көптеген ерекшеліктері бар. Алғашқы «ұлт» терминін сол кезеңдегі әр түрлі
тайпаларды атау үшін римдіктер қолданды. Ортағасырда латын тілімен natio
сөзін де қабылдады. Бұл термин кейінгі Ортағасырда кең тарала бастады, бірақ
бұл термин қоғамдық организмді белгілеу үшін ғана айтылды. Мәселен,
университетте ұлт деп, студенттік корпорацияларды, шіркеу соборларын,
атақта адамдар мен көпестерді бөлі үшін де айтылды. Кейінірек ұлт деп
берілген территория не мемлекеттің халықтарын атады. К.Маркс, Ф. Энгельстің
еңбектерінде «ұлт» ұғымы жөнінде өздерінің тұжырымдамаларын береді.
Капитализмнің тууы және нығаюымен байланысты қоғамдық дамудың ұлттық
түрінің
пайда болуын айқындады, бұл жерде шешуші роль экономикалық
факторларда. Олардың пікірінше, ұлттың қалыптасуында тіл мен территория
ортақтығы маңызды. Ал, В.И. Ленин «ұлт» мәселесімен айналыса отырып,
өзінің назарын экономикалық негіз бен әлеуметтік мәнге, сондай ақ этникалық
белгілерге: тіл, территория, ұлттық мәдениет ерекшелігіне аударады.
Қазіргі ғылымда және саяси әдебиеттерде «ұлт» термині бірнеше
мағынада қолданылады. Батыс социологияда ұлт –
бұл бір мемлекет
азаматтарының,
отандастарының,
сондай
ақ
территориалдық-саяси
қауымдардың жиынтығы. Бұл пікірге сәйкес, мәдениет, шығу тегі мен тіл
екінші орынға шығады. Мұндай ұғымда этникалық тегіне қарамастан сол елдің
барлық халқы ұлт болып саналады. Мысалға, Францияның барлық халықтары –
этникалық француздар, Шығыс Европадан, африкан
және азиялық елдерден
шыққандардың барлығы француз ұлты саналады.
Сонымен, шығысевропалық дәстүрге сәйкес, «ұлт» территория
ортақтығы, экономикалық байланыс, тіл, мәдениеттің кейбір ерекшелігі,
психикалық және этникалық өзіндік сана негізінде қалыптасады және дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: