Тамақтану объектілерін өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу


Тамақтану нысандарындағы кауіпсіздік шарасын ұйымдастыру



бет7/10
Дата20.05.2022
өлшемі5.42 Mb.
#458158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
практика

2.2 Тамақтану нысандарындағы кауіпсіздік шарасын ұйымдастыру

ҚНжЕ сәйкес барлық климаттық аудандарда тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында екінші қабаттан екінші тасымалдау орны ретінде сыртқы ашық текпешектарды пайдалануға болады.


Сыртқы өрт текпешектарын ғимараттың периметрі бойымен (бас фасадты қоспағанда) бір-бірінен 150 м аспайтын арақашықтықта орналастыру керек, бұл ретте 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ талаптары сақталуға тиіс.
Егер текпешек орналасқан бөлме онымен жалғасатын дәліздерден және басқа бөлмелерден өртке қарсы арақабырғамен бөлінген болса, онда биіктігі 9 қабатқа дейінгі, өртке шыдамдылығы І және ІІ дәрежелі тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында ішкі текпешектардың бірін ғимараттың бүкіл биіктігіне ашық етіп орналастыруға болады.
Бүкіл ғимаратқа автоматты өрт сөндіру құрылғысы орнатылған жағдайда, ашық баспалдағы бар бөлмені дәлізден және басқа бөлмелерден бөлмеуге болады.
Егер вестибюль, дәліздер және басқа бөлмелер арасында кәдімгі есігі және өртке қарсы аражабынды өртке қарсы арақабырғалар болған жағдайда, өртке шыдамдылығы І-ІІІ дәрежелі тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында вестибюльден екінші қабатқа дейінгі ішкі текпешекты ашық етіп орналастыруға болады.
Вестибюль болмаған жағдайда, өртке шыдамдылығы І және ІІ дәрежелі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында бірінші қабаттан екінші қабатқа немесе шығыңқы ірге қабаттан бірінші қабатқа дейін ашық текпешек орнатуға болады. Ашық текпешектың (немесе пандустың) ұзындығы еденнің ең шеткі нүктесінен сыртқа тасымалдау орнына дейінгі арақашықтыққа қосу керек, алайда оның ауданы негізгі эвакуациялық өтпе жолдардың ауданына кірмейді.
Үйасты немесе шығыңқы ірге қабатында фойе, киім шешетін орын, шылым шегетін орын және дәретхана орналасқан кезде үйасты қабатында немесе шығыңқы ірге қабаттан бірінші қабатқа дейін жекелеген ашық текпешектар қарастырылуы мүмкін. Тамақтандыру объектісі бөлмелерінің қолданылу мақсатына қарамастан, ашық текпешектарға шектесетін вестибюльге, киім шешетін орынға, әр қабаттағы холлға және фойеге тікелей шығатын есіктер болуы керек.
Тамақтандыру объектісінің ғимаратындағы адамдарды тасымалдауға арналған текпешек маршының ені 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ 4.29-тармағының немесе 3.02-02-2001* ҚР ҚНжЕ 1.96-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады.
Үнемі 5-тен көп адам болатын қызметтік бөлмелерден шығатын қисық сызықты текпешектың, сондай-ақ қисық сызықты мерекелік текпешектардың жіңішке бөлігіндегі сатының ені - кемінде 0,22 м, ал қызметтік текпешектар кемінде 0,12 м болуға тиіс. Текпешек алаңшасына, текпешектың әрбір типіне қойылатын талаптар, сондай-ақ тасымалдау жолындағы текпешектың еңісі 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ 4-тарауының ережелерімен айқындалады.
Текпешек маршының еңісі кемінде:
- жерүсті қабаттарында - 1:2;
- үйасты және шығыңқы ірге қабатқа, шатыр астындағы кеңістікке апаратын текпешектар, сондай-ақ адамдарды тасымалдауға арналмаған жерүсті қабаттарындағы текпешектар 1:1,5 етіп алынуы керек.
Адамдар жүретін жолдардағы пандустардың еңісін кемінде:
- тамақтандыру объектісі ғимаратының ішінде - 1:6;
- сыртында - 1:8 ;
- ғимараттың ішінде және сыртында мүгедектер арбамен жүретін жолдарда - 1:12 етіп қабылдау керек.
Текпешек алаңшаларының ені белдеу енінен кем болмауға, ал айқара ашылатын есіктері бар лифтілерге кіреберістерде - марш ені мен лифт есігі енінің жартысының қосындысынан, бірақ 1,6 м кем болмауға тиіс.
Текпешектың тура маршындағы аралық алаңшалардың ұзындығы 1 м кем болмауға тиіс. Жерүсті қабаттарынан, сондай-ақ үйасты немесе шығыңқы ірге қабаттардан адамдарды тасымалдауға арнаған текпешек алаңшаларында бір қабаттың биіктігінде 1-типті тұтас өртке қарсы арақабырғамен бөлінген үйасты немесе шығыңқы ірге қабаттан сыртқа шығатын оқшауланған орындар қарастырылуы керек.
Үйасты және шығыңқы ірге қабаттан шығатын эвакуациялық орындар ғимараттың жалпы текпешек алаңшаларынан тікелей сыртқа шығатын оқшауланған етіп қарастырылуы керек. Текпешек алаңшаларынан объект ғимаратының айналасындағы аумаққа тікелей немесе жалғасып жатқан дәліздерден есігі бар арақабырғалармен бөлінген вестибюль арқылы шығатын есік қарастырылуы керек. Өртақ вестибюль арқылы екі текпешек алаңшасынан шығатын эвакуациялық есіктер орналастырылған кезде вестибюльге шығатыннан басқа, олардың біреуі тікелей сыртқа шығатын болуы керек.
Егер үйастындағы немесе шығыңқы ірге қабаттан шығатын текпешек бірінші қабаттың вестибюліне тірелітн болса, осы вестибюльге шығатын есіктен басқа, ғимараттың жерүсті бөлігіндегі барлық текпешектан тікелей сыртқа шығатын есіктер болуы керек. Текпешек алаңшаларында (түтін кірмейтіндерінен басқа) бірінші қабаттан төмен түсетін, жанбайтын материалдан жасалған лифт шахталарының қоршау конструкциялары бар кемінде екі жолаушылар лифтісін орналастыруға болады. Түтін кірмейтін текпешек алаңшаларында жылыту аспаптарын қарастыруға болады. Текпешек алаңшаларын әрбір қабаттағы сыртқы қабырғалардағы (үйасты текпешектарынан басқа) ойықтар арқылы табиғи жарық түсетін етіп жобалау керек. Ойық ауданы кемінде 1,2 м2 болуы керек.
Өртке шыдамдылығы І және ІІ дәрежелі 2 қабатты ғимараттардың, сондай-ақ 3 қабатты ғимараттардың текпешек алаңшаларының 50 % текпешек марштары арасында кемінде 1,5 м тең болатын жарық түсетін кезде жоғарыдан жарықтандыруға ғана рұқсат етіледі.
Табиғи жарықтандырылмайтын текпешек 2 немесе 3-типті түтін кірмейтін болуы керек.
Өртке шыдамдылығы І, ІІ және ІІІ дәрежелі, конструкциялық өрт қауіптілігі С0 және С1 сыныбына жататын тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында жабынға салынған шыны немесе ашық ойықтар арқылы табиғи жарықтандырылатын кәдімгі текпешек алаңшаларын қарастыруға болады. Бұл орайда тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында мұндай текпешектар 50 % аспауы керек; қалған текпешектардың әрбір қабаттағы сыртқы қабырғаларда жарық түсетін ойықтары болуы кеерк.
Биіктігі 10 және одан көп жерүсті қабаты бар тамақтандыру объектілерінің ғимаратында текпешек алаңшасына ашық өтпе жолдар бойынша сыртқы ауа аймағы арқылы қабаттан текпешек алаңшасына өтетін түтін кірмейтін текпешек алаңшасы қарастырылуы керек. Өзге жағдайларда 2.02-05-2002* ҚР ҚНжЕ тиісті бөлігін, сондай-ақ биіктігі 10 және одан көп қабатты ғимараттарға қойылатын 3.02-02-2001* ҚР ҚНжЕ берілген ерекше талаптарды басшылыққа алу қажет [7,8,9,10,11,12];
Өртке төзімділік пен конструкциялық өрт кауіпсіздігінің І және ІІ дәрежелі биіктігі 28 метрден аспайтын СО тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында қолданыстағы нормалармен талап етілетін эвакуациялық текпешек алаңшалары болған кезде екі қабаттан астамын қосатын 2-типтегі текпешектарды қолдануға жол беріледі.
2-типтегі текпешектар бойынша тасымалдау жолының ұзындығын оның биіктігінің үш еселенген мөлшеріне тең деп қабылдау қажет.
Вестибюльден екінші қабатқа дейін жеткізетін 2 типтегі текпешектар салу кезінде вестибюль дәліздер мен сабақтас үй-жайлардан 1-типтегі өртке қарсы қоршаумен ажыратылуы тиіс. 2-типтегі текпешектар орналасқан бөлме оған шектесетін дәліздермен және өзге бөлмелермен 1-типтегі өртке қарсы арақабырғалармен бөлінуі тиіс. 2-типтегі текпешектар орналасқан бөлмені өртке қарсы арақабырғалармен мынандай жағдайларда бөлуге болмайды.
- бүкіл ғимаратта өздігінен өрт сөндіру құралдары орнатылған;
- тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында биіктігі 9 метрден, қабаттың алаңы 300 м2-ден аспайтын бөлмелерді өртке қарсы қоршаумен ажыратуға жол берілмейді.
Өрт сөндіруші бөлімшелеріне арналған лифтілерге қойылатын талаптар 2.02.-05-2002*ҚР ҚНжЕ 4-қосымшада және 3.02.-02-2001* ҚР ҚНжЕ-нің тиісті бөлімінде қамтылған [7,8,9,10,11,12];
Текпешек алаңшаларында орналастырылатын жолаушы лифтері металл торлармен қатар, армирленген шынымен де және өртке шыдамдылығы шегінің нормасы жоқ басқа да жанбайтын материалдармен де қоршалуы мүмкін; ғимараттардан тыс орналастырылатын лифтерде өртке шыдамдылығы шегінің нормасы жоқ жанбайтын материалдармен қоршаумен қоршауға жол беріледі.
Биіктігі 10 қабат тамақтандыру объектілерінің ғимараттарында жолаушы лифтерінің бірі өрт сөндірушілер бөлімшелерін тасымалдауға есептелуі тиіс.
Лифт шахталарының (8.54-тармақта көрсетілгеннен басқа) және лифтілер машина бөлімшелерінің бөлмелері (төсеніште орналасқаннан басқа), сондай-ақ коммуникациялар төселетін каналдар, шахталар мен төсемдерді қоршайтын конструкциялар 1-типтегі қоршауларға және 3-типтегі тасаларға қойылатын талаптарға сай келуі тиіс. Лифт шахтасы мен лифт машина бөлімшелері арасындағы қоршайтын конструкциялардың өртке шыдамдылығы шегі нормаланбайды.
Жоғарыда аталған лифт шахтасындағы қоршауларда өртке қарсы есіктер салу мүмкін болмаған кезде өртке қарсы 1-типтегі қоршаулар және 3-типтегі тасаларымен тамбурлар немесе холлдар не өрт кезінде лифт шахтасының есіктегі саңылауларын өздігінен жабатын экрандар көзделуіне жол беріледі. Өртке шыдамдылығынің шегі 0,75 сағ осындай экрандар жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс.
Үйасты немесе жоғарғы ірге қабаттарында лифтілердің алдында өрт кезінде ауаны қысатын 1-типтегі тамбурлар (егер лифт шахтасында ауа қысымы көзделмесе), өртке қарсы қоршаулармен қоршалған лифтілік холлдар көзделуі тиіс.
Лифтілік холлдар мен тамбур-шлюздердің есіктері өртке қарсы, жабылатын жерлері тығыздалған, өздігінен жабылатын болуы тиіс. Лифтілік шахталар жағындағы лифтілік холлдар мен тамбур-шлюздердің есіктерін шыны салмай-ақ жанбайтын материалдармен жасауға жол беріледі.
Егер аталған лифтілік шахталардың ауызында өрт кезінде ауаны қысатын 1-типтегі тамбур-шлюздері болмаса, ғимараттардың түтінденбейтін текпешек алаңшаларында лифтілік шахталардың өртке қарсы өздігінен көтерілетін қондырғыларын көздеу қажет. Оларда өрт сөндіру қиын тамақтандыру объектілерінің ғимараттарының бөліктерінде (техникалық қабаттар мен қабаттар, үйасты немесе жоғарғы ірге қабаттар және т.с.с.) жану алаңын, оның тығыздылығы мен ұзақтығын шектеуге бағытталған қосымша құралдармен жабдықтау қажет.
Өрт қауіптілігі мен өртке төзімділік шегінің әртүрлі сыныбына жататын тамақтандыру объектілерінің ғимараттарының бір бөліктерін өртке төзімділік шегі нормаланатын және өрт қауіптілігі конструкциялары сыныптарындағы конструкциялармен немесе өртке қарсы қоршаулармен ажырату қажет.
Осындай қоршау конструкциялары мен өртке қарсы тосқауылдарға қойылатын талаптар үй-жайлардың функционалдық өртке қауіптілігіне, өрт жүктемесіне шамасына, тамақтандыру объектісі ғимаратының өртке төзімділік шегінің дәрежесі мен конструкциялық өрт қауіптілігі сыныбына қарай белгіленеді. Тамақтандыру объектілерін салу кезінде тымырсып жанудың таралуына сеп болатын құрылыс конструкцияларын қолдануға жол берілмейді.
Құрылыс конструкцияларын бекіту түйінінің өртке шыдамдылығы конструкцияның өзінің өртке шыдамдылығы талабынан кем болмауға тиіс.
Құрылыс конструкцияларында осы конструкциялардың өртке шыдамдылығы шегін төмендететін электр төсемін салу үшін каналдар салуға жол берілмейді. Г1 (нашар жанатын), В1 (әрең жанатын), РП1 (жер бетінде от таралмайтын) топтардағы материалдардан жасалған, ашық салынған құбырларда электр төсемдерін салуға жол беріледі.
Тамақтандыру объектілері ғимараттарының өртақ дәліздерінде, текпешек алаңшаларында, вестибюльдерінде, холлдарында және фойелерінде V-ден басқа, барлық өртке төзімділік дәрежесіндегі жанатын материалдардан қабырғалар мен төбелерін қаптауға жол берілмейді.
Конструкцияларды әрлеу кезінде конструкциялардың ашық бетіне салынатын арнайы оттан қорғау жабындылары мен сіңдірмелерге қойылатын талаптарды сақтау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет