Тақырып 5 Цестодоздар. Тениидоздар Цестодалар және цестодоздар Цестодалар



бет3/4
Дата01.12.2023
өлшемі18.36 Kb.
#485108
1   2   3   4
паразит 5

Альвеококк (аlvecoccus) көптеген майда камералардан құралған көпiршiк. Эхинококкпен салыстырғанда оның көлемi кiшiрек, сұйығы аз, iшi “құрғақ”, араның ұясына ұқсас, iшкi қабығы өте ұсақ протосколекстерге (“нүктелерге”) толы. Альвеококктың аралық иелерi адам мен кемiргiштер.
Цистицеркоид (Cisticercoid)- микроскопиялық ұсақ ларвоциста, алдыңғы жағында жалғыз ғана сколексi бар, ал артқы шетiнде, “құйрықшасы”, яғни церкомер орналасқан. Цистицеркоидтердiң аралық иелерi сауытты орибатид топырақ кенелерi, алтыаяқты жәндiктер және шаян тәрiздiлер.
Стробилоцерк (Ctrobilocercus) - мысық гидотигерасының дернәсілі – сколексы қаруланған болады, ұзақ мүшелеленген (жалған) денесінің соңы шағын көпіршікпен жабылған.
Тетратиридий (Tetratiridium) - басы қарусыз, төрт сорғышы және ұзын құйрық өсіндісі бар, ішіне кірген саусақ қолғаптары сияқты дернәсіл. Процеркоид (Procercoid) – лентецтердің дернәсіл сатысы, денесі ұзынша келген, алдынғы жағында тереңдеу жерлері (негізгі ботриялар), ал соңғы жағында эмбрионалды ілгектермен қапталған шар тәрізді өсіндісі болады. Плероцеркоид (Plerocercoid) – лентецтердің дернәсіл сатысы, ұзындығы 1 метрге дейін барады, капсуласы және кірпікшелері жоқ, денесінің алдыңғы жағында ботрийялар орналасқан.
Цепеньдердің (шынжыр құрттар) өсіп-өнуі клиникалыққы ортаға ересек құрттардың жетілген бунақтар бөліп, таратуынан басталады. Оның іші толған құрт жұмыртқалары. Бунақ қабығы жиырылып немесе ыдырап, ішіндегі жұмыртқаларын мал жайылымдарына шашады. Мал жануарлар жайылымда құрт жұмыртқаларын шөппен немесе сумен қоса жұтып, цестодозды жұқтырады. Мал ішегінде жұмыртқадан босап шыққан онкосфералар қан тамырларына еніп, бүкіл ұлпаларға, ағзаларға тарайды. Олар өздерінің бейімделген ағзасына жеткең соң, құрттың түріне байланысты, әр түрлі ларвацисталарға (цистицерк, ценур, ехинококк т.б.) айналады. Ал, құрттың ақтық иелері ларвацисталармен зақымданған мал ағзаларын жеп, гельминттерді жұқтырады. Олардың ішегінде ларвацисталардан құрт сколекстері босап, ішектің кілегей қабығына бекініп, ересек таспа құртқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет