Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы



бет11/22
Дата15.02.2022
өлшемі45.04 Kb.
#455411
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Ауыз суды дайындау әдістерін гигиеналық бақылау

Суды тұщыландыру

ҚазақстанӨзбекстанТүрікменстан және Орта Азияның басқа елдеріндеТаяу ШығыстаАфрикада ішуге жарамды тұщы су жеткіліксіздігі анықталып отыр. Сондықтан да әлемнің көп аймақтарында тұзды және тұздылау суларды тұщыландырудың әр түрлі әдістері қарастырылуда. Судың минералдылығы 1000 мг/л-ге дейін болса тұщы, 1-10 г/л-ге дейін тұздылау, 10-50 г/л-ге дейін болса тұзды және одан жоғары болатын болса өте тұзды болып есептеледі.

Суды тұщыландыру – оны жартылай тұзсыздандыру арқылы ауыз суы сапасын қалыпты мөлшерге дейін жеткізу. Суды тұздардан толық тазарту органикалық және физикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз. Тұщы судың жеткіліксіздігіне қарамастан, оны тұщыландырудың қымбатқа түсуіне байланысты кеңінен қолдану шектеліп отыр.



Қазіргі кездегі тұщыландырудың әдістері: дистилдеу, электродиализ, ионды алмасу, қатыру (мұздату), кристалгидраттық, гиперсүзу және т.б.

  • Дистилдеу – суды буға айналдыру арқылы конденсациялау процесі. Бұл ең ежелгі және өте кеңінен таралған әдіс, сонымен қатар барлық әдістердің ішіндегі ең арзаны. Су жағасына жақын орналасқан елді-мекенді және теңіз кемелерін сумен қамтамасыз ету үшін, тұзды теңіз суларын тұщыландыру үшін жиі қолданылады.

  • Қатыру (муздату). Мұздың тұздылығы бастапқы тұзды судың 30-40 %-ын ғана құрайды. Егер мұздың ери бастағандағы суын алып тастаса, тұздың концентрациясын 30 есеге дейін кемітуге болады. Суды мұзға табиғи суық арқылы немесе жасанды мұздату арқылы айналдыруға, жылдың қай мезгілінде болсын жүргізуге болады. Судағы тұздардың коцентрациясы 0,5-1,5 г/л-ге дейін төмендейді. Бірақ бұл әдістің жұмысы көп болғандықтан, сирек пайдаланады.

  • Электродиализ. Егер тұщыландыратын су арқылы тұрақты ток өткізетін болса, онда тұз иондары өзінің зарядына байланысты анодқа немесе катодқа қарай ығысады. Егер осы жағдайда тұщыландырғыштың орталық бөлігін кеуекті қалқанмен бөлетін болса, онда олардың арасындағы су біраз уакыттан кейін тұщыланады. Электродиализ әдісі осыған негізделген. Электродиализ кезінде судағы тұздардың концентрациясы 90-95 %-ға кемиді, бірақ судың тұздылығы өте жоғары болса, тұщыландырудың құны өте қымбаттап кетеді. Сондықтан тұздылығы 10 г/д-ге дейінгі суларды тұщыландыру тиімді болып табылады. Еліміздегі шығарылып жатқан электродиализдік тұщыландырғыштың өнімділігі сағатына – 25-125 м3. Тұщыландырылған судағы тұздың мөлшері 300-305 мг/л аралығында болады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет