Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Жалдыбай Перизат
Мектеп оқушыларына үйірме жұмысында кесте тігу өнерін оқытып, үйрету әдістемесі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ
0107000 - «Технология» мамандығы
Ақтөбе, 2016
Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................ 3
І. Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері
1.1 Кесте тігу өнерінің шығу тарихы және оның түрлері.................................. 5
1.2 Қазақтың кестелеу онері................................................................................ 10
1.3 Халық қол өнерінің тәрбиелік мәні.............................................................. 14
ІІ. Оқушыларға үйірме жұмысында кесте тігу өнерін оқытып, уйрену әдістемесі
2.1 Кесте өнерін үйретудің тиімді әдістері....................................................... 18
2.2. Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары ....................... 20
2.3. Оқушыларға кесте тігу өнері бойынша сарамандық жұмыс жүргізу...... 25
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................... 29
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда таныта біліп, салт – дәстүріне, рухани мұрасына құрметпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қол өнері.
«Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді»- деп М.Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе.
«Ел іші-алтын бесік » деген аталы сөздің ақиқатын көзіммен көріп, халық шеберлерінің жасаған таңғажайып кесте бұйымдарын қолыма ұстағанда іздегенімді тапқандай болдым.
Кесте өрнегін кез келген адам сыза бермейді. Оны арнаулы ел ішінде «сызушы» деп аталатын өрнекшілер сызады, өйткені кестеленетін заттар түкті төсек сырмақ т.б. сияқты көлемді және көрнекті жасаулар болуы мүмкін, оны келтіріп сызу қажет
Қазақ халқында кесте тігумен тек қана әйелдер айналысады. Қазақ қыздарына аналары ыждағаттылық пен төзімді талап ететін бұл қол өнер түрін бала кезінен үйретеді. Кесте өнерінің қыз баланың табанды, сабырлы мінез –құлқын қалыптастыруға тигізетін пайдасы көп. Бойжеткен қыздар өздеріне арналған жасаудың кестеленетін түрлерінің бәрін өздері тігеді.
Кестенің түп төркіні – тігіс, тоқыма , өрме өнерімен тамырлас. Мәселен, жөрмеу тігістерінің түрленуінен «баспа кесте», «қабырға кесте», «ашамай кесте» түрлері туындаған.
Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық кесте өнеріміз күні бүгінге дейін өзінің эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап, қасиетін жоғалтпай жақсы сақталған ірі мәдениет үлгісі ретінде аталып келген және халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет – ғұрып, салт – дәстүріне сай дамып, түрленіп жетілдіріп отырған.
Ұлан-байтақ далада жаз жайлау, қыс қыстауына көшіп-қонып, тіршілігін күйттеген қазақ ата-бабаларымыздың баспанасы ақ ордасы-киіз үйі. Көшпенді тіршілікте тіккенге де, жыққанға да өте жеңіл қолайлы. Ағаш үй жасаушы шеберлер де үйдің ыңғайлы болуымен қатар көркемдік шешімдерін де ойластырған.
Достарыңызбен бөлісу: |