Тәжірибелік сабақ прокси-серверлер



бет1/8
Дата25.05.2022
өлшемі443.49 Kb.
#458633
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Тәжірибелік сабақ 4

Оглавление


Тәжірибелік сабақ 4. ПРОКСИ-СЕРВЕРЛЕР 1
4.1 Прокси-серверлердің түрлері 1
4.2 Прокси-серверлердің қолданылуы 3
4.3 Прокси-сервер арқылы сұратым менжауаптың өңделу кезеңдері 6
Өзін-өзі бақылау сұрақтары 8

Тәжірибелік сабақ 4. ПРОКСИ-СЕРВЕРЛЕР



4.1 Прокси-серверлердің түрлері


«Прокси», «прокси-сервер» немесе proxy бүгінгі таңда желіде отыратын әрбір пайдаланушыға таныс. Дегенмен бұл сервердің рөлін, не үшін керегін бәрі біле бермейді.


Бұл тарауда проксиге қатысты базалық ұғымын түсіндіру, олардың қолданылуы, функциясы мен түрлері секілді жалпы түсініктер қарастырылады. Ашық мәлімет дереккөздерінде прокси-сервер ұғымының анықтамасы оның қолданылуы мен мақсаттылығына арналған. Берілген web-технологияның колданылуын ескере отырып, прокси-серверге төмендегідей анықтама беруге болады.
Прокси-сервер - тұтынушы сұратымдарын пайдаланушы талап ететін Web-ресурстар мен желілік қызметтерге бағытталуын орындайтын желілік кызмет.
Қарапайым тілмен түсіндірсек, (от англ. proxy - «өкілетті») сіздің компьютеріңіз бен Web-ресурс арасындағы сервер. Прокси қолданылғанда, сіздің компьютеріңізден шықкан сұратым алдымен прокси-серверге, сосын қажетті Web-серверге түседі. Web-сервер жауабы да алдымен проксиге, сосын сіздің ЖК-ге.
Бұл технология қазір кең қолданысқа ие, ақпараттық-коммуникациялық технологияның барлық саласын қамтиды.
Прокси-серверлер келсі мақсаттар үшін қолданылады:
1. Компьютерлердің жергілікті Интернет желісіне қосылуына рұқсатты қамтамасыз ету.
2. Мәліметтердің кэштелуі: егер сіздің сыртқы ресурсыңыздың біріне үнемі сұраныс болса, оның көшірмесін прокси-серверде сактап, оған сұратым жіберуге болады. Бұл сыртқы желісі арнасына жүкті азайтады, тұтынушының сұратлған ақпаратына тезірек кол жеткізуіне жағдай жасайды. Динамикалық контенттің дамуы кэштеудің өзектілігін жойды.
3. Мәліметтердің сығымдалуы: прокси-сервер мәліметті Интернеттен жүктейтіндіктен соңғы пайдаланушыға ақпаратты сығымдап жеткізеді. Мұндай прокси-серверлер тұтынушының сыртқы немесе прокси-сервер орналасқан компанияның ішкі трафигін үнемдеуге арналған.
4. Жергілікті желінің сырткы енуден корғау: прокси-серверді жергілікті компьютерлерді сыртқы ресурсқа тек өзі арқылы, ал сыртқы компьютерлер жергілікті желіге мүлдем шақырту жібере алайтындай баптау. (олар тек прокси-серверді көреді). NAT қараңыз.
5. Жергілікті желінің сыртқыдан енуге шектеу қоюы: белгілі Web- сайттарға шек қою, жергілікті пайдаланушыларға интернетті колдануын шектеу, трафикке немесе жарнама, вирустарды өткізу, сүзу жолдарына квота орнату.
6. Түрлі ресурстарға жасырын ену. Прокси-сервер сұратым иесі не пайдаланушы атын жасыра алады. Бұл жағдайда мақсатты сервер прокси-сервер жайлы ақпаратты ғана көре алады. Мысалы, IP- адрес қана, ал нақты сұратым иесін анықтай алмайды. Сондай-ақ
мақсатты серверге нақты пайдаланушы туралы жалған ақпарат беретін прокси-серверлер де бар.
7. Ену шектеуін тексеру. Прокси-сервер кейбір ресурстарға заңды түрде шек қойған және сүзгіден өткізетін мемлекеттерде танымал.
8. Кез келген пайдаланушы интернет желісі арқылы енуге рұқсат ала алса, ол ашық прокси-сервер деп аталады.
Барлық прокси-серверлерді маңызды үш категорияға бөлуге болады.
1. HTTP прокси-сервер.
2. SOCKS прокси.
3. IP анонимайзер немесе CGI прокси.
4. FTP прокси-сервер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет