Тік тұндырғыштар: түбі конус тәрізді дөңгелек резервуардан тұрады. Түбінде тұнбаның жиналатын және тығыздалатын аймағы бар.
Тік тұндырғыштың схемасы.
Конустың еңкіш қабырғаларының арасындағы бұрыш 70-80°. Тұндырғыштың ортасында цилиндрлік құбыр (үлпек түзу камерасы) орналасқан, оның жоғарғы жағынан су қүйылып, өте баяу жылдамдықпен жоғарыдан төмен қарай жылжиды, содан соң тұндырғыштың өзінде төменнен жоғары қарай жылжып, қозғалады. Судағы қалқып жүрген өлшенді заттар шөгеді, ал мөлдірленген су тұндырғыштың шегінен асып, су жиналатын дөңгелек науаға құйылады. Бұл жағдайда мөлдірленген судың жоғары көтерілуі, калқып жүрген өлшенді бөлшектердің шөгу жылдамдығынан төмен болуы керек. Егер есептелінген мәлімет жоқ болса онда арнаулы параметрлерді пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |