Тарих кафедрасы


Алғашқы тұрмыс тарихының шығуы



бет9/44
Дата13.02.2022
өлшемі124.82 Kb.
#455318
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Лекция жинағы

Алғашқы тұрмыс тарихының шығуы. Ұлы географиялық жаңалықтар ашылулар дәуірінде және кейінгі ғасырларда тез жинақталып, қорланған әрі өсе түскен этнографиялық материал табиғи түрде алғашқы тұрмыс қоғамының қалыптасуының түрлі теорияларының тууына әкеп соқты. Шотланд философы Адам Фергюсон (1723-1816 жж.) өзінің “Азаматтық қоғам” тарихының очеркінде 1767 жылы белгілі дәрежеде этнографиялық мариалдарын құрып адам мәдениеті дамуының жалпы концепциясын жасауға тырысты. Ол тарихты үш дәуірге тағылық, варварлық, цивилизация дәуіріне бөлді. Тағылық пен варварлық арасындағы шекті Фергюсон жеке меншіктің енуі, аң аулау мен балық аулаудан тамақ табудың басымдық алған тәсілі ретінде егіншілік, мал шаруашылығына көшу деп саналды. Осындай көзқарастарды адамзат үш сатыдан балалық яғни тағылық күйден, жастық, яғни варварлық күйден және кәмелеттік, яғни мәдени игі ниетті күйден өтті деген қағиданы ұсынған неміс ғалымдары Иоганн Форстер (1729-1798ж) мен оның ұлы Георг (1754-1794) дамытты.

XVIII ғасырдың көптеген басқа философтары мен тарихшылары алғашқы тұрмыстық қоғам туралы өздерінің қорытындыларын тұжырымдауға тырысты. Артта қалған халықтар мемлекетті де жеке меншікті де білмеді. Демек бұл мекемелер адамзат тарихында түбегейлі мәңгі бақилық болып табылмайды. Мұндай қорытындылар алғашқы тұрмыс туралы ғылымның одан әрі дамуы үшін ерекше маңызға ие болды. ХІХ ғасырдың І жартысында бұған деген ынта қою күрт төмендеді. Бұл бір жағынан, француз революциясынан кейін буржуазия капиталистік қатынастарды тұрақтандыруға тырысқандығымен түсіндірілетін еді. Этнография тап болған тұрпайы халықтардың даму дәрежесі мәдени азаматтың ата-бабалары үшін тән болып келетіндігіне елеулі дәлелдер ғылым қарамағында әлі жоқ болатын.

ХІХ ғасырға қарай Европаның музейлерінде қазу кезінде табылған еңбек құралдары мен алғашқы тұрмыс адамдарының үй – мүлік заттарының көп коллекциясы жиналған болатын. Олар тарихи зертеулердің обьектісі айналу үшін бұларды классификациялау керек болды. Мұны алғашқылардың бірі болып, дат археологы К.Ю.Томсон (1778-1865) жасауға тырысты. ХІХ ғасырдың 30 жылдарында ол алғашқы тұрмыс ескерткіштері жинағын, олардан жасалған материал бойынша үш топқа: тас ғасыры, қола және темір ғасыры тобына бөлді. 2-ші бір дат археологы И.Я.Ворсо (1821-1885 ж) Томсеннен едәуір ары барды. Ол қола ғасырындағы кісілерді жерлеу салтына қарай бірінен-бірі ажыратылатындығына мұнда мәйіттермен бірге салынған заттар тиісінше әр түрлі екендігіне көңіл аударды.

1871 жылы Дарвиннің “Адамның шығуы және жыныстың сұрыпталу ”деген еңбегі шықты. Мұнда Дарвин салыстырмалы анатомияның зоогеографияның алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының іс жүзіндегі деректерін өте кеңінен пайдалана отырып, негіздеп, біріншіден адамның хайуаннан шыққандығын мұны Т.Тексли жасағаннан гөрі анағұрлым көп жеріне - жете егжей-тегжейлі негізлеп берді, екіншіден осы заманғы адам тәрізді маймылдар эволюциясының бүйір бұтақтары екендігін және адам өзінің шығуының қайсыбір өліп құрып кеткен неғұрлым бейтарап формалардан бастайтынын көрсетті. Бахофен сол кезде үстемдік еткен алғашқы адамдар семья болып өмір сүрген ал олардың басы ерлер болды деген патриархалдық теорияға өзінің идеяларын қарама-қарсы қойды. Ол алғашқы тұрмыс дәуіріндегі әйелдердің қоғамдық бас болуы тек кейбір халықтардың тарихына ғана тән кездейсоқтық немесе жеке құбылыс табылмайды. Тарихи процестің бүкіл адамзат үшін универсиалды кезеңі болып табылады деп саналды. Алайда Бахофен семья дамуының негізгі діни идеялардың эвалюциясында деп теріс түсінді.

Алғашқы тұрмыс қоғамын зерттеуде бұрын аталып та өткен көрнекті американ ғалымы Льюмус Генри Морганның (1818-1881) аса маңызды еңбегі бар. Ол өзінің ілімін “Көне қоғам” деген еңбекте (1877ж) неғұрлым толық баяндаған сондай-ақ Морганның және осы қасиет системасы (1870 ж) және Американ жергілікті халықтар үйлері және үй іші тіршілігі (1881ж) деген еңбектерінің маңызы зор болды. Оның қорытындылары этнографиядан, археологиядан әрі жер шарының барлық бөліктерінің тарихынан көптеген фактілерге негізделді, бірақ солтүстік американ үндістер ирокездеріндегі қоғамдық қатынастарды Морганның зерттеуі мен ирокез руының реконструкциясы ерекше маңызға ие болды.

Морган ілімінің негізіне адамзат пен оның мәдениеттнің прогрессивті дамуының тутастық принципі алынған, бірақ басқа эволюционистерден айырмашылығы, Морган әрқашан да дәйекті болмағанымен бұл прогрестің себептерін қоғам дамуының материалдық жағдайларыны деп білді, бұл ол жасаған алғаш тұрмыс тарихының дәуірленуінен керінеді. Морган идеализмнен толык қол үзеалмайды (ол, мәселен, меншіктіктің емес, «меншіктік идеясының» дамуы болып жатады деп санады), бірақ оның ақырғы қорытындылары стихиялық материалистік қорытынды еді. Морған алғашқы тұрмыстық қауымдык, құрылыстың негізгі ұясы ең арғы аналық формадан ал кейінгі әкелік формаға карай дамыған ру екендігін көрсетті. Ол алғашқы тұрмыстық қоғамның экономикасы қауымдық меншікке негізделгенін және коллективизмнің бұл принципі алғашқы тұрмыс халықтарынын, қоғамдық өмірінің, басқа жақтарын да, соның ішінде олардың семьялық некелік үйымдарының бастапқы формаларын да анықтағаны тапты. 1880 жылы Маркс алғашқы тұрмыстық қауымдық формацияның тарихи жөніндегі арнаулы зерттеуді бастап, ал ол қайтыс болғаннан кейін Энгельс жалғастырып аяқтады.Бұл1884 жылы шыққан Энгельстің «Семьяның жек меншікпен мемлекеттің шығуы» деген еңбегі еді. Зерттеу негізіне Л.Г.Морганның «Көне қоғамы» алынған еді, бірақ Энгельс Морган қорытқан материалды қайта өңдеді, оны жаңа фактілермен және қорытындылармен толықтырды және алғашқы тұрмыс тарихи процесін дәйекті материалистік тұрғыдан түсіндіріп шықты.

«Семьяның жеке меншік пен мемлекеттің шығуында» Энгельс алғашқы тұрмыстық қауымдық формацияның бастапқы және ақырғы межесін белгілеп берді және оның дамуының негізгі заңдылықтарын ашты. Алғашқы тұрмыс экономикасы жеке меншіктің тарихи алғы саласы болған коллективтік қауымдық-рулық меншікке негізделді; аналық ру және оған тән топтық және қосақ семья формалары әкелік рудың және патриархалдықтың, ал одан кейін моногамдық семьяның тарихи жағы алдынан келеді.

Мұнымен бірге Энгельстің еңбегі өз дамуында озат және артта қалған халықтардың арасындағы тарихи өзара қатынастарды түсіну үшін методологиялық нұсқау берді. Буржуазиялық ғылымда ең ықпалды антиэволюциялық бағыттардың бірі тарихи прогрестің эволюциясы ұғымына мәдени диффузия, Яни мәдени құбылыстардың кеңістіктік орын алмасуы ұғымын қарсы қойған диффузионизм болды.Ратцельдің еңбектеріндегі жаңа адам маңызды дүние осы құбылыстар байқалатын, нақтылы ең алдымен географиялық жағдайлар мәдени құбылыстарды зерттеуге ұмтылу болды. XX ғасырда алғашқы тұрмыс тарихы саласында әртүрлі концепциялар жасаған бүтіндей этнографиялық мектептер туды. Алғашқы тұрмыс тарихының марксистік концепциясын дамытуда осы мәселелерге байланысты XX ғасырдың 20-шы жылдарында-ақ зерттеу жасай бастаған СССР ғалымдары жетекші роль атқарды.Олар алғашқы тұрмыс қоғамының тарихын материалистік тұрғыдан түсінудің пайдасына жаңа аргументация берген көп антропологиялық, этногрпфиялық әсіресе көрнектісі Энгельс өмір сүрген кезде мүлде жоқ болған дерлік археологиялық материалды зерттеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет