«Тамақ өндірістерінің технологиясына кіріспе»


Молекулярлы-люминесценттік спектрометрия



бет10/48
Дата06.09.2023
өлшемі0.94 Mb.
#476730
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
file-8164 (15)

Молекулярлы-люминесценттік спектрометрия

Атомдар, иондар, молекулалар және заттың басқа едәуір күрделі бөлшектердің жарық беруі Люминесценция деп аталады, онда ол қоздырылған күйден қалыпты күйге келу кезінде электрондардың ауысуы нәтижесінде пайда болады. Зат люминесцентілеу үшін белгілі мөлшерде энергия сырттан беру керек. Заттар бөлшектері энергияны сіңіріп қоздырылған күйге аздаған уақытқа ауысады. Кейін олар энергияның бір бөлігін люминесценция кванттары түрінде беріп қалыпты күйге келеді.


Люминесценттік талдау (ЛТ) көмегімен зерттелетін үлгіде 10-11 г/г концентрациядағы заттарды табуға болады. Сапалы және сандық ЛТ тамақ өнімдеріндегі кейбір дәрумендерді, сүттегі ақуыздар және майлар мөлшерін, ет және балық балаусалығын зерттеуге, жеміс-көкеністердің бұзылуын және тамақ өнімдеріндегі консерванттарды, дәрілік заттарды, концерогенді заттарды, пестицидтерді табу үшін қолданады.
Ультракүлгін (УК) және көрінетін жиіліктің оптикалық диапазонның жарық сәулелерінің әсерінен пайда болатын жарықтық фотолюминесценция деп аталады, ол қоздырылу деңгейіне және онда болу уақытына байланысты флуоресценция және фосфоресценцияға бөлінеді.
Флуоресценция – сәулелендіру кезінде жалғасатын заттың өзіндік жарықтану түрі. Егер қоздыру көзін жойса, жарықтану лезде немесе 0,01 сек. көп емес уақыттан кейін тоқтайда. Фосфоресценция дегеніміз – өоздыратын жарықты өшіргеннен кейін жалғасатын заттың өзіндік жарығы.
Флуориметрия әдісі органикалық заттарды талдау кезінде, аз мөлшердегі дәрумендер, гормондар, антибиотиктер, канцерогенді заттар және т.б. анықтау кезінде өте аз мөлшердегі элементтердң сезімталды анықтау үшін қолданады. Флуориметрияның басқа абсорбциялық әдістермен салыстырғанда негізгі артықшылығы жоғары селективтік, флуоренцияда заттар (ароматтық қосылыстар және порфириндер) едәуір аз мөлшерде. Көптеген қосылыстарды егер молекулаға флуоресцентілеуші топты – флуорофор (люминофор) енгізу арқылы флуоресценттікке ауыстыруға болады.


Атомдық спектроскопия

Атомндық спектроскопияда заттарды атомдық бу-атомдық-абсорбциялық (ААС) немесе газ тәрізді күйге-атомдық-эмиссиялық спектроскопия (АЭС) ауыстырып зерттейді.


Атомдық-абсорбциялық спектроскопия атомдырды қоздыру үшін жылулық энергияны қолданады. От жалынында үлгіні шашыратып қосылысты атомдық буға (атомдау) ауыстырады. Көптеген атомдар қоздырылып едәуір жоғары деңгейге ауысады. Қайта ауысқанда энергия бөлінеді. Бу күйіндегі зерттелетін элемент атомдарын сәулелендіру үрдісінде қоздырылған күйдегі дәл сол элементті сызықты сәулелендіру арқылы резонансты сіңіру жүреді. Осы үрдіс сызықты сәулелендірудің қарқындылығының төмендеуімен бірге жүреді. Өлшенетін сіңірілу үлгінің бос атомдар концентрациясының өлшемі болып келеді.
Атомдық-эмиссионды спектроскопия электр зарядтардың көмегімен қоздырылады. Осыдан жоғары температуралар пайда болады, олар арқылы көптеген атомдар қоздырылған күйге ауысады. Осы атомдармен энергияны сіңіру мүмкін емес, сол себептен қоздырылған атомдар фотонының эмиссиясы (шашыратуы) жүреді.
Атомды спектроскопияда элементтерді көп жағдайларда – металдарды анықтау әр элементке тән толқын ұзындығында сезімтал селективті әдіспен өткізеді.
Атомды спектроскопия әдісімен элементтерді табу шектері 10-12 – 10-14 г жетеді.
Атомды спектроскопия әдісі химия, биохимия, экология, т.б., шикізаттардың әртүрлі түрлерін және тамақ өнімдерін талдауда кең қолданады. Әдіс 70 жуық элементтер анықтауға; бір уақытта элементтердің көп түрін анықтауға қолданады (көп элементарлы); жоғары сезімталдығына және жылдамдығы үшін сериялық талдауда қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет