Таксономиясы білу, түсіну және қолдану


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет66/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
Абайдың-таксономиясы

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ 
1. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер / 
Құраст.: Шəріпов Ə., Дəуітов С. – Алмааты: Жазушы, 1989. – 320 б. 
2. Абайтану. Таңдамалы еңбектер. XV том. Қ.Жұмалиев. Абай 
поэзиясының тілі /Жалпы ред. басқ. Ж.Дəдебаев. – Алматы: Қазақ университеті, 
2017. – 248 б. 
3. Абайтану. Таңдамалы еңбектер. XIII том. М.О. Əуезов. Абай 
(Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) / Жалпы ред. басқ. Ж.Дəдебаев. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2017. – 264 б. 
4. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Таңдамалы шығармалар. Екі томдық. 
Бірінші том. Өлеңдер. Поэмалар / Құраст., алғы сөзін жазған, жалпы ред. басқ. 
Ж.Дəдебаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 242 б. 


205 
Сегізінші тарау 
 
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ХРОНОТОПТЫҢ
ҚЫЗМЕТІ МЕН ПОЭТИКАСЫ
 
Көркем шығарманың негізін уақыт пен кеңістік құрайды. 
Олар өзара бірін-бірі толықтырып, шығарманың мазмұны мен 
маңызын ашады. Көркем əдебиеттегі көркем уақыт пен кеңістік 
дегеніміздің өзі қаламгердің дүниетанымы мен эстетикалық 
ұстанымында берік орын алған айрықша бір суреттің, сəттің, 
құбылыстың уақыт шаңына көміліп қалмай, аз да болса кідіріске 
ұшырауы. Яғни оқырманға эстетикалық лəззат сыйлауы.
Қаламгердің эстетикалық ізденісін, туындының көркемдік əлемін 
сыйғызатын көркем уақыт пен көркем кеңістікті жан-жақты 
талдауға мүмкіндік беретін проблема – шығармадағы адам 
концепциясы. Оған деген қаламгердің қарым-қатынасы, 
авторлық позициясы. Мысалы, Абай Құнанбаев шығарма-
шылығындағы нақты уақыт пен абстрактылы уақытқа, тарихи 
уақыт пен мифтік уақытқа, сондай-ақ нақты кеңістік пен 
абстрактілі кеңістікке көңіл бөле отырып, олардың тығыз 
байланысына, органикалық бірлігіне кешенді түрде зерделеу 
жүргіземіз.
Көркем əдебиеттегі уақыт көркем мəтіннің ерекшелігімен, 
автордың ниетімен байланысты белгілі бір қасиеттерге ие. 
Мəтіндегі уақыт нақты анықталған немесе өте бұлдыр 
шекараларға ие болуы мүмкін (оқиғалар, мысалы, ондаған 
жылдар, бір жыл, бірнеше күн болуы мүмкін), олар шығармада 
көрсетілуі мүмкін немесе, керісінше, тарихи уақытқа немесе 
уақытқа қатысты емес, оны автор шартты түрде орнатады. 
Көркем шығармада уақыт көп өлшемді болуы мүмкін. 
Көркем уақыттың бұл қасиеті, біріншіден, авторы бар жəне 
оқырманның қатысуын, екіншіден, шекаралары: басталуы мен 
аяқталуы болатын əдеби шығарманың табиғатымен байланысты. 
Осылайша, мəтінде екі уақыт осьтері пайда болады. Сондықтан 
да уақыт пен кеңістік бірге үйлесім таба отырып əрекет еткенде 
автордың нақты мақсаты айқындалады. Соны Абайдың 
өлеңдерімен мысал келтіре отырып талдасақ. Демек, Абай сөзiнiң 


206 
магиясы күштi. Ол негiзiнен ақын жанының нəзiктiгi, басқа 
субъектiлердiң өмiрлiк уайым, қасiретiне ортақтастық көңiлiн 
бүкпелемей, ащы да болса, шынайы жариялай бiлуiнде. 
Уақыт пен кеңістік жеке автордың дүниетанымы мен 
көзқарасына қарай жазушы стилін қалыптастыруда үлкен рөл 
атқарады, сол арқылы əлемнің жеке авторлық суретін құру 
ерекшелігін, көркем шығарманың ішкі заңдылықтарын 
айқындайды, шығарманың композициялық тірегі болып, көркем 
образдардың ашылуының ішкі ұйымдастырушысы болып
əлемнің көркем бейнесін қалыптастырады.
Бұл туралы Қажым Жұмалиевтің: «Бағытым жаңа түзелді деп 
ұққан жас талант, ғылым, күшінің өз замандастарынан артық 
екенін бұл еліктеуінде де көрсетті. Өз дəуіріндегі Шығысқа 
еліктеушілердің бəрінен Абай асып түсіп, Шығыстың шыңымын 
деген ақындардың өзімен таласты. Бірақ Абай кемеліне келіп, ой-
санасы марқайған кезінде Шығыс əдебиетінің ықпалында 
түгелдей қалып қоймай, сын көзімен қарап, қазақтың байырғы өз 
əдебиетіне қайта оралды.
Əрине, Абайға шейін қазақтың əдеби тілінің негізі бар да, 
өзінше мығым да еді. Мейлінше бай қазақтың ауыз əдебиеті, 
Бұхар, Дулат, Махамбет тəрізді əдебиет тарихының ірі тұлғалары 
ұлттық шеңберде əдебиеттің биік шыңы болады десек, көркем 
тілде де солай болады. «Не нəрсе адамның қасиеті болса, сол 
нəрсе – міні», − деп ұлы ақын Абайдың əкесі Құнанбай өзі 
айтқандай, Абайға шейінгі əдебиетіміздің ұлттық тұлғасын берік 
ұстау міні де, қасиеті де еді. Бұл – тілімізде де тегеуріннің 
беріктігін аңғартты. Қазақтың мақал, мəтел, нақыл сөздерін, не 
Махамбет өлеңдерін басқа тілге аударғанда, бұрала біткен 
емендей июге келмейтіндігі тіліміздің ұлттық тұлға, байырғы 
қалпын берік сақтауында еді» [1, 81], − деген сөзінде үлкен мəн 
бар деп білуіміз керек. Абайдың тілі – ұлттық тіл 
байлығымыздың осындай қасиеттерін ашқан жаңа үлгідегі тіл.
Кеңістікте ақынның ортасы, жағдайы, тұрмысы тарихи 
тұрғыда көрініс табады. Кеңістік қозғалыстың əр сəтін қамтиды, 
уақыттан тыс кеңістік болмайды. Уақыт ағынында көрініс алған 
кез келген оқиға, іс-əрекет пен жағдаяттың болған орны осы 
кеңістіктің негізі болып табылады. Себебі ақын өткен уақытқа, 
өткен уақыт шегіндегі кеңістіккке орала алмайды. 
 


207 
Ақын өлеңдеріндегі уақыт пен кеңістікті талдап, түсіндіру 
міндетін алға қоя отырып, Абай өлеңдерінің ғылыми талдауларға 
көп нысан болмаған «Ғабидоллаға (Жазғытұрым қылтиған бір 
жауқазын)» өлеңін таңдадық. Абай бұл өлеңді өз ауылындағы 
Ғабидолла Ғабитханұлы деген жас жігітке арнау ретінде жазған. 
Сол жігіт бір уақыт сауда қылып, мал тапқанына масайып, 
білімді кісімсініп (кісіге ұқсап), қалай болса солай шалқып, сөз 
таластыра бергенде айтыпты. 
Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын, 
Қайдан білсін өмірдің көбін азын. 
Бəйтеректі күндейді жетемін деп, 
Жылы күнге мас болып, көрсе жазын. 
Күз келген соң тамырын үсік шалып, 
Бетегеге жете алмай болар жазым.
Осы бір шумақта ақын уақытты объективті түрде, ал 
кеңістікті абстрактілі сипатта жасырын беріп отыр. Ал оны 
оқырман уақыт арқылы анықтай алады. Жалпы шығарманың 
басты мақсаты – түсінікті болу. Ал ақын шығармаларын тез əрі 
оңай түсіну үшін ақын өмірінен, жай-күйінен, ортасынан, тіпті 
қазақтың лексикалық қорынан хабарың, білімің болу қажет.
Бұл өлеңінде ең бірінші уақыт пен кеңістікті білдіріп тұрған 
тілдік бірліктермен таныс болсақ. Олар: жазғытұрым, қылтиған, 
жауқазын, өмір, көп, аз, бəйтерек, жылы күн, жазы, күз, жазым. 
Өлімнің хақ екені рас. Оның өзі əр ұлт өмірінде түлі салт-
жоралғылар арқылы іске асып отырады. Бұны ақын уақыт пен 
кеңістік тұрғысынан оқырманына қалай жеткізіп тұрғанын 
талдайық.
Жас қартаймақ, жоқ – тумақ, туған – өлмек, 
Тағдыр жоқ өткен өмiр қайта келмек. 
Басқан iз, көрген қызық артта қалмақ, 
Бiр құдайдан басқаның бəрi өзгермек.
Абайдың бұл өлеңінде сан мен сапа ұғымының арасындағы 
тартыс орын ала отырып философиялық түйіндеулермен қазақ 
өміріндегі қазаға қатысты салт-дəстүрлерді уақыт пен кеңістік 
тұрғысынан көз алдымызға əкеліп көрсетіп тұр. Абай бүкiл 


208 
философиясының алтын қазығын мына өлең жолдарымен нақты 
береді. 
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? 
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? 
Махаббат, ғадауатпен майдандасқан 
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Нақты, айқын таным. Сонымен бірге бүтін бір өмір, ұлт, ел, 
тағдыр, адам болмысының уақыт сапына кіре отырып қазақ деген 
жер бетіндегі халықтың ұлттық құндылығы мен танымын 
көрсетеді. Бұл өлеңде айқындау мен алмастырудың көркемдiк-
эстетикалық бояуға бай. Осы тəсiлдiң ойындық табиғаты 
шығармадағы қайғылы атмосфераны өткiр динамизммен 
суреттелген. Суықтық, үнсiздiк, қараңғылық референттерi уақыт 
пен кеңiстiктiң адам санасы арқылы қабылданатын екi полюсi 
арасындағы ымырасыз суреттер қоюлығымен психологизм 
мазмұнын аша түседi. Қорқыныш, үрей, шарасыздық, тəуекел 
эмоциясы тiршiлiктiң шiдерсiздiгi жайлы модернистiк эстетикаға 
тəн жатсыну философиясымен тамырластық табады [2, 82].
Ақын өлеңдері мен қара сөздеріндегі уақыт пен 
кеңістіктіктің көрініс табу жолдары мен олардың прагматикалық 
сипатын дұрыс түсінудің маңызы үлкен. Ақынның өлеңдері, 
поэмалары мен қара сөздерінде уақыт пен кеңістік орасан зор, əрі 
нəзік түрде үйлескен. Оны қарапайым оқырман байқамауы да 
мүмкін, оған тереңнен көре алу қабілеті қажет. Кез келген оқиға, 
іс-əрекет, нысан белгілі бір кеңістікте белгілі бір мезгіл, уақыт 
шегінде өтеді. Ақиқат шындық өмірдің көркем шығармаға 
түскенде басқаша өң алып, түрленетіні қаламгердің уақыт пен 
кеңістікті шебер үйлестіре алуында.
Ақын жалпы адам санасы мен өміріне ортақ болып келетін 
кезеңдерді, оған тəн оқиғалар мен амалдарды ашып көрсетіп, 
адам бойындағы жақсы жəне жаман мінездердің көрінуін де 
нақты кеңістік пен уақыт тұрғысынан шебер суреттейді. Сол 
арқылы да ақын еңбектері адамзаттың жүрегінен орын алып, 
өлмес мұраға айналған.
Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі 
саятшылық туралы жазылған.


209 
Қансонарда бүркітші шығады аңға, 
Тастан түлкі табылар аңдығанға. 
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, 
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. 
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, 
Сағадан сымпың қағып із шалғанда. 
Бүркітші тау басында, қағушы ойда, 
Іздің бетін түзетіп аңдағанда...
Алғашқы жауған қар кезінде саятшылар үшін аң аулауға 
қолайлы уақытты «Қансонар» деп атайды. Себебі, жаңа жауған 
қардан аңның ізі анық байқалады. Абай осы өлеңде 
саятшылықтың қызықты сəттерін табиғат көріністерімен 
сипаттайды. Саятшылық арқылы, қазақ халқы мекен еткен 
жердің қысы туралы, аңшылықтың сыры туралы ақпарат береді. 
Өлеңде қансонарда бүркіттерін алып, аңға шыққан саятшылар 
түлкіге кезігіп, бүркітті босатады. Түлкі мен бүркіттің арпалысы,
екеуінің іс-əрекеттері нанымды бейнеленеді.
Бұл өлеңде хронотопты айқындап тұрған элементтер: 
қансонар, тау басында, көк (аспан), жер, аспан, ертең. Осы сөздер 
арқылы оқырман саятшылықтың мезгілін, уақытын айқындай 
алады. Уақытты білдіретін негізгі тілдік бірліктер арқылы көрініс 
тапқан мекеншақ өлеңнің мазмұнын ашып қана қоймай, 
оқырманның ұлттық таным мен түсінігіне де əсер етеді. Сол 
себептен де өлең кеңінен тыныстап, оқырман жанынан ойып 
тұрып орын алады.
Авторлық идеяның түп-төркінінде не жекелік, не жалпы 
дəуірдің, қоғамның мұраттары жататыны белгілі. Осы 
құбылысты мəтінмен байланыстырған Ю.М. Лотман: «... Мəтін 
өз бетінше томаға – тұйық қалыпта болмайды, ол міндетті түрде 
қандай да болмасын контекстен (тарихи реалды немесе шартты) 
шығады» [3, 204], – дейді. Сондықтан да кез келген көркем 
шығарманың өзегі – шындық. Ал оны объективті түрде 
кестелеудің құралы – хронотоптық тілдік бірліктер. Сондықтан 
да мекеншақтық бірліктерді кеңінен талдау арқылы автордың 
идеялық шешімін, автор бейнесі мен тарихи шындықты да 
анықтауға болады.


210 
Болмыстың ақын шығармашылығындағы суретін болмыстың 
өзі, шындық əлемнің нақты құбылысы ретінде қабылдауға 
дəйекті негіз жоқ. Екінші жағынан, сөз өнерінің туындысында 
өмір шындығының айнадағыдай дəл көрінуі мүмкін болмайтыны 
сияқты, оны дəл көрсетуге талпыну да міндетті емес. Өмірдің 
шындық болмысын болғандай қалпында көрсету – ғылымның 
міндеті. Осы ретте Аристотель «Поэтика» атты еңбегінің ІХ 
тарауының басында негіздеген мына қағида еске түседі: 
«Ақынның міндеті болып өткен нəрсе туралы айту емес, болып 
өтуі ықтимал нəрсе туралы айту» [4, 655]. Аристотель ақын 
шығармашылығында суреттелген əлемді болмыста болып өткен 
оқиға ретінде емес, болып өтуі ықтимал оқиға ретінде 
қабылдауды дұрыс деп біледі. Аристотельден қалған қағида 
ақындық өнер туындысының табиғатын дұрыс түсінудің, 
ақынның көркемдік əлемінің ықтималдылығын дұрыс танудың 
негізі қызметін атқарады. Осы тұрғыдан келгенде, ақынның 
көркемдік əлеміндегі құбылыстар бір басқа да, өмірдің шындық 
болмысындағы құбылыстар бір басқа. Ақынның көркемдік 
əлеміндегі құбылыстар – ақынның көркемдік ойлау қызметінен 
туған ықтимал əлем құбылыстарының көрінісі. 
Абайдың шығармашылық мұрасында көрініс тапқан 
құбылыс, оқиға белгілі бір кеңістікте суреттеледі. Кез келген 
құбылыс, оқиға белгілі бір кеңістікте белгілі бір мезгілде 
болатыны түсінікті. Сонымен қатар болған істің, оқиғаның иесі, 
мəнісі, орындалу амалы, құралы т.б. болады. Оларды əдебиеттану 
ғылымының бүгінгі жетістіктері тұрғысынан талдап-таразы-
лаудың, пайымдау мен бағалаудың өзіндік методологиялық 
мəселелері бар. Олардың қатарында актанттық, нарративтік 
тұрғыдағы талдаулар, мезгіл мен мекен категориялары 
тұрғысынан зерттеу өзекті болып табылады. Абайдың өлеңдерін 
осы тұрғыдан қарастыру оның ілімін білу, түсіну жəне 
қолданудың ғылыми негіздерін тануға септігін тигізеді.
Поэзиялық шығармалардан адамның көңіл-күйін, сезім 
дүниесін, жан күйзелісін, қоғамдық ортаның жай-жапсарын 
біліп, түсінуге болады. Əсіресе, өлеңнің мезгілдік жəне мекендік 
өлшемдерінің поэтикалық қызметіне үңіле отырып, халықтың 
аңсаған арман-мұраттарын, өмір сүру деңгейін байқауға болады. 
Сол арқылы авторлық уақытты анықтап, əдебиеттанудағы жиі 


211 
айтылып келе жатқан кеңістік пен уақытты көркемдік категория 
ретінде тани аламыз.
ХХ ғасырдан бастап əлем əдебиеттануында «хронотоп» 
мəселесі кеңінен қарастырылып келеді. «Хронотоп» терминін 
əдебиеттануда ғылыми айналымға М.Бахтин енгізген.
М.М. Бахтиннің айтуынша, хронотоп термині Эйнштейннің 
ықтималдық теориясының негізінде математикалық жараты-
лыстануда қолданылған. М.М. Бахтин оған əдебиеттегі мазмұн 
мен пішіннің келісімі жүйесіндегі категория ретінде мəн берген 
жəне əдебиеттануға, шамамен, метафора секілді енгізген [5, 341].
Əдеби-көркем шығармашылықта хронотоп өзінше көрінеді 
жəне оның қызметі де өзгеше. Грек тілінде «хронос» – уақыт, ал 
«топос» мекен мағынасын білдіреді. Бұл терминнің мағынасы 
мен мазмұны туралы Бахтиннің еңбегінде кеңінен айтылған.
Уақыт пен кеңістік автор шығармаларының əлеуметтік, 
тарихи жəне мəдени контекстін қамтиды. Сонымен қатар 
прозалық немесе поэзиялық туындылардың өзіндік ерекшелігін, 
оның бейнелік жүйесін, поэтикалық құрылымы мен идеялық-
тақырыптық ерекшелігін көрсетумен қатар автор суреттеп 
отырған дəуірдің өзі туралы да ақпараттар береді. Мəселен, қазақ 
халқының басына түскен ауыр кезеңнің бірі – тəуелділік дəуірі. 
ХVІІІ ғасырдың соңы ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері 
тұтастай патшалық Ресей империясының құрамына қосылды. 
Яғни, патша əкімшілігі қазақ даласына еркін кіріп, жерді игеру 
үшін отарлау саясатын жүргізді. Басқарудың аға сұлтандық, 
хандық тəртіппен келе жатқан ұлттық жүйесі бұзылып, ел өміріне 
көптеген өзгерістер əкелді. Елде болыстық билік орнады. Қазақ 
даласындағы болыстық билік суретін сол заманда өмір сүрген 
ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларынан көре аламыз. 
Абай өз туындыларында ел өмірін көрсете отырып, қоғамдағы 
келеңсіз жағдайларды сынады. Оның əр өлеңінен кезең 
шындығын көре отырып, уақыт пен кеңістік болмысын көзге 
анық елестете аламыз.
ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын, ағартушы Абай Құнанбаев 
қазақ халқының əлеуметтік, қоғамдық мəселелеріне ерте 
араласып, үстем тап билеген феодалдық қоғамға қарсы шықты. 
Өзінің шығармашылығында да, ел арасындағы əлеуметтік 
теңсіздіктің барын сынай отырып, озық елдердің мəдениетіне 


212 
ұмтылу қажеттілігін айтты. Батыс пен Шығыс мəдениетін жетік 
білген ақын өз халқын да білім мен ғылымға қол созып, 
жалпыадамзаттық құндылықтарды бойға дарыту керектігіне баса 
назар аударады. Абай шығармаларынан ХІХ ғасырдың екінші 
кезеңіндегі елдегі тарихи кезең оқиғаларының салдарында 
байқай аламыз. Қазақ халқының Ресей империясына бодан 
болуының салдарынан, елдің тұрмыс-тіршілігінде, салт-дəстүр-
лерінде өзгерістер орын алғаны рас. ХІХ ғасырдың екiншi 
жартысында туған демократиялық ағартушылық бағыттың ірі 
өкілі Абай Құнанбайұлы өз дəуірінің алуан түрлі мəселесін 
көтере отырып, өскелең ұрпақтың ұлттық сана-сезімін дамытуға 
бағытталған шығармалар жазды. ХІХ ғасырдағы орыстың ұлы 
ағартушыларының озық ойлы идеясын өз еліне барынша 
түсіндіріп, олардың шығармаларын қазақ ұғымына бейімдеп 
аударды. Аударып қана қоймай, қазақ əдебиетінің дамуына үлес 
қосып, жаңа бағыт əкелді. Ең бастысы əрбір шығармасынан 
елінің əлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігінен хабар бере 
отырып, қиындықтан шығар жол іздеді. Уақыттың бағытын 
өзгертіп, болашаққа жол бастады. Халық санасын тар шеңберден 
шығарып, бəсекеге қабілетті болу үшін өнер мен білім, кəсіп 
үйренуге бағыттап, əлем кеңістігіне шығу жолды іздеді. 
Шетелдік жəне отандық гуманитарлық ғылымдарда əдеби 
шығармадағы уақыт пен кеңістік категорияларын интер-
претациялауға арналған зерттеу жұмысының өзіндік дəстүрі 
қалыптасқан. Осы категорияларды талдау арқылы əдеби 
туындыны, автордың идеясын, шығарманың сюжетін, мəні мен 
мазмұнын тереңірек жəне толық түсінуге мүмкіндік туады. 
Көркемдік кеңістік пен уақытты зерттеудің теориялық жəне 
əдіснамалық негіздерін орыс əдебиеттану классиктері қалаған 
деп айтуға болады. 
Əдеби шығармаларда (ең алдымен лирикада) уақыт пен 
кеңістік көбінесе символдық сипат алатын мотивтер мен 
образдар түрінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда кескін мен 
мотивтің құрылымының өзі кеңістік пен уақыттың 
концепсиясын, олардың ішкі өзара байланысын қамтиды. 
Көркем уақыт категориясы Д.С. Лихачевтің «Поэтика древ-
нерусской литературы» еңбегінде ежелгі орыс əдеби шығарма 
жанрлары, стилі, көркемдік əдісі, тақырыптық ерекшеліктері 


213 
қарастырылады. «Стилистикалық симметрия», «метафора-
символдар» жəне көркем уақыт пен көркем кеңістіктің 
фольклордағы көріністеріне назар аударылады. 
В.Н. Медриш «Фольклор мен əдебиеттегі көркем уақыт 
құрылымы»
еңбегінде əдебиет пен фольклордағы кеңістік пен 
уақыт категориялары, кең ауқымда халық ертегілерінен бастап 
А.Вознесенский шығармашылығына дейінгі аралықты қарас-
тырған. Ю.М. Лотманның «Поэтикалық мəтіндерді талдау» 
еңбегінде көркем шығармалардағы кеңістік пен уақыттың 
көркемдік категориялары функционалды-семантикалық бірлікте 
қарастырылып, туындының идеясын, бейнелі жүйесін түсінуге 
мүмкіндік 
береді. 
М.Стеблин-Каменский, 
В.Иванов, 
С.Неклюдов, М.Каган, Б.Егоров еңбектері де осыған арналған. 
Бұл ғалымдар жасаған теориялар мен жүйелер əдебиеттің, 
өнердің, мəдениеттің жалпы уақыт пен кеңістік кате-
горияларымен қаншалықты байланысты екендігін көрсетеді. 
Жалпы, 2000 жылдардан бері поэзиядағы уақыт пен кеңістік 
ұғымына қатысты кандидаттық, докторлық диссертациялар 
қорғалып, жекелеген ақындардың шығармалары тереңірек 
қарастырылуда. Мысалы: И.Рябцева еңбегінде белгілі ақын 
И.Лиснянскаяның 
поэзиясының 
поэтикалық 
əлемінің 
ерекшеліктерін зерттеуге, автордың көркем ойлауының маңызды 
принциптерін ашу үшін кеңістік пен уақыт бейнелеріне
жүйелі 
талдаулар жасалынған. Сондай-ақ, И.Ю. Кондратьеваның 
«Пространственно-временная организация ранней лирики 
Б.Пастернака» атты еңбектері ақындардың əлемді қабылдау, 
түсіну, оқырманға кеңістікті көркемдеп жеткізе білу 
шеберліктері берілген. Бұл еңбектер поэзиядағы көркем кеңістік 
пен уақыттың саласындағы іргелі зерттеулерге негізделген. 
Уақыт пен кеңістік поэзияда ақынның тілін, дүниетанымын, 
көркемдік əлемін байқатып қана қоймай, ақын өмір сүрген 
дəуірдің бейнесін де көрсетеді. Шығармалардың мəні мен 
мағынасына бойлап, тереңірек түсіну, М.Бахтинше айтсақ, тек 
хронотоп қақпалары арқылы жүзеге асады.
Қазақстандық əдебиеттанушы, профессор Б.Майтановтың 
əдебиеттегі «Қазақ романы жəне психологиялық талдау» еңбегі 
қаһарманның рухани əлеміндегі психологиялық үдерістерді 
саралау арқылы олардың əдеби мəтін кеңістігіндегі қызметімен 


214 
қатар əдебиеттегі «мекеншақ» категориясын анықтауға 
бағытталған. 
Қазіргі филология ғылымдары саласында өнімді еңбек етіп 
келе жатқан белгілі, көрнекті ғалымдардың зерттеулерінің 
таңдамалыларының «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп-
томдығы жарыққа шықты. Онда ақын шығармалары мəтінтану 
тұрғысынан да кең көлемде қарастырылған. Абай шығар-
машылығы негізінде «уақыт пен кеңістік» мəселесін тереңдеп 
қарастыруда аталған сериялық басылым теориялық тереңдігімен, 
тарихи үдерістерді сараптаудағы объективтілігімен құнды. 
Мысалы, Ж.Дəдебаев Абайдың əлемі туралы балай дейді: 
«Ақынның көркемдік əлемінің семантикалық өрісі өмірдің 
шындық болмысының өткен немесе осы, болмаса келер шағының 
нақты мекендік кеңістігінің қалыбына сыймайды, бірақ сай 
болуы ғажап емес. Ақынның көркемдік əлемінің қастерлі 
құндылығы – оның нақты мезгілдік жəне мекендік межеге 
сыймас мəңгілік мəнінде» [6, 71].
Ж.Дəдебаев мезгіл мен мекен туралы ойлар мен қағидалар 
төркінін ілкіден бастайды. «Гераклит (б.з.д. 554-483 жылдар 
шамасы), – дейді ғалым, – болмыстың өткіншілігін негізге алып: 
«Бір өзенге екі рет түспек жоқ», – дегенге ұқсайды. Мұны өзінше 
пайымдап, өзінше саралаушы данышпандар аз болған жоқ. 
Гераклит айтқан деген осындай пікірдің мəні мен мəнісі қазақ 
халқының 
даналық 
сөздерінің 
де, 
ақын-жыраулар 
шығармашылығының да асыл арқауындай ілкіден бүгінге дейін 
жалғасқан. Осы пікір ХVІ ғасырдың авторы Мырза Мұхаммед 
Хайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінде мына үлгіде айтылды: 
«Өткен уақыттың тыныс-лебі сол қалпында қайталанбайды. Сол 
сияқты өткен істі бүгінгі күннің тақтасына қайта əкеліп салу 
мүмкін емес». Əл-Фараби шын білім деп əрдайым ақиқат, анық 
болатын білімді айтады. Ал белгілі бір уақытта болатын, бірақ 
кейіннен болмауы да мүмкін нəрсе туралы білімді шын білім 
қатарына қоспайды. «Өйткені, – дейді ғұлама, – егер біз қазір ғана 
бар, бірақ уақыт өте келе болмауы мүмкін нəрсені білсек, онда 
оның бар, не жоқ екенін біле алмаймыз». Ал Абайдың өзіне 
келсек, өмірдің өзгермелілігі, бір орнында тұрмайтыны, дүниенің 
өтпелілігі туралы ой ақынның шығармашылық мұрасының өзекті 
желісі болып тартылған» [7, 45]. 


215 
Өзгермелі құбылысты өзгермес құбылыстай етіп суреттеу 
болмыстың негізіне қайшы екені түсінікті. Ақынның болмыстағы 
құбылыстарды мезгілдік жəне мекендік кеңістікте түрлі қалыпта 
суреттеуге мүмкіншілігі бар: а) сəт сайын өзгеріп, өтіп бара 
жатқын құбылыстың, нəрсенің болмыстағы бір ғана сəтінің 
көрінісін суреттеу бар; ə) сəт сайын өзгеріп, өтіп бара жатқын 
құбылыстың, нəрсенің болмыстағы өзгеру, өту үдерісін суреттеу 
бар. Алайда шегі мен шеті жоқ тоқтаусыз өтіп жатқан болмыстың 
əрбір сəтін немесе бар үдерісін суреттеуге мүмкіншілік жоқ. 
Ақын өзінің шығармасында болмыстың қас қағым бір сəтіне, 
сондай-ақ өтпелі, өзгермелі үдерісінің тұтас қалпына тəн мəн мен 
мағынаны ғана тұтас қамтып көрсетеді. Ақынның «Сағаттың 
шықылдағы емес ермек» өлеңіндегі мына екі тармақтың ұсынар 
ойы да терең: «Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас: өтті, өлді, 
тағдыр жоқ қайта келмек» [8, 72]. 
Ж.Дəдебаевтың пайымдауынша, мекендік жəне мезгілдік 
болмыстағы шындық жайлар, құбылыстар əлемі туралы Гераклит 
пен əл-Фарабиден, Мырза Мұхаммед Хайдар мен Абайдан артық 
анық айту қиын. Мекендік жəне мезгілдік шындық жайлардың, 
болмыстағы нақты құбылыстардың, оқиғалардың қалпы осындай 
өтпелі, «қайтып келмекке тағдыр жоқ» болғанда, олардың сөзбен 
суреттелген бейне, ой, сезім ағыны түріндегі сарындарын 
болмыстың нақты ақиқат шындығы ретінде қабылдаудың өзі 
шартты сипатқа иеленеді. Болмыстағы шындық құбылыстар 
білгілі бір сəтте белгілі бір кеңістікте ғана нақты шындық болады 
да, басқа сəттегі басқа кеңістікте нақ сол қалпында қала алмайды. 
Соған қарамастан ақынның көркемдік əлемінде шынайылық жоқ 
деп айтуға болмайды. Өнерпаздың өз өнер туындысында өтпелі 
өмірдің шындық құбылыстарының білгілі бір кеңістік пен белгілі 
бір сəттегі қалпын қаз қалпында суретке айналдыруының өзінде 
үлкен мəн бар. Оны өмірдің шындық құбылыстары емес, 
шындыққа сай келмейді деу ретсіз. Ақын өмірдің шындығын 
көрсетпейді, ақын өмір шындығының өзінің көркемдік ойлау 
кеңістігінде ақыл-ой қуатымен өзгерген, жақсарған суретін 
жасайды, ақын өмір шындығының өз көркемдік ойлау əлемінде 
өзінше жасаған көркем суретін көрсетеді. Ақынның көркемдік 
əлемі – ықтимал əлем, ықтимал əлемнің шынайылығы – көркем 


216 
шынайылық. Ақынның ықтимал əлемінің көркем шынайылығы 
болмыстағы шындық құбылыстардың шынайылығынан жоғары. 
Абайдың көркемдік əлемі дегенде, оны ақынның көркемдік-
бейнелеу құралдарының өрісі, олардың түрлері, ерекшеліктері 
деп түсінбеу керек. Көркем əдебиеттің құралы сөз болғанда, ол 
нақты мағыналары аясында көркемдік əлем кеңістігін, оның 
өзіндік табиғатын жете танытатындай қызметімен ерек-
шеленбейді. Сөз көркем əдебиет туындысының мазмұндық-
мағыналық құрылымын түзуші, сабақтастырушы, байла-
ныстырушы фактор деңгейіне көтеріле алғанда ғана өзінің белгілі 
бір ерекше қырын, табиғатының көзден таса терең сырын ашады. 
Ондай жағдайда мəтін жүйесіндегі тілдік бірлік өзінің тура 
немесе бұрма, не болмаса мəтіннен тыс, жасырын мағынасымен 
ақынның көркемдік əлемінің құрылым жүйесін басты 
байланыстырушы, тұтастырушы тетігіне айналады. Тілдің түрлі 
деңгейдегі категориялары туралы да осыны айтуға болады. 
Абайдың көркемдік əлемінде көрініс тапқан құбылыстардың 
мағынасы, мазмұны, мəні күрделі, көп қатпарлы, көп сатылы. 
Мұның өзі ақын шығармаларының онтологиялық қырларының 
байлығын білдіреді. Ал əдеби шығарманың онтологиялық 
көпқырлылығы оның мағыналық-құрылымдық жүйесінің 
бүтіндігіне, көркемдік əлемінің кемелдігіне жеткізеді. Ондағы 
мағынаны табу, анықтау, түсіну, пайымдау, бағалау оңай емес. 
Ақынның көркемдік əлемінің семантикалық кеңістігіндегі 
астарлы, ауыспалы, символдық мағынаны танып, білу де, 
жасырынулы, бүркемелі мəнді табу мен тану да қиын. Өйткені 
мұның жолдары, əдістері мен тəсілдері, ілгеріде айтылғандай,
теориялық деңгейде жеткілікті негізделген емес. Соған орай əр 
зерттеуші, əр оқырман, əр қабылдаушы əдебиеттің, қаламгердің 
көркемдік əлеміндегі нақты ашық немесе астарлы, жасырын 
болмаса мəтіннен тыс мəнді де өзінше, өз танымы деңгейінде 
пайымдайды. Сол себепті көп жағдайларда көркемдік əлем 
семантикасының, шығарма мəтінінің немесе оның белгілі бір 
мағыналық-құрылымдық бірлігінің нақты мазмұны, астарлы 
мағынасы ашылғанмен, жасырын немесе мəтіннен тыс мəні, 
оның поэтикалық қызметі айқындалмаған күйі қала береді. Əдеби 
шығарманың көркемдік əлеміндегі мəтіннен тыс, жасырын мəн-


217 
мағына, оның түпнегізі, поэтикалық қызметі пəнаралық іргелі 
ғылыми-зерттеу нəтижесінде ғана анықталмақ. 
Тыңдаушыларына, оқушыларына ұсынып отырған мағына-
ның ашық, анық жəне жасырын бөліктерінің арасалмағын өзінің 
көркемдік əлемінде ақынның өзі мөлшерлейді. Бұл жерде 
тыңдаушылардың, оқушылардың қабылдау, түсіну деңгейлері 
ескерілетіні түсінікті. Екінші жағынан, ақынның сөздерінің, 
образды ойларының мəтіннен тыс, жасырын мағыналары мен 
мəні оның өз тұсындағы көзі ашық тыңдаушыларына ұғымды 
болуы ғажап емес. Сонымен бірге Абайдың көркемдік əлеміндегі 
сөз де, образ да, ой да терең мағыналы. Оны əр тыңдаушы, əр 
оқушы өзінше қабылдап, өзінше түсінеді. Тіпті бір тыңдаушының 
немесе бір оқушының өзі оны өмірінің түрлі жағдайында, түрлі 
кезінде түрліше қабылдап, түрліше түсінуі мүмкін. Осы ретте 
ақынның көркемдік əлеміндегі сөздің де, суреттің де мағынасы 
мен мəні қабылдаушының санасында құбылып, бір мағынадан 
екінші мағына, бір мəннен басқа бір мəн туындайтынына көз 
жеткізуге болады. 
Абай Құнанбаев өлеңдеріндегі хронотоп мəселесін зерттеу 
міндеті ақын поэзиясындағы іс-əрекеттің жай-күйін, сын-
сипатын, мезгіл-мекенін, себеп-салдарын, тарихи кезең 
шындығын тұтастықта талдауды қажет етеді. Уақыт пен кеңістік 
категориялары арасындағы байланыстың түрі поэзияда суреттеу 
арқылы жүзеге асады. Мақаламызда кеңістік пен уақыттың 
көркемдік категориялары функционалды-семантикалық бір-
тұтастықта қарастырылып, бұл Абай поэзиясының бейнелі 
жүйесін осы автордың шығармашылығына сəйкес келетін 
типологиялық модельдер шеңберінде түсінуге мүмкіндік береді. 
Ақынның лирикасында кеңістік пен уақыттың көркемдік 
категориялары ерекше маңызға ие. Себебі, осы категориялардың 
қызметін анықтау қазақ даласындағы отарлау саясатының 
салдарын мейлінше айқын ашуға мүмкіндік береді. Нақтырақ 
айтсақ, уақыт пен кеңістік поэзияда ақынның дүниетанымын, 
көркемдік əлемін байқатып қана қоймай, ақын өмір сүрген 
дəуірдің бейнесін көрсетеді. 
«Абай таптық қанауды, теңсіздікті, тағы басқа да 
қайшылықтарды түсіне білді. Оны өзінің бойындағы ақындық 
шабыттың бар күшімен жырлап берді. Бай мен кедейдің 


218 
арасындағы тұрмыс қайшылығын, дəулет теңсіздігін көрді» [9, 
848]. Мəселен, жыл мезгілдеріне арналған «Күз», «Қыс», 
«Жазғытұры», «Жаз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» 
өлеңдерінде мезгіл ерекшеліктерін бай мен кедей тұрмысымен 
қатар қойып салыстыра сипаттап береді. Абай жыл мезгілдеріне 
арналған өлеңдерінде əр мезгілдің өзіндік ерекшелігін, уақыттың 
бедерін суреттеген. Бұл реттен келгенде, хронотоп ақын 
өледерінде көркемдік, поэтикалық қызмет атқарумен бірге 
əлеуметтік сипатқа иеленеді. Соған орай Абай өлеңдеріндегі 
хронотоптың поэтикалық қызметі мен əлеуметтік мазмұнын 
өзара сабақтас тану дұрыс болмақ. Профессор А.Б. Темірболат 
əлеуметтік хронотоп туралы ойларын жинақтай келіп, оның екі 
түрлі аспектісін атап көрсетеді: а) гносеологиялық; б) 
онтологиялық [10, 18]. Бұл пікір біздің зерттеуіміз үшін аса 
бағалы. Абай шығармашылығындағы хронотоп мəселесін осы 
бағыттарда, 
дəлірек 
айтқанда, 
гносеологиялық 
жəне 
онтологиялық аспектіде пайымдаудың ғылыми жəне 
практикалық маңызы жоғары деп білеміз.
«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңінде жарқыраған 
жаздың беті қайтқан шақтағы күз бен қыстың тоғысында болатын 
суықтың 
қазақ 
даласындағы 
шаруаға 
жайсыздығын 
көркемдікпен суреттей отырып, ақын белгілі бір мезгіл мен мекен 
аясында қоғамдық əлеуметтік орта ерекшеліктерін анық 
көрсетеді. Күздің соңы мен қыстың басында байға қызмет етіп 
жүрген жалшы, кемпір-шалдың суықта тоңып, берекесі кеткен 
қалыпта суреттелуі ақынның шындық əлем көрінісінен көркемдік 
сурет жасау шеберлігін аңғартады. Ақын көз алдындағы белгілі 
бір кеңістік пен мезгіл шегіндегі шындық болмыс негізінде өзінің 
көркемдік əлемінің шынайы суретін жасайды. Болмыстағы мезгіл 
мен мекен көрінісі өтпелі болса, ақынның көркемдік əлемінде 
туған сурет өзінің мезгілдік жəне мекендік табиғатын еш 
жоғалтпайды, өзгертпейді. Хронотоп категориялары арқылы 
ақын белгілі бір тарихи кезеңдегі қоғам дамуының қайшылық-
тарын, əлеуметтік теңсіздік қырларын өзінің көркемдік əлемінде 
мəңгілік рухани құндылық деңгейіне көтеріп бейнеледі.
Бұл өлең 1888 жылы жазылған. Жазылған жылының өзі 
қоғамдағы бай мен кедей жағдайынан ақпарат беріп, уақыт 
ерекшелігін айқындайды. Осы өлеңнен айқындалған уақыттың 


219 
белгілері: көшпелі қазақ ауылы, күн суып, қыс басталар тұс, 
айналысатын кəсібі – мал шаруашылығы. Бай мен кедей жағдайы, 
жалшының жұпыны өмірі айқын сипатталады. Бай оты жағылған 
жылы үйде отырса, отыны жоқ, суық үйде тоңып отырған жалшы 
өмірінің қиыншылықтары байқалады. Өлеңдегі кеңістік мəсе-
лесінің көрінісіне назар аударсақ. Өлеңде «Ықтырмамен күзеуде 
отырар бай» деген сөйлем бар. Ықтырма – малды желден, 
бораннан, қардан қорғап тұратын ағаштан, не тастан жасалынған 
қорғаныш. Қазақтың тұрмыс-тіршілігінде қыстау, көктеу, 
жайлау, күзеу лексиконы бар. Бұл қоныстарға қазақтар əр 
мезгілде көшіп-қонып отырған. Сол себептен «көшпелі қазақ» 
деп аталынған. Ал аталған өлеңдегі қыстауға жылжымай, күзеуде 
отырған бай суреттелінеді. Хронотоп: күзеу, киіз үй, киіз үйдің 
іші, кедей баласының паналайтын орны: ық жағы (жел жоқ жер), 
үйген жүктің күн жағы. Уақыт пен кеңістік шегінде табиғат 
суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.
Ақынның «Күз» өлеңінде жаздың аяқталып, шуақты 
күндердің беті қайтып, күздің қара суығының келгенін жалпы, 
күз мезгілінің белгілерін суреттей отырып, малшылардың 
тұрмысы, көшпелі елдің күнкөріс əрекеттері бейнеленген. Бұл 
өлеңнің жазылған уақыты 1888 жыл. Ақын күз мезгілінің 
көрінісін адамдар тіршілігімен байланыстыра отырып, 
мекеншағын анық берген. Мəселен: өлеңде ауылдың көңілсіз 
реңін бере отырып, ауылға ың жайсыз əсерін байқатады.
Өлеңде «Көңілсіз қара суық қырда жүрсең» деген жол бар. 
Күз мезгілі, оған тəн ерекшелік, ойдағы емес, қырдағы ерекшелік. 
Қырда күздің қара суығына қалқа, ықтасын болар, ық болар биік 
жоқ. Күзде қырда жүрген адамға қара суық соғады. Күзде қырға 
шыққан адам қыс киер киімін киіп шықпайды. Ал күздің қара 
суығы желмен күшейгенде, оның суығына күзгі киіммен жүрген 
адам шыдас бере алмайды. Оның үстіне қырда өздігінше жүретін 
адам да болмайды. Сондықтан да күздің қара суығында қырда 
жүрген адамның көңілсіз болатыны түсінікті. Ақын өз өлеңінде 
белгілі бір мезгіл аясындағы белгілі бір кеңістіктің ерекше 
сипаттары, белгілі бір кеңістіктегі мезгіл сипаттары, ондағы 
адамның жай-күйі өзара шектес, тығыз бірлікте, себеп-салдарлық 
қатынаста суреттеледі. Ондағы адамның жайы, оның əлеуметтік 
жағдайы, психологиялық күйі де көрініс тапқан. «Қыс» өлеңінде 


220 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет