруы, тынысыныңқиындауы байқалған. Терісі бозғылт, салқын тер бөлінеді, ЖЖЖ - 120 мин-1, АҚ 70/30 мм сын. бағ. Шынайы анафилаксиялық шокқа қарағанда бұл анафилактоидты реакцияның патогенезінде:
A.сенсибилизация сатысы болмайды
B. мес жасушалардың дегрануляциясы болмайды
C. препараттан дозаға тәуелді әсер дамымайды
D. препаратты алғашқы енгізгенде реагиндер түзіледі
E. «антиген-антидене» кешені жылдам түзіледі
ANSWER: A
Науқаста кенеттен әлсіздік, ентікпе, дене температурасының жоғарылауы, жүрек лүпілі, құсу, сарғаю пайда болған. Зерттеу кезінде өзгермеген эритроциттердің беткейіне бекіген иммуноглобулиндермен анемия анықталған.Аллергиялықреакциялардың осы типінде жасушалардың зақымдану механизмі осымен байланысты болуы мүмкін:
A.мес жасушалардыңдегрануляциясына
B. лимфокиндер менмонокиндердің босауына
C. супероксидті анион-радикалдар түзілуінің тежелуіне
D. комплементке қатысты цитоуыттылықтың тежелуіне
E. антиденеге тәуелді жасушалықцитоуыттылықтыңактивациясына
ANSWER: E
1 жасар нәрестеде жіті отит, пневмония. Пациенттің ағасы менингиттен қайтыс болған, немере ағасы – пневмониямен бронхитпен жиі ауырады. Зерттеу жүргізгенде Т-лимфоциттер саны қалыпты, В-лимфоциттер күрт төмендеген, А және М иммуноглобулиндер аз, гамма-глобулиндер күрт төмендеген. Науқастағы иммунды тапшылық жағдайында осының түзілуі тежеледі:
A.комплементтің
B. гранулоциттердің
C. Т – лимфоциттердің
D. плазмалық жасушалардың
E. иммуноглобулиндердің жеңіл тізбектерінің
ANSWER: D
Достарыңызбен бөлісу: |