Тақырыбы: Тренингтік топтың жұмыс қағидаттары Топтың тұрақты құрамы қағидаты



бет2/3
Дата24.11.2022
өлшемі23.56 Kb.
#465686
түріСеминар
1   2   3
1 сем (3)
Тақырып, 1. Физическая активность - залог здоровья (1), ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ. Дәріс, Емтихан билет Пед маман кіріспе, ӘПЖТ Лекция, 5-лек.мысалдар, 2-курс.Мат.СИЛ. МЛДМ, Arhitektura-kompyutera Tanenbaum BOOK, 4-лек. Функция, Балажанова ЖБ портфолио, Инструкция по отправке данных.docx (1), Сараптамалық қорытынды К. Бузаубакова электронды оқу құралына, маги (автовосстановление), ОҚМПУ 1- кластер есебі Психология кафедрасы, Рамазан
Дамуды оңтайландыру қағидаты. Жүргізушіден жекелеген қатысушылардың және жалпы топтың белгілі бір психологиялық жай-күйін анық диагностикалау мен білікті айқындау ғана емес, сонымен қатар, олардың дамуы үшін қажетті жағдайларды оңтайландыру мақсатында болып жатқан оқиғаларға белсенді түрде араласу да талап етіледі. Арнайы жаттығуларды қолдана отырып, жүргізуші қатысушылардың өз-өздерін дамытуларын ынталандыруы, олардың күш-жігерлерін қажетті арнаға бағыттап отыруы тиіс.

  • Интеллектуалды және эмоционалдық салаларды үйлестіру қағидаты. Бір жағынан, тренингке жоғары эмоционалдық ширығу тән,

    оқушылар топта болып жатқан оқиғаларды шынымен өз бастарынан өткереді. Бұл олардың шындықты жасырмай айтуға бет бұруларына, көбірек дәрежеде әріптестеріне сенім білдірулеріне, бір-біріне қатысты әлдеқайда гуманды бола түсулеріне көмектеседі. Бірақ, екінші жағынан, тренинг оқиғаларды талқылау кезіндегі интеллектуалды талдау үдерістерін де белсендіре түседі. Мұндай іс-әрекеттің басты нысаны – барлық сабақтар бойында пайдаланылатын топтық пікірталас.

    1. Бүкіл тренингке, сондай-ақ оның жекелеген сабақтары мен жаттығуларына ерікті қатысу қағидаты. Жасөспірімнің жұмыс барысындағы өз мінезінің өзгерулеріне табиғи ішкі қызығушылығы болуы тиіс. Оң мағынасындағы тұлғалық өзгерістер, әдетте, мәжбүрлі түрде жүзеге аспайды, және оны талап етудің қажеті де жоқ.

    2. Топтың тұрақты құрамы қағидаты. Тренингтік топ жабық болса, яғни, оның құрамы тұрақты және жаңа адамдар қосылмайтын болса, ол әлдеқайда тиімді жұмыс істейді, және онда топ мүшелерінің өз-өздерін ашуына септігін тигізетін ерекше үдерістер пайда болады.

    Топты қалыптастыру қағидаттары туралы мәселе аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең оңтайлы жас кезеңі – 16-дан 40 жасқа дейін деп есептеледі. Жасөспірімдерді де оның құрамына енгізуге болады, бірақ егер жүргізушіде қатысушылардың мінез-құлықтарын түзету немесе қажет болған жағдайда психологиялық қолдау көрсету мақсатында оларға үнемі тренингтен кейін еріп жүруге және байланыста болуға мүмкіндігі болған жағдайда ғана. Практикалық психолог ретінде мектепте жұмыс істейтін педагогтың, әдетте, мұндай нақты мүмкіндігі болады. Гетерогендік қағидатын, яғни, жынысы бойынша, егер тренинг мектептен тыс жерде өтетін болса, таныстық дәрежесі, жасы және мамандықтары бойынша ерекшеленетін адамдарды топқа біріктіруді атап өтелік.
    Өздігінен алғаш рет өз тренингін бастағандарға шағын топпен – 10-12 адаммен жұмыс істеген дұрыс. Белгілі бір тәжірибе жинақтағаннан кейін қатысушылардың санын 30-40 адамға дейін арттыруға болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©dereksiz.org 2022
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет