Ежелгі үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі 2 және 1 мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек үнді елінің ғана емес бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады.
«Веда » сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандақ шалу, садақа беру формулалары.
Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.
Ведалар 4 бөліктен тұрады:
Самхиттер –құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
Брахмандар – діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен упанишадалардың арасын байланыстырып тұр;
Араньяктар – «орман кітаптары» - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берушілерге арналған ережелер жинағы.
Упанишадалар – философиялық мазмұны терең рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта (Ведалардың соңы) деп аталады.
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
Жайнизм- көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тахуа - тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы – б.д.д. 6-5 ғасырларда өмір сүрген, Джина (жын) немесе жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезендеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынандай 4 тиымды олар бұлжытпай сақтады: ахимса- тірі мақұлықтардың ешқайсысының өміріне иян келтірмеу;
Астеия – ұрлық жасамау; сатья-шыншылдық; апариграха – үйірсектікке (М.Әуезов өзінің «будда» еңбегінде осы ұғымды «жабыспау» деп аударған ) тиым салу. Махавира бұл тиымдарға бесіншісін – брахмачариья – некеден бас тартуды қосты.
Буддизм- көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы б.д.д. 560-480 ж Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Сидхартха Гоутама. Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыстарымен кездескен соң адамды азап- қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.
Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов өзінің « будда» еңбегінде жақсы баяндады: «Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса сағат сайын әлі азайып, сыйқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек».
Буддизм ілімі бойынша, өмір — қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен кұтыла алмайды. Оған кұдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен кұтылудың бірден-бір жолы — сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет:
1. Өмір — қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу, кажетіңе жете алмау, т.б. осылар-дың бәрі — қасірет.
2. Касіреттің пайда болу себептері туралы ақиқатты білу Ол—өмірге, ләззатқа деген құштарлық.
3. Құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңу.
4. Құштарлықтан құтылу жолдарын білу.
Құштарлықтан құтылу оңай емес. ол үшін сегіз қағиданы бұлжытпай орындау керек, Олар:
1. Дұрыс жол — төрт ақиқатты дүрыс түсіну.
2.Дұрыс шешім—төрт ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.
3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау,
4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.
5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру.
6. Дұрыс күш жұмсау — қүмарлықпен, жаман оймен күресу
7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.
8.Дұрыс жинақтала білу — өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.
Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванаға яғни тыныштыққа жетуге болады.
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация – иога деп көрсетеді. Тұлға элементтері мен сана ағынынан тұрады , ал элемнттердің арасында адамдардың өз ойларын бір нүктеге жинақтау қәбілеті - иога аса құнды. Буддизм бұл қәбілет әр адмның бойында бар мәселе оны дамыта білуде деп есептеді, яғни , адамның өзіне байланысты. Осы фокторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамның жетілуі оның өз қолында , адам бейне қасіреттен өз күшімен сырттқы күштердің қоғамның әсерінсіз өзіндік моральдық және интелектуалдық жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.
Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің оның материалдық дүниеден, қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті буддафилософиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға әсіресе батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде де кең тарап отыр.
Буддизмгің негізгі екі бағыты бар:
1. Хинаяна
2. Махаяна.
Махаяна – адамды азаптан құтқарудың кең және еркін жолдарын уағыздады. Басты қағидасы – әр адам Нирванаға жете алады, яғни өзін құтқара алады.
Хинаяна – Нирванаға тек әдіс пен данагөй әрекет қана жеткізеді. Ақиқаттың жоғарғы жолы әдіс пен даналық шеңберінде, бағытында.
Махаяна Үнді жерінің солтүстігінде, хинаяна оңтүстік және оңтүстің–шығысында басымырақ таралған.
Чарвака – локаята – филосорфиялық әдебиетте көне Үнді философиясындағы материялистік деп қабылданған бағыт локаятиктер. «Чорвака – локаята» сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чорвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, бұл басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспати деп есептейді, ал кейбір ғалымдар Чорвака - локаятаның болған болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ көне ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі. Сондықтан да соңғы болжам негізсіз. Чорвака- локаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді. Чорвака- локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, су, от және ауадан тұрады деп есептейді. Сана,ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән- мақсаты – осы нақты өмірде рахатқа бөлену, азап –қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: |