3) Ортаға әншілерді шақырамыз: «Су тасушы қыздың әні»
Мұғалім: - Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Ортаға жас ғалымдарымызды шақырып, солардан сұрайық.
4) Ғалымдар:
1.Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық косылысы. Ауыз су - тіршілік көзі, ол Жер шарының 4-тен 3 бөлігін алып жатыр, тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ.
2.Су - ғажайып зат. Ол бір мезгілде 3 түрлі күйде кездеседі. Мұз - судың қатты күйі, оның сұйыққа айналуы және булануы қатар жүреді.
3.Су - табиғатта ең көп таралған зат. Судың тағы бір кереметі - оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі. Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі.
4.Су - тіршілік көзі. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг-ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды. Су адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.
5.Өсімдіктер тіршілігінде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамасыз етеді. Мысалы, су өсімдіктерге топырақтан қоректік заттар жеткізеді және температурасын реттеп тұрады. Жапырақтың бетінен буланып шығу арқылы су оларды кеуіп кетуден сақтайды. Өсімдіктер өз тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте көп мөлшерде су сіңіреді.
6.Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттық жағдайын қамтамасыз етеді.
7.Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатынын әркім жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану, су көлігін дамыту, жер суару және де басқа маңызды мәселелерді шешуде су қорлары қажет.
8.Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |