Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы


Бір адым жүрген кезде екі аяқтың арасындағы , ал бір аттам — екі аяқты кере созғандағы қашықтыққа тең делінеді



бет7/46
Дата17.10.2023
өлшемі1.51 Mb.
#480944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
annotation16475 2

Бір адым жүрген кезде екі аяқтың арасындағы , ал бір аттам — екі аяқты кере созғандағы қашықтыққа тең делінеді.


Қазақтардағы көлем өлшемдері, олардың негізінен шаруашылықпен тікелей байланысты болғандығын көрсетеді. Мәселен, ине жасуындай, түйіршік, үйір, алақандай, жапырақтай, ат төбеліндей және басқалар. Бір уыс ұғымы қол саусақтарын бүккенде шұңқырайған алақанға сиярлық мөлшерді білдіреді. Құшақ деп екі қолдың саусақтарын дөңгеленте қосқандағы ішкі жағының иіні. Ұлтарақтай деп әдетте адам табанының көлеміндей жерді айтқан. Тулақтай деп мал терісінің көлемін айтатын еді. Үй орнындай – киіз үйдің дөңгеленген орнының көлемін білдіреді. Көлдей – өте көлемді, кең дегенге сай келеді.
Қазақтың дәстүрлі өлшем бірліктерінде салмақ өлшемдері де үлкен орын алады. Олар титімдей, титтей.
тырнақтай, оймақтай деген шағын салмақ өлшемдерінен басталады.
Бір қадақ – 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.), бір шелек (су, сүт) – 10 литр, бір торсық (айран) – 6-7 литр, бір саба (қымыз) – 10-15 литр, бір қап (ұн, қант) – 50-60 кг., бір арқа (жүк) – 45-50 кг., бір қанар – 70-80 кг., бір пұт – шамамен 16 кг.
Қашықтық өлшемдерінің халық арасында кең таралғандығы байқалады. Олардың ішінде жақын аралықтарды қол созым жер, қарға адым жер, қамшы салым жер, таяқ тастам жер, иек астындағы жер, әудем жер деп атаған. Зерттеушілер бір шақырымды 1000 метрге тең деп есептейді. Ал дауыс жетер жер мөлшерін 2- 3 шақырым, көз ұшындағы жерді - 2,5-3 шақырым, қой өрісіндей жер – 5-6 шақырым, қозы көш жер – 6-7 шақырым.
бір көш жер 10-15 шақырым, ат шаптырым жер – 20-35 шақырым, түстік жер – 30-40 шақырым, күншік жер – 90-100 шақырым, ара қоным жер – 200-250 шақырым аралықтай болатындығын да айтады.
Бұлармен қатар өте алыс, қашық аралықты ит өлген жер, ит арқасы қиянда,
Қиыр шет, жердің түбі деп атаған.

Жоғарыда аталғандармен қатар қазақтарда азық-түлікке қатысты дәстүрлі өлшем бірліктері де болды. Олар: бір елі (қазы), бір жапырақ (ет, нан), бір жұтым (қымыз, сүт), бір ұрттам (қымыз, шай), бір уыс (бидай, тары), бір үзім (нан), бір шөкім (тұз), бір шымшым (тұз), жұдырық басындай (ет, қазы), бір қайнатым (шай), бір салым (тұз, шай), турам (ет, нан) және т.б.



    1. Халықаралық өлшем бірліктер жүйесі.



Ортағасырлық кезең мен жаңа заман дәуіріндегі әр елдегі өлшем бірліктері әртүрлі болды. Тіпті кейбір елдердің жекелеген аймағындағы өлшем бірліктері басқаларына сай келмеді. Мұның барлығы халықаралық сауда-экономикалық қатынастардағы ретсіздікке әкелді, қиындықтар тудырып, өнеркәсіптік дамуға кері әсер етті.
Сол себепті де 1793 жылы Францияда өткен Конвенцияда "Өлшемдердің метрлік жүйесін енгізу туралы» аса маңызды шешім қабылданды. Оның негізіне ұзындықтың бірлігі ретінде метр алынды. Метр эталонында: «Барлық уақытта, барлық халықтар үшін!» - деген сөз қашап жазылды.


Дегенмен өлшемдердің метрлік жүйесі тек XIX ғасырдың екінші жартысында ғана Халықаралық дәрежеге ие болды. Жер шарының 17 мемлекетінің өкілдері 1875 жылы 20 мамырда өлшемдердің метрлік жүйесінің Халықаралық конвенциясына Париж қаласында қол қойды. Конвенцияның ұйғарымы бойынша Парижде Халықарлық өлшемдер мен салмақтар бюросы (ХӨСБ) – өлшеулер саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және халықаралық өлшем бірліктерінің эталондарын жасау жөніндегі үкіметаралық ұйым құрылды. Ол метрлік конвенцияға қатысушы елдердің бірлескен әрекеттерінің алаңы болып есептелді. ХӨСБ-ның басты міндеті метр мен килограмның Халықаралық эталондарын сақтау, зерттеу және жүйелі түрде конвенцияға қол қойған мемлекеттердегі олардың көшірмелерін салыстырып отыру болды. Кейінірек ХӨСБ бұлармен бірге электрлік шамалардың бірліктері Ом мен Вольт эталондарын да реттеп отыратын болды. ХӨСБ құрамында әртүрлі елдердің ғалымдар мен мамандарынан құралған 70 адам бар. Олар Париждің батыс жағындағы Севрде ғылыми-зерттеу зертханалары мен үй-жайлары орналасқан халықаралық метрология орталығында қызмет етеді.
ХӨСБ негізгі мақсаты – барлық елдерде өлшем бірлігі мен халықаралық шама бірліктері жүйесіне дейін өлшеу стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету.
Бүгінде ХӨСБ - ның жұмысын өлшемдер мен салмақтың Халықаралық комитеті (ӨСХК) басқарады. ӨСХК Халықаралық метрлік конвенцияның 4 жылда бір рет жиналатын ең жоғары органы болып табылады. Бұл комитеттің аталған конвенцияға қол қойған 44 мемлекетінің өкілдерінен алынған 18 мүшесі бар. ӨСХК-ның жанында өлшем мәселелерінің түрлі салаларында жұмыс істейтін ірі ғылыми - зерттеу институттарының өкіл мамандарынан құрылған кеңес комитеттері жұмыс істейді. Қазіргі кезде 3 - 4 жылда бір рет жиналып кеңес құратын сегіз кеңестік комитет бар:
1. Электрлік бойынша кеңестік комитет 1927 жылдан бастап істейді 1927 жылдан бастап жұмыс істейді (ЭКК).
2. Фотометрия мен радиометрия бойынша (ФРКК – 1933 ж. құрылған).
3. Термометрия бойынша (ТКК - 1937 ж.).
4. Метрді анықтау бойынша (МАКК – 1952 ж.).
5. Секундты анықтау бойынша (САКК - 1956 ж.).
6. Иондаушы сәулелену бойынша (ИСЭКК - 1958 ж.).
7. Бірліктер бойынша (БКК – 1964 ж.).
8. Массаны өлшеу бойынша (МАКК - 1979 ж.).
Бұл кеңестік комитеттердің міндеттемесіне мыналар жатады:
• ғылымның жаңа мәліметтерін талқылау;
• келесі кезеңде жасалатын жұмыстардың бағдарламасын жасау;
• ӨСХК - ның келесі конференциясына Халықаралық жүйені жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау.

Бүгінгі таңда ӨСХК өлшемдердің метрлік жүйесін жетілдіруде және оны дүние жүзіне таратуда үлкен рөл атқарып отыр. Соның нәтижесінде өлшеулердің бүгінгі таңдағы ең озық үлгісі, өлшеулердің барлық салаларын қамтитын Халықаралық бірліктер жүйесі жасалды (1960). Ол қысқаша SI (фр.Systeme International) деп белгіленеді. Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) жеті негізгі бірлік қабылданған. Олардың ішіндегі негізгілері: ұзындық бірлігі - метр (м), масса бірлігі -килограмм (кг), уақыт бірлігі - секунд (с) болып табылады. Басқа бірліктер бұлардан шыққан туынды бірліктер деп саналады. Мәселен, аудан бірлігі - квадрат метр (м2); көлем бірлігі - куб метр (м3) болып табылады. Сонымен метрологияның ғылым ретінде адамзатқа сіңірген үлкен еңбегі - бүгінде қолданылып жүрген өлшемдердің метрлік жүйесін дүниеге әкелуі еді.


Қазақстанда алғашқы метрологиялық тексеру мекемесі Омбыдағы тексеру палатасының бөлімшесі ретінде 1923 жылы Семей қаласында құрылды. 1925 жылдан бастап ол Семей губерниясы мен Жетісу облысын қамтитын метрологиялық тексеру палатасы болып есептелді. Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында оның бөлімдері жұмыс істей бастады. 1930 жылы бұл палата Алматыға көшірілді де, кейінрек, 1974 жылы мұнда арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды.
Республиканың метрологиялық қызметінде қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу сызық, т.б. тексеру жұмыстарын іске асыру үшін 20 жұмыс эталоны қолданылады. 2000 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді.
Қазіргі кезде арнайы метрологиялық орталықтар Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен қалаларында жұмыс істейді. ҚР – ның «Өлшемдер бірегейлігі» туралы заңына сәйкес жұмыс атқаратын ҚР - ның Мемлекеттік стандарттау комитеті мен оның аймақтық органдары өлшемдердің мемлекеттік дәрежеде тексерілуін ұйымдастыратын бірден – бір мекеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет