1 тақырып: Капитализм генезисінің мәселелері және ХҮІІ ғ.-ХХғ.басындағы шетелдердің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі тенденциялары. Жаңа заманның экономикалық және саяси доктриналары. 2 сағат.
Сабақтың мақсаты: Капитализм генезисінің мәселелері туралы түсінік қалыптастыра отырып, осы кезеңнің экономикалық және саяси доктриналарына талдау жасау.
Тақырыптың сұрақтары:
1.«Капитализм» ұғымы жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша, Капитализм өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалы жұмысшы табын (пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігі болып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін қоғами құрылыс.
2. Европа елдерінің «еркін сауда» саясаты
Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (ЕЕСҚ) - төрт еуропалық мемлекеттен тұратын аймақтық сауда ұйымы және еркін сауда аймағы: Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария. Ұйым Еуропалық Одақпен (ЕО) қатар жұмыс істейді және барлық төрт мүше мемлекет біртұтас еуропалық нарыққа қатысады және Шенген аймағының бөлігі болып табылады. Алайда, олар Еуропалық одақтың Кеден одағының мүшелері емес.
Тарихи тұрғыдан ЕЕСҚ екі басым батыс еуропалық сауда блоктарының бірі болды, бірақ қазір ол әлдеқайда кішірек және өзінің тарихи бәсекелесі - Еуропалық Одақпен тығыз байланысты. Ол 1960 жылы 3 мамырда ЕО-ның негізгі предшественниги сол кездегі Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа (ЕЭК) қосыла алмайтын немесе қосылғысы келмейтін еуропалық мемлекеттер үшін балама сауда блогы ретінде қызмет ету үшін құрылды. ЕЕСҚ құру туралы Стокгольм конвенциясына (1960) 1960 жылы 4 қаңтарда Швеция астанасында жеті ел қол қойды ("сыртқы жетілік" деп аталады: Австрия, Дания, Норвегия, Португалия, Швеция, Швейцария және Ұлыбритания). Қайта қаралған Конвенцияға, Вадуц конвенциясына 2001 жылғы 21 маусымда қол қойылып, 2002 жылғы 1 маусымда күшіне енді.
3.Модернизация Батыс пен Шығыстың өркениетаралық өзара әрекеттерінің көрінісі ретінде
ХХ ғасырдың басында Ислам салтанат құрған өркениеттің барлығы дерлік тоқырауға ұшырап ақыры ғылыми-техникалық тұрғыдан алға сурылып шыққан еуропалық елдердің отарына айналды. Өткен жүз жылдықтың орта шенінен мұсылман елдері формалды тәуелсіздікке қол жеткізсе де, іс жүзінде сырт күштердің ықпалында қалды. АҚШ пен Еуропаның мұсылман елдерін экономикалық тұрғыдан тонау, ішкі істеріне араласу, күштік қысым көрсету секілді бұның сорақы тұстары жергілікті азаматтардың ашу-ызасын туғызды. Ал енді аталған ашу-ызаның нақты идеологиясы ретінде Исламды саясиландыру бірінші орынға шықты. Араб қоғамдарында Мұсылман-бауырлар, Хизбут-Тахрир, Хамас сынды радикалды діни партиялардың етек жаюы, Ирандағы билік басына шииттік аятолллалардың келуі, Батыс пен Шығыстың теке-тіресіне жиі өркениетаралық мән берілуі – осы да басқа мысалдар айтылғанға дәлел іспеттес.
4.Физиократтық экономикалық доктрина
Экономика заңдары табиғи болғандықтан, мемлекет экономикалық өмірге араласпауы тиіс. Ол тек қана тəртіпті сақтап, жолдарды жəне білім алуды ғана реттеу керек. Анн Робер Жак Тюрго өзінің еңбектерінде физиократтық жүйені дамытты, ол Людовик XVI кезінде қаржының бас бақылаушысы (қаржы министрі) қызметін атқарған. Саяси экономияның негізгі сұрақтарын Тюрго өзінің атақты «Байлықты қалыптастыру жəне бөлу туралы ойлар» атты еңбегінде мазмұндады. Ғалым таптарға бөлудің жаңа өлшемін – өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасын енгізеді. Осылайша ол фермерлердің арасында екі тапты бөліп қарастырады – жұмысшы жəне капиталистер. Егер біріншілердің жұмысшы күшінен басқа ештеңесі болмаса, ал екінші тап өндірістің иесі болып табылады. Тура сондай бөлуді Тюрго өнімсіз тапқа жүргізеді. Осылайша қоғамда жер иелері табын қоса алғанда бес тап бар: ауыл шаруашылығы жəне өнеркəсіптегі жұмысшылар мен капитал иелері. Классикалық мектептің ерте даму кезеңіндегі атақты ғалымдарына Ричард Кантильон жəне Давид Юм жатады. Ричард Кантильон (1680-1734) ирландық көпес жəне қаржыгер, ол көп жылдар бойы Францияда өмір сүрген. Меркантилистік саясатты сынайтын «Сауда табиғатының тəжірибесі» атты еңбегі ол дүниеден өткеннен кейін жарық көрді (1755). Ричард Кантильон «қымбат сатып, арзан сатып алу» тезисі мемлекет үшін уақыт өте келе шығын алып келуі мүмкін, бірақ жекелеген адамдар үшін жағдай мүлдем басқаша екендігін пайымдады. Оның пікірінше, сұраныс пен ұсыныс арасындағы сəйкессіздік арқылы қымбат сатып, арзан сатып алуға мүмкіндік туады жəне тура осы жағдай бəсекелес нарықтарды тепе-тең жағдайға алып келеді. Осындай жүзеге аспаған мүмкіндіктерді қолданып табыс табатын адамдарды Ричард Кантильон «кəсіпкерлер» деп атайды жəне кейіннен осы термин экономикалық теорияға тұрақты енді. Ричард Кантильон алғашқылардың бірі болып «алтын ақша ағыны» механизміне сипаттама берген жəне барлық экономикалық тұлғалардың бастапқы құралдары бірдей дəрежеде өскен жағдайда ғана ақшаның көбеюі бағаның өсуіне əсер ететіндігін көрсетті. Давид Юм (1711-1776) XVIII ғ. ұлы ойшылы, философ, тарихшы, экономикалық зерттеулерін негізінен ақшаның рөліне арнаған.
Достарыңызбен бөлісу: |