Тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет2/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#183830
1   2   3   4   5   6   7   8

ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

ЖОСПАРЛАУ


ҰЙЫМДАСТЫРУ

РЕТТЕУ

ЕСЕПКЕ АЛУ

БАҚЫЛАУ


БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Б
А
С
Қ
А
Р
У

Ф
У
Н
К
Ц
И
Я
Л
А
Р
Ы

КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ МЕН РЕСІМДЕУДІ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ

КАДР ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ

БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ

ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТЫ БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУДІ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫ

МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ДАМУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

КЕДЕН ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКА-ЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯ-

ЛАРЫ

БАСҚАРУ-ДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯ-ЛАРЫ

ӘКІМШІЛІК-ШАРУШЫ-ЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ-ДЫҢ ФУНКЦИЯ-ЛАРЫ

БАСҚАРУ-ДЫҢ АРНАЙЫ ФУНКЦИЯ-ЛАРЫ



Басқарудың арнайы (нақты) функциялары

Кеден органдарындағы басқарудың арнайы функцияларына төмендегідей функциялар жатады:



кеден қызметін басқарудың функциялары (кеден ресімдеуін және кеден бақылауын, құқыққорғау қызметін, экономикалық қызметті, құқықтық реттеу және ғылыми-техникалық даму жөніндегі басқару);

қаржы-экономикалық қызметті басқарудың функциялары (қаржылық қызметті және бухгалтерлік қызметті басқару);

әлеуметтік қызметті басқарудың функциялары (кадр, еңбек және психолого-педагогтық қызметтерді, сондай-ақ әлеуметтік қамтамассыз етуді басқару);

әкімшілік-шаруашылық қызметті басқарудың функциялары (әкімшілік қызметті, кеден инфрақұрылымын және құрылысты, жанжақты материалды-техникалық қамтамассыз етуді басқару).

Сонымен, кеден органдарындағы басқарудың арнайы функциялары жедел-қызметтік қызметтің маңызымен байланысты болып шығады.


Басқарудың әдістері

Басқарудың әдістері дегеніміз қойылған мақсаттарға жету үшін бағытталған, басқарудың объектілеріне әсер ету жолдарының, әдістерінің, тәсілдерінің және формаларының жиынтығы.

Басқарудың әдістерін зерттеу кезінде олардың әсер ету бағыттары нақты мақсаттардың болуымен сипатталады. Мұндай мақсат нақты ұйымдастыру, экономикалық, әлеуметтік және техникалық мақсаттардың шешілуін талап етеді, ал ол мақсаттар өз кезегінде басқарудың сәйкес әдістерін қолдануды талап етеді.



Басқарудың әдістері басқару қызметінің көлемі және әсер ету формаларына сәйкес классификацияланады.

Кеден органдарында басқару қызметінің көлемі бойынша жалпы және жеке әдістер ерекшеленеді.



Басқарудың жалпы әдістері ғаламдық проблемеларды, кеден ісінің басым мақсаттарын шешуге бағытталған. Олар бүкіл кеден жүйесінің негізгі мақсаттарына жету тәсілдері мен қызметтерінің мақсаттарын айқындайды.

Басқарудың жеке әдістері көбінесе жедел және ағымдағы басқару жүйесінде қолданылады (жергілікті кеден басқармалары, кедендер, кеден бекеттері).

Кеден жүйесінде әсер ету формасына байланысты тікелей және жанама әсер ету әдістері қолданылады.



Тікелей әсер ету әдістері мемлекеттің еркі мен беделіне сүйенеді. Оларға мыналар: ұйымдастыру-тарату және құқықтық әдістер жатады.

Жанама әсер ету әдістеріне жататындар: әлеуметтік, психологиялық, экономикалық және экономика-математикалық.

Кеден органдарында ұйымдастыру-басқарушылық (әкімшілік) әдісі көмегі арқылы ұйымдастыру және реттеу сияқты басқарудың функциясын жүзеге асыру кезінде, қызметкерлер мен ұжымдардың арасында мынандай: парыз, құзырет, жауапкершілік, тәртіптік талап сияқты қатынастары қалыптасады.

Кеден органдарындағы әскерилендірілген және құқыққорғау ұйымдастыру-басқарушылық әдістерінің ерекшелігі жүйеге тікелей өкімдік әсер ететіндігінде, кеден органы басшысының біржақты шешімдерді қабылдауына мүмкіндік беріп, нормативті-құқықтық құжаттарды міндетті орындауға негізделгендігінде.

Кеден органдарында ұйымдастыру-басқарушылық әдістің үш тобы қолданылады: ұйымдастыру, басшылық жасау және тәртіптік. Олардың ішінде жетекші орын ұйымдастырушылық әсер ету әдістеріне беріледі. Олар басқарудың негізі болып табылатын жүйеде ұйымдастыру байланысының ұзақ уақытқа бекітілуін білдіреді және регламенттеу, нормалау мен нұсқаулаудан құралады.

Р е г л а м е н т т е у ұйымдастыру арқылы әсер етудің қатаң түрі болып табылады. Ол кеден органдарында жүргізілетін жүйені және процесстерді ұйымдастырудың негізін қалайды. Ұйымдастыру ережелерін жасауды және жүзеге асыруды білдіреді, яғни мұндай ережелерге мыналар кіреді: кеден жүйесінің қызмет ету тәртібін және ұйымдастырылуын белгілейтін; жұмыстың ішкі тәртібін айқындайтын және орнататын ережелер; түрлі құрылымдардың мақсаттарын, қызметтерін, құзыреттіліктерін белгілейтін ережелер; штаттық күнтізбеліктермен және лауазымдық нұсқаулармен жүзеге асатын лауазымдық регламенттеулер.

Н о р м а л а у дегеніміз ұйымдастыру арқылы әсер етудің айтарлықтай қатаң түрлерінің бірі және ол қызметте басқарудың нормалары мен нормативтерін белгілейді. Ұйымдастырудың нормалауы кеден жүйесіндегі әрекеттердің және қатынастардың қажетті нормаларының, функциялар мен міндеттерді орындаудың жолдары мен тәртіптерін анықтайды. Кеден органдарын басқару практикасында кейбір уақыт және басқа нормативтері белгілі.

Н ұ с қ а у л а у әрдайым жұмыстың табысты орындалуына бағытталған әдістемелік және ақпараттық көмектер формасында болады.

Ұйымдастыру-басқарушылық арқылы әсер ету әдістерінің екінші тобына басқару органдарының күнделікті ықшамдалған жедел жұмыстарын қамтамассыз ететін басқарушылық арқылы әсер ету әдістері жатады. Бұл әдістер ұйымдастыру арқылы әсер ету көмегімен қалыптастырылған ұйымдастырылу құрылымына негізделген ағымдағы ұйымдастыру жұмыстарының әдістері болып табылады. Кеден жүйесіндегі басқарушылық арқылы әсер ету әдісі негізінде құзыреттілік пен міндеттер жатыр. Аталған әдістер Қазақстан Республикасы МКК алқасының шешім қабылдауы арқылы жүзеге асады, яғни бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, құжаттарда резолюциялар шығару және ауызша формада басқарушылық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы.

Кеден жүйесінде бұйрықтарды тек тікелей басшылар шығарады, ал олардың орынбасарлары мен қызмет басшылары өздерінің құзыреті шегінде нұсқаулар шығарады.

Ұйымдастыру-басқарушылық арқылы әсер ету әдістерінің үшінші тобына тәртіптік әсер ету әдістері жатады. Бұл әдістердің кеден органдардағы мағынасы жауапкершілікті орнату болып табылады. Олар басқару жүйесінде ұйымдастыру байланыстарының қалыпты қызмет жасауы үшін орнатылған және жеке, ұжымдық, материалдық, моральдік және қызметтік жауапкершілік болып бөлінеді.



Құқықтық әдістер әлеуметтік-экономикалық жүйенің элементтеріне әсер етудің заңды құралдары мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

Құқықтық әдістерге мыналар жатады: құқықтық нормаларды жасау, пайдалану және қолдану, құқықтық қатынастарды қалыптастыру, құқықтық актілердің талаптарын сақтау.

Құқықтық нормалар кеден жүйесіндегі барлық кеден органдарының орындарын және оларды басқарудың әдістерін белгілейді. Осындай негізгі құқықтық нормаларға жататындар: Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1995 жылғы 20 шiлде N 2368; Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238; Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786 және т.б.

Кеден органдарының басқару аппаратының қызметі еңбек, азаматтық, шаруашылық және тағы бірқатар құқықтық актілердің нормаларымен белгіленеді.

Басқарудың әлеуметтік және психологиялық әдістері кеден жүйесіндегі басқару әдістерінің ішінде маңызды орынды алады, өйткені кеден қызметіндегі ұжымның әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастырылудың арасындағы қатынастың мінедемеін көрсетеді. Айталық, кеден органдарындағы қызметтік жұмыстың тиімділігі кадрлардың ауыстырылуымен тығыз байланысты болады, ал ол кеден органдарындағы еңбек етудің әлеуметтік және психологиялық жағдайларын, соның ішінде тәртіптілікті, қызметкерлердің ар тазалығын, ұжымдағы психолгиялық климатты және т.б. көрсетеді.

Әлеуметтік және психологиялық әдістердің мақсаты қызметкерлердің әлеуметтік тұтынушылығын қамтамассыз ету және осының негізінде жеке адамның қызметтік белсенділігін арттыру мен ұжымның тиімді қызмет жасауын жүзеге асыру болып табылады.

Басқарудың әлеуметтік әдістері мынандай әдістерден құралады: әлеуметтік нормалау, әлеуметтік реттеу, әлеуметтік жаңалықтар енгізу және моральдік ынталандыру.

Әлеуметтік әсер ету әдістері кеден органдары ұжымының әлеуметтік даму жоспарларынан көрініс табады. Ол мынандай шаралардан құралады: қызметкерлердің мәдени-тәрбие және біліктілігін арттыру, кадрлардың кетуімен күрес жүргізу, еңбек және тұрмыстық жағдайларды жақсарту.

Басқарудың психологиялық әдістері ұжымда тиімді психологиялық климатты қалыптастыру арқылы кеден органдары қызметкерлерінің арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Оларға жататындар: шағын топтар мен ұжымдарды құру, еңбекті бағалау, психологиялық ой қозғау, кәсіби сұрыптау мен оқыту.

Басқарудың экономикалық әдістері дегеніміз – экономиклық мүдделерді пайдалану негізінде басқару объектісіне әсер ету тәсілдерінің жүйесі. Кеден органдарындағы басқарудың экономикалық әдістеріне жататындар: орталықтандырылған жоспарланған және экономиклық ынталандыру әдістері.

Басқарудың экономикалық әдістерінің ерекшелігі мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделер жүйесінің бірлігін қамтамассыз етуге бағытталғандығында. Аталғандар кеден органдарында екі түрлі аспект арқылы жүзеге асады: біріншісі – Қазақстан Республикасы бюджетінің кіріс бөлігін директивті жоспарлар құру арқылы белгілеу, ал екіншісі – кеден жүйесін құру негізінде және аталған қорды пайдалану негізінде басқару.



Басқарудың экономика-математикалық әдістері. Басқарудың шешілетін мақсаттар ерекшелігіне байланысты кеден органдарында экономика-математикалық әдістердің формаланбаған, әлсіз формаланған және формаланған түрлері қолданылады.



    1. Кеден ісін басқарудың құқықтық негіздері

Кеден ісін басқарудың нормативті-құқықтық негіздері екі негізгі көздерден қалыптасады: біріншіден, формальды көздер, ал екіншіден институционалды көздер. Формальды көздерге классикалық көздер мен әдеттер жатады. Классикалық көздерге бірінші кезекте мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің актілері және басқа да министрліктер, ведоствалар мен жергілікті атқарушы органдарының актілері. Қазіргі таңда кеден ісіндегі басқару келесі заңдарға сүйенеді:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл;

  • Қазақстан Республикасындағы кеден кодексі. 2003 жыл 1 - мамыр;

  • Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1238;

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 қаңтар N 133;

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 мамырдағы N 786;

  • Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 22 қаңтар N 536;

  • Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2001 жылғы 30 қаңтар N 155-II

2003 жылғы 5 сәуірде N 2368 қабылданған, Қазақстан Республикасы кеден кодксі, Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік-психологиялық негізін жүйеге келтірілген заң актісі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы кеден iсi осы кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiмен және кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi. Кеден iсi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнің ережелерi осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуi керек және кеден iсiнде осы кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының кеден заңдарында бар ережелерден өзге қағидалар белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады.

Қаралып отырған көздерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің көптеген бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, хаттары, бағдарлармалары түріндегі нормативті-құқықтық актілері де жатады. Қазақстан Республикасы кеден органдарының жоғарыда аталған нормативті-құқықтық актілері Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы заңның ережелері мен баптарын нақтылайды, қолданылу ауқымын кеңейтеді және толықтырады.

Халықаралық көп жақты және екі жақты шарттарда кеден ісіндегі басқарудың нормативті-құқықтық базасының көздері болып табылады. Көп жақты экономикалық халықаралық шарттардың мысалдарына жататындар:


  • 1995 жылдың 1 қаңтарынан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) айналған тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім;

  • 1988 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген тауарларды анықтау мен кодтаудың үйлесімді жүйесі туралы халықаралық Конвенциясы;

  • 1980 жылғы БҰҰ-ның тауарларды сатып-алу және сату туралы халықаралық шарты;

  • 1996 жылдан Дүниежүзілік Кеден Ұйымына айналған кеден ынтымақтастығы жөніндегі Кеңес.

ДСҰ-ның негізгі мақсатына халықаралық сауданы импорттық баждардың деңгейін тарифтік әдістермен түсіру арқылы либерализациялау жатады. ДСҰ-ның негізгі қағидаларына мыналар жатады: өзара сауда жасауда барынша қолайлы жағдай жасау; шетел тауарларына ұлттық режимді беру; сауда дауларын кеңестер мен келіссөздер арқылы шешу.

Универсалды кедендiк-саудалық халықаралық ұйымдардың iшiндегi негiзгi халықаралық ұйым ГААТ қазiр Дүниежүзілік Сауда Ұйымы деп аталады.

Бiздiң елiмiз Дүниежүзілік Сауда Ұйымының бақылаушысы болып табылады. Келешекте Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мүшелiгiне толығымен кiредi. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ГААТ негiзiнде 1995 жылдың 1 қаңтарында құрылған. Оның штаб-пәтерi Женева қаласында орналасқан. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы қызметiне төмендегiлер жатады:


  • көпжақты сауда келiсiмдерi мен келiсiм шарттарын жүзеге асыру;

  • сауда келiсiмдерiнiң жүргiзiлуiне қатысу;

  • сауда дауларын реттеуге көмек көрсету;

  • әлемдiк экономикалық саясатты бiрлесе тізудегi басқа халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығына қатысу және тағы басқалары.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымындағы негiзгi позиция оның жоғарғы органы министрлер конференциясының билiгiнде. Ол 2 жылда 1 рет шақырылады. Дегенмен, бұл ұйымның ағымдағы жұмыстарын бiрқатар көмекшi органдар атқарады және ол басқа директормен басқарылады. Атқарушы органдардың негiзгiсi – Бас Кеңес болып табылады. Конференция атынан атқаратын өзiнiң күнделiктi қызметiнен бөлек Бас Кеңес екi нақты қызмет-сауда саясатын талдаушы және шиеленiстердi реттеушi органның жұмыстарын қоса жүргiзедi.

Бас Кеңес бұлардан басқа тауарлар саудасы жөнiндiгi кеңеске, қызмет көрсету жөнiндегi кеңеске және санаткерлік меншiктiң сауда-құқықтық аспектiлерi жөнiндегi кеңеске өзiнiң өкiлеттiлiгiн тапсырады. Қазақстан өзiнiң стратегиялық мақсаттары мен мүдделерiн шешу жолында бүкiл дүние жүзiлiк сауда көлемiнiң 90% ке дейiнгiсiн иемденетiн, қатарында 170 мүше елдер бар ұйымнан сырттап қала алмайды. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болып кiру мәселесi саяси тұрғыдан шешiлдi деп айтуға болады. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болудың артықшылықтары мен пайдалылығын атап өтейiк.

Оларға:


  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше елдердiң рыногында ең қолайлы ережелер жүйесiн пайдаланудың нақты құқығы;

  • Халықаралық сауданың құқықтық механизмiн қалыптастыру жұмыстарына қатысу;

  • Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше басқа елдер тарапынан мүмкiн болатын қысымдардан халықаралық-құқықтық жүйе арқылы қорғану;

  • Дүние жүзiлiк сауданың еркiндiгi жөнiндегi көп жақты келiссөздерге дауыс беру құқығына ие болу;

  • Қазақстанның дүние жүзiлiк рыноктағы мүдделерiне әсерi бар iс-қимылдар жөнiндегi ақпараттарды алу;

  • Республикалық сыртқы сауда жөнiндегi мәселелерiн Бүкiләлемдiк Сауда ұйымының шеңберiнде талқылап, қажеттi кеңестер алу;

  • Дамушы ел қатарында техникалық көмектер мен белгiлi жеңiлдiктер алу мүмкiндiктерi жатады.

1950 жылы мемлекетаралық сауда қатынастарының соғыстан кейiнгi жүйесiн құру жөнiнде жүргiзiлген шаралар шеңберiнде халықаралық, үкiметаралық ұйым, яғни Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесi құрылды. Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiн құрудың алғышарттары мемлекеттердiң сауда мүдделерi саласында туындады. Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесi 1994 жылдың жазында өткен кезектi жыл сайынғы сессиясында, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ұқсас "Дүниежүзілік Кедендiк ұйым" деген жаңа ресми аты жөнiндегi шешiм қабылдаған едi. Бұл шешiм әлемдiк қоғамдастық мүшелерi арасында жүретiн кеден мен сауданың бiртұтастығын сипаттайды.

Мемлекеттер арасындағы экономикалық қарама-қайшылықтардың шиеленiсуi кезеңдерiндегi жүргiзiлiп отырған тарифтiк саясатты "ырықтандыру" барысында көп жақты негiздегi реттелуге аз дәрежеде түскен тауарлар импортын бейтарифтiк реттеудiң рөлi өлшеусiз өсе бастады.

Осындай құралдар арсеналында кедендiк шаралар шешушi мәнге ие болды. Импортердiң мұндай шараларды (кедендiк құжаттарды толтыру, оған арнайы мәлiметтер ұсыну, белгiлi бiр пунктте, белгiлi бiр уақытта кеденге тауарларды көрсету, тағы басқа) өткеруi импорттаушы кезiндегi үстеме шығындарды артыра түстi, соның нәтижесiнде тауардың қымбаттауы салдарынан бәсекелесу қабiлетiн де төмендетедi. Сондықтан да Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiн құру барысында мемлекеттер кедендiк шаралардың жағымсыз әсерiн жұмсартуға ұмтылған едi.

Дүниежүзілік Кеден ұйымының заңды негiзi – бұл 1950 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған мынадай 3 тұжырымдамадан тұрады:



  1. Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiн құру жөнiндегi тұжырымдама;

  2. Кедендiк мақсатта тауарларды классификациялауға арналған номенклатура жөнiндегi тұжырымдама;

  3. Кедендiк мақсатта тауарды бағалау жөнiндегi тұжырымдама.

Дүниежүзілік Кеден ұйымын құру жөнiндегi конвенцияға сәйкес оның мойнына мынадай мiндеттер артады:

  • Дүниежүзілік Кеден ұйымының басқа екi тұжырымдамасын жүйелi түсiндiру мен қолдану бойынша кепiлдемелер жасау;

  • Осы конвенцияда анықталған мiндеттердi орындау;

  • Конвенцияны қолдану және түсiндiрумен байланысқан дауларды шешу.

Дүниежүзілік Кеден ұйымының негiзгi мiндеттерiне мыналар жатады:

  • Кедендiк iстегi ынтымақтастыққа қатысты барлық мәселелердi зерттеу;

  • ұлттық кедендiк жүйелердiң техникалық аспектiлерiн қарастыру;

  • Осыған байланысты конвенциялар мен кепiлдемелер тобын дайындау;

  • Кедендiк шараларға қатысты ақпараттарды жинау;

  • Мүше мемлекеттердi қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • Басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу.

Кедендiк ынтымақтастық кеңесi құрылымы бойынша келесiдей органдардан тұрады:

  • Кеңес;

  • Кеден саясаты бойынша комитет;

  • қаржы комитетi;

Кеңесте үйлесiмдi жүйе комитетi, номенклатура комитетi және ғылыми комитет қызметтер атқарады. Ал, кеден саясаты бойынша комитеті және ондағы – тұрақты техникалық комитет, мәжбүр ету комитетi – кеден ұйымы мақсатымен бiрге жұмыстар атқарады.

Қаржылық комитет – кедендiк бiлiктендiру техникалық комитетiн, кедендiк баға бойынша комитеттi және топты-консультативтi оқыту комитетiн қамтиды. Сонымен қатар Дүниежүзілік Кеден ұйымында контрабандамен күрес комитетi және байланыс комитетi бар.

Кеңестiң мақсаты – кедендiк шараларды жақсарту, үйлестiру және де өз мүшелерiнiң ұлттық экономикалық саясатына сәйкес келмейтiн мiндеттердi олардың мойнына артпай-ақ, халықаралық сауданы қамтамасыз ету.

Қазiргi таңда Дүниежүзілік Кеден ұйымының мүшелерi әлемнiң 138 мемлекетi. Бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы бұл ұйымға 1991 жылдың шiлде айында кiредi. Ал Ресей Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы күйрегеннен кейiн, ұйымға 1992 жылдың қаңтарында мүше болды. Қырғызстан мен Тәжiкстаннан басқа барлық бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы Дүниежүзілік Кеден ұйымының мүшелiгiне ендi.

Кеңес Бас хатшы басқаратын хатшылықтан, салалық дирекциялардан, функционалдық комитеттерден, комиссиялардан тұрады. Кеңес жұмысын қамтамасыз ету хатшылыққа жүктелген. Оған мүше елдердiң кеден қызметшiлерiнен құралған тұлғалардың (115-120 адам) тұрақты штаты жұмыс iстейдi. Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiнiң штаб-пәтерi Брюссельде орналасқан. Қазiргi кезде ұйымның басқаруымен жасалған 18 халықаралық кедендiк конвенциялар, 46 ұсыныс пен 11 норма әрекет етедi. Солардың iшiнде кедендiк тарифтердегi тауарларды жiктеуге арналған номенклатура, кедендiк шараларды жеңiлдету мен үйлдесiмдi ету жөнiндегi тағы басқа конвенциялар таралған. Қазақстан Дүниежүзілік Кеден ұйымына 1993 жылдың 5-шi қарашасынан берi қызмет етуге қатысуда және оның ресми мүшесi болып табылады. Қазақстан Республикасы кеден органының халықаралық Кеден нормаларының негiзiнде дамуы және Қазақсатнның жаңа халықаралық құқықтық кеден нормаларын түзуге халықаралық ынтымақтастағы мемлекеттерге белсендi қатысуын – процестердiң өзара байланысты және өзара толықтырмалы екендiгiн атап көрсету қажет.

Қазақстан Республикасының кеден кодексiнде республиканың кедендiк заңдылығының барлық кешенiнде халықаралық кеден құқығының принциптерi көрiнедi:



  • ұлттық режимнiң принципi;

  • дискриминацияламаудың принциптерi;

  • Дүниежүзілік кеден ұйымы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгi;

  • Сыртқы сауда және кедендiк саясаттың жариялық принципi;

  • Мемлекеттiң сыртқы саудасын реттеушi ретiнде кедендiк тарифтi қолданудың принципi.

Қазақстан Республикасының кедендiк-сауда ұйымының жұмысына қатысуы Қазақстанның халықаралық кедендiк ынтымақтастығына қатысуына мүмкiндiк беретiн каналдардың бiрi болып табылады. Халықаралық келісімдердің ішінде тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлесімді жүйесі туралы халықаралық конвенцияны бөле жарып қарастыруға болады. Ол 1983 жылдың маусым айында ДКҰ, яғни Кеден Ынтымақтастығы Кеңесіне кіретін мемлекеттердің қол қоюлары үшін ресми түрде жарияланған болатын. Бірқатар елдердің қол қоюларынан кейін конвенция 1983 жылдың 1 қаңтарынан заңды күшіне енді.

Үйлесімді жүйе дегеніміз тауарлардың материалдар мен қоса алғандағы қызметтерінің классификациялық жүйесі. Үйлесімді жүйе негізінде үйлесімді жүйенің номенклатурасы құрылып сыртқы экономикалық қызметтің ұлттық тауар номенклатурасы жасалған.

Үйлесімді жүйенің номенклатурасы дегеніміз көпмақсатты сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы; халықаралық сауданың статистикалық талдау мен салыстыру мәліметтерінің, тауарлардың нақты дәлме-дәл классификаторын қамтамассыз етеді.

ТМД-ның Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы дегеніміз кодталған тауарлардың жүйелі тізімі. ТМД-ның Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы үйлесімді жүйе және Еуропалық Одақтың қиыстыру номенклатурасы негізінде құрастырылған.

Институционалды көздер өз кезегінде мемлекеттік мекемелер және кәсіби ұйымдар болып екіге бөлінеді.

Мемлекеттік мекемелерге заң шығарушы және атқарушы билік, әкімшілік органдар, сот билігі түрлері жатады. Мысалы, бейтарифтік реттеу шаралары негізі бойынша сыртқы экономикалық қызметті реттеудің әкімшілік шаралары болып табылады. Квоталау және лицензиялау, өнімдер мен қызметтерді сертификаттау, тауарларды әкелуге немесе шығаруға тиым салу, валюталық бақылау және т.б. шараларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының көптеген министрліктері мен ведомстволары қатысады.

Кәсіби ұйымдарға ұлттық сауда-өндірістік палатасы, халықаралық сауда палатасы, кәсіподақтық палалаталар мен бірлестіктер, халықаралық кәсіби бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдар сауда жүргізудің жалпы тәртіптері мен жағдайларын жасайды. Мысалы, халықаралық сауда палатасы сату-сатып алу шартының базистук жағдайларын белгілеген. Олар қазіргі таңда “Инкотерм-90” деген атаумен белгілі.

Сыртқы сауда құжаттары. Халықаралық сауда айналымында көптеген құжаттар қолданылады. Ондай құжаттарға мыналар жатады: фактура, теміржол құжаттамасы, халықаралық әуе көлігінің құжаттамасы, халықаралық автомобиль көлігінің құжаттамасы СМR, өзен көлігінің коносаменті, теңіз көлігінің коносаменті, жіберушінің пошталық куәлігі.

Фактура (ағылшын тілінде: commercial invoice) тауарды сатушы немесе қызмет көрсетуші жазып беретін құжат. Фактура контрактінің орындалатындығын дәлелдейтін құжат болып табылады. Ол сондай-ақ кедендік ресімдеудің негізі бола алады. Сауда фактурасының мазмұны келесідей мәліметтерден тұрады:

  • жазылып берілген күні мен орны;

  • сатушының аты және мекен-жайы;

  • сатып алушының аты және мекен-жай;

  • төлеуші туралы мәліметтер

  • жіберудің тәсілдері, күні және көлік құралдарының түрлері;

  • жүкті артудың және түсірудің орны;

  • жіберілетін тауардың нақты сипаттамасы;

  • сатушы тарапынан жасалатын қосымша шығындар;

  • тауарларды таңдау мен сұрыптау;

  • фактураның қорытынды сомасы;

  • төлем төлеудің тәртібі мен мерзімі;

  • фактураны жазып берген тұлғаның қолы.

Теміржол құжаттамасы (ағылшын тілінде: railroad bill of lading) тасымалдау туралы екі жақты келісімді білдіреді және теміржолдың жүкті жіберуінің штемпелі қойылады. Теміржол құжаттамасын жүкті жіберуші толтырады, яғни теміржол мекемесі берген үлгі негізінде және мазмұны төмендегідей болады:

  • жіберушінің аты, мекен-жайы;

  • жүкті қабылдаушының аты мекен-жай;

  • тауардың сипаттамасы, салмағы мен қорапқа салынуы;

  • қозғалыстың бағыты;

  • тасымалдау үшін тариф;

  • жеткізілетін стансаның штемпелі;

  • теміржол құжаттамасына қосылған құжаттардың тізімі;

  • тауардың мінездемесін сипаттайтын басқа да нақты мәліметтер.

Әуе көлігінің халықаралық құжаттамасы (ағылшын тілінде: negotaible air cosignment note) тауарды әуемен тасымалдауды куәлендіретін құжат болып табылады. Көлік құралына IATA (әуе көлігі бойынша халықаралық конвенция) конвенциясымен орнатылған талаптар қойылады.

Автомобил көлігінің халықаралық құжаттамасы CMR (ағылшын тілінде: international consignment note) тауарларды автомобиль арқылы тасымалдауды дәлелдейтін құжат болып табылады. CMR құжаттамасы халықаралық автомобиль арқылы тауарларды тасымалдау туралы конвенция CMR (Convention relative an contracde transport international de Marchandises par Route) талаптарына сәйкес жасалады.

Өзен көлігінің коносаменті (ағылшын тілінде: inland waterwabill of lading) өзендер арқылы тауарларды тасымалдауды куәлендіретін құжат. Аталып отырған құжат төмендегідей мазмұнда болды:

  • жүкті тиеумен айналысатын ұйымның атуы мен мекен-жайы;

  • жікті қабылдаушының атауы мен мекен-жайы;

  • баржаның атауы мен номері;

  • жүкті тиейтін порт, жүкті тиеудің орны мен күні;

  • тауардың сипаты, белгісі мен салмағы;

  • көлік үшін төленетін төлемнің орны;

  • жүкті тиеуге жауапты тұлғаның қолы;

  • көлік құралы ісі бойынша капитанның немесе агенттің қолы;

  • коносаменттің саны мен көшірмесі.

Теңіз көлігі бойынша коносамент (ағылшын тілінде: bill of lading) теңіз арқылы тасымалдаудың маңызды құжаты болып табылады. Аталған коносамент тасымалдау туралы келісім болып табылмайды, бірақ тасымалдаушы жазып беретін тауар құжаты болып табылады және:

  • теңіз арқылы тауараларды тасымалдау немесе үйлесімді тасымалдаудың дәлелдеме құжаты;

  • екі тараптың жасаған келісімін дәлелдейтін құжат;

  • тауар үшін меншік құқығын дәлелдейді;

Жіберушінің пошталық куәлігі (ағылшын тілінде: postal receipt, parcel post receipt) тауардың жіберілуінің дәлеледейтін құжат.

Сақтандыру құжаттары. Сақтандыру құжаттарына жататындар:

  • полис, яғни тауарды сақтандыру туралы келісімнің жасалғандығын дәлелдейтін құжат;

  • куәлік, яғни сақтандыру сертификаты – сақтандыруды дәлелдейтін құжат.

Бұл құжаттар құқықтарды өткізуді білдіретін құжаттар болып табылады. Полис/сақтандыру сертификаты сақтандыру ұйымының бланкіне жазылады және төмендегідей мазмұнда болады:

  • сақтандырылуға жататын тауар туралы толық мәлімет;

  • сақтандырушының атауы;

  • тауарларды тасымалдаудың әдістері мен көлік құралдарының түрлері;

  • сақтандырушының тәуекелі түрлері мен жауапкершілік шегі;

  • жүк сақталған сома көлемі;

  • компенсациялар беру туралы талап қою тәртібі;

  • сақтандыру қоғамының атынан қойылатын қол;

  • сақтандыру жөніндегі арыздың және жазудың күні.

Жоғарыда аталған материалдардың жиынтықтары кеден ісіндегі басқарудың толық нормативті-құқықтық базасын қамтымайды, бірақта кеден органдары бақылау жасау кезінде пайдаланатын негізгі нормативті-құқықтық актілер мен құжаттардың тізімін қамтиды. Негізгісі Қазақстан Республикасының кеден жүйесіндегі басқарудың нақты және берік нормативті-құқықтық базасының бар екенінде болып табылады.
2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1. Кедендік қызметті басқаруды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі.

Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі “Zoll”, яғни көне грек тіліндегі “teloneion” - төлем төлеу сөзінен келіп шыққан. Европа және Германияда болып жатқан кейінгі өзгерістер кезінде Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі жаңа талаптарға сай өзгерістерге ұшыраған. Бұрындары Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер шекарасында жасалатын тауарлар мен жолаушыларға бақылау қысқартылған, және тек таңдамалы түрде ғана жедел бақылау жүргізіледі. Бұл өзгерістер Еуропаның бірігуі мақсатында жасалып жатқан шаралар. Германия Федеративті Республикасының кеден қызметінің ерекше өзгерістерге ұшырауы 1990 жылдан басталады. Өйткені осы тұстан бастап герман мемлекетінің бірігуіне байланысты кеден қызметінің ыңғайлануы кезек алады. Қазіргі таңда Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі ЕуроОдақтың сыртқы кеден шекарасын қорғай отырып, қауымдастықтың бүкіл мүдделерін қорғайды.

Еуропалық Одақ қауымдастығының “Кеден 2000” аталатын кеден қызметінің жаңа бағдарламасына сәйкес Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі төмендегідей бағыттарда қызметті жүзеге асыруда:


  • оңтайландырылған кеден процедураларын пайдаланудың әдістерін дамыту және кеңінен пайдалану, кеден процедураларының ақпараттандыру жұмыстарын бағдарлау;

  • ЕуроОдақтың құқықтарын қолдана отырып кеден бақылауының жергілікті жерлерде жүзеге асуына қадағалау жасауды қамтамассыз ету;

  • қызметкерлерді дайындау және олардың біліктілігін жақсартуда біріккен шараларды өткізу;

  • экономикалық субъектілермен әрдайым диалогтар өткізіп отыру;

  • үшінші мемлекеттермен ынтымақтастық орнату;

Федералды үкімет кеден ісі аясында ЕуроОдақтың ұлттық кеден қызметтерімен келісілген кеден қызметін ұйымдастыру және оның жүзеге асу әдістерін пайдалануға ықылас танытып отырады. Оның ұстанатын негізгі ұстанымы барлық үшінші мемлекеттермен шекаралас ЕуроОдақтың кеден бекеттерінде, кеден бақылауы мен кеден процедураларының тиімді әдістерін қолдану болып табылады. Бұл, өз кезегінде түрлі алаяқтық әрекеттеге жол бермеудің кепілі болады.

Кеден қызметі өзінің түрлі функциялары мен атқаратын қызметтерінің көптүрлігіне байланысты тек, жақсы жолға қойылған және мықты әкімшілік басқарудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асыра алады.

Қазіргі таңда Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі саласында 40.000 жуық адам қызмет етеді. Олар түрлі деңгейлердегі 600 бөлімдерінде әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады. Германия Федеративті Республикасының кеден қызметі үш сатыға бөлінген схема түрінде өзінің негізгі қызметін жүзеге асырады. Оның ең жоғарғы федералды инстанциясына Федералды қаржы министрлігі жатады. Федералды қаржы министрлігі кеден қызметіне басшылық жасаушы негізгі орталық орган болып табылады. Федералды қаржы министрлігінде кеден төлемдері мен акциздеріне жауап беретін арнайы салалық департамент бар, ол әдетте Департамент III деп аталады.

Орта деңгейдегі ведомстваларға саны 21 құралатын бас қаржы дирекциясы жатады. Олардың құрамында кеден төлемдері мен акциздеріне жауапты департамент бар және өзінен төмен тұрған кеден қызметтеріне бақылау жүзег асырыда.

Арнайы функцияларды орындау мақсатында федералды мекеме құрылған, ол Федералды қаржы министрлігі мен бас қаржы дирекциялары арасында орналасқан. Мұндай арнайы мекемелерге мысалы: Кёльн қаласында орналасқан Кеден-қылмыстық мекемесі мен Оффенбах қаласында орналасқан спирттік монополия жөніндегі Федералды басқармалар жатады.

Кеден қызметінің жергілікті жерлердегі өз қызметі 99 бас кедендер арқылы жүзеге асырылады. Оларда 412 кедендер мен 54 кеден комиссариаты бекітілген. Бұлар бүкіл кеден қызметімен байланысты функцияларды асырып қана қоймайды, сонымен қатар үшінші мемлекеттермен тауар айналымына бақылау жасап, акциздерді жинаумен айналысады. Жергілікті кеден бөлімшелеріне жедел-іздестіру кедендері де жатады. Олардың негізгі қызметі кеден ережелерін бұзушылық күрес жүргізіп, олардың алдын алу.

Кеден төлемдері мен салықтарын алу және басқа да қызметтерімен бас қаржы дирекциясы, бас кедендер, кедендер, жедел бақылау топтары, кәсіпорындарда тексеруді жүзеге асыратын бөлімшелер жүзеге асырады.

Бас қаржы дирекцияларының кеден төлемдері акциздеріне жауапты департаменттері кеден ісін ұйымдастыру саласында орталықтандыру мен кеден қызметі қызметкерлері мен бюджетін қалыптастыру сияқты жұмыстарын айналысады. Сонымен қатар, бас қаржы дирекциялары кеден-техникалық лабораториялары мен дайындау базаларына жауапты болады.

Бас кедендерді қызметкерлердің 80 процентке жуық қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың негізгі фукнцияларына мыналар кіреді: үшінші мелекеттерден немесе керісінше тауарлар мен тұлғалардың енуімен шығуына кедендік ресімдеулерді жасау, осылармен байланысты кеден төлемдері мен акциздерді алу, кеден ісінде адам құқықтарын, табиғат пен экономика қауіпсіздігін қорғау. Бас кедендер жоғарғы орган болғандықтан, кедендік ресімдеумен қатар, кеден ережелерімен күрес жүргізу қызметтерін жүзеге асырады. Осы себепті олар арыздарды қарастыру, рұқсаттар мен лицензиялар беру сияқты қызметтерді де атқарады. Бас кеден құрамына қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтармен күрес жүргізу, кәсіпорындарда сыртқы тексеру жүргізу, заңсыз қызметтер атқарумен және жедел бақылау топтары бөлімшелері кіреді.

Кәсіпорындарда тексеру жүргізу бөлімінің мақсатына кәсіпорынның кеден ісіне қатысты есепке алу және есеп беру қызметтеріне қадағалау жасау кіреді. Дәлірек айтар болсақ, кеден төлемдерін дер кезінде төлеуге ықпал ететін акциздік және кеден құқықтық нормаларын сақтау.

Бұл бөлім мынандай кәсіпорындарға тексеру жүргізеді:



  1. минералды жанар-жағар май өндіру кәсіпорындары мен оларды сақтау қоймалары;

  2. сигареттер мен сигаралар шығару фабрикалары;

  3. спиртзауыттары мен спирттік ішімдіктер жасаушылар;

  4. шарап жасау кәсіпорындары;

  5. сыра жасау зауыттары;

  6. кофе дайындау зауыттары;

  7. импорттық және экспорттық кәсіпорындардың кез-келген түрі.

Кедендер тауарлардың енуі мен шығарылуына бақылау жасайды және кеден төлемдерін орнатып оларды жинайды.

Жедел бақылау топтары кеден қызметі заңы негізінде тауарлардың айналымына бақылау жасайды, яғни соның ішінде тиым салынған тауарлардың айналымына (мысалы: есірткі заттары, қару-жарақ, радиоактивті заттар, фауна және флора түрлерін қорғау сияқты). Олар тұлғаларды және көлік құралдарын ұстауғы, багаждарды, көлік құралдарын және жүктерді тексеру құқылы.

Кеден-техникалық лабораториялары және дайындау базалары құрамында түрлі саладағы 60 химик қызмет етеді. Мысалы айтар болсақ, азық-түлік өнімдерінің, органикалық және бейорганикалық химия. Сонымен қатар, олардың қатарында инженерлер, химиотехниктер, лаборанттар және басқа да арнайы маман иелері бар. Күн сайын шамамен 62.000 тауар үлгілері сараптан өткізіледі. Осы мақсатқа пайдалану үшін қажетті қазіргі заманғы приборлар мен құрал-жабдықтар бар және олар әрдайым заман талабына сай жаңа үлгілермен толықтырылып отырады.

Кеден-техникалық лабораториялары және дайындау базалары кеден қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мен қайта дайындауда түрлі курстар және семинарлар өткізу арқылы өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, аталған мекеменің 5 кеден-техникалық лабораториясы [ZPLA] мен 12 кедендік оқыту базалары [ZLA] бар.

Анықтау және қылмыстық ізін кесу қызметтерін жүзеге асыру саласында кеден-қылмыстық мекемесі, жедел-іздестіру және бас кеденнің қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтармен күрес жүргізу мекемелері жұмыс жасайды.

Кеден-қылмыстық мекемесі Кёльн қаласында орналасқан және оның құрамында 500-ге тарта қызметкер өздерінің негізгі міндеттерін атқарады. Олардың негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:


  1. салықтық-қылмыстық және салықтық-әкімшлік құқықбұзушылықтар күрес жолында кедендік жедел-іздестіру мен басқа да кедендік қызметтерге көмек көрсету, кедендік жедел-іздестіру қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін және біліктіліктерін арттыру;

  2. сыртқыэкономикалық айналымға, есірткі заттарының контрабандасымен күреске бақылау жасауға қатысу;

  3. басқа шетел кеден органдарымен құқықтық көмек көрсету саласында ынтымақтастықтарды жүзеге асыру.

Жедел-істестіру кедендері кеден қызметінің криминалды полициясы есебінде болады. Ол 21 жедел-іздестіру кедендері мен оларды қызмет атқаратын 2.200 қызметкерден тұрады. Жедел-істестіру кедендері тергеушілерінің назары мыналарға аударылады:

    • есірткі заттары саласындағы қылмыстық әрекеттер;

    • кеден саласындағы салық төлеуден жалтару, сигареттердің контрабандасы;

    • сыртқыэкономикалық құқық нормаларын бұзушылық;

    • кеден ісі саласындағы алаяқтық әрекеттер.

Кеден комиссариаттары ұзындығы 1.692 километр болатын үшінші мемлектермен шекараны қорғаумен айналысады. Олардың міндеттеріне шекараны кесіп өтуші жеке тұлғаларға паспорттық бақылау жасау, өткізу бекеттеріне қызметтер көрсету, іздеу салынған жеке тұлғаларды анықтау және т.б. кіреді. Кеден комиссариаттарының саны 54 және олардың 350 аса шекара қорғау бөлімшелері бар.

Судағы кеден қызметі Солтүстік және Балтық теңіздеріндегі шекаралықаймақтарға кедендік бақылауды жүзеге асырады. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін оларға 34 база және 58 кедендік кемелер мен катерлер берілген.

Германия Федеративті Республикасының кеден қызметінің үш оқу орталығы бар. Олар Мюнстер, Плессов және Зигмаринген қалаларында орналасқан. Аталған оқу орындары тікелей Федералды Қаржы министрлігіне бағынышты болады. Оқу орындарының негізгі мақсаттары Германия Федеративті Республикасының кеден қызметіне білікті жоғарғы және орта білімді жас мамандарды дайындау мен федералды қаржы министрлігінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

Кеден қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта дайындықтан өткізумен Оберстдорф және Рупрехтсштеген қалаларында орналасқан 2 кеден ущилищесі де айналысады. Бұл оқу орындарында қол жеткізілген тәжирибелерді арттыру және жаңа білім беру жөнінде семинарлар мен оқу курстары өткізіледі.

Кеден ісі саласындағы қызметтік иттерді оқыту-үйрету Блекеде және Нойэндеттелесау қалаларында жүзеге асырылады. Қорғау мақсатынан басқа иттерді есірткі заттарын іздеп табу мақсатына арнайы дайындау жұмыстары қолға алынған.

Германия Федеративті Республикасының кеден қызметінде ақпараттандыру техникаларына сүйене отырып тікелей міндеттерді орындау кеңінен қолға алынған. Ақпараттық технологияларды пайдалану 7 есептеу орталықтарында пайдаланылады, яғни: Берлин, Дюссельдорф, Майндағы Франкфурт, Гамбург, Ганновер, Карлсруэ және Штутгарт қалаларында. Аталған ақпараттық технологиялар орталықтары тауарларды енгізу мен шығаруды кедендік ресімдеуде, жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыруда үлкен көмек көрсетеді.

Кеден қызметінің кедендік ресімдеу мен жедел-іздестіру қызметтерін ақпараттандыруда Гармония (1995 жылдан бастап), Альбатрос (1996 жылдан бастап) және Атлас (1995 жылдан бастап) ақпараттық жүйелері қолданылады.



Гармония жүйесі бас кеден және кедендерде 1995 жылдан пайдаланыла бастады. Бұл жүйенің негізгі пайдалану мақсаты кеден қызметін жүзеге асыру процессінде, «клиент-сервер» архитектурасына сүйене отырып біртұтас ақпараттық жүйесін қалыптастыру және кеден қызметінің офистік жұмыстарында түрлі іс жүргізу бағдарламаларынмен қамтамассыз ету болып табылады.

Альбатрос жүйесі 1996 жылдан кеден қызметінің жедел-іздестіру бөлімшелерінде пайдалануға енгізілді. Бұл жүйені пайдалана отырып жедел-іздестіру кеден қызметі тиімді ақпараттарды, техникаларды кеден ережелерін бұзушылықтарының алдын алуда қолдана алады.

Атлас ақпараттық жүйесі төмендегідей төрт құрама жүйеден тұрады:

1. Электронды кедендік тариф

Бұл жүйені пайдалану 1997 жылдан басаталады. Аталған жүйенің мақсаты қағаз түріндегі Германияның кеден тарифтерін алмастыру болып табылады. Оның құрамында импорттық Қосымша Құн Салығының және акциздердің ставкілері, импорттық тауарлардың тізімі бар.



  1. Әкелу

Аталған жүйе үшінші мемлекеттерден әкелінетін тауарлар мен олары еркін айналымға шығару режимдерін орналастыру әрекеттерін есепке алады.

  1. Экономикалық маңыздағы кеден режимдері

Бұл жүйе экономикалық маңызға ие кедендік режимдерді ресімдеу және бақылауды қамтамассыз етеді. Айталық, кеден қоймалары, кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу, тауарларды уақытша әкелу мен әкету.

  1. Әкету

Әкету жүйесі тауарларды экспорт, тауаралардың транзиттік тасымалдау режимдеріне қойылуын қаматамассыз етеді және оларды есепке алу қызметтерін жүзеге асырады.

ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ҚҰРЫЛЫМЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет