Зертханалық жұмыс № 6. Ciscoның бір коммутаторында VLAN- ды келтіру
Жұмыстың мақсаты: Сisco комутаторының негізінде VLAN-ды келтірудің әдістемесін оқып-үйрену.
Тапсырма: берілген сұлба мен жұмыстың сипаттамасына сәйкес эмулятордағы желінің келтіруін жүргізу.
Бұл жұмыста Сisco фирмасы коммутаторының енім порттарында VLAN келтіру қарастырылады. Желіні құрыңыз, оның логикалық топологиясы 14 суретте көрсетілген. Компьютерлер Cisco 2960-24ТТ коммутаторымен жалғанған. 4 кестеде компьютерлердің адресі келтірілген.
Бұл жұмыстың міндеті – компьютерлердің екі тәуелсіз тобын құру: ДК0, ДК1 және ДК2 бір бірі үшін ғана енімі болу керек, екінші тәуелсіз топ - ДК3 и ДК4 компьютерлері. Ол үшін екі жеке VLAN құрамыз (18 сурет).
Компьютер
|
IP адрес
|
Коммутатордың
порты
|
ДК0
|
10.0.0.1/8
|
1
|
ДК1
|
10.0.0.2/8
|
2
|
ДК2
|
10.0.0.3/8
|
3
|
ДК3
|
10.0.0.4/8
|
4
|
ДК4
|
10.0.0.5/8
|
5
|
сурет - Бір коммутаторлы желінің сұлбасы 4 кесте
Әрі қарай ДК0, ДК1 және ДК2 VLAN 2-де орналасады, ал ДК3 және ДК4 VLAN 3-те орналасады деп есептейміз.
ДК0 хостының конфигурациясын тексеру үшін ipconfig командасын орындаймыз. Команданы орындағанның нәтижесі 19 суретте көрсетілген. Басқа хосттарды да осылайша тексеруге болады.
сурет - Хосттың конфигурациясын тексеру
PING командасын пайдалана отырып, барлық компьютерлер арасындағы байланысты тексереміз. Қазір олар бәрі бір желіде және бір-біріне енімі бар.
Енді коммутаторда желіні құрылымдау және ретке келтіру үшін, VLAN 2 және VLAN3 келтіруімен айналысамыз. Әрі қарай коммутаторды келтіруге көшеміз. Оның консолын ашамыз. Packet Tracer-де осыны орындау үшін, жұмыс облысында коммутатор бойынша жүгірткінің сол жақ тетігін екі рет басыңыз.
Ашылған терезеде CLI қосымша бетіне көшіңіз. Сіз консол терезесін көресіз. Командалар кірісіне ену үшін, Enter-ді басыңыз. Консолда бейнеленген ақпарат, FasteEthernet0/1 – FasteEthernet0/5 интерфейстері жұмыс күйінде екенін көрсетеді.
Еnable командасын орындай отырып, привилегирленген режимге өтеміз:
Switch>en Switch#
VLAN-ның бар коммутаторындағы ақпаратты қараймыз (20 сурет). Ол үшін келесі команданы орындаймыз:
Switch#sh vl br
сурет - Коммутатордағы VLAN туралы ақпаратты қарау Команданы орындау нәтижесінде экранда көрінетіндер: VLAN
нөмірлері – бірінші бағана, VLAN атауы - екінші бағана, VLAN күйі – үшінші бағана, VLAN-ға қатысты порттар – төртінші бағана. Коммутаторда көріп
тұрғанымыздай бес VLAN бар. Коммутатордың барлық порттары VLAN 1-ге қатысты. Қалған төрт VLAN қызметтік болып саналады және жиі қолданбайды.
Жоспарлаған желіні іске асыру үшін, коммутаторда тағы екі VLAN жасаймыз. Ол үшін привилегирленген режимде келесі команданы орындаңыз: Switch#conf t
Enter configuration commands, one per line. End with CNTL/Z.
Switch(config)#
Конфигурация режиміне өту үшін, VLAN 2 командасын енгіземіз. Осы командамен 2 нөмірлі VLAN коммутаторын жасаймыз. Указатель ввода Switch(config)# кіріс көрсеткіші Switch(config-vlan)#-ке өзгереді, бұл барлық коммутаторды толықтай емес, тек жеке VLAN-ды конфигурациялайды деген сөз, бұл жағдайда 2 нөмірлі VLAN. Егер сіз «vlan x» командасын қолдансаңыз, мұндағы x VLAN нөмірі, VLAN x коммутаторда жасалмаған кезде, ол автоматты түрде жасалады және оны конфигурациялауға кірісесіз. Сіз VLAN конфигурация режимінде болған кезіңізде таңдалған виртуалды желінің параметрлерінің өзгеруі мүмкін, мысалы оның атын name командасының көмегімен өзгертуге болады.
Қойылған міндеттерге жету үшін, VLAN 2 төмендегідей конфигурациялаймыз:
Switch(config)#vlan 2
Switch(config-vlan)#name subnet_10 Switch(config)#interface range fastEthernet 0/1-3 Switch(config-if-range)#switchport mode access Switch(config-if-range)#switchport access vlan 2
Осы конфигурацияны қарастырамыз. Осының алдында VLAN 2 командасымен айтып өткендей, коммутаторда 2 нөмірлі жаңа VLAN жасаймыз, name subnet_10 командасы нөмірлі виртуалды желінің subnet_10 2 атын меншіктейді. interface range fastEthernet 0/1-3 командасын орындай келе, біз коммутатордың fastEthernet0/1, fastEthernet0/2 және fastEthernet0/3 интерфейстерін конфигурациялауға көшеміз. Осы командадағы range кілттік сөзі бір портты ғана емес, порттардың бүтін диапазонын конфигурациялауға болатынын көрсетеді, оны қолданбауға да болады, бірақ соңғы үш қатарды ауыстыруға тура келеді:
Switch(config)#interface fastEthernet 0/1 Switch(config-if)#switchport mode access Switch(config-if)#switchport access vlan 2 Switch(config)#interface fastEthernet 0/2 Switch(config-if)#switchport mode access Switch(config-if)#switchport access vlan 2 Switch(config)#interface fastEthernet 0/3 Switch(config-if)#switchport mode access Switch(config-if)#switchport access vlan 2
Switchport mode access командаcы енім порты (аксесс порт) сияқты коммутатордың таңдалған портын конфигурациялайды. Switchport access vlan
2 командасы бұл порттың 2 нөмірлі VLAN үшін енім порты болып саналатынын көрсетеді.
Екі рет exit командасын теріп, конфигурация режимінен шығыңыз және өзімізге таныс sh vl br командасын орындап, конфигурация нәтижесін қарап шығыңыз (21 сурет):
сурет - VLAN-дағы порттарды тарату
Коммутаторда тағы бір 2 нөмірлі және subnet_10 атты VLAN, fastEthernet0/1, fastEthernet0/2 және fastEthernet0/3 болып табылатын енім порттары пайда болды.
Әрі қарай осылайша subnet_192 атты VLAN 3 және оның порттарымен fastEthernet0/4 және fastEthernet0/5с интерфейсін жасаймыз. Оның нәтижесі төмендегідей болуы керек (18 сурет):
сурет - VLAN-дағы порттарды тарату
Барлығы дайын және біздің желіміз келтірілді. Тек оны тестілеуден өткізу керек. ДК0 компьютерінің консолына өтіңіз. Одан желінің барлық компьютерлерін пингтен өткізіңіз. ДК1 және ДК2 компьютерлеріне енім бар, ал ДК3 және ДК4 компьютерлеріне енім жоқ. Барлық бес компьютер теория жүзінде 10.0.0.0/8 бір ішкі желіде орналасуы және олар бірін-бірі көруі қажет, тәжірибе жүзінде олар әртүрлі виртуалды жергілікті желілерде орналасады, сондықтан өзара әсері болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |