Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерімен танысу


Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты



бет4/8
Дата19.12.2023
өлшемі26.87 Kb.
#487122
1   2   3   4   5   6   7   8
f61533e642af250

Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты:
1. Студенттерді мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;
2. студенттің өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;
3. студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту;
4. мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;
5. тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;
6. педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;
7. мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.
Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:
- Теориялық сабақтарда алған жалпы педагогикалық шеберліктері мен дағдыларын одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;
- Студенттер сабақтарда алған алғашқы білімдерін толықтыру;
- Студенттерді мектеп ұжымымен, бастауыш кабинетімен және ондағы құрал-жабдықтармен таныстыру.
Есеп беру құжаты:
1. Күнделік;
2. Дербес-өзіндік жұмыстары;
3. Көрнекіліктері;
4. Қорытынды есебі.
Оқу (таныстыру) педагогикалық іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік нұсқаулар
-Практика бойынша білім алушыларға әдістемелік нұсқаулар беру;
-Практиканың материалдық-техникалық базасымен, мектептің тарихымен, тәрбие жұмысымен танысуға даярлық;
-Педагогикалық практика барысында практикант класс жетекшісінің үлгі тәрбие жоспарын, тәрбие шараларының жоспар-конспектісі мен сценарийлерін, көрнекіліктер даярлайды;
-Кіші мектеп жасындағы білім алушылардың жеке тұлғалық сапаларын, қасиеттерін және психологиялық жағдайын диагностикалауға дайындау;
-Педагогикалық практика күнделігін даярлайды;
-Тәжірибе аяқталысымен практикант сынып жетекшісі портфолиосын тапсырады.


Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын барлық жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар бастауыш пәнінің мұғалімінің қатысуымен бірге түзіледі және әдіскер бекітеді.
Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және тақырыпты болуы тиіс.
Күнделік. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет. Әдіскер студенттің күнделікті жұмысының барысын күнделік арқылы қадағалайды. Іс тәжірибе біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет