ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
«Автоматика және ақпараттық технологиялар» институты
«Киберқауіпсіздік, ақпараттарды сақтау және өңдеу» кафедрасы
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1
Тақырыбы: Vlan технологиясы
Білім алушы: Мырзабекова С.Ғ.
Мамандық шифрі: 6B06301
Оқытушы: Орумбаев Н. Е.
Алматы 2023
Зертханалық жұмыс №1
Vlan технологиясы
Жұмыстың мақсаты: Cisco Packet Tracer ортасын пайдаланып жергілікті компьютерлік желілерді модельдеу дағдыларын алу. Vlan технологиясын зерттеу.
Жұмыстың барысы:
Компьютерлерді құру және оларға IP-адрес беру:
1-сурет Компьютерлерді құру
Компьютерлердің үстінен басу арқылы Desktop парақшасында 4 компьютерге 198.162.1.1, 198.162.1.2, 198.162.2.1, 198.162.2.2 IP адресін беріп шығамыз.
1.2-сурет Компьютерге IP адрес беру
Switch параметрінде mode access пәрмендерін пайдаланып, vlan орнату:
1.3-сурет vlan орнату
Show vlan brief кодын қолдану арқылы процестің дұрыс немесе қате жүріп жатқандығын анықтау:
1.4-сурет Show vlan brief командасы
Берілген 4 компьютерді көшіріп аламыз. Көшірілген компьютерлердің IP адресін өзгертіп, комутаторларды, яғни, қосқыштарды бір-біріне жалғаймыз.
Қосқыштарды жалғау
Switchport mode trunk арқылы Vlan 11 және Vlan 22 қосқыштардың жалғануы:
1.5-сурет Switchport mode trunk командасының жұмысы
Процестің дұрыстығын тексеру:
1.6-сурет Show run командасы
Қорытынды
“Cisco Packet Tracer” - №1 Зертханалық жұмысында ең алдымен компьютерлерді құру және оларға IP-адрес беру меңгерілді. Switch параметрінде mode access пәрмендерін пайдаланып vlan орнатылды. Гигабиттік кабельден кейін қосқыштар жалғанды және жұмыстың дұрыстығы тексерілді.
Зертханалық жұмыста vlan орнатып, оларды өзара байланыстырдық және ping арқылы деректерді жіберіп тексеру жүргіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |