Тақырыбы: Психологиядағы пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелерін анықтау, білім сапасын арттыру


Осылайша, психологияны оқыту үдерісі, педагогиканы оқыту үдерісі секілді дидактикада құрастырылған жалпы ережелерге негізделеді оны психологияны оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде оқытушы ескеруі тиіс



бет10/36
Дата19.05.2022
өлшемі89.26 Kb.
#457553
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36

Осылайша, психологияны оқыту үдерісі, педагогиканы оқыту үдерісі секілді дидактикада құрастырылған жалпы ережелерге негізделеді оны психологияны оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде оқытушы ескеруі тиіс.

Оқытудың негізгі қызметтері білім беру, тәрбиелеу, дамытудан тұрады, сонымен қатар олар ұйымдастырушылық, психологиялық, интеграциялды-дифференциалды, құрылымдық, түзетуші, фасилитациондық, рефлексивті және т.б. қызметтермен толықтырылуы тиіс.Барлық қызметтердің ішіндегі ең бастысы – білім беру. 

Білім беру қызметінің мағынасы педагогикалық білім, іскерлік пен дағды жүйелерін қалыптастырып, оларды білім алушылардың практикада қолдануына жағдай жасаудан тұрады.Дамытушылық қызмет оқытудың белсенді әдістерін қолданғанда іске асады. Ол әдістердің көмегімен білім алушылар тұлғасының ойлау, сенсорлық, эмоционалды-еріктік, уәждік, коммуникативті салаларын дамытудың шарттары құрылады.

Тәрбиелік қызмет – білім алушыларды әр түрлі іс-әрекеттерге баулып, оларды ұйымдастыру. Қорытындысында білім алушылардың интеллектуалды, тұлғалық эмоционалды-ерік қасиеттері, кәсіби-бағдарлық көзқарастары мен пікірлері, оқу-танымдық қызметінің уәждері қалыптасады.

Оқытудың ұйымдастырушылық қызметінің көмегімен білім алушылардың оқу іс-әрекеті мен педагогиканы оқыту мазмұнының сапасы, көлемі арасындағы қатынастар реттеледі.

Психологиялық қызмет білім алушылардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар туғызуында, әдеттегідей уақыт, таныс оқу бөлмелері, таныс оқу талаптары және т.б. – осының барлығы жұмысқа деген қолайлы икемділік пен жайлы әсер туғызады.

Интеграциалды-дифференциалды қызмет әрбір білім алушының мүмкіндігі мен қабілеттілігін ескере отырып, оның жеке іс-әрекет жасауына жағдай туғызып, олардың басқа білім алушылармен бірігіп жүзеге асыратын іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

Оқытудың құрылымдық қызметі педагогика бойынша әрбір жеке оқу сабағының оқу материалдарын жүйелеп, құрылымдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет