Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық



бет1/8
Дата26.06.2016
өлшемі383 Kb.
#159349
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің м.а.

2011 жылғы «___» _________

№ ____ бұйрығына

1 қосымша
Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру

жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер





  1. Талапкерлерді кешенді тестілеуді (бұдан әрі - ТКТ) ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұрады:

  1. аудиториялық қорды қалыптастыру;

  2. «Талапкер» деректер базасын қалыптастыру;

  3. тестілеуді өткізуге дайындық;

  4. тестілеуді өткізу;

  5. апелляцияны өткізу;

  6. сертификаттарды басу және беру;

  7. жұмыс бойынша есеп дайындау.

  1. Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық:

  1. Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);

  2. базасында тестілеу өтетін базалық жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (бұдан әрі – базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы);

  3. базасында КТА-ға қатысу үшін өтініш қабылдайтын жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (бұдан әрі – желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы);

  4. базасында тестілеу өтетін базалық жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының программисінің (бұдан әрі – базалық ЖОО-ның программисі);

  5. базасында КТА-ға қатысу үшін өтініш қабылдайтын жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының (бұдан әрі – желілік ЖОО-ның жауапты хатшысы);

  6. қабылдау комиссиясының техникалық хатшысының (бұдан әрі – техникалық хатшы);

  7. Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілінің (бұдан әрі – Министрлік өкілі);

  8. Білім және ғылым министрлігі программисінің (бұдан әрі – Министрлік программисінің);

  9. апелляциялық комиссия төрағасының;

  10. аудитория бойынша кезекшінің (бұдан әрі - кезекші);

  11. талапкерлердің негізгі іс-әрекеттері мен қызметтерін анықтайды.

  1. ТКТ-ны ұйымдастыру кезінде жоғарыда көрсетілген тұлғалар «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген, Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын (бұдан әрі – Ереже), осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.



2. ТКТ-ны ұйымдастыру

4. Тестілеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), ҰТО, базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы мен программисінің, Министрлік өкілдері мен программисінің, аппеляциялық комиссия төрағасы мен мүшелерінің, мемлекеттік комиссияның бірлескен қызметтерін қарастырады.

5. Министрлік ҰТО-мен бірге Министрлік өкілдеріне ТКТ технологиясын оқыту жұмыстарын жүргізеді.

6. ҰТО тестілеуге енгізілген өзгерістерге сәйкес мынадай автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) бейімдеп, әзірлейді және оны электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі арқылы базалық ЖОО-ға жібереді:

«Аудиториялық қор» АЖО-сы аудиториялық қорлар және олардың жабдықталуы жөніндегі мәліметтерді қамтиды;

«Базалық ЖОО» мен «Желілік ЖОО» АЖО-лары ТКТ-ға қатысуға тілек білдірген талапкерлер туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), білім беру ұйымы туралы, оқыту тілі, жеке басын куәландыратын құжаты) жинақтау үшін қызмет етеді;

«Сертификат» АЖО-сы ТКТ нәтижесі туралы сертификаттарды, талапкердің аты-жөні, пән бойынша жинаған балдарын және сертификаттың сериясы мен нөмірін көрсете отырып, ресімдеу үшін қызмет етеді;

«Сканерді тексеру» АЖО-сы сканердің жұмыс істеуін тексеру мақсатында жауап парағының сынама түрін сканерлеу;



«Министрлік программисі» АЖО-сы тестілеу нәтижелерін өңдеу; апелляцияға өтініштерді және олардың шешімін енгізу; емтихан ведомостерін (апелляция қорытындысын есепке алмаған және алынған кездегі) шығару үшін қызмет етеді.

  1. Базалық ЖОО-да «Аудиториялық қор» АЖО-сы орнатылады және толтырылады.

  2. Қалыптастырылған «Аудиториялық қор» мәліметтері телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.

  3. Базалық ЖОО-да «Базалық ЖОО» және желілік ЖОО-да «Желілік ЖОО» АЖО-лары орнатылады және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысымен тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.

  4. Талапкер ТКТ-ға қатысу үшін «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4991 нөмірімен), үлгі бойынша бланкте өтініш толтырады.

  5. Техникалық хатшы талапкерлерден өтініштер қабылдайды және толтырылған бланктерді сканерден өткізуге базалық ЖОО-ға жеткізу үшін жауапты хатшыға береді.

  6. Базалық ЖОО-да «Талапкер» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге өтініш» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкісі) сканерлеу жүргізіледі.

  7. Сканерлеу жүргізілгеннен кейін емтиханға рұқсаттамалар және рұқсаттамаларды беру тізілімі осы нұсқаулықтың 1, 2 - қосымшаларына сәйкес басылып шығарылады да, желілік ЖОО-да ресімделіп, талапкерлерге беріледі.

  8. Күнделікті сағат 17.00-ге дейін базалық ЖОО-ның программисі желілік ЖОО-лар бойынша өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отырады. ҰТО-да республика бойынша тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтер қалыптастырылады.

  9. Ережеде бекітілген мерзімде жауапты хатшы, программист және техникалық хатшылардың қатысуымен бірлесіп осы нұсқаулықтың 3 -қосымшасына сәйкес өтініштерді тіркеу журналы мен «Талапкер» ДБ жабылады.

  10. ДБ жабылғаннан кейін қорытынды статистикалық мәліметтер ҰТО-ға жіберіледі.

  11. Ережеде бекітілген мерзімде базалық ЖОО-да барлық тестілеуге қатысушылармен бірігіп ТКТ өткізіледі. ТКТ-ны өткізу кезінде базалық ЖОО-да Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия төрағасынан басқа қатысушыларға ұялы байланыс телефондарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

  12. Тестілеу өткізілгеннен кейін нәтижелерді өңделіп, осы нұсқаулықтың 4, 5 - қосымшасына сәйкес дұрыс жауаптар коды мен ТКТ-ның апелляция нәтижесі есепке алынбаған емтихан ведомосін ілу жұмыстары жүргізіледі.

  13. Апелляцияға өтініштер нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейін қабылданады және бір күн бойы қаралады.

  14. Апелляция аяқталғаннан кейін осы нұсқаулықтың 6 - қосымшасына сәйкес апелляция нәтижелері есепке алынған ТКТ-ның емтихан ведомосы беріледі.

  15. Күнделікті ТКТ өткізілген кезеңде ҰТО-ға мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы жіберіліп отырады.

  16. ТКТ-ның қорытындысы бойынша сертификаттар дайындау және беру осы нұсқаулықтың 43 тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

  17. Министрлік өкілдері ҰТО-ға осы нұсқаулықтың 7, 8-қосымшаларына сәйкес атқарылған жұмыстары туралы есептерін қағаз және электрондық нұсқада тапсырады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет