Тарих және құқық



бет23/26
Дата23.02.2016
өлшемі1.01 Mb.
#9209
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Әдебиеттер:


  1. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. А.,2007. 79-81 б

  2. ИГП зарубежных стран под ред.О.А.Жидкова, Н.А.Крашенинниковой

26 дәріс

Тақырып: Орталық және оңтүстік – шығыс Еуропа елдеріндегі феодалдық мемлекет және құқық

Польшаның мемлекеті мен құқығы

Дәрістің мазмұны

  1. Польшаның мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері

  2. Қоғамдық құрылысы

  3. Мемлекеттік құрылымы.

  4. Жергілікті басқару

  5. Сот жүйесі.

  6. Құқықтың негізгі сипаттары.

Әдебиеттер:

  1. З.М.Черниловский. Всеобщая история государства и права М.,1996

  2. З.М.Черниловсчкий. Хрестоматия по ВИГП

  3. “Всеобщая история государства и права” под.ред. К.И. Батыра, М, 1998

27 – 30 дәріс



Тақырып: Жаңа дәуір кезеңіндегі мемлекет және құқықтың тарихы.

Ұлыбритания мемлекеті мен құқығының дамуы.

Дәрістің мазмұны

Буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы. Ағылшын буржуазиялық революциясы және оның буржуазиялық мемлекеттілік қалыптасу үшін маңызы.

Революция кезеңіндегі заңнама және оның конституциялық монархияны ресімдеудегі ролі. 1641 ж. (Үш жылдық акт) парламент шақыру арасындағы ұзақ уақыттық аралықтың нәтижесінде болатын ыңғайсыздықтың алдын – алу туралы акт.

1641 ж. парламентті ыдырату мен уақыт беру туралы.

Құпиял кеңес ісінің реттелуі туралы акті және «Жұлдызды палата» деп аталатын сотты ыдырату.

1641ж. діни істер бойынша өкілеттіктер туралы, ханшайым Елизаветаның бірінші жылы билікті басқару кезіндегі статут мақаласының болдырмауы туралы акт.



  1. Мемлекет формасынң эволюциясы. Абслюттіктен конституциялық монархияға дейін.

  2. Стюарттарды қайта келтіру кезеңіндегі монархия. Бред декларациясы, habeas Corpus Act 1679ж., 1689 ж. құқық туралы Билль. 1701 ж. Тақты мұрагерлікке алу туралы Заң.

  3. XYIIIғ. Конституциялық монрахия, парламенттің саяси мағынасының күшеюі, кабинеттің пайда болуы.

  4. XIX ғ. конституциялық монархия. Сайлау реформалары 1832 , 1838,1858,1867,1884-1885 ж.ж. екіпартиялық жүйенің орнатылуы.

  5. XIX - XX ғ.ғ. соңындағы конституциялық монархия: сайлау құқығының демократизациясы

Мемлекеттің жоғары органдары . Монарх.Парламент. 1911 ж. парламент туралы акт. Кабинет

1937 ж. тәж министрліктер туралы акт. Министрлік жүйе.

Жергілікті басқару.Реформалар 1835,1888,1894,1929,1933,1972,1993 ж.ж.

Сот құрылымы. XIX ғ. екінші жартысының реформалары. (1873 – 1876 ж.ж.) . 1971, 1981 және 1990 ж.ж. реформалар.

Құқықтың қайнар көздері. Сот прецеденттің доктринасы. Статуттар. Консолидирленген заңдар.

заттық қатынастардың құқықтық реттелуі.

отбасы құқығы.

қылмыстық құқық.



Қысқаша мазмұны: Буржуазиялық Ұлыбритания мемлекетінің пайда болуы. ХҮІІ ғасырда Батыс Еуропа тарихында ең дағдарысты, күйзелісті кезеңі болды, қоғамдық өмірдің  барлық жағынан және көптеген елді-мекендерде  мемлекеттік билік тарапынан қысым көрсете түскен. Экономика құлдырауға ұшырады. ХҮІІ ғасырда көптеген Еуропа елдерінде әлеуметтік - саяси қозғалыстар етек жаяды, себебі қоғамдық - саяси жүйенің әрекет етуі саяси тұрақсыздықты тудырып, халықты терең дағдарысқа ұшыратты. Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін, ХҮІІ ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясы деп тарихта аты қалған жаңа дәуір басталды. Ағылшын буржуазиялық революциясы, жаңа буржуазиялық қоғам қағидасын ұсына отырып,  Англияда ғана емес, Еуропада да буржуазиялық қоғамдық  саяси  тәртібін қалыптастырды. Англияда революцияға дейінгі қоғамның саяси-экономикалық қатынастары бір уақытта екі түрлі шаруашылық-өндірістік сипат өріс алған: жаңасы – капиталистік, ескісі – феодалдық. Басты рөлді жүргізу капиталистік өндіріс тәсілінің еншісіне берілді. Англия басқа Еуропа елдеріне қарағанда капиталистік жолмен жылдам дамыды. Революцияға дейінгі Ағылшын мемлекеті қоғамы екі әлеуметтік топқа яғни, дворяндық сословияларға бөлінген: антогонистер-ескі және жаңа дворяндар; джентри сословиялық жағдайына қарай,  болашақ дворяндар, ал шаруашылық сипатына қарай буржуа тобын құрды. Революцияға дейінгі Ағылшын дәуірінің сауда және өндірістік тарихы жаңа дворяндар өкілдерінің маңызды мәніне айналды. Бұл ерекшелік ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарындағы революцияның тарихи қалыптасуына, оның сипаты және соңғы нәтижесіне әкелді. Пуританизм-революция идеологиясы. ХҮІІ ғасырда ағылшын қоғамы әлеуметтік-класстық және саяси мақсатын идеологиялық ресмилендіруі Ағылшын революциясының маңызды ерекшелігі болып табылады. Пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы революция күшін мобилизациялау үрдісіндегі идеологиялық қызметті орындайтын батыл (боевой) теориясының рөлін атқарады. Пуританизм діни ағым ретінде революцияға дейінгі кезеңде өмір сүрді, бірақ ХҮІІ ғасырдың 20-30 жылдары абсолюттік оппазицияға қарсы идеологияның тұғырын қалады. Осы қозғалыстардың  маңызды жағдайы, қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуін, шіркеуге ауысу қажеттілігін тиісті деп санайды.

Революция кезінде пуританизм идеясы бірнеше ағымға бөлінді. Пресвитерианттар ірі буржуазияны және аристократтарды біріктіре отырып, конституциялық монархия идеясын уағыздады. Индепенденттер орта және ұсақ буржуазия қатарындағы топтардан қолдау табады. 1628 жылғы Карл І (1600-1649) тұсында парламентте корольге Петиция құқығы қабылданғаннан кейін қол жеткізілді. Осы құжатта Эдуард І және Эдуард ІІІ заңының бұзылғаны көрсетіледі, яғни парламенттің келісімінсіз ешқандай салық жүргізуге болмайды;  король шенеуліктері жағынан жерге жеке меншікке қол сұққаны үшін қорғауды жүзеге асырмайды.

Карл І құқық туралы петицияны бекітуге мәжбүр болды. 1629 жылы король мен парламент арасында жаңадан  қақтығыс пайда болды. Осыдан кейін Карл І парламентті таратып, жеке дара корольдің басқаруы  жүргізілді. ХҮІІ ғасырдың 20 жылдарындағы саяси дағдарыс қауымдар палатасы мүддесі жағында болды. Қысқа парламент.1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды,яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының  нәтижесі болды.     Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі Карл І –дің парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта Қысқа деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу субсидиясы ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды.  Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады.

Жалпы ағылшын буржуазиялық төңкерісін төрт дәуірге бөледі:

1. конституциялық кезен (1640 жылдың 3 қарашасынан бастап 1642 жылдың 22 тамызына дейін);

2. бірінші азаматтық соғыс (1642-1646);

3. төңкерістің демократиялық мазмұнын тереңдету үшін күрес (1646-1649);

4. индепенденттік республика (1649-1653).

Индепенденттік республика.1649 жылы король өлімінен кейін парламент Ағылшын республикасын жариялады.

Кромвель протектораты.  Кромвель билігі жеке диктатура сипатын жүзеге асырды.1653 жылдың аяғында Кромвель әскери диктатурасын бекіткен «Басқару құралы» деп аталатын конституцияны енгізді. Жаңа конституцияға сәйкес, жоғарғы заң шығару билігі лорд-проттектор және парламент қолында болды. Парламет бір палаталы болды. Жоғарғы атқару билігі13 –21-ге дейін мүшесі бар лорд-протектор және Мемлекеттік кеңес қолында болды. Кеңес мүшелерін тағайындау лорд-протекторлардың сайлауымен жүргізілді.  Конституцияда Кромвель лорд-протекторлардың жеке диктатурасын бекіте отырып, өмір бақилыққа сайлады. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды қойып, өз қалауы бойынша Мемлекеттік кеңесті тағайындады. 1657 жылы Жоғарғы палата қайта құрылды. Жергілікті басқару билігі кромвель армиясының генералы қолында болды. Сонымен «Басқару құралы» монархиялық сипат мазмұнын құрғаны, бұл конституциялық акт буржуазиялық топ мүдделерін сипаттады. «Басқару құралы» жеке дара билік режимін бекіте отырып, монархияға сәйкес өкілеттіктерді бекітті. Осы уақыттан бастап, республикадан монархияға қозғалыс басталды.

әдебиеттер:

1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2 . Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3.  Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4.    Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

5. 2. Әдебиеттер тізімі:
I - негізгі:


  1. З.М. Черниловский “Всеобщая история государства и права”, М. 1996.

  2. З.М. Черниловский “Хрестоматия по всеобщей истории государства и права”.М.,1999.

  3. “Всеобщая истори государства и права” под.ред. К.И. Батыра, М, 1998.

  4. история осударства и права зарубежных стран, под.ред. О.А. Жидкова, Н.А. Крашенниковой. М.,1988.

  5. Мухтарова А.К. “Шетелдер мемлекеті мен құқығының тарихы”, А.,


II – қосымша:

  1. История Древнего востока, под. ред. Кузищина М, 1979 ж.

  2. Редир, Черкасова, “история Древнего Востока” М, 1983 ж.

  3. Хрестоматия по истории Древнего Востока, М, 1980 ж.

  4. Хрестоматия по истории Древнего мира, под.ред. Борковица, кузищина, М, 1989 ж.

  5. Практикум по истории древнего мира (под.ред. Свентицкой, М, 1984 ж.)

  6. И.Б. Новицкий “Римское право”, М.

  7. Покровский “Римское право”.


Деректер:

  1. Артхашастра. М., Л., 1959.

  2. Законы Ману. М., 1960.

  3. Дигесты Юстиниана. М.,.1884.

  4. Салическая правда. М., 1950.

  5. Каролина. Алма-Ата, 1967.

  6. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. М., 1973.

  7. Документы по истории зарубежного права. М. МГУ, 1987.

  8. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. М., 1984.


6.CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ



Тақырып

Семинар сабақтың мазмұны

Апта

Әдебиет

1.



Хаммурапи заңдары

.


  1. Хаммурапи заңдары бойынша саяси - әлеуметтік қатынастардың реттелуі.

  2. Хаммурапи заңдары бойынша шаруашылық қатынастарының реттелуі.

  3. Неке жанұя құқығының реттелуі.

  4. Сот жүйесі

1

(1)-6- 10


2

Ежелгі Индиядағы құқық және саяси жүйе.



  1. Ману заңының жалпы сипаттамасы .

  2. Ману заңы бойынша меншік құқығы.

  3. Міндеткерлік.

  4. Неке – жанұя қатынасы.

  5. Қылмыстық құқық және процесс.

  6. Артхашастра трактатының жалпы сипаттамасы.




2


(1)-11-18


3

Шан Ян реформалары.


  1. Шан Ян реформаларын жүргізудің алғышарттары және себептері.

  2. Шан Ян реформасының экономикалық жағынан қалыптасуы және оның ежелгі Қытай мемлекетінің өркендеуіне әсер етуі.

  3. Шан Ян реформаларының саяси - әкімшілік үрдісі

3

(1)-19- 30


4

Афина мемлекетінің саяси – құқықтық алғышарттары.


1.Драконта Заңдары: жалпы сипаттамасы және оның ерекшеліктері.

2. Солон реформалары:



  • реформаның басқару себебі;

  • саяси - әкімшілік өзгерістер;

  • экономикалық қайта құрылым және оның маңызы;

  • құқықтық қатынастардағы өзгерістер.

3. Афина демократиясының негіздері және қағидалары.

4.Клисфен реформаларының негіздері.




4

(1)-31-42


5

XII кесте заңдары.


  1. Заңның нысаны, құрылысы және ерекшеліктері

  2. Сот қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері

  3. Кінә немесе кінәсіздік заңнамасының нысандары және жолдары.

  4. Жазаның негізгі нысандары.
  5. Құлиеленушілік мемлекеттерінің дамуындағы XII кесте заңының алатын орны.





5

(1)-43-50

6

Салий ақиқаты


  1. Жалпы сипаттамасы. Салий ақиқатының қайнар көздері.

  2. Шаруашылық қатынастарының реттелуі.

  3. Неке – жанұя қатынастары.

  4. Сословиелік қарым-қатынастарының реттелуі.




6

(2)-66-72


7

Ұлы Хартия бостандығы.



  1. Ұлы Хартия бостандығының қабылдану тарихы.

  2. Негізгі саяси жағдайлары.

  3. Негізгі экономикалық жағдайлары.

  4. Англияның соңғы саяси тарихындағы маңызы.

7

(2)-73-78


8

Саксондық зерцало


  1. Қабылдану тарихы және алғышарттары.

  2. Шаруашылық қатынастарының реттелуі.

  3. Неке және жанұя құқығының реттелуі.

  4. Сот жүйесі




8

(2)-79-82


9

Орталық және Оңтүстік Европа елдеріндегі феодалдық құқық.

  1. Византия құқығының қайнар көздері. Юстиниан кодификациялары.

  2. Құқықтың қайнар көздері және негізгі ерекшеліктері. Полша шындығы.

  3. Стефан Душан заңнамасы.

  4. Чехия құқығының жеке кодификациялары.




9

(3)-95-118


10

Ортағасырлық қалалық құқықтың дамуы.

  1. Ортағасырлық Европалық қалалардың құқықтық жағдайы.

  2. Ортағасырлық Европа қалалары тұрғындарының жеке және заттық құқықтары.

  3. Әкімшілік және сот жүйесі.

  4. Сауда құқығының дамуы.

  5. Республикалық қалалардың жағдайы.




10

(3)-119-130


11

Жаңа кезеңдегі АҚШ – тың құқығы.


  1. АҚШ – тың тәуелсіздігі туралы декларациясы (4 шілде 1776ж.)

  2. 1781 жылғы конфедерация баптары.

  3. АҚШ Конституциясы (17 қыркүйек 1787ж.)

  4. Құқықтар туралы Билль (1789 – 1791 ж.ж.)




11

(3)-131-142


12

XVIII ғасырдың соңы – XIX басындағы Франция Конституцияның дамуы.


  1. 1791 жылғы Конституцияның жалпы сипаттамасы.

  2. 1793 жылғы Конституцияның сипаттамасы.

  3. 1795 жылғы Конституция.




12

(4)-158-170


13

Жаңа кезеңдегі Германия.


  1. Германияның мемлекеттік құрылымының даму кезеңі.

  2. Пруссияның Конституциялық хартиясы. (31 қаңтар 1805ж.)

  3. Германия империясының мемлекеттік құрылымы.

  4. Германия Конституциясы (16 сәуір 1871 ж.).




13

(4)- 171-185


14

Жаңа кезеңдегі Франция құқығы.


  1. 1804 жылғы Азаматтық кодексі.

  2. 1807 жылғы сауда кодексі.

  3. 1810 жылғы қылмыстық кодекс.




14

(4)-186-193


15

Жаңа кезеңдегі Германия құқығы.


  1. 1900 жылғы Герман империясының Азаматтық ережесі.

  2. Сауда ережесі (10 мамыр 1897ж.).

  3. Германияның әлеуметтік заңнамасы.




15

(4)-194-201




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет